Агрономиялық химия

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Октября 2013 в 12:52, реферат

Краткое описание

Агрономиялық химия – топырақ пен өсімдікте өтетін химиялық процестер, өсімдік қорегінің құрамы, сондай-ақ өсімдіктің қоректенуі үшін тыңайтқыш қолдану туралы ғылым; егіншілікті химияландырудың ғылыми негізі.Диханшылықтың өркенденуіне байланысты пайда болды.1761ж. швед химигі И.Валериустің агрохимия туралы алғашқы ғылыми еңбегі жарық көрді.Бірақ сол кезеңдегі жалпы химия ғылымының даму деңгейіне байланысты агрохимия ілгерілей алмады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Агрохимия.doc

— 24.50 Кб (Скачать документ)

Агрономиялық химия  – топырақ пен өсімдікте өтетін химиялық процестер, өсімдік қорегінің  құрамы, сондай-ақ өсімдіктің қоректенуі үшін тыңайтқыш қолдану туралы ғылым; егіншілікті химияландырудың ғылыми негізі.Диханшылықтың өркенденуіне  байланысты пайда болды.1761ж. швед химигі И.Валериустің агрохимия туралы алғашқы ғылыми еңбегі жарық көрді.Бірақ сол кезеңдегі жалпы химия ғылымының даму деңгейіне байланысты агрохимия ілгерілей алмады.Агрохимияның негізін салушылардың бірі – француз ғалымы Ж.Буссенго.Ол өсімдіктерге тікелей тәжірибе жасау арқылы табиғатта азот айналымы болатынын болжап білді.Бірақ бұл процестің ғылыми мәні ағылшын ғалымы Г.Гельригел және орыс ғалымы СүНүВиноградский нитрофикаттану процесін ашқаннан кейін түсіндірілді.Кейін неміс ғалымы Ю.Либих топыраққа тыңайтқыш шашудың маңыздылығын дәлелдеді, ал Дж.Лооз Англияда дүние жүзіндегі ең алғаш суперфосфат шығаратын зауыт салды.Қазақстанда агрохимия қазақ егіншілік ғыл.-зерт. Ин-ты құрылғаннан кейін қалыптасып, дами бастады.Оның негізін салушы ғалымдар И.И.Синягин мен К.И.Иманғазиев болды.Олар топырақ құрамындағы фосфордың органикалық , минералдық қосылыстарын анықтап, шалғындағы сұр топырақ пен қызғылт қоңыр топыраққа тыңайтқыш шашу тәжірибелерін жүргізді.Тыңайтқыш қолданудың аймақтық жүйесін жасады.Сондай-ақ  Д.К.Мәденовтың жетекшілігімен Қызылорда облысында көңнің , карбамиформның, Қаратау фосфоритінен өңдірілген аммофос, метафосфат, полифосфат тыңайтқыштарының тиімділігін зерттелді.Б.С.Бәсібеков тыңайтқыштардың дақылдарының өнімнің сапасына әсерін, С.Б.Рамазанова күріш егісінің өнімділігін арттыруға азот тыңайтқышының тигізетін әсерін зерттеді.Р.Е.Елешевтің ғылыми жұмыстары топырақтағы жылжымалы P2O5, фосфат потенциалы, кальций фофаттарының әр түрлі инегізді қосылыстарына арналды.Агрохимияның міндеті : өсімдіктің қоректенуін, өсімдік пене топырақта өтетін химиялық процестерді, тыңайтқыштар мен химиялық заттардың тиімділігін зерттеу арқылы а.ш. дақылдарының шығымдылығын арттыру, олардың өнім спасын жақсарту, топырақ құнарын сақтау және молайту екендігі анықталды.Агрохимия топырақ пен тыңайтқыштар арасындағы қатынасты, олардың өсімдікке тигізетін әсерін, әр аймақта а.ш. дақылдарына тыңайтқыштың қандай түрін, мөлшерін, қандай әдіспен қолдануға болатынын зерттейді.Топырақтың, өсімдіктің, тыңайтқыштың, а.ш. дақылдарының зиянкестері мен ауруларында қарсы қолданылатын у-химикаттардың химиялық құрамына талдау жасайды.Өсімдік қоршаған ортадан алатын қоректік заттардың түрін, оны өсімдіктің сіңіруін анықтайды.Осының негізінде топырақтағы қоректік қаттардың түрі мен мөлшерін көрсететін агрохимиялық картограммалар жасалды.


Информация о работе Агрономиялық химия