Биотикалық факторлар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Января 2014 в 18:33, реферат

Краткое описание

Кез-келген тірі организм өзін айнала қоршаған табиғи ортамен тығыз байланыста ғана өмір сүре алады. Олар – топырақ, су, минералды заттар, жер бедері және атмосфералық әр түрлі құбылыстар. Табиғи ортаның компоненттері тірі организмдерге оң немесе теріс әсер етуі мүмкін. Сондықтан әрбір организмнің өзіне ғана қолайлы ортасы немесе мекені болуы тиіс. Мәселен: көлбақа үшін қалыпты өсіп-көбейуіне қолайлы орта ылғалы мол көл жағасы.Бірақ та организм үшін табиғаттың барлық элементтері белгілі мөлшерде қажет және жиынтық күйінде әсер етеді.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Биотикалық факторлар
2. Абиотикалық фактор
3. Антропогендік фактор
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

антропоген фактор.doc

— 90.00 Кб (Скачать документ)

Көбінесе аллелопатия  бір түрдің екіншісін басуы арқылы көрінеді. Мысалы, бидайық пен арамшөптер мәдени өсімдіктердің, жаңғақ пен емен өздері бөліп шығарған заттармен  шөптесін өсімдіктердің өсуін тежейді.

Симбиоз (селбесу) дегеніміз — әр түрге жата даралардың екі жақты пайдалы бірігіп тіршілік етуі. Жануарлардағы симбиозға мысал – шаян мен актинияның бірігіп тіршілік етуі жатады. Актиния шаянның арқасына бекініп оны атпа жасушаларының көмегімен қорғайды, ал актиния шаяннан қалған тамақ қалдықтарымен қоректенеді және оны қозғалыс құралы ретінде. пайдаланады. Жоғары дәрежеде дамыған симбиозға термиттер мысал бола ал; Олардың ас ңорыту жолдарында талшықтылар кендейді. Термиттер целлюлозаны гидролиздеуші ферменттерінің болмауына қарамай ағашпен қоректен қабілетті. Мұны олардың орнына талшықтылар ж ге асырады. Ал нәтижеде түзілетін қантты термиттер пайдаланады. Термиттер осы ішек фаунасынсыз тіршілік ете алмайды.

Өсімдіктердің арасындағы  симбиозға  жақсы  мысал – қыналар. Қыналар, балдырлар  мен   саңырауқұлақтар - селбесіп  тіршілік  етуі  нәтижесінде түзіледі.

Әріптестік  бірігіп   тіршілік   ету.    Екі   популяция бірлестік   түзеді.   Бірақ   бұл   бірлестік   міндетті   емес.   Әр бөлек   тіршілік   ете   алады,   бірақ   бірігіп   тіршілік ету   екеуіне   де   пайдалы.   Мысалы,   құстардың   бірнеше түрінің   бірігіп   ұя   салуы,   тырна   мен   крачка,   олардың бірігіп  өмір сүруі жауларынан  қорғануды  жеңілдетеді.

Комменсализм (француз  тілінен аударғанда commensal — бірге  тамақтану). Бір ағза екіншісінің есебінен тіршілік етеді, бірақ оған ешқандай зиян келтірмейді. Комменсализм паразитизмге қарағанда симбиозға жақындау. Мысалы, жабысқақ - балық ірі балыққа бекініп алады да, онымен бірге қозғалады және оның тамағынан қалған заттармен қоректенеді.

Жер бетінде  мекендейтін қоңыздарда (қиқоңыз, өлексе қоңызы және т.б.) гамазды кенелердің қозғалғыш дернәсілдері кездеседі. Осындай әдіспен олар таралады.

Амменсализм (латын  тілінен аударғанда mensa тамақ, азық). Бір популяция үшін қолайсыз болып табылатын өзара қатынастар. Мысалы, зең саңырауқұлақтарының бактериялармен қатынасы. Зең саңырауқұлақтары бөліп шығарған антибиотиктер бактерияларды жояды.

Жыртқыштық. Популяциялардың  біреуі  екіншісіне қолайсыз  әсер  ете  отырып,  пайда  алады. Әдетте  жемтігін жыртқьш өлтірп, онымен  қоректенеді. «Жыртқыш - жемтік»     қатынасының     негізінде     қоректену     тізбегі жатыр.   Жыртқыштарды   зиянды   жануарлар   деп   бір жақты   қарастыруға   болмайды.   Себебі,   әдетте   жыртқыштың аузына  ауру   және  әлсіреген   даралар   түседі де, аурудың   таралуының   алдын   алып,   популяцияны сауықтырады.    Мысалы,    қасқырлар    орманды    тундра мен     тундрада     солтүстік     бұғыларының     интенсивті көбеюі мен тіршілік қабілеттілігін арттырады.

Паразитизм   (грек   тілінен   аударғанда   parasitus – арамтамақ). Бір     түр     (паразит)     екіншісінің  (иесі) денесінің ішіне  не бетіне бекініп, иесінің есебінен тіршілік ететін түрарлық қарым-қатынастарды паразитзм деп атайды. Адам тамаққа шикі немесе шала піскен етті пайдалану нәтижесінде сиырдың таспа құрттарын жұқтырады. Адамның   ас   қорыту   жолына түскен   құрттар  ересек  таспа   құртына  айналып,  сорғыштарымен   ішек   қабырғасына   бекінеді.   Адамның   ішектері    құртты    сумен,   қорекпен   және   жылы    ортамен қамтамасыз  етеді.

Биотикальщ   қатынастардьщ    түрлердің    санын реттеудегі маңызы.   Түраралық   қарым-қатынастар ценоздардағы    ағзалар    санының    динамикасында  рөл   атқарады.   Жыртқыштар   жемтіктерін   жоя   отырып, олардың   санына   әсер   етеді.   Паразиттердің   де осындай,    иесін    әлсірете    отырып,    олардың    көбеюін тежейді,  тіпті  өліміне  де  әкеліп  соқтыруы   мүмкін.

Бәсекелестік   қатынастарда,   жыртқыштық   пен паразитизм   құбылыстарына  ертеден   экологтар  назар аударып   келген.   Солардың   ішінен   А.   Лотканың   ( 1923, 1925  ж.ж.)  жұмыстары   ерекше  орын   алады.  Ол   алғаш рет   жануарлардың   паразит - иесі   жүйесіндегі өзара қатынастардың  математикалық  үлгісін  (модель)  ұсынады.

А.   Лотканың   жасаған   тұжырымы:   паразиттердің  өздерінің  иелерін   жоюы  тек   паразиттердің  санына емес,  иесінің  санына  да   тәуелді  болады.  Иесінің белгілі   бір   санына   сәйкес   келеді   және   иесінің   популяциясының тығыздығының артуына байланысты  паразит популяциясының   тығыздығы   артады.   Паразит   санының  артуы  иесінің  санының  кемуіне  әкеледі  де,  соңғысы  қайтадан  паразиттер  санының  кемуіне  әкеледі. Осылайша толқынды түрде иесі мен паразиттің популяцияларының саны периодты түрде ауытқып отырады.

Мұнда динамикалық  өзін - өзі реттеуші жүйе жұмыс істейді. Паразитті санының арту толқынынан соң, иесінің санының арту толқыны  кезектесіп келіп отырады. Паразит  - иесі жүйесінжегі популяциялардың  өзара әсеріне толық сәйкес келеді.

Өзінің зерттеулері  негізінде В. Вольтерр үш заңды тұжырымдайды:

1)      периодтық   цикл   заңы.   Екі   түрдің   санының ауытқулары     периодты     болады.     Жыртқыш пен   жемтігінің   популяцияларының   өсу   коэффициенті   мен   бастапқы   салыстырмалы   санына байланысты   болады;

2)      орташа   шамалардың   сақталу   заңы.   Екі   түрдің   популяцияларының   орташа   саны   бастапқы    санына    тәуелсіз,    популяцияның    үлкеюі мен   кішіреюі,   жыртқыштардың   көбею   интенсивтілігі    тұрақты    болғанда,    тұрақты    болып қалады;

3)      орташа   шамалардың   бұзылу   заңы.   Егер   екі түрдің  даралары   олардың   популяцияларының  тығыздығына   пропорционалды   түрде   жойылса,   онда   жемтігінің   популяциясының   орташа саны   артады,   ал   жыртқыш    популяциясында кемиді.

Экожүйелердегі   әр   түрлі   байланыстардың   түрлерін, жұмыс    істеу    механизмдерін    түсіну    үшін маңызды   экологиялық   түсініктердің   бірі - экологиялық  қойма  (экологическая  ниша)  ұғымын  білу  керек.

Әрбір түр немесе оның бөліктерінің (популяциялар, әр түрлі  деңгейдегі топтары) қоршаған ортада белгілі  бір орны болады. Мысалы, белгілі  бір жануардың түрі өзі қоректенетін заттардың құрамын немесе қоректену  уақытын, көбейетін орнын, баспанасын және т.б. өз еркімен өзгерте алмайды. Келтірілген мысал экологиялық қойма не оның жекеленген элементтерін сипаттайды

Экологиялық қойма  дегеніміз -  ағзаның табиғаттағы  орнын және оның бүкіл тіршілік ету  жағдайларын немесе тіршіліктегі орнын, яғни қоршаған ортаға қоректің түріне, қоректену уақыты мен әдісіне, көбейетін орнына, баспанасына және т.б. қатынасының жиынтығы. Бұл түсінік «мекен ету орнынан» көлемді және мазмұнды үғым. Одумның түсіндіруі бойынша мекен ету орны ағзаның «мекен жайы» (адрес), ал экологиялық қойма оның «мамандығы» болып табылады. Бір жерде әдетте әр түрге жататын көптеген ағзалар тіршілік етеді. Мысалы, орманда жүздеген өсімдіктер мен жануарлардың түрлері мекендейді, бірақ олардың әрқайсысының өзі мамандануы экологиялық қоймасы болады.

Ормандағы қоян мен тиін бір жерде мекенде. Бірақ, олардың экологиялық қоймасы  әр түрлі: тиін негізінен ағашта тіршілік етеді де, ағаштың тұқымдары мен  жемістерімен қоректеніп, сонда көбейеді. Қоянның бүкіл тіршілік циклі  жер бетімен байнысты болады.

Егер   ағзалар   әр   түрлі   экологиялық   қоймада орналасса,  онда  оларда  бәсекелестік   қатынастар  болмайды. Мұндай   қатынастарды   нейтралды   деп   қарастырамыз Әрбір экожүйеде  бір экологиялық қойманы не оның элементтерін қажет ететін (қорек, баспана және т.б.) түрлер болады. Мұндай жағдайда экологиялық қойма үшін бәсеке міндетті түрде орын алады.

1930—1934 жылдар  аралығында Г.Ф. Гаузе инфузориялардың  екі популяциясынан тұратын жүйеде  эксперименттер жүргізді Эксиерименттерде  жыртқыш инфузория дидиниумның өзінін, жемтігі инфузория кебісшені толық жойыи жібере алатыны, бірақ содан соң қоректің жетіспеуінен өзінің өлетіні көрсетілді. Егер жемтіктің жеке дараларының тірі қалуына жағдай жасалса, сақталып қалган жемтік даралары  жылдам көбейеді.

Гаузе  принципі   бойынша    экологиялық    жагдайлары    ұқсас     екі түр ұзақ    уақыт   бір   экологиялық қоймада тіршілік   ете алмайды.

Жыртқыш (царазит) - жемтік (ие) жүйесіндегі тураралық   қатынастар   таза   күйінде   табиғатта болмайды. Себебі, жыртқыш  тек  бір түрмен  ғана қоректенбейді.

Абиотикалық факторлар (гр. ‘a’ — теріс және bіotіkos —  тірішілік, өмір) — бейорганикалық ортаның тірі организмдерге жасайтын тікелей немесе жанама әсерлерінің  жиынтығы; сыртқы ортаның бейорганикалық, физикалық және химиялық жағдайлары.

Ол ф и  з и к а л ы қ абиотикалық  фактор (темпиратура, жарық, жел, ылғалдылық, атмосфераның қысымы, ағыстар, радиациялық  деңгей, радиоактивті сәуле шығару т.б.), х и м и я л ы қ  Абиотикалық фактор (атмосфера, су, қалдықтар, топырақ, шөгінді құрамы және олардағы қоспалар т.б.), к л и м а т т ы қ абиотикалық фактор (күн радиациясы, атмосфералық жауын-шашын, гидросфералық қысым т.б.) болып бөлінеді. Өсімдік пен жануарлардың ыстыққа, суыққа, ауа қысымына, су тереңдігіне, хим. құрамына қарай бейімделуі, кейбір жануарлардың қысқы, жазғы ұйқыға кетуі т.б. Абиотикалық факторға байланысты. Жер бетінің, ауаның, судың химиялық және физикалық құрамының өзгеруі тірі организмдерге де әсер етеді. Мысалы, 20 ғасырда Арал теңізінің тартылып, ауада тұз концентрациясының көбеюіне байланысты, миллиондаған тонна тұзды шаң тірі организмдерге үлкен әсерін тигізді.Абиоталық факторды химиялық (атмосфераның, теңіздің, тұщы судың құрамы және тағы да басқалары) және физикалық (климат, орография) деп екіге бөледі. Абиоталық фактор биоталық және антропогендік факторлармен қосылғанда экологиялық факторлар құрайды.

Антропогендік фактор (грек. антһропос – адам, генос  – тегі, пайда болуы, лат. фацтор – іс-әрекет) – адамның барлық тірі организмдердің мекен ортасы ретіндегі  табиғатты өзгертуіне әкеп соғатын немесе олардың тіршілігіне тікелей әсер ететін сан алуан әрекеттері. Антропогендік факторға қоршаған ортаға адамның тигізген іс-әрекетінің нәтижесінде атмосфера, өзен-көл және мұхит құрамының өзгеруі, сондай-ақ технология қалдықтар мен радиоактивтік заттардың әсерінен топырақтың ластануы, сөйтіп, жалпы экожүйенің құрамы мен құрылысының бұзылуы жатады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Қазіргі кезде  адамның іс-әрекетінің кең көлемде  бүкіл биосфераға ерекше әсер етуі жер шарының барлық аймақтарында айқын байқалуда. Бүкіләлемдік бақылау институтының (АҚШ, Вашингтон қ.) мәліметтері бойынша табиғи орта жылдан-жылға нашарлап барады. Интернет жариялаған негізгі мәліметтерде жыл сайын 16,8 млн. га тропиктік ылғалды орман жойылатыны, жерді дұрыс пайдаланбау салдарынан жыл сайын 6 млн. га шөл пайда болатыны, қышқыл жаңбырдан 50 млн. га орманның зақымдалғаны, жыл сайын біздің планетамызда жыртылатын жердің 26 млрд. т құнарлы қабаты жойылатыны, өсімдіктердің 25 – 30 мың түрі жойылып кету қаупінде тұрғаны атап көрсетілген. Кейінгі кезде атмосфераға жыл сайын 400 млн. т күкірт диоксиді, азот және көміртек оксидтері, қатты бөлшектер шығарылатыны анықталды. Қазақстанда Арал өңірінің, Семей жерінің, Балқаш маңының, Каспий алқабының экол. апатты аймақтарға айналуына Антропогендік факторлар негіз болып отыр

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

1.    Бейсенбаева  А. С. Экология, Алматы, Ғылым, - 2001

2.    Бродский А.  К. Жалпы экологияның қысқаша  курсы, Алматы - 1998

3.    Жатқанбаев Ж.  Ж. Экология негіздері, Алматы–2003

4.    Одум Ю. Экология 2 том. Мир – 1986

5.    Соғымбаев Г.  Экология және экономика, Алматы-1997


Информация о работе Биотикалық факторлар