Қорлардың ұйымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2013 в 20:05, реферат

Краткое описание

Нарықтық экономиканың қай саласында да өндірістік запастар кәсіпорынның айналым активтерінің құрамды бөлігі болып табылады. Олардың өндіріс шығындарындағы үлес салмағы түрлеріне, түсу көздеріне, бағалау әдістеріне байланысты. Агроөнеркәсіп кешенін ұйымдастыруда өндірістік шығындардың маңызды элементі болып материалды шығындар болып табылады.
Материалдар айналым активтерінің құрамды бөлігі ретінде өндіріс процесінде толықтай қолданылады және өзінің құнын өндірілетін өнімнің құнына толығымен алып барады.

Содержание

Кіріспе ---------------------------------------------------------------------------------------4
1. Қорларды жіктеу және бағалау -------------------------------------------------------6
1.1 Қорлар жайлы түсінік ----------------------------------------------------------------6
1.2 Қорлардың жіктелуі -------------------------------------------------------------------8
1.3 Материалдар қозғалысының есебі және оларды құжаттау ------------------13
1.4 Қорларды бағалау әдістері ---------------------------------------------------------18
2. Қорлардың есебі -----------------------------------------------------------------------21
2.1 Қорлар және №2 ХҚЕС -------------------------------------------------------------21
2.2 Материалдық қорлардың қоймадағы есебі ------------------------------------ 27
2.3 Материалдардың бухгалтериядағы есебі ---------------------------------------30
2.4 Материалдық қорларды түгендеу ------------------------------------------------33
3. Есептеу бөлімі. Шоғырландырылған қаржылық есеп жасау -----------------38
Қорытынды --------------------------------------------------------------------------------47
Пайдаланылған әдебиеттер -------------------------------------------------------------49
Қосымшалар -------------------------------------------------------------------------------50

Прикрепленные файлы: 1 файл

1. -орларды жіктеу ж-не ба-алау 6.doc

— 377.00 Кб (Скачать документ)

ЛИФО әдісі

ЛИФО әдісі кәсіпорынға  ең соңғы кезекте кіріске алынған  материалдар тобы бірінші болып  шығыс етіледі немесе жұмсалады деген қағидаға негізделген, яғни алғашқы жұмсалатын немесе шығыс етілетін материалдар кәсіпорынға ең соңғы кіріске алынған материалдардың тиісті өзіндік құны бойынша бағаланады. Ал ай срңында кәсіпорында қалған материалдар алғашқы кіріске алынған материалдардың өзіндік құны бойынша бағаланады.

Өндіріске жұмсалынған  және материалдардың қоймадағы қалдықтары ФИФО және ЛИФО әдістері бойынша мына түрде есептелінеді. Мысалы: А –  түрлі материалдар тобы

                           2-кесте. Қорларды бағалау әдісі

 

Саны (дана)

Бағасы (теңге)

Сомасы (теңге)

А) Қаңтар айының бірінші  жұлдызына кәсіпорынның қоймасындағы материалдардың қалдығы

50

100

5000

Қаңтар айында кіріске  алынған материалдық қорлар

1-Топтамада

2-Топтамада

3-Топтамада

4-Топтамада

5-Топтамада

100

80

90

100

70

110

120

130

140

150

11000

9600

11700

14000

10500

Кіріске алынған материалдық  қорлардың жиынтығы

 

440

---

56800

Бастапқы қалдықпен  қоса есептегендегі қалдығы

 

490

---

61800

Ай бойы материалдық  қорлардың шығыс етілгені

ФИФО әдісімен бағалағанда

250

 

28200

ЛИФО әдісімен бағалағанда

250

 

34900

Ай соңындағы материалдық  қорлардың қалдығы

ФИФО әдісімен бағалағанда

240

 

33600

ЛИФО әдісімен бағалағанда

240

 

26900


 

Бұл кестеден көріп отырғанымызда  йшығыс етілген 250 дана материалдық қорлардың құны бойынша есептелінеді.

ФИФО әдісі бойынша:

Бірінші кіріс етілгенде, соның ішінде: айдың басындағы  кәсіпорынның қоймасындағы материалдардың қалдық саны 50 дана сомасы 5000 теңге, бірінші  топтамада кіріске алынғаны 100 дана сомасы 11000 теңге, екінші топтамада кіріске алынғаны  80 дана сомасы  9600 теңге, үшінші топтамада кіріске алынған материалдардың тек қана  20 данасы сомасы 2600 теңге шығыс етіледі. Барлығы 250 (50+100+80+20) дана, сомасы 28200 (5000+11000+9600+2600) теңгенің материалдары.

ЛИФО әдісі бойынша:

Соңғы кіріс етілгендер, соның ішінде: бесінші топтамада кіріске алынғаны 70 дана, сомасы 10500 теңге, төртінші топтамада  кіріске алынғаны 100 дана, сомасы 14000 теңге, үшінші топтамада кіріске  алынған  90 дана материалдардың сомасы 11700 теңге,  80 данасы сомасы 10400 теңге шығыс етіледі. Барлығы 250 (70+100+80) дана сомасы 34900 (10500+14000+10400) теңгенің материалдары.

Материалдық қорларды ФИФО және ЛИФО әдістерімен бағалау барысында  материалдардың талдамалық (аналитикалық) есебін олардың түрлері бойынша ғана жүргізіп қоймай, егер олар әр түрлі бағамен сатылып алынған болса, онда келіп түскен материалдарды олардың топтамасы бойынша есептеу керек.

Материалдар баланста нақты  өзіндік құны бойынша көрсетіледі. Сонымен қатар материалдар өздерінің топтамалық (синтетикалық) есебінде нақты өзіндік құнымен көрсетіледі де, ал талдамалық есебінде жоспарлы есептуе бағасымен немесе келісілген бағасы бойынша көрсетіледі. Егер кәсіпорын материалдардың талдамалық есебін келісілген бағасы бойынша есептейтін болса, онда олардың нақты құны  материалдық қордың сатып алынған құны мен дайындау-тасымалдауы шығындарының қосындысынан тұрады.

                        2. Қорлардың есебі           

                        2.1 Қорлар және №2 ХҚЕС

             №2 ХҚЕС мақсаты босалқылар есебін жүргізу тәртібін орнату болып табылады. Босалқылар есебін жүргізудегі негізгі мәселе актив ретінде танылуға жататын және тиісті түсімдерді танығанға дейінгі келесі кезеңдерге көшірілетін шығындардың шамасын анықтау болып табылады. Стандарт шығынды анықтау және сатудың ықтимал таза бағасының шамасына дейінгі құнның кез келген азаюын қоса алғанда, оларды кейіннен шығыстар ретінде тану бойынша нұсқау береді. Сондай-ақ ол босалқылардың өзіндік құнын анықтау үшін пайдаланылатын өзіндік құнды есептеу тәсілдері жөнінде түсінік береді.  №2 ХҚЕС қызмет көрсетулерге тікелей байланыстыны қоса алғанда, құрылыс салуға жасалған шарттар бойынша туындаған, аяқталмаған өндірістерді (қараңыз: «Құрылыс салуға жасалған шарттар» IAS Халықаралық стандарты);(b)қаржы құралдарын; Ауыл шаруашылығы қызметімен және жинау кезінде ауыл шаруашылығы өнімімен байланысты биологиялық активтерді қоспағанда (қараңыз: 41-«Ауыл шаруашылығы» IAS) барлық босалқыларға қатысты қолданылады.         (b)  ауыл және орман шаруашылығы өнімін, жиналғаннан кейінгі ауыл шаруашылығы өнімі, сондай-ақ осы өнеркәсіп салаларында қабылданған есеп практикасына сәйкес іске асырудың мүмкін болатын таза құны бойынша бағаланатын пайдалы қазбаларды өндірушілер қолданатын босалқыларды бағалауға қолданылмайды. Іске асырудың мүмкін болатын таза құны бойынша бағаланатын осындай босалқылар осы құнның өзгерістері болған кезеңде пайда және залалдар туралы есепте танылады.           (b)  сатуға жұмсалған шығындарды есептемегенде өзінің босалқыларын әділ құн бойынша бағалайтын тауар брокерлері және трейдерлер қолданатын босалқыларды бағалауға қолданылмайды. Осындай босалқыларды сатуға жұмсалған шығындарды шегеріп тастағанда, әділ құн бойынша бағалаған кезде, сатуға жұмсалған шығындарды шегеріп тастағанда әділ құнның өзгеруі өзгерістер болған кезеңдегі пайда және залалдар туралы есепте танылады. 3(а)-параграфында айтылған босалқылар өндірістің белгілі бір кезеңдерінде өткізудің ықтимал таза құны бойынша бағаланады. Бұл, мысалы, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімін жинау немесе пайдалы қазбалар өндірілген кезде, бұл болашақтағы келісім-шарт немесе мемлекеттің кепілдік беруі арқылы сатуды растайды немесе белсенді нарық пен сату тоқтап қалатын тәуекелдің алдын алу мүмкіндігі болған жағдайда болады. Мұндай босалқылар №2 ХҚЕС бағалау бойынша талаптардан ғана алынып тасталады.  Брокерлер және трейдерлер - тауарларды басқалар үшін немесе жеке өз есебіне сатып алатын немесе сататын тұлғалар. 3(б)-параграфында айтылған босалқылар негізінен жақын болашақта сату және бағаның немесе брокерлер мен трейдерлер маржасындағы ауытқулардан пайда табу мақсатында сатып алынады. Осындай босалқыларды сатуға жұмсалған шығындарды шегеріп тастағанда, әділ құн бойынша бағалаған кезде олар осы Стандарттың бағалау бойынша талаптарынан ғана алынып тасталады. төменде көрсетілген мәндерінде мынадай терминдер пайдаланылады: Босалқылар - бұлар:  Қалыпты қызмет барысында сатуға арналған;осындай сату үшін өндіріс процесіндегі; (c)  өндіріс процесінде немесе қызмет көрсетулері кезінде пайдалануға арналған шикізат немесе материалдар нысанындағы активтер. Өткізудің ықтимал таза құны - бұл жұмысты орындауға жұмсалған ықтимал шығындар мен өткізуге арналған ықтимал шығындарды шегеріп тастағанда әдеттегі іс барысындағы болжамды сату бағасы.Әділ құн - бұл активтерді олармен айырбастаған немесе осындай мәмілені жасаудан жақсы хабары бар, мәміле жасағысы келетін және бір-бірінен тәуелсіз тараптар арасында мәміле жасалған кезде міндеттемелерді реттеуге болатын сома. Өткізудің ықтимал таза құны ұйым әдеттегі қалыпты қызмет барысында босалқыларды сатудан өтеуді күтетін таза сомаға байланысты. Әділ құн мәмілені жасау кезінде, нарықта жақсы хабардар, осындай мәмілені жасағысы келетін сатып алушылар және сатушылардың арасында ұқсас босалқыларға ауыстыруға болатын соманы көрсетеді. Біріншісі нақты ұйымға тән болып табылатын құн; соңғысы ондай болып табылмайды. Босалқыларды өткізудің ықтимал таза құны сатуға жұмсалған шығындарды шегеріп тастағанда әділ құнға тең болмауы да мүмкін. Босалқыларға қайта сату үшін сатып алынған және сақталатын тауарлар кіреді. Оларға, мысалы, бөлшек саудамен айналысатын сатушының алған тауарлары, немесе қайта сатуға арналған жер немесе басқа мүлік кіреді. Сонымен қоса босалқылар дайын немесе ұйым шығарған және шикізат пен өндіріс процесінде одан кейінгі пайдалануға арналған материалдар кіретін жартылай дайын өнім кіреді. Қызмет көрсету аясының ұйымы 19-параграфта сипатталғандай, ұйым тиісті түсім шамасын осы уақытқа дейін танымаған қызмет көрсетудің құны босалқыға кіргізілген жағдайда (18-«Түсім» ІAS Халықаралық стандартын қараңыз). Босалқылар міндетті түрде ең кемі екі деңгей бойынша: өткізудің өзіндік құны мен ықтимал таза құнында өлшенуге тиіс.Босалқылардың өзіндік құнына міндетті түрде сатып алуға, қайта өңдеуге жұмсалған барлық шығындар және босалқыларды ағымдағы жай-күйіне және орналасқан жерге дейін жеткізу мақсатында жұмсалған шығындар жатады.     Босалқыларды сатып алуға жұмсалған шығындарға сатып алу бағасы, импорттық баж салықтары мен басқа да салықтар (ұйымдар кейіннен салық органдары арқылы өтейтін салықтардан басқалары), сондай-ақ тасымалдауға, өңдеуге арналған шығыстар және объектіні сатып алумен тікелей байланысты шығыстар жатады. Сауда жеңілдіктері, төлемдерді қайтару және басқа да осындай баптар сатып алуға жұмсалған шығындарды анықтаған кезде шегеріп тасталады. Босалқыларды қайта өңдеу шығындарына еңбекақы төлеуге жұмсалған тікелей шығындар сияқты өнім бірліктерімен тікелей байланысты шығындар кіреді. Сонымен қоса оларға шикізаттан дайын өнім жасап шығару кезінде орын алған тұрақты және ауыспалы үстеме өндірістік шығыстарды жүйелі түрде бөлу кіреді. Тұрақты үстеме өндірістік шығыстар амортизация мен үйлерге қызмет көрсету және жабдықтар мен әкімшілік-басқару шығыстары сияқты өндіріс көлемінен тәуелсіз салыстыра алғанда өзгеріссіз болып қалатын жанама өндірістік шығындар болып табылады. Ауыспалы үстеме өндірістік шығыстар шикізаттың жанама шығындары мен еңбектің жанама шығындары сияқты өндіріс көлемінің өзгеруінен тікелей немесе тікелей дерлік тәуелді жанама өндірістік шығыстар болып табылады.  Тұрақты және үстеме өндірістік шығыстарды қайта өңдеу бойынша шығындарға бөлу қалыпты жағдайда жұмыс істеу барысында ұйымның өндірістік қуаттылығына негізделеді. Қалыпты өндірістік қуаттылық - жоспарлы техникалық қызмет көрсету нәтижесінде қуат ысырабын есепке ала отырып, істің қалыпты орындалуы барысында жұмыстың бірнеше кезең немесе мезгілінде орташа көрсеткіштер негізінде есептелетін өндірістің күтілетін көлемі. Өндірістің нақты деңгейі қалыпты жағдайдағы қуаттылыққа жуық мәнде сәйкес келгенде ғана пайдаланыла алады. Өнімнің әрбір бірлігіне қатысты тұрақты үстеме өндірістік шығыстар сомасы өндіріс деңгейінің төмендеуі немесе ұйымның тоқтап қалуы салдарынан өспейді. Бөлінбеген үстеме шығыстар оның пайда болуы кезеңіндегі шығыстар ретінде танылады. Өндіріс деңгейі ерекше жоғары болған кезеңде өнімнің әрбір бірлігіне қатысты тұрақты үстеме өндірістік шығыстар сомасы босалқылар өзіндік құнынан жоғары бағаланбайтын мөлшерде азаяды. Өндірістік қуаттылықты шын мәмінде пайдалану негізінде ауыспалы өндірістік үстеме шығыстар өнімнің әрбір бірлігіне жатқызылады. Өндірістік процесс нәтижесінде бір мезгілде көп өнім шығарылуы мүмкін. Мысалы, бұл бұйымды бірігіп шығару жағдайында, немесе негізгі өнімнің өндірісі қосымша өнімді өндірумен қатар жүріп отырған жағдайда болады. Әрбір өнімге жұмсалған шығындарды бөлек анықтай алмаған жағдайда, оларды өнімдердің арасында теңбе-тең және бір ізді бөледі. Бөлу, мысалы, не өндіріс процесі кезеңінде өнімдер ұқсас болғанда, не дайын өнім шығарылған кезде анықталатын әрбір өнімді сатудың салыстыра алғандағы құнына негізделуі мүмкін. Қосалқы өнімдердің көбісі табиғатынан мардымсыз. Осындай жағдайларда оларды көбінесе сатудың ықтимал таза бағасы бойынша бағалайды және бұл шама негізгі өнімнің өзіндік құнынан шегеріледі. Нәтижесінде негізгі өнімнің баланстық құны оның өзіндік құнынан аз ғана ерекшеленеді.

Басқа да шығындарға босалқыларды қазіргі  орналасқан жеріне дейін жеткізуге  және жай-күйіне байланысты деңгейдегі олардың өзіндік құны ғана жатады. Мысалы, босалқылардың өзіндік құнына өндірістік емес үстеме шығыстарды немесе нақты клиенттерге арналған өнімді әзірлеу жөніндегі шығындарды жатқызу орынды болуы мүмкін.Төменде босалқылардың өзіндік құнынан алынып тасталатын және олардың пайда болуы кезеңінде шығыстар ретінде танылатын шығындардың мысалдары келтірілген: (а)  шикізаттың, жұмсалған еңбектің нормативтен тыс ысырабы немесе басқа да өндірістік шығындар;егер олар тек өндірістік процестің келесі кезеңіне көшу үшін осы өндірістік процесте қажет болмағанда ғана сақтауға жұмсалатын шығындар;босалқыларды қазіргі орналасқан жеріне және жай-күйіне дейін жеткізуге байланысты емес әкімшілік үстеме шығыстар;сатуға жұмсалатын шығындар.23-«Қарыздар бойынша шығындар» IAS Халықаралық стандарты босалқылардың өзіндік құнына заем бойынша шығындар кіретін сирек жағдайларды анықтайды. Ұйым босалқыларды төлем мерзімін кейінге қалдыру шартымен сатып ала алады. Осындай келісімде іс жүзінде қаржыландыру элементі болғанда, бұл элемент, мысалы, әдеттегі сауда кредиті шартымен сатып алу бағасы және төленген сома арасындағы айырмашылық қаржыландыру кезеңіндегі пайыздар бойынша шығыс ретінде танылады.    Қызмет көрсету саласындағы ұйымдардың босалқыларының өзіндік құны. Қызмет көрсету саласының ұйымдарындағы босалқылардың болу дәрежесінде оларды өндіруге жұмсалған шығындар бойынша бағалайды. Бұл шығындарға, ең алдымен, жалақы төлеу және қызметтер көрсетуге, оның ішінде бақылауға тікелей қатысатын қызметкерлерге жұмсалатын басқа да шығындар, сондай-ақ тиісті үстеме шығыстары жатады. Жалақы және сауда және жалпы әкімшілік қызметкерлерге жұмсалатын басқа да шығындар босалқының өзіндік құнына кіргізілмейді, бірақ олар туындаған кезеңдегі шығыстар ретінде ескеріледі. Қызмет көрсету саласы ұйымдарының босалқылардың өзіндік құнына көп жағдайда ұйымдар көрсететін қызметтердің бағасына кіретін пайда немесе үстеме шығыстарға жатпайтын нормалар кірмейді.Биологиялық активтерден алынған жиналған ауыл шаруашылығы өнімінің өзіндік құны 41-«Ауыл шаруашылығы» (IAS) ХҚЕС-на сәйкес ұйым биологиялық активтерден жинаған ауыл шаруашылығы өнімдерінен тұратын босалқылар бастапқы тану кезінде жинау орнында сатуға жұмсалған шығындары шегерілген әділ құны бойынша бағаланады. Бұл осы Стандартты қолдану мақсатында босалқылардың сол күнгі өзіндік құны болып табылады. Нормативтік шығындар бойынша есепке алу әдісі және бөлшек баға әдісі сияқты босалқылардың өзіндік құнын айқындаудың әр алуан әдістері, егер олардың нәтижелері өзіндік құнға жуықтап сәйкес келетін болса, қолайлылық үшін пайдаланылуы мүмкін. Нормативтік шығындар шикізаттар мен материалдарды, еңбекті пайдаланудың, тиімділік пен қуаттың қалыпты деңгейін ескереді. Оларды ұдайы тексереді және қажет болған жағдайда, ағымдағы жағдайларға қарай қайта қаралады. Бөлшек саудада тез арада өзгеретін көптеген бұйымдардан тұратын, олар үшін өзіндік құнды бағалаудың басқа әдістерін пайдалану орынды болып табылмайтын босалқыларды бағалау үшін көбінесе бөлшек баға әдісі пайдаланылады. Босалқылардың өзіндік құны сатылған босалқылардың жалпы құнын жалпы маржаның тиісті пайызына азайту арқылы анықталады. Пайдаланған пайыздың шамасында бағасы бастапқы сату бағасынан төмен бағаға азайтылған босалқыны ескереді. Бөлшек сауданың әрбір бөлімшесі үшін пайыздың орташа мәні жиі пайдаланылады. Бірін-бірі алмастырмайтын босалқылардың жекелеген баптарының, сондай-ақ арнаулы жобалар үшін өндірілген және оларға арналған тауарлардың немесе қызмет көрсетулердің өзіндік құны оларға жұмсалатын жеке шығындарды ерекше сәйкестендіру арқылы анықталуға тиіс. Іс жүзіндегі шығыстардың нақты анықтамасы белгілі бір шығындар босалқылардың белгілі бір баптарына жататынын білдіреді. Есепке алудың бұл тәртібі, олардың сатып алынғанына немесе өндірілгеніне қарамастан, арнаулы жобаларға арналған бұйымдар үшін сәйкес келеді. Алайда, іс жүзіндегі шығындардың нақты анықтамасы босалқылардың бір-бірін алмастыра алатын бірліктері аса көп болған жағдайда бұған лайықты болмайды.

                     2.2 Материалдық қорлардың қоймадағы есебі

Материалдар өздері сақталып тұрған жері бойынша, яғни кәсіпорын қоймасында және кәсіпорын бухгалтериясында есептелінеді. Материалдық қорлардың қоймадағы есебінің дұрысұйымдастырылуы олардың дұрыс сақталынуына, қоймадағы жұмыстың дұрыс жүргізілуіне және олардағы жұмыстың қалай қойылғандығына байланысты. Қоймада материалдық қорлардың әрбір түрлері, сорттары бойынша бөлек сақталуы тиіс. Материалдардың маркасы, сорты, көлемі, наменклатуралыцқ номері, өлшем бірлігі, сақталып тұрған материалдардың мөлшері, т.б.  көрсеткіштері картон немесе фанерге жазылып, материалдарға байланып немесе жапсырылып қойылады. Қоймадағы және цехтегі материалдардың аналитикалық есебі белгілеген түрі бойынша олардың ішінде сорттары мен маркалары бойынша жүргізіледі. Қоймада материалдық қорлардың тек қана сандық есебі жүргізіледі. Материалдардың әрбір номенклатуралық номері бойынша бөлек үлгілі түрі М-17 карточкасы ашылады. Бұл карточкада материалдық қорлардың аты, мөлшері, көлемі, сорты, өлшем бірлігі, номенклатуралық номері және есетеу бағасы көрсетіледі. Бұл карточканы жаңадан кіріске алған материалдарға кәсіпорынның бухгалтериясы дайындап, одан кейін кіріс ету ордерімен тізілім бірге қоймаға беріледі. Қойма қызметкері немесе қойма меңгерушісі алынған карточкаға материалдық қорлардың қай жерде сақталып тұрғаны жайлы деректер толтырады. Материалдардың кіріс-шығысының сорттық-сандық есебін сол материалдарға жауапты адам жүргізеді. Кейбір жағдайда материалдарға жауапты адамның келісімі бойынша қойманың карточкалық есебін жүргізу жұмысы басқа басқа адамға, яғни есепшіге немесе операторға жүктелуі мүмкін. Материалдардың түрі номенклатуралық номері аз болатын кәсіпорынның қоймаларында бұл карточканың орнына материалдар есебін тиісті түрде жүргізуге дайындалып жасалған сорттық есеп кітабында жүргізуге болады. Мұндай жағдайларда сорттық есеп кітабында қойма есебінің карточкасындағы деректер болуы қажет. Қомашы белгіленген тәртіп бойынша толтырылған алғашқы құжаттардың негізінде материалдардың кіріске алынуын және есептен шығару операцияларын, олардың іске асырылған күнін қойманың есеп карточкасына жазөып, онда материалдық құндылықтардың сол күннің соңындағы қалдығын шығарып отыру керек. Бұл карточкада материалдардың қалдығы әрбір операциядан кейін шығарылып отырылады.

Айта кететін жағдай, ай соңында бухгалтерияға ондағы көрсетілген материалдардың алынғанына немесе алынып болмағанына қарамастан шектік-заборлық карточкасының барлығы тапсрылуы керек. Толық алынып болмаған материалдар үшін келесі айға жаңа лимиттік-заборлық карта жазылып беріледі. Қоймашы материалдардың қоймалық-сорттық есеп карточкасының деректері негізінде жабдықтау бөліміне материалдардың  әр номенклатуралық түрінің қалдығы, оның тұрақты қор мөлшерден ауытқуы, көптен бері пайдаланылмай жатқан материалдар жайлы деректер беріп отырады. Қоймалық-сорттық карточканың дұрыс жүрпгізілуін бухгалтерия бақылау керек. Бухгалтерия қызметкері жиі-жиі (апта сайын, он күнде) қомашымен қоймадағы операцияларды жүргізуге негіз болған алғашқы құжаттардың дұрыс жазылуын,  қоймалық-сорттық карточканың дұрыс жүргізілуін және карточкадағы материалдар қалдығының дұрыс шығарылуын тексеріп отыруы қажет. Карточкадағы жазылған операциялардың дұрыстығын және оны тексергені жайлы бухгалтерия қызметкері есеп карточкасының тиісті жеріне қол қояды. Қоймалық-сорттық карточкадағы жазуды тексеру, қойма меңгерушісінің бухгалтерияға материалдарды кіріске алуы кезінде тапсыратын есептердің негізінде жүргізіледі. Қойма меңгерушісінің бухгалтиреяға тапсыратын құжаттары үлгілі түрі М-18А «Құжаттарды қабылдау-өткізу құжатына» тіркеледі. Материалдарға жауапты адамның келісімі бойынша бухгалтерия қызметкері әр операцияның дұрыстығын тексергені жайында және құжатты қабылдағаны жайында карточкаға қол қояды. Мұндай жағдайда құжаттарды қабылдау-өткізу тіркелімін жасаудың керегі болмайды. Егер орталық қойма немесе цех қоймасы ұйымның басқармасынан қашық жерде орналасқан жағдайда жүргізілетін операциялардың дұрыс құжатталынуы, материалдарға жауап беретін адамның есеп карточкасын дұрыс жүргізу орталық бхгалтерияда тексеріледі. Мұндай жағдайда кіріс және шығыс ету құжаттары берілген уақыт тіркелімдермен бірге бухгалтерияға табыс етілуі керек. Кәсіпорынның орталығынан қашық жерде орналасқан қойма меңгерушісі белгіленген күні бухгалтерияға екі дана етіп материалдардың ай соңындағы қалдық тізімдемесін тапсыруы керек. Тізімдеме құрамында өзгеріс (кірісі мен шығысы) бар материалдар бойынша жасалынып, онда тек қана материалдардың сандық қалдығы көрсетіледі. Тізімдемеге цех, қойма, бөлімше бастығы және ол құжатты тотырушы қол қояды. Дұрыстығын тексеріп болғаннан кейін тізімдеменің бір данасы жіберілген қателіктер жөніндегі ескертумен қоймаға қайтарылады. Материалдардың есебін жедел оперативтік, бухгалтерлік, қалдықтық әдіспен жүргізген жағдайда қоймалық есеп карточкасымен қатар үлгілі түрі М-20 қоймадағы материалдар қалдығын есептеу тізімдемесі жүргізіледі. Қойма меңгерушісі карточкалардағы ай бойындағы жиынтық деректері бойынша материалдардың келесі айдың бірінші жұлдызына қалған қалдықтарын осы тізімдемеге көшіріп жазады. Тізімдемеде материалдар қоймалық есепте қаралған номенклатуралары бойынша аралық шоттарға және синтетикалық шоттарға топталғаны күйінде көрсетіледі. Бухгалтерияда материалдардың қалдығы олардың жоспарланған есептеу бағасына көбейтіліп, ай аяғына қалған материалдардың жалпы соммасы анықталады. Егер пайдаланылатын материалдар номенклатуралары аз болған жағдайда материалдарды алған адамдардың қолын тек қоймалық есеп карточкасында қою арқылы босатуға болады. Мұндай карточкалар тек бір айға ғана ашылып, оған материалдардың ай басындағы қалдығы жазылады. Құрылыс ұйымдарының құрылыс басындағы бөлімшелері қоймалық-сорттық карточканың орнына ай сайын материалдардың кірісі, босатылуы және қалдығы жайлы үлгілі түрі М-А санды карточкасын толтырып есеп бріледі. Бұл есепте материалдарға жауапты адамның жауапкершілігіндегі материалдардың барлығы кіргізіледі. Берілетін есепте материалдардың кіріске алынуы, шығыс етілуі және қалдығы алғашқы құжаттар негізінде көрсетіледі. Құрылыс бөлімшелері құрылысқа жұмсалған материалдарға босату құжатын толтырмайды. Сондықтан да олардың бухгалтерияға берген есеп мәліметтеріне құрылысқа пайдаланылған материалдардың алғашқы құжаты тіркелмейді.

 

                  2.3 Материалдардың бухгалтериядағы есебі

Материалдардың бухгалтерияда  аналитикалық есебі сандық және ақшалай  өлшемде жүргізіледі. Мұндай есепті ұйымдастырудың көп қиындығына байланысты бухгалтерияда талдамалы есепті ұйымдастыру жұмысы үздіксіз жетілдіріліп келеді. Есеп жұмысына есеп тіркелімдерінің өте ұтымды жаңа түрлері енгізіліп, есеп жұмысының тәртібі жақсарылып, есеп машиналары пайдаланылып, есеп беру жұмысы қысқартылып, жеңілдетудің басқа да түрлері қолдануда. Соңғы кезгі уақыттарға дейін ұйымдардың бухгалтерияларында материалдардың талдамалық сорттық, сандық, бағалық есебін карточкаларда жүргізіп келді. Жалпы бухгалтерияда материалдардың әр номенклатуралық номеріне бөлек карточка ашылады. Материалдардың кіріс етілуіне, босатылуна жасалған әр құжат деректері тиісті карточкаға жазылуы керек. Ай біткеннен кейін немесе ай соңында әр карточка бойынша материалдардың кіріске алынуы мен шығыс етілуінің қорытындысы шығарылып, олар материалдардың айналым тізімдемесіне жазылады. Сөйтіп, бухгатериядағы карточкаларда қоймадағы карточкаларда жазылған деректер қайталанады.

Айырмашылығы: Қоймадағы  карточкаларда сандық есеп қана жүргізілсе, бухгалтериядағы карточкада сандық есеппен қатар олардың құндары да көрсетіледі. Бухгалтерияда материалдардың сорттық, сандық, бағалық есебін жүргізу көптеген адам күшін және уақытты керек етеді. Сондықта да бухгалтерияда карточкалар мен айналым тізімдемелерін толтыру кейде кешігіп отырады. Осыған байланысты сандық карточкалардың орнына кейінгі кезде сандық, сорттық, сомалық айналым тізімдемесін пайдаланатын болды. Есептің бұл әдәсән қолданған кезден бастап кәсіпорындардың бухгалтерияларында сорттық, сандық, бағалық карточкасын пайдаланбайтын болды. Шығыс етілген материалдардың сандық есебі алғашқы құжатта тікелей жинақталып қалдығы шығарылады. Ай біткеннен кейін 10-15 күн ішінде материалдардың айналымы мен қалдығы сорттық, сандық, сомалық айналым тізімдемесіне жазылады. Бұл әдісті пайдаланған бухгалтерлердің жұмысы сәл жеңілдегенімен кемшіліктер де кездесіп отырады. Ол кемшілікке ұйымдағы материалдардың сандық есебінің бухгалтери мен қоймада қатар жүргізілуін жатқызуға болады. Материалдардың бұл екі есебі көбіне бірөбірімен еш байланыссыз жүргізілетін. Материалдардың есебін одан әрі жетілдіру негізінде оперативтік-бухгалтерлік әдісі пайда болады. Бұл әдіс бойынша материалдардың есебі тек қоймалық сорттық, сандық есеп карточкаларында жүргізіледі. Оперативтік-бухгалтерлік есептеу әдісін қолдану үшін міндетті түрде керек жағдайлардың бірі есептеу жұмысына жоспарлы есептеу бағасын енгізу қажеттілігі болып табылады.  Материалдардың ағымдағы, яғни аналитикалық есебі осы бағамен жүргізіледі. Материалдард синтеттикалық шотта нақтылы өзіндік құнымен есептелінеді. Материалдардың есебін оперативтік-бухгалтерлік тәсілмен жүргізуге жоғарыда аталған қоймадағы материалдардың қалдығын есептеу үшін жүргізілетін үлгілі түрі М-20 тізідемесі пайдаланылады. Бұл тізімдемеде әр қойма бойынша бөлек және бір жылға ашылады. Ай соңында қойма меңгерушісі осы тізімдемеге қоймадағы карточкалардан материалдардың тексерілген, келесі айдың басына қалған сандық қалдығын көшіріп жазады. Кей жағдайларда кәсіпорынның қоймасы цех немесе бөлімшеден алыс жерде орналасқан жағдайда тізімдемеге материалдарды қалдығын көшіріп жазу бухгалтерия қызметкерлеріне немесе есептеу операторына жүктелуі мүмкін. Мұндай жағдайда материалдарға жауапкер  адам олардың қалдықтарының тізімдемеге дұрыс көшірілуін тексеріп шығып, қол қояды. Егер есепті ай бойы кәсіпорында материалдар кіріске алынбаған және шығыс етілмеген болмаса онда олардың бұрынғы қалдық саны мен сомасы жаңа айға көшіріліп жазылады.  Материалдар қалдығының қоймалық карточкаларынан үлгілі түрі М-20 түрлі тізімдемеге дұрыс толтырылуын бухгалтерия қызметкері міндетті түрде тексеріп қол қояды. Ай сайын үлгілі түрі М-20 санды тізімдемесінде көрсетілген материалдар қалдығы олардың жоспарлы бағасына көбейтіліп, материалдардың есептеу топтары және синтетикалық шоттары бойынша сомалары есептеліп жазылады. Жоғарыда айтылғандай бухгалтерияда материалдардың сомалық есебін синтетикалық шоттар бойынша олардың ішінде әрбір қоймадағы материалдардың топтары бойынша бөлек жүргізіледі. Сонымен қатар кәсіпорында материалдардың кіріске алынғандары мен шығыс етілгендердің сомасын тапқаннан кейін оларды материалдардың әрбір есептеу топтары ббойынша біріктіріп және ол сомалардың жиынтығын материалдардың кіріс-шығысымен қатар қалдығын есептейтін тізімдемеге көшіріп жазады. Бұл тізімдеме екі бөлімнен тұрады.

Информация о работе Қорлардың ұйымы