Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2014 в 07:27, реферат
Ғаламдық жаһандану жағдайындағы жаңа қоғамда орын алған iрi экономикалық өзгерiстер мен технологиялық жетiстiктер – қоғам дамуының қозғаушы күшi болып табылатын бiлiм жүйесiне орасан ықпалын тигiзiп отыр. Әлемдiк қауымдастықтың бiртұтас бiлiм кеңiстiгiн қалыптастыруға бағытталған ортақ мүддеге барынша әрекеттенуi – жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сiңiрген саналы да парасатты тұлғаны тәрбиелеу қажеттiгiн алға тартып отыр.
СПС-21 Молдан Ерғазы
Қазақ зиялыларының шығармаларын оқу-тәрбие үрдісіне енгізу
Ғаламдық жаһандану жағдайындағы жаңа қоғамда орын алған iрi экономикалық өзгерiстер мен технологиялық жетiстiктер – қоғам дамуының қозғаушы күшi болып табылатын бiлiм жүйесiне орасан ықпалын тигiзiп отыр. Әлемдiк қауымдастықтың бiртұтас бiлiм кеңiстiгiн қалыптастыруға бағытталған ортақ мүддеге барынша әрекеттенуi – жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сiңiрген саналы да парасатты тұлғаны тәрбиелеу қажеттiгiн алға тартып отыр. Егемендi елiмiзде соңғы жылдар тiзбегiнде жүргiзiлiп келе жатқан бiлiм реформасына қатысты түбегейлі бетбұрыстар, атап айтқанда әлемде дамыған мемлекеттердегі білім саясатының негізгі көрсеткіші болып саналатын 12 жылдық білім беру жүйесіне ену қарқыны – қоғамдық ортадағы адамдардың ерекше пiкiрлерi мен көзқарастарын қалыптастыруға негiз болды. Көптеген өнеркәсiп орындарының жаңа технологиялық қондырғылармен қайта жабдықталуы - бiлiм сапасының жаңа деңгейге көтерiлуiне өзгеше талап қойды. Сонымен қатар халқымыздың ғасырлар бойы біртіндеп қорланып қалыптасқан рухани қазынасын қайта бағамдап, оны келер ұрпақтың бойына сіңіру мәселесі де үкіметіміздің назарынан тыс қалған жоқ. Өйткені ұлттық құндылықтарымыз тоталитарлық жүйе кезеңінде орасан зор дағдарысқа ұшырап, тоқырап қалғаны баршаға аян. Ол өз кезегін жалпы жұртшылықтың, әсіресе өскелең жас ұрпақтың ұлтының рухани құндылықтарынан, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарынан ажырап қалуына әкеп соқтырды. Міне, сондықтан да жас өспірімдердің халқымыздың рухани тамырынан толық қол үзіп қалмауы – біздің бүгінгі елдігіміз бен егемендігіміздің негізгі өлшемдерінің бірі деп есептеуге болады. Ғасырлар бойы жинақталған халықтың бай рухани қазынасын және ғұлама ғалымдардың еңбектерін, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ой-пікірлері мен тәрбие туралы мұраларын зерттеу бүгінгі таңда жалпы ғұмырнамалық проблема болып табылады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев: «Өткенді зерделеп, жақсы мен жаманды, ақ пен қараны айырып, оны бүгінгі күннің кәдесіне жарату – қоғам алдында тұрған ең өзекті мәселелердің бірі. Өйткені, айта беретін тәуелсіздігіміз, егемендігіміз осы тарихты тандауға тікелей байланысты: өткенді білмей, болашақты анықтау мүмкін емес» - деген болатын [1].
Қоғамдық сананың ерекше формасы болып есептелетін тарихи сананы қалыптастыратын тек тарих қана. Тарихи сананы қалыптастыру міндетін, Қазақстан педагогикасының тарихи жолдарын анықтау міндетін шешу өткен жолдардағы педагогикалық бай тәжірибені зерттеу арқылы іске аспақ.
Ал, Қазақстан педагогика ғылымының әлем халықтары педагогикасы қазына қорына қосары аз еместігіне біз ешбір күмән келтірмейміз. Керісінше, Қазақстан педагогика ғылымының әлемдік педагогикалық ой-пікірдің дамуында маңызы өте зор. Ол өте бай ғылыми – теориялық қайнар көзі ретінде өзінің дамуында үлкен қиындықтардан өткені мәлім. Олардың ішінде халыққа білім беру жүйесінің трансформациясы, ғылыми-педагогикалық идеялардың дамуы, мұғалім кадрларын даярлау т.б мәселелері бар. Оның барлығы Қазақстан педагогика ғылымының талай тар жол, тайғақ кешулерден өткенін дәлелдейді.
Жалпы жан
– жақты дамыған жеке адамды
қалыптастыру әрқашанда
Елбасы Н.Ә.Назарбаев ұлттық кеңестің мәжілісінде жасаған баяндамасында (2003ж) «Мәдени мұраларымызды жүйелеп, оларды қалпына келтіру, сақтау, одан әрі дамыту ісіне кең көлемде білек түре кірісетін кез келді. Ұлттық мәдениетімізді ұлықтап, бар мен жоғымызды түгендеп, жүйелеп, келер ұрпаққа аманат ету – мәдени мұра бағдарламасының басты мақсаты болуға тиіс» - деп, болашақ жас ұрпақты тәрбиелеуде қазақ халқының ғасырлар бойы жинақталған аса бай мәдени мұрасы мен қазақ зиялыларының қалдырған педагогикалық еңбектерінің мазмұны жоғары екендігіне айрықша назар аударған [2].
ХХ ғасырдың басында қазақ халқының тарихында аса құндылығымен, маңыздылығымен және қасіретімен де мәнгі есте қалатыны даусыз. Өйткені, Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында қазақ даласы жаңа тұрпатты мемлекет құруға қадам жасады. Ал оның жемісті дамуына жағдай жасап, ана тілінде тұңғыш оқулықтар жазып, қазақ ғылымының дамуына, отандық мәдениетіміздің ілгерілеуіне үлес қосқан бір топ қазақ зиялылары сталиндік тоталитарлық режимнің қысымына ілінді.
ХХ ғасырдың басындағы бодандықтың бұғауындағы бейқам халықты өркениеттінің өріне сүйреген көсемдердің көзге шалынар басты қасиеті – олардың қай – қайсысы болмасын жан – жақты «сегіз қырлы, бір сырлы» тұлғалар болған. Саяси күрескер, жалынды патриот, әрі ғалым, әрі киелі өнер иесі және өз мамандықтарының білгірі болуы халқымыздың мандайына біткен осы үркердей шоқ жұлдыздардың несібесі. Өткен ғасыр басында қалыптасқан қазақтың ұлттық кәсіби саяси элитасы «Халық жауы» деген атпен жойылды.
Осы орайда Н.Ә.Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» атты еңбегінде былай деп жазды: «Қазақ халқының кейбір данышпан перзенттері мен көсемдері тарихтың қарғыс атқан тұрағында тұншықты, ұлттың амандығы үшін олар тарихтың тәлкегіне көнуге мәжбүр болды» [3].
Қазақстан
Республикасының соңғы
Осы жағдайда
қоғамның алға басуы және
Өсіп келе
жатқан кейінгі ұрпақты
Еліміз егемендікке
жеткеннен кейінгі уақытта, қазақ
елінің жүріп өткен жолы мен
тарихын жаңаша көзқарас
Қазақ
зиялыларының өмірі, ғылыми-шығармашылық
жұмысы, саяси- әлеуметтік, философиялық,
әдеби көзқарастары және
Әр
ұлттың, мемлекеттің тарихында рұхани
байлықты кеңейтетін, тереңдететін,
ұлттың сана-сезімінің
«Қазақтың
тағдыры, келешегі, ел болуы да
мектебінің қандай негізде
1990 жылдан бастап ҚР Білім
және ғылым министрлігі жалпы білім беретін
мектептің әдебиет пәні бағдарламасына
қазақ зиялыларының шығармаларын оқытуды
міндеттеді. Халқымызға қайта оралған
көптеген асыл қазыналарымыз, соның ішінде
М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов, Ш.Құдайбердев,
Ж.Аймауытов, М.Дулатов шығармалары толықтай
қарастырылып, оларды әдеби білім мазмұнына
іріктеп алу ісі жүзеге асырылды.
Сонымен қатар жоғары педагогикалық оқу
орындарына арналған ҚР жалпыға міндетті
білім беру стандартына өзгертулер енгізілді.
Педагогика тарихы, этнопедагогика сияқты
міндетті пәндердің мазмұны Алаш қайраткерлерінің
шығармаларымен толықтырылды. Былтырғы
оқу жылынан бастап «Алаштану» факультативтік
курсы орта мектептер мен филология факультетінің
қазақ бөліміне оқытылатын болды. Ал алаштанушылар
бұл мәселемен 1988 жылдан бастап тұрақты
түрде айналысты. Міне осы 20 жылдан астам
уақытта сан-салалы зерттеулер жүргізіліп,
том-том деректер жинағы шығарылды. Ғылыми-теориялық
және практикалық санаттағы конференциялар
өткізіліп, жекелеген тұлғаларға және
Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихына
байланысты елімізден өзге Түркия, Жапония,
Ресей елінде монографиялар мен ғылыми
еңбектер және диссертациялар қорғалды.
Қорыта айтқанда тәуелсіз елімізде оқушы
– жастарды бүгінгі күн талабына сай ұлттық
тәлім – тәрбие беруде халқымыздың бай
мәдени мұраларын, педагогикалық ой –
пікірлерін, жинақталған ұлттық құндылықтарды
зерттеп, жүйелеп, оқу орындарының
оқу – тәрбие үрдісінде пайдаланудың
маңызы зор. Осы бағытта қазіргі бәсекеге
қабілетті жас өспірімдерді тәрбиелеу,
ұлт тұрмыс – тіршілігін өркендетуші
сапалы да салауатты, ұлтжанды, мәдени
– ғылыми ой - өрістері кең ұрпақ өсіру
– қоғам алдында тұрған басты міндет.
Әрбір қоғам өзінің даму барысындағы зиялы
қайраткерлердің педагогикалық ақыл –
ойын, тәрбиелік тәжірибесін зерделеп,
заман талаптарына сай жетілдіріп пайдаланып
отырған жөн.
Пайдаланған әдебиеттер
Түсініктеме
Бұл мақалада Қазақ педагог ойшылдарының дарындылық мәселелері қарастырылады.
Резюме
В данной статье рассматриваются проблемы одаренности в педагогических казахских мыслителей.
Summary
In this article the problems of gift are examined in the pedagogical ideas of the Kazakh thinkers.
Информация о работе Қазақ зиялыларының шығармаларын оқу-тәрбие үрдісіне енгізу