Шағын және орта бизнестің мәні және қызмет атқару ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 19:06, реферат

Краткое описание

Қоғамымызды реформалаудың қол жеткен қомақты табыстарының бірі – орта таптың қалыптасуы болып табылады. Әкімшілдік жүйедегі экономиканың күйреуі, жекелеген рынок элементтерінің пайда болуы экономикалық өмірге бұрынғы шаруашылық субьектілерінен өзінің инновациялық мінез-құлқымен ерекшеленетін жаңа шаруашылық субъектілерін әкелді. Сонымен бірге қоғамымызда меншік иесі деген жаңа әлеуметік топ қалыптасты. Осы орта топтың қалыптасуы, негізінен, орта және шағын кәсіпкерліктің дамуымен тікелей байланысты.

Содержание

1. Шағын және орта бизнестің мәні және қызмет атқару ерекшеліктері

2. Шағын және орта бизнестің нарықтық экономика елдеріндегі ролі мен орны

3. Қазақстанда шағын және орта бизнестің қалыптасуы және дамуы.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жоспар.docx

— 19.54 Кб (Скачать документ)

               Жоспар

1. Шағын және орта бизнестің  мәні және қызмет атқару ерекшеліктері

 

2. Шағын және орта бизнестің  нарықтық экономика елдеріндегі  ролі мен орны 

 

3. Қазақстанда шағын және  орта бизнестің қалыптасуы және  дамуы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      Қоғамымызды реформалаудың қол жеткен қомақты табыстарының бірі – орта таптың қалыптасуы болып табылады. Әкімшілдік жүйедегі экономиканың күйреуі, жекелеген рынок элементтерінің пайда болуы экономикалық өмірге бұрынғы шаруашылық субьектілерінен өзінің инновациялық мінез-құлқымен ерекшеленетін жаңа шаруашылық субъектілерін әкелді. Сонымен бірге қоғамымызда меншік иесі деген жаңа әлеуметік топ қалыптасты. Осы орта топтың қалыптасуы, негізінен, орта және шағын кәсіпкерліктің дамуымен тікелей байланысты.

 

Шаруашылықты жүргізудің жаңа фомаларын қолданбай еліміздің  экономикасын жандандыру, халқымыздың  әлеуметтік хал-ахуалын көтеру мүмкін емес. Соның бірі шағын және орта бизнестің дамуы болып табылады. Нақты айтқанда, жұмыссыздықты жоюда, жалақы мен зейнетақыны уақытылы төлеуде, рынокты халыққа қажетті  тауарлармен толтыруда, жеке өндірушілердің монополиясын шектеуде, депрессияны  бастан кешіріп отырған жекелеген  аудандарды қалпына келтіруде осы  шағын және орта бизнес шешуші фактор.

 

Шағын және орта кәсіпкерлікті  дамытпай, нарықтық экономиканы қалыптастыру мүмкін емес. Өйткені, бұл – нарықтық қатынастарды алға жетелеуші буын. Нарықтық экономика элементтерін енгізудің  әрекеттері монополияландырылған ортаның  қарсылығына тап болуда. Ал монопо-

 

лизмге қарсы күресудің  тиімді жолдардың бірі – шағын  және орта бизнесті дамыту.

 

Қазақстанда шағын және орта бизнесті дамытуға байланысты шаралар  Елбасы Н.Назарбаевтың 1997 жылы 6-наурызда қабылдаған «Шағын және орта кәсіпкерлікке  мемлекет тарапынан қолдау көрсетуді  жеделдету шаралары» деген қаулысынан басталды. Одан кейін «Шағын кәсіпкерлікті  мемлекеттік қолдау туралы», «Жеке  кәіпкерлік туралы» Заңдар қабылданды. Шағын және орта кәсіпкерлікке қолайлы  жағдайлар жасау үшін, қаржылай және ақпараттық қамтамасыз етуді жетілдіру  мақсатында Елбасы «Қазақстан Республикасында  шағын кәсіпкерлікті қолдау мен  дамытудың басымдықтары мен аймақтық бағдарламалары туралы» жарлық шығарды. 1997 жылы 14-қыркүйекте Алматы қаласы әкімінің шешімімен шағын және орта бизнесті қолдау департаменті

 

құрылды. Оның мақсаты - кәсіпкерлікпен айналысушыларға, жеке субъектілерге  қолдау көрсету, жаңа кәсіпорындар ашу.

 

Орта және шағын кәсіпкерлік  – экономиканың ұтқыр әрі нәтижелі секторының бірі. Ішкі жалпы өнімнің  елеулі бөлігін өндіру солардың үлесінде. Бұл жағдай тек дамыған елдерге  ғана қатысты емес, өтпелі экономикасы  бар елдерге де қатысты. Осы орайда Президентіміз Н.Назарбаев Қазақстан  халқына жолдауында: «Жапония, Германия, Бельгия, Италия сияқты елдерде шағын  және орта бизнес олардың барлық кәсіпорындары  санының 90%-дан астамын құрайды, көптеген дамыған елдерде олар жалпы ішкі өнімнің 50%-дан астамын береді. Сондықтан  да біздің шағын және орта кәсіпкерлікті  дамытудың түбірінен жаңа идеологиясын түзуіміз қажет. Бұл кәсіпкерлік  ортаның бастамашылығын іске асыру  үшін қолайлы жағдай туғызуымыз керек. Әрбір іскер қазақстандық осы  ортаға кірігіп, инновациялық экономикадағы  өз орнын табуға тиіс. Қазақстандықтардың бастамашылығында кең өріс ашу үшін жағдай жасалды, кәсіпкерлер ендігі жерде осы мүмкіндіктерді пайдалана  білсе игі!», деп айтқан болатын. [1]

 

Елбасы ұстанып отырған  стратегияық бағытта қоғамды  жаңартуға қабілетті, экономиканың жағдайын ойлайтын кәсіпкерлерге ерекше көңіл бөлінеді. Шағын жәе орта кәсіпорындардың тиімділігі және артықшылығы  – олар аса үлкен қаржыны керек  етпейді. Шағын және орта бизнес халықтың әл-ауқатын арттырып, қосымша жұмыс  орындарының ашылуына, жалақының  уақытында төленіп отыруына себін  тигізетіні сөзсіз. Бүгінгі Қазақстан  жағдайында кәсіпкерліктің осы түрін  дамытуға кеңінен жол ашылды. Соның  бірі – шағын несиелендіру. Мен  осы жұмысымда шағын және орта бизнестің біздің еліміздегі даму қарқынын статистикалық көрсеткіштер арқылы көрсетіп, республикамыздағы кәсіпкерліктің маңызды даму жақтарын және оған кері әсерін тигізіп отырған факторларын  көрсеткім келеді.

 

Экономикалық дағдарыста ірі кәсіпорындар едәуір шығынға  ұшырап, иілмелі нарық жүйесі алдында  дәрменсіздік танытса, шағын және орта бизнес айтарлықтай зардап шекпей, озық технологияларды меңгере отырып, өзінің өміршеңдігін дәлелдеп, тұрақтылық байқатты. Соның нәтижесінде мыңдаған жұмыссыздар жұмысқа тартылды. Қысқасы, шағын және орта кәсіпкерлік дағдарыстағы экономикамызға тіреу болды деп айта аламын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

 Кәсіпкерлік – адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономисі Гарвард университетінің профессоры Иозеф Алиоз Шумпетер мән берген. Ол былай деп айтқан «Кәсіпкер болу – басқаның істегенін істемеу». Екінші жағынан кәсіпкерлер – алдымен кәсіпкерлік жұмысты ұйымдастырушылар. Ол туралы француз экономисі Жан Батист Сэй былай деген: «Кәсіпкер – адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам».

 Кәсіпкерлік терминін алғаш рет айналымға енгізген ағылшын ғалымы Ричард Кантильон болды. Бұл ағымға, ол нарықтық тәуекелділік жағдайында табыс алу мақсатымен өндірісті ұйымдастырудағы адам белсенділігін жатқызды.

 Экономикалық әдебиеттерде  кәсіпкерлік пен бизнес ұғымдарын  балама түрінде қарастыру жиі кездеседі.

 Бизнес пен кәсіпкерлік  жақын ұғымдар болғанымен, оларды бір – бірімен баламалап, теңестіріп қарауға болмайды. Бизнес – табыс әкелетін кез келген қызметтің түрі. Ал, кәсіпкерлік болса – новаторлық іс. Нағыз кәсіпкер – ол өнертапқыш адам. Сондықтан бизнеспен айналысатын адамдар, осы көзқарас тұрғысынан ешуақытта кәсіпкер бола алмайды.

 Экономикалық ғылымда  «кәсіпкерлік қабілеттілік» деген ұғымда бар. Кәсіпкерлік қабілеттілік дегеніміз адамның бизнесте жаңалықты аша білу қабілеттілігі, бірақ бизнеске қатысатындардың барлығының қолынан бұл келе бермейді.

 Яғни айтқанымызда  кәсіпкерлік дегеніміз – бұл адамдар мен олар құрған бірлестіктердің белсенді, дербес шаруашылық қызметі. Тағы айта кететін жайт, кәсіпкерлікті түсіндіре келгенде мынадай екі жағдайға мән бері керек: біріншіден, коммерциялық бағыт-бағдарға, тәуекелге бел буушылық пен дербестікке, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге, кездескен кедергілерді жеңе білуде; екіншіден, экономикада, ұйымдастыру ісінде тапқырлық пен жаңашылдық танытуға, ғылыми-техникалық прогреске жетіге тікелей қатысты.

 

          Қолданылған әдебиеттер

 

1. А.Қ.Мейірбеков., Қ.Ә.Әлімбетов., «Кәсіпорын экономикасы» Алматы. Экономика-2003.

2. А.Е.Карлик «Управление  экономикой предприятия»., Финансы и статистика. 1999.

3. В.В.Ковалев, О.М.Волкова  «Анализ хозяйственной деятельности  предприятия» .М. Проспект-2000.

4. Н.П.Любушкин «Анализ  финансово-экономической деятельности  предприятия» Юнити-2000.

5. Е.Б.Жатқанбаев «Аралас экономика негіздері» Алматы-1996.

6. Ө.Қ.Шеденов., Е.Н.Жүнісов «Жалпы экономикалық теория» Алматы-2004.

7. «Экономикалық анализ»  Алматы. Экономика-1999.

8. «Экономический анализ»  Финансы и статистика-2000.фФ


Информация о работе Шағын және орта бизнестің мәні және қызмет атқару ерекшеліктері