Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Декабря 2013 в 18:35, реферат
Мемлекеттік жоспарлау жүйесіндегі реформалар
ҚР мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
МӨЖ тақырыбы:
ҚР мемлекеттік жоспарлау жүйесі
Дайындаған: А.К. Ибраева
6М011500 «Құқық
және экономика негіздері»
Тексерген: Толымгожинова М.К.
Семей - 2013
Жоспары:
Ел Президенті Н.Назарбаев өзінің 2008 жылғы 6 ақпандағы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» деген Қазақстан халқына Жолдауында басымдықтар қатарына «нәтижелік қағидасындағы мемлекеттік басқару жүйесін дамыту жөніндегі» шараларды жедел іске асыруды бөліп көрсетті. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің алдына «жоспарлау жүйесін жаңарту мен жетілдіру, бюджет қаражатын пайдалану мен мемлекеттік активтерді басқарудың тиімділігін арттыру жөніндегі жұмысты жеделдету» міндеті қойылды.
Әкімшілік реформаны іске асыру шеңберінде Қазақстанда нәтижелер бойынша мемлекеттік басқару жүйесіне өту көзделеді. Нәтижелер бойынша басқару тұжырымдамасы басқару технологияларын жеке меншік сектордан мемлекеттік басқаруға көшіруді білдіреді. Нәтижеге бағдарланған басқару әдістері мен рәсімдерін енгізу, атап айтқанда, жоспарлау мен бюджеттік процеске деген көзқарастың өзгергенін білдіреді. Стратегиялық жоспарлау қағидасына өту мемлекеттік органдарда елді дамытудың стратегиялық мақсаттары мен міндеттемелеріне жетуге, мемлекеттік басқару сапасын арттыруға мүмкіндік туғызады. Бюджеттік жүйе реформасының бірден бір бағыты болып табылатын нәтижеге бағдарланған бюджеттеуді енгізу «шығындарды басқарудан» «нәтижелерді басқаруға» өтуді білдіреді. [2]
Қазіргі кезде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік басқару саласындағы қайта құрулар қоғамның қазіргі заманғы қажеттіліктеріне жауап беретін тиімді және бәсекеге қабілетті мемлекет құруға бағытталады. Мемлекеттік басқарудың жаңа тәсілі мемлекеттік құрылымдардың жеке меншік компаниялар өздерінің нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін қолданатын технологиялар мен рәсімдерді пайдалануына негізделеді.
Осы парадигманың шеңберінде мемлекеттік ұйымдар тұтынушыларға қызметтер көрсететін құрылымдар ретінде қарастырылады. Демек, олардың жұмысының тиімділігі ұсынылатын қызметтердің сапасын көтеру, олардың спектрін кеңейту және онымен байланысты шығындарды азайту арқылы қамтамасыз етіледі.
Аз шығындар жұмсай отырып, көбірек сапалы қызметтер көрсету қабілеті де мемлекеттік ұйымдардың жұмысын бағалауға нарықтық тәсілдің негізінде жатады. Бұл ретте бақылау жүйесі қателік жібергендерді жазалауға емес, ең алдымен проблемаларды шешу жолдарын іздестіруге бағдарланады.
Жаңа
мемлекеттік басқару
Шығындарды азайту және шығыстарға бақылау жасау мақсатында корпоративтік басқаруда өзінің тиімділігін дәлелдеген мынадай әдістер мен құралдар қолданылады: стратегиялық жоспарлау, басым міндеттерді шешуге қолданылатын бағдарламалық тәсіл, қаржыны басқару мен деректерді электрондық өңдеу. Жаңа мемлекеттік басқару тұжырымдамасына сәйкес соңғы онжылдықта дамыған елдердің көпшілігінде жүргізілген бюджеттік реформалардың негізгі элементтерінің бірі орта мерзімді қаржылық жоспарлау шеңберіндегі нәтижелерге бағдарланған бюджет жасау моделін пайдалануға көшу болды. Бұл модельдің шеңберінде бюджет мемлекеттік саясаттың мақсаттары мен жоспарланатын нәтижелері негізге алына отырып қалыптастырылады. Бюджеттік шығындардың функциялар мен мемлекеттік қызметтерге нақты байланысы болады, оларды жоспарлау кезінде бюджеттік бағдарламалардың шеңберіндегі түпкі нәтижелерді негіздеуге негізгі назар аударылады.
Бюджеттік
бағдарламалар әкімшілерінің
кеңейеді: жекелеген функциялар мен бағдарламаларды орындауға арналған ұзақ мерзімді ауыспалы қаржыландыру лимиттері белгіленеді, ал осы шығыстарды пайдаланудың бағыттарын нақтылауды бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің өздері жүзеге асырады. Бұдан басқа, ресурстарды пайдалануды оңтайландыруға арналған ынталандырулар құрылады. Шешімдер қабылдау жауапкершілігі төменгі деңгейлерге беріледі. Қаржының және қызмет нәтижелерінің мониторингі мен кейінгі сыртқы аудиті жүргізіледі, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін бағалау қол жеткізілген нәтижелер бойынша жүргізіледі.
Бюджет
шығыстары нәтижелілігінің
Бұл ретте бюджеттің түпкі нәтижелерге бағдарлануы тұрғысынан алғанда, жыл сайын бір жылға алға жылжытылатын орта мерзімді қаржылық құжатқа бағдарламалар әкімшілерінің арасындағы үш жылдық кезеңге арналған ассигнованияларды бөлуді енгізудің негіз қалаушы мәні бар. Бұл бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау кезеңін ұзартады, бюджет шығыстарын оңтайландыру үшін ынталандыру жасайды, бюджет шығыстары нәтижелілігінің индикаторлары жүйесін қалыптастыруға ықпал етеді, ведомстволар қызметін бағалаудың объективтілігін арттырады, бюджет жобасын дайындауды жеделдетеді және оның сапасын арттырады.
2007 жылы
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесі:
- Қазақстан Республикасындағы қазірде бар стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлаудың тиімді үндестігін қамтамасыз етуге;
- мемлекеттік
органдардың қызметін
- бюджеттік
үдерісті бюджет қаражатын
- азаматтарға
көрсетілетін қызметтер
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына 2008 жылғы ақпандағы Жолдауын іске асыру мақсатында Үкімет жаңа Бюджет кодексін әзірледі, ол нәтижелерге және үш жылдық бюджеттік жоспарлауға бағдарланған мемлекеттік жоспарлау мен бюджет жасау жүйесіне көшудің заңнамалық негізіне айналуға тиіс.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы №827 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесі келесі өзара байланысты деңгейлерді қамтиды (1-сурет).
Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы
Қазақстан Республикасының 10 жылға арналған Стратегиялық даму жоспары, Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамдық сызбасы
5-10 жылға арналған мемлекеттік бағдарламалар
Әлеуметтік-экономикалық дамудың 5 жылға арналған болжамы
Аумақтарды дамытудың 5 жылға арналған бағдарламалары
Мемлекеттік Жарғылық капиталы мемлекеттің қатысуымен құрылған ұлттық компаниялардың, ұлттық холдингтерінің, ұлттық басқарушы холдингтердің 10 жылға арналған даму стратегиялары және 5 жылға арналған даму жоспарларыоргандардың 5 жылға арналған стратегиялық жоспарлары
Жарғылық капиталы мемлекеттің қатысуымен құрылған ұлттық компаниялардың, ұлттық холдингтерінің, ұлттық басқарушы холдингтердің 10 жылға арналған даму стратегиялары және 5 жылға арналған даму жоспарлары
Салалық бағдарламалар
3 жылға арналған республикалық бюджет, жергілікті бюджет
1-сурет. Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары
Мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесінің әрбір деңгейі – бұл дербес бағдарламалық құжат. Жүйе «Қазақстан-2030» стратегиясын, ел дамуының ұзақ мерзімді стратегиясын, елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамдық сызбасынан, мемлекеттік, салалық бағдарламалар мен аумақтардың даму бағдарламаларын қоса алғандағы стратегиялық бағдарламалық құжаттарды біріктіреді.
Бұдан басқа, жаңа мемлекеттік жоспарлау: 5 жылға арналған әлеуметтік- экономикалық даму болжамы, мемлекеттік органдардың, ұлттық басқару холдингтерінің, ұлттық холдингтердің, жарғылық капиталында мемлекттің үлесі бар ұлттық компаниялардың стратегиялық жоспары, 3 жылға арналған республикалық және жергілікті бюджет сияқты нәтижелерге бағдарланған бюджет жасаудың элементтерін қамтиды. [2]
Мемлекеттік жоспарлаудың қисынды жігін құру мыналарды көздейді:
- мемлекеттік органдардың
- мемлекеттік органдардың
- мемлекеттік орган қызметінің жоспарланған жылға арналған жоспары туралы баяндамасын стратегиялық жоспарлардың негізінде қалыптасқан және мемлекеттік органдардың стратегиялық мақсаттарын болжамды шығындармен байланыстыратын бюджеттік өтінімнің құрамдас бөлігі ретінде практикаға енгізу;
- мемлекеттік органдардың
- мемлекеттік органдардың нақты
стратегиялық нысаналы
- мемлекеттік стратегиялық
Қорыта келгенде, нәтижеге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау және
бюджеттендіру жүйесін енгізу қоғамдық ресурстарды толық және тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. «Нәтижелерге бағдарланған
2. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 18 маусымдағы №827 Жарлығы
Информация о работе МӨЖ тақырыбы: ҚР мемлекеттік жоспарлау жүйесі