Кәсіпорын бизнесін бағалауда қолданылатын түсініктер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2014 в 21:02, дипломная работа

Краткое описание

Дипломдық жұмысымның бірінші бөлімінде кәсіпорын бизнесін бағалауда қолданылатын түсініктер мен ұғымдар жайлы, бизнесті бағалаудағы концепциялар мен терминдерді, бизнес қызметіне экономикалық талдау жасау және бизнес нарығындағы құнды қағаздар жайлы жазылған.
Бизнесті бағалау өтімділігі төмен акциялары бар жабық кәсіпорындардың немесе ашық акционерлік қоғамдардың меншікті (жарғылықты) капиталының нарықтық құнын бағалауға мүмкіндік береді. «Акционерлік қоғамдар туралы» заңға сәйкес бірнеше жағдайларда акционерлік капиталдың нарықтық құнын бағалау тәуелсіз бағалаушылармен жүргізілуі тиіс. Мысалға, бұл әрекет, акцияларды өтеп алу кезінде тағы басқа жағдайларда алдын ала қарастырылуы керек.

Содержание

Кіріспе
1 Кәсіпорын бизнесін бағалауда қолданылатын түсініктер мен ұғымдар
1.1Бизнесті бағалаудың концепциясы және негізгі терминдер
1.2 Бизнес қызметіне экономикалық талдау
1.3 Бизнестегі құнды қағаздар
2 Бизнесті бағалау тәсілдері
2.1 Табыстық тәсіл
2.2 Шығындық тәсіл
2.3 Салыстырмалы тәсіл
3 ЖШС «Reveal LTD» кәсіпорын бизнес құнын бағалау
3.1ЖШС «Reveal LTD» кәсіпорынының технико-экономикалық сипаттамасы
3.2 Салыстырмалы тәсілді пайдалана отырып кәсіпорын құнын шығару
3.3 Бағалау нысанының құнын шығындық тәсілмен бағалау
3.4 Кәсіпорын құнын кірістік тәсілмен есептеу
3.5 ЖШС «Reveal LTD» кәсіпорын бизнесінің нарықтық құнын анықтау
Қорытынды
Пайдалынылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

бизнес.docx

— 249.54 Кб (Скачать документ)

1 Табыс алу мерзімінің ұзақтығын белгілеу;

2 Әр иемдену жылының мерзімі бойынша ақша қаражаттарынағымының болжамын жүргізу.

Ақша қаражаттарыныңағымы дегеніміз негізгі функционалды қызметімен байланысты, кәсіпорынның жыл сайынғы қызмет қорытындысы. Ақша қаражаттарының ағымын дисконттау үрдісінің алғашқы мәліметтер болып:

- табыс өлшемі және оның өзгеру сипаты;

- табысты алудың кезектілігі (ай сайын, квартал сайын, жарты жылдық, жылдық);

    • табысты алудың болжанған кездегі мерзімнің ұзақтығы.

3 Ақша қаражаттарының ағымын дисконттау, уақыт ішіндегі ақшақұны теориясын пайдалануға негізделген, әрбір болашақ мерзімінеақша қаражаттарының ағымының, ағымдағы құнын анықтау мен барлық ағымдағы құндарының жиынтығы негізінде анықталады;

4 Бағалаушы алдында тұрған мәселеге байланысты, ақша қаражаттар ағымын дисконтау:

    • таза операциялық табыс;
    • салық салынғанға дейінгі инвестицияның табысы;
    • салық салынғаннан кейінгі инвестицияның табысы;
    • берілген несие бойынша банк табысы;
    • жал келісім шарты бойынша жалға берушінің табысы.

5Дисконттау ставкасы орташа пайда нормасы ретінде анықталады. Пайда нормасы тура пропорционалды тәуекелділікке байланысты. Неғұрлым тәуекел деңгейі жоғары болса, соғұрлым дисконттауставкасы да жоғары болады, соған сәйкес болашақ табыстың ағымдағы құны төмен болады;

6 Дисконттау әдісі иемдену мерзімінің соңында жылжымайтынмүлік объектісін сатудан түскен пайдасын есептеуді және оны дисконттау ставкасы арқылы ағымдағы құнға келтіруін болжайды;

7 Табыс ағымдарының ағымдағы құны мен сатудан (реверсия)түскен табыстарды қосу;

8 Кәсіпорын құнын – бірнеше жыл ішіндегі табыстар сомасы ментартылған қарыз қаражаттарының сомаларының арасындағы айырымы ретінде есептеу.

Болашақ табыстар мен шығындар ақша қаражаттарының ағымынқалыптастырады.

Болашақ шығындар мен кәсіпорын қызметініңқорытындысын бағалау есептік мерзім шегінде анықталады және оны есептеу горизонты деп атайды.

Есептеу горизонты есептеу қадамының санымен өлшенеді.Дисконтталған қолма-қол ақша ағымы әдісінде кәсіпорын активтерініңқұны олардың табыс әкелу мүмкіндігімен өлшенеді.

Бұл әдістегі негізгі көрсеткіші таза ақша ағымы болып табылады.Cash flow бағытын сипаттайтын түсініктер бар – ақша кірісі және ақшашығысы.

Таза ақша ағымы белгіленген уақыттағы ақша қаражаттарыныңкірісі мен шығысы арасындағы айырым ретінде анықталады.

Кәсіпорын жұмыс жасау кезінде үш қызмет түрін іске асырады:операциялық, инвестициялық және қаржылық.

Болашақ табыстарды дисконттау әдісімен кәсіпорын құнын бағалау үшін, ақша қаражаттарының кірісі мен шығысын бағалау қажет.

Операциялық және инвестициялыққызметтегі олардың арасындағыайырым, нақты ақша ағымы деп аталады.

Нақты ақша сальдосы – бұл кәсіпорын қызметінің үш түрінентүскен барлық ақша қаражаттарының кірісі мен шығысының арасындағы айырым.

Кәсіпорындағы ақша қаражаттарының кірісі мен шығысының сызбасы көрсетілген.

Кәсіпорындағы ақша кірісі, негізінен мыналарға байланысты:

-өзінің тауарларын қолма-қол ақшаға сатады, және де несиеге берілген тауарлар бойынша дебиторлардан төлемдер алады;

-ел ішінде немесе шет елдегі филиалдардағы операциялардан немесе бағалы қағаздарды инвестициялаудан табыстар алады;

    • әр түрлі типтегі бағалы қағаздар шығарып, сатады;
    • керек емес немесе артық активтерінен құтылады;
    • несиелерді тартады және тағы басқа.

Кәсіпорындағы ақша шығысы, негізінен мыналарға байланысты:

          - өзініңқызметін жүргізу үшін шикізат пен материалды тартады;

          -  өзініңқызметкерлеріне еңбек ақы төлейді, өзінің капиталын жұмыс істеу қабілетінде ұстайды және жаңа инвестицияларды іске асырады;

          -   алынған несиелер бойынша дивидендтер мен пайыздарды төлейді;

           - облигациялар мен несиелер бойынша негізгі қарыз сомасын және тағы басқа.

Кәсіпорынныңқорытынды нәтижесі салықты төлегеннен кейінгітаза табысымен көрсетіледі. Бірақ бұл қаражаттарға амортизацияныда қосуға болады[7].

Аталған ақша қаражаттар, кәсіпорынныңқұндылығын жоғарылатады.Нақты ақша ағымы белгілі табыстар мен шығындар түрлерін өзіне қосады.

I Операциялыққызметі бойынша:

1 Сату көлемі;

2 Баға;

3 Пайда;

4 Сатудан тыс табыстар;

5 Айнымалы шығындар;

6 Тұрақты шығындар;

7 Ғимараттың амортизациясы;

8 Құрал-жабдықтар амортизациясы;

9 Несиелер бойынша пайыздар;

10 Салық алынғанға дейінгі пайда;

11 Салық пен жиналымдар төлемдері;

12 Жобаланған таза табыс;

13 Амортизация;

14 Операциядан таза кіріс;

II. Инвестициялыққызметі бойынша:

1 Жер;

2 Ғимараттар мен құрылыстар;

3 Машина және құрал-жабдықтар;

4 Материалдық емес активтер;

5 Барлығы: негізгі капиталға салым;

6 Айналым капиталының өсімі;

7 Барлық инвестициялар.

III Қаржылыққызметінің ағымы:

1 Меншік капиталы (акциялар, субсидиялар);

2Қысқа мерзімді несиелер;

3 Ұзақ мерзімді несиелер;

4 Несиелер бойынша қарыздарды өтеу;

5 Дивидендтер төлемі;

6Қаржылыққызметтің сальдосы жоба;

Инвестициялыққызметіндегі нақты ақша ағымын анықтау үшін,объектінің таза жойылу құнын анықтау қажет:

1 Нарықтыққұны;

2 Шығындар;

3 Есептелген амортизация;

4Уақыт қадамындағы баланстыққұн ;

5 Жою бойынша шығындар;

6 Капитал құнының өсімінен табыс;

7 Операциялық табыс ;

8.Салықтар;

9.Таза жойылу құны.

Егер кәсіпорын бос ақша қаражаттарыныңқайта инвестициялануын қарастырса, онда нақты ақша ағымын анықтау үшін жинақталғаннақты ақшалардың сальдосы қолданады.

Барлық ақша төлемдері шығындар болып тіркелмейді. Мысалы,материалдыққорларды немесе мүлікті сатып алғандағы ақша, нақты

ақшалардың шығысымен байланысты, бірақ бұл шығындар болыптабылмайды.

Ақша ағымын есептеудің бірқатар тәсілдері бар:

1Таза операциялық табыс (ТОТ) – бұл нақты жалпы табыстанбарлық операциялық шығындарды алып тастағанда қалатын нақтытабыс. Жылдық сома түрінде көрсетіледі;

2Салық салғанға дейінгі ақша ағымы – бұл қарыз қаражаттарбойынша төлемдерін және есептелген амортизация сомасынан қалатын, таза операциялық табыстың бір бөлігі.

Амортизация – бұл кәсіпорынның өзінің операциялыққызметінепайдаланылатын негізігі капиталдың физикалық және моральдық тозуының компенсациясын қамтамасыз ететін мақсатта ақша қаражаттарының аударымы.

Амортизациялық аударым үш факторға тәуелді болып келеді:

- негізгі өндірістік қаражаттарға кіретін, құрал-жабдықтардың баланстық құны;

- құрал-жабдықты баланстан шығарғанға дейінгі қызметтердің болжанған мерзімі;

- кәсіпорынмен таңдалған амортизация нормаларын есептеу әдісі.

Амортизация ақша қорының мақсатты тағайындалуының көзі болатұра, кәсіпорын меншігі болып табылады. Аударымдар тек мақсатына байланысты ғана пайдаланады және кәсіпорынныңқаржылық жағдайын тұрақтайды.

Амортизацияны есептеу әдісі

1. Бір қалыпты  тікелей әдіс

АО (1ж) = Н * ПС                                                  (5)

 

АО (1ж) = ПС:қызмет мерзімі                                     (6)

 

АО (1ж) = (ПС - ЛС): қызмет мерзімі                                              (7)

 

Н = 100 : қызмет мерзімі - өндіріс қаражаттары                     (8)

Мұндағы:

АО – амортизациялық аударым

Н – амортизациялық аударымның жылдық нормасы

ПС – бастапқы құн

ЛС – жойылу құны

2 Жылдамдатылған амортизация әдісі

А) Азаятын қалдық әдісі

АО (1 жылға) = (2 * Н) * ОС(9)    

Мұндағы:

ОС – жыл басына баланстық (қалдық) құн;

Н – тікелей әдіспен есептелген, жылдық амортизациялық аударымның нормасы.

Б) Сандық сома әдісі (кумулятивтік)

АО (1ж) = Қалған қызмет жылдың саны / S * (ПС - ЛС)(10)

 

S = n * n+1 / 2 (11)

Мұндағы:

S – қызмет көрсету жылдың сомасы;

n – қызмет көрсету жылдың саны.

3 Өндірістік әдіс (өнімдерді шығару көлемі бойынша)

АО (1ж) = Н * W                                            (12)

 

                                                      Н = ПС – ЛС /                                                    (13)

Мұндағы:

H – жылдық амортизациялық аударымның нормасы;

W – жыл ішіндегі  өнімдерді шығару көлемі;

V – құрал-жабдықтар қызметінің мерзімі ішіндегі өнімділігі шығару көлемі;

4 Салық салынғаннан кейінгі ақша ағымы (инвестор табысы)бұл; салықтарды төлегеннен кейін қалатын, таза операциялық табыстың бөлігі;

5 Берілген несие бойынша банк табысы;

6 Жал келісім-шарты бойынша жалға берушінің табысы.

Ақша ағымы меншік айналым капиталдың кірісі мен жетіспеушілігіне міндетті түрде енгізу қажет.

Ақша ағымына мысал:

    • Салық төлегеннен кейінгі таза пайда;
    • + амортизация;
    • ± меншік айналым капиталының азаюы (өсімі);
    • ± негізгі қаражаттарға капитал салымының азаюы;
    • ± ұзақ мерзімдегі міндетінің өсімі.

Болжау мерзімінің соңындағы кәсіпорынды сатудан түскен пайда (реверсия).

Реверсия ақша ағымының тікелей капитализациясы арқылы есептеледі. Капитализация коэффициенті кәсіпорындар нарықтарыныңжағдайына қарап таңдалады.

Егер g темпінің өсуімен, табыстың болжамын болжап, ал алғашқыжылдың соңындағы ақша түсімінің мөлшері РМТ болса, онда ағымдағы құнның формуласы төменгідей анықталады:

 

PV= PMT  / i-g,                                 (14)

 

Бұл теңдік – Гордон моделі.

Бұл модельді: ақша ағымы тұрақты және бірдей қарқынмен өскенкезде ғана қолдануға болады. Гордон моделі әділетті болады, егер gөсу қарқыны дисконттау коэффициентінен кіші болса.

Алынған кәсіпорынның қорытынды құнына 2 түзету енгізеді.

Біріншісі – операциялыққызметтегі жарамсыз активтердіңқұны қосылады. Екіншісі – меншік айналым қаражаттарына артықшылыққа (+)жетіспеушілікке (-).

Меншік капиталыныңқайтарым нормасы бойыншакапитализацияКәсіпорын өзінің меншік қаржы қаражаттары есебімен қаржыланырылған жағдайын қарастырайық.

Қаржы ресурстарының экономикалық мәні мынада. Оларды қайкөзден алса да, қаржы қаражаттарын пайдаланғаны үшін төлем төлеуқажет: меншік қаражаттары үшін дивидендтер түрінде немесе қарызқаражаттары үшін пайыздық аударымдар түрінде.

Ішкі ресурстардың мобилизация сомасы:

 

                                          М=А-Н±К                                                               (15) 

Мұндағы:

А - жоспарланған мерзімдегі айналым активтерінің бар болуы;

Н - мерзім ішіндегі айналым активтерінің жоспарланған қажеттілігі;

К - жыл ішіндегі несиелік қарыздардың өзгерісі.

Мобилизация мәні мынада: айналым қаражаттарының бір бөлігінегізгі қызметтен алынып, толыққұрылысты қаржыландыруға жіберіледі.

Кәсіпорын капиталыныңқұны мен капитал салымның пайдалылық нормасы .

Капитал құны деп - өздерін ақтау үшін салынған жаңа капиталдысалымдар алып келетін табыс.

  Капитал  құны – капитал сомасынан пайыздық ставка түрінде анықталады. Инвестор болып несие беруші, кәсіпорын акционері немесекәсіпорынның өзі бола алады. Капиталды пайдаланғаны үшін төлеу қажет және сол төлемнің өлшемі болып капиталдыңқұны болып табылады.

Демек, капитал құны – бұл альтернативті құн, яғни капиталды салудан инвесторлардың күтетін табысы.

Кәсіпорынды бағалағандағы капитал құны дисконт ставкасы қызметін атқарады. Дисконт ставкасы – бұл қайтарымның пайыздық ставкасы. Оны кәсіпорын қызмет істеу процессінде тапқан қаржы қаражаттарын алуды жоспарлайды. Кәсіпорын өзінің инвестициялыққызметін жүргізе отырып, өзініңқаржы ресурстарының тиімді салу жолдарын таба алатынына сенімді болмайды. Бірақ сол ақшасын өзінің бизнесіне салып, капитал құнына тең болатын қайтарым ала алады.

Информация о работе Кәсіпорын бизнесін бағалауда қолданылатын түсініктер