Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Октября 2013 в 08:21, реферат
Қазақстан Республикасында Шағын және орта кәсiпкерлiктi дамыту мен қолдаудың 2001-2002 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын (бұдан әрi - Бағдарлама) Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiгi Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi Даму стратегиясын одан әрi iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" 2000 жылғы 17 ақпандағы N 344 Жарлығын iске асыруды қамтамасыз ету мақсатында әзiрледi.
Кіріспе…………………………………………………………............1
1.Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының теориялық негіздері
1.1 Шағын және орта кәсіпкерліктің түсінігі және экономикадағы маңызды рөлі..........................................................................................3
1.2 Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының институттары........................................................................................10
2. Қазақстанда шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын қалыптастыруда Қазпочта АҚ – ның мысалында
2.1 «Қазпочта» акционерлік қоғамының даму әрекеті, жалпы экономикалық сипаттамасы................................................................19
2.2 «Қазпочта» акционерлік қоғамының инновациялық қызметін талдау....................................................................................................28
2.3 «Қазпочта» акционерлік қоғамының даму перспективалары ..34
3.Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын жетілдіру жолдары
3.1 Шағын және орта кәсiпкерлiктің инфрақұрылымдарын қолдаудың әлемдік тәжiрибесi...........................................................40
Қорытынды
Қолданған әдебиеттер тізімі
Осы кестеден көрiп отырғанымыздай, соңғы бес жылда коммерциялық банктерден шағын кәсiпкерлiкке бөлiнген несиелер 21%-ға ұлғайғанымен, оның жалпы экономикадағы үлесi салыстырмалы түрде өте төмен. Сонымен бiрге, банктерден несие алу үшiн клиенттерге қойылатын талаптардың қатаңдығы шағын кәсiпоарныдардың негiзгi өндiрiсiн техникалық жабдықтауға несие мүмкiндiктерiн төмендетедi. Сондықтан бүгiнгi күнi шағын кәсiпкерлердiң пайдаланып отырған құрылғыларының көбi техникалық және моральдық жағына да тозған.
Осы сегментке тән сипаттық белгiлердiң бiрi шағын кәсiпорындарды қаржыландыру күрделi қаржылық салымдардың неғұрлым тәуекелдiгi жоғары түрi болып табылатындығы. Осындай қаржылық инвестициялардың тәуекелдiлiгiнiң жоғарылығы шағын кәсiпорындар үшiн банктерден берiлетiн несиелердiң бағасы мен мерзiмiне де әсерiн тигiзедi. Ал лизингтiк қатынастар осындай тығырықтан шығудың бiр жолы болып табылады, себебi лизингтiк қатынастар кезiнде несие беру үшiн қажеттi қамтамасыз ету мөлшерiне қойылатын талаптар банктiк несиелерге қарағанда салыстырмалы түрде төмен. Сондықтан лизингтiк қызметтi дамытудың шағын бизнстiң дамуына қосар үлесi жоғары болып табылады.
Шағын кәсiпкерлiк эканомикасының жинақтылығы салыстырмалы түрде аздаған инвестициялары мен тәуекелiнiң неғұрлым аздығымен қысқа мерзiм iшiнде, бiрiншi кезекте тауар айналысы саласындағы сол кездегi жағдайды өзгертуге және тұрақтандыруға мүмкiндiк бердi. Шағын кәсiпкерлiк саласын сипаттайтын эканомикалық көрсеткiштер эканомиканың осы секторында қалыптасып келе жатқан оң үдiрiстер туралы мағлұмат бередi. Шағын кәсiпкерлiктегi үрдiстердi талдау эканомиканың осы секторы дамуының серпiндi - үдемелi сипаты бар екенiн және элеуметтiк шиелiнiстi төмендету факторы мен халықты жұмыспен қамтамасыз етудiң негiзi болып отырып, өзiнiң оң нәтижесiн берiп отырғанын айғақтайды. Сөйтiп, кәсiпкерлiк сипат эканомикаға барған сайын тиiстi икемдiлiк берiп оның дамуының шешушi факторы болып келедi.Шағын кәсiпкерлiк жаңа кәсiпорындары мен жұмыс орындарын құру жолымен халықты жұмыспен қамтамасыз етуде, рынокты әр түрлi тауарлар мен және қызмет көрсетулермен молықтырып отыр.Салаларды қайта құрылымдауды және кәсiпорындарды реформалауды жүргiзу кезiнде шағын кәсiпкерлiктiң артықшылықтары әлi де жете пайданылмауда. Мемлекет қолдауындағы осы саладағы пәрмендi шараларының бiрi болып өндiрiс және қызмет көрсетулер саласында жұмыс iстейтiн шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi арсында мемлекеттiк тапсырысты орналастыру болып табылады. Шағын кәсiпкерлiктi қолдаудың осындай практикасын одан әрi дамыту iрi компаниялардың шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiмен соңғыларда өнiмнiң белгiлi бiр түрлерiн өндiру бойынша тапсырыстарды орналастыру тұрғысында өз ара iс - әрекеттерiн кеңейту арқылы мүмкiн болмақ.
1.2 Шағын және орта
кәсіпкерлікті қолдау
Қазақстан Республикасының
«Жеке кәсіпкерлік туралы»
Олардың қызметтеріне жеке кәсіпкерлік істі ұйымдастыруға жәрдемдесу, коммерциялық негізде құқық, маркетинг, инжиниринг және менеджмент аясындағы ақпаратпен қамтамасыз ету, материалды-техникалық, қаржылық және т.б. ресурстармен қолдау көрсету кіреді.
Экономикалық дамудың осы кезеңiнде мемлекеттiң негiзгi рөлi кәсiпкерлiктi қолдаудың инфрақұрылымдарын жасау болуы тиiс.
Қазiргi уақытта кәсiпкерлiктi қолдау саласында көптеген түрлi институттар бар, қолдаудың базалық қағидаттары, нысандары мен тетiктерi қалыптасқан.
Институттардың құрылымының
функционалдық бағытына байланысты
инфрақұрылымдар былай
қаржы институттары;
қоғамдық ұйымдар, салалық қауымдастықтар;
бизнес-инкубаторлар, индустриялық және технологиялық парктер;
ақпараттық-талдамалық маркетингтiк, консалтингтік, оқыту орталықтары;
халықаралық институттар.
Мемлекет бастамасы бойынша құрылған қаржы институттары мынадай ұйымдардан көрiнедi:
"Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" акционерлiк қоғамы және оның өңiрлiк бөлiмшелерi;
лизингтiк компаниялар;
микрокредиттік және микроқаржы ұйымдары.
"Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" (бұдан әрi - Қор).
Қор қызметiнiң негiзгi
мақсаты - өз қаржы қаражатын және
мемлекеттiң шағын
Қордың барлық облыс орталықтарында және Астана қаласында бөлiмшелерi бар. Қордың несие портфелi өз қаражаты, республикалық бюджет қаражаты және Еуропа Қайта Құру және Даму Банкi және Азия Даму Банкi қарыздары есебiнен 2005 жылғы 1 қаңтарда 15,4 млрд. теңге құрады. ЕҚКДМ-мен қарыз туралы келiсiмге сәйкес 2005 жылы үлкен қаржы ресурстары кетуi күтiлуде.
Қордың қаражаты шағын
кәсiпкерлiктiң қалыптасу
Қор қызметi басталғаннан берi қазiргi уақытта тек ғана өз қаражаты есебiнен 6,3 млрд. теңге сомаға 577 жоба қосымша қаржыландырылды. Аталған қаражат бойынша ағымдағы берешек 5,9 млрд. теңге құрайды.
Берiлген қаражаттың салалық құрылымы мынадай: қаржыландырудың негiзгi көлемi өнеркәсiптiк өндiрiске - 39 %, ауыл шаруашылығы және ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеуге - 29,5 %, қызметтер мен көлiк саласына - 23 % келедi.
Қордың шағын кәсiпкерлiк субъектілерін қаржылай қолдауы республиканың барлық өңiрлерiнде 250 мың жұмыс орнын құруға мүмкiндiк бердi.
Қордың проблемалары: бұл - оларда кепiлдiк қаражаттың жеткiлiксiздiгi салдарынан шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн инвестициялық қаражаттың қолжетiмсiздігі.
Микрокредиттiк және микроқаржы ұйымдары елдiң кредит беру жүйесiнiң 3-шi деңгейi болып табылады және банк секторы мүдделілігінiң бiрқатар объективті факторларын (мол әкiмшiлiк шығыстар, кредиттiк тарихтың, рентабелдi жобалар және өтімділіктi қамтамасыз етудiң болмауы) қамтымаған кәсiпкерлердiң қаржы қызметтерiне қажеттілігін қанағаттандыруға тартылған. Ұсақ кәсiпкерлер үшiн өз капиталы, гранттары мен бағдарламаларға қатысушылардың жарналары есебiнен кредит берудi жүзеге асыратын микрокредиттік және микроқаржы ұйымдары кредиттiк қатынастар жүйесi деңгейiн мемлекет тарапынан аз реттелушi болып табылады. Сонымен қатар, жоғары операциялық және үстеме шығыстар, қарыз берушiлердiң нысаналы топтарына қызмет етумен байланысты тәуекелдердi ескере отырып, аталған операциялардың қызметi басқа кредиттiк мекемелердiң қызметiмен салыстырғанда шығын көлемi көп болып табылады. Сондай-ақ микрокредиттiк және микроқаржы ұйымдары өз қызметiнде микро кредиттер берумен қатар өз тәуекелдерiн төмендету үшiн әлеуеттi қарыз алушыларды шағын бизнестi жүргiзу жөнiнде оқытумен және консультациялық көмектер көрсетумен айналысады. Осылайша экономикалық мiндеттердi шешумен қатар микрокредиттiк және микроқаржы ұйымдары кәсiпкерлiк бастаманы дамытуға, халықтың экономикалық белсендi бөлiгінiң өз-өзiн жұмыспен қамтуын қамтамасыз етуге оның жалпы өмiр сүру деңгейiн арттыру мен кредиттiк мәдениетке баулуға бағытталған әлеуметтiк мiндеттердi шешуге тартылған. Сондай-ақ микрокредит беру саласын дамыту мiндеттерiнiң бiрi ұсақ қаржы делдалдарын заңдастыру және көлеңкелi сектордан шығару болып табылады.
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттiк статистикалық
Микрокредиттiк және микроқаржы ұйымдарының проблемалары - осы уақытқа дейiн микрокредит беру жүйесiнiң дамуын тежейтін негiзгi факторлар микрокредит беру жүйесiнiң дамуына тұжырымдамалық қағидаттарды, әлеуеттi инвесторлар үшiн микрокредиттiк ұйымдардың одан әрі тартымдылығын арттыру үшiн аталған саланы мемлекет тарапынан кешендi қолдаудың болмауы.
Микрокредит беру саласын дамыту проблемалары, бұл:
одан әрi орналастыру үшiн қорлардың тапшылығы мен қымбаттылығы;
микрокредиттiк ұйымдарының қаражатының жеткiлiксiздiгi;
микрокредиттiк ерекшелiкпен таныс бiлiктi кадрлардың жетiспеушiлiгi;
микрокредиттiк жүйеге қатысушылар үшiн әдiстемелер мен оқыту бағдарламаларының болмауы;
техникалық және ресурстық базаның болмауы;
микроқаржы саласының жағдайын, үрдiстерi мен оның дамуының перспективаларын, олардың дамушы құрылымына жетекшiлiк ететiн бiрыңғай органның және оларды бағалау әдiсiнiң болмауы;
дамыған мониторинг жүйесiнiң, iшкi бақылаудың болмауы;
қаржы ресурстарын тартуға қиындықтар туғызатын отандық банктер мен басқа да банктiк емес ұйымдардың микрокредиттеу ұйымдарымен әлсiз өзара іс-әрекеті;
микрокредиттiк ұйымдардың
мемлекеттiк басқару
Қоғамдық ұйымдар мен
салалық бiрлестiктер (қауымдастықтар)
азаматтық қоғам қалыптастыру мәселелерiнде
әлеуметтiк проблемаларды
Қазақстандық үкiметтiк емес қоғамдық ұйымдар салыстырмалы түрде әлi жас. Қазiргi ұйымдардың көпшілігі соңғы бес жылдың iшiнде тiркелген және кәсiпкерлiктi дамыту жобаларын iске асыруда жеткiлiктi тәжiрибе жинақтаған жоқ, мемлекеттiк органдар үшін де, және нысаналы аудитория үшiн де байсалды әрiптестiк имидж құрған жоқ.
Сондықтан үкiметтiк емес қоғамдық ұйымдар бытыраңқы, бiр-бiрiмен байланыссыз әрекет етедi, олардың қызметi бiр бiрiне қайшы келедi. Қазақстандық үкiметтiк емес қоғамдық ұйымдардың едәуiр бөлiгi шетелдiк және халықаралық донорлық ұйымдардың гранттары үшiн бәсекелеседi, осыған байланысты олар шағын және орта кәсiпкерлiк субъектілерiнiң нақты проблемалары мен қажеттiлiктерiне емес донордың миссиялары мен бағдарламаларымен үндес жобаларды әзiрлейдi және iске асырады.
Қазiргi уақытта экономиканың басым салаларын дамытуда және нақты шағын және орта кәсiпкерлiк субъектілерін алғанда мемлекет мүддесiнiң жүйесiне жалғауға қабiлеттi барабар үкiметтiк емес ұйым жоқ. Осыған байланысты, YEҰ-ның қызметi қалың бұқарада нақты жобаға бекiтусiз және мiндеттердiң нақты қорытындамасынсыз жалпы мәселелердi шешуге тiреледi, жергілiктi атқарушы органдар үкiметтiк емес қоғамдық ұйымдарды тең құқықты әрiптес ретiнде қарамайды және шешiм қабылдаудың нақты процесiне тартпайды.
Бизнес-инкубаторлар, индустриялық және технологиялық парктер. Қазiргi уақытта Қазақстанда 44 бизнес-инкубатор мен инновациялық орталықтар қызмет етедi. Олардың мүлдем барлығы дерлігі жергілiктi атқарушы органдардың бастамасы бойынша құрылды және өздерiнiң қалыптасу кезеңiнде.
Бизнес-инкубаторлар - өз алаңдарына арнайы жеңілдiк жағдайда iріктелген шағын кәсiпорындарды орналастыратын және оларға консалтингтік, оқыту, бухгалтерлiк және офистік қызметтер, оқыту бойынша қызмет көрсететiн құрылым. Бизнес-инкубаторлардың негiзгi мақсаты оның аумағында орналасқан шағын кәсiпорындардың орнықты қызмет етуiн қамтамасыз ету болып табылады.
Ең көп бизнес-инкубатор Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында құрылған. Мұны келесі кестеден көруге болады.
1-кесте
№ |
Облыс аты |
Кәсіпкерлерді дарлау орталықтары |
Бизнес- икубаторлар Саны |
1 |
Ақтөбе облысы |
3 |
8 |
2 |
Атырау облысы |
6 |
1 |
3 |
Ақмола облысы |
||
4 |
Алматы облысы |
1 |
1 |
5 |
Шығыс Қазақстан облысы |
1 |
2 |
6 |
Батыс Қазақстан облысы |
2 |
2 |
7 |
Жамбыл облысы |
1 |
|
8 |
Қарағанды облысы |
2 |
2 |
9 |
Қостанай облысы |
2 |
1 |
10 |
Қызылорда облысы |
1 |
8 |
11 |
Маңғыстау облысы |
1 |
1 |
12 |
Павлодар облысы |
2 |
4 |
13 |
Солтүстік Қазақстан облысы |
2 |
1 |
14 |
Оңтүстік Қазақстан облысы |
1 |
8 |
15 |
Астана қаласы |
1 |
1 |
16 |
Алматы қаласы |
1 |
1 |
1-кесте Қазақсандағы бизнес-инкубаторлар мен даярлау орталықтарының саны
Бизнес-инкубатолар
Бизнес-инкубатор жұмысының негізгі критерийлері:
- шығарылған экономикалық
тұрақты кіші кәсіпорындар
- құрылған жаңа жұмыс орындарының саны;
- салық түрінде және басқа да түрде бюджетке түскен қаржы қаражат түсімі
Информация о работе Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын жетілдіру жолдары