Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Ноября 2012 в 08:28, реферат
Жалпы курстық жұмысым негізгі екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде жалпы экономикалық жүйенің түсінігі, түрлеріне тоқталдым. Ал екінші бөлімді қазіргі кездегі Қазақстан Республикасының экономикалық жүйе ерекшелігіне тоқталдым.
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты – экономикалық жүйенің мәнін ашу және Қазақстан Республикасында аралас әлеуметтік бағыттағы рыноктық экономиканы қалыптастыру және оны әрі қарай дамыту жөніндегі өзекті мәселелерді талқылау.
Кіріспе.......................................................................................................................3
Негізгі бөлім
2.1. Экономикалық жүйе түсінігі...........................................................................4
2.2. Экономикалық жүйенің модельдері...............................................................8
2.3.Әкімшілдік - әміршілдік экономикадан нарыққа өтудің объективті қажеттілігі................................................................................................................9
2.4. Қазақстан Республикасының рыноктық эконмикаға өтуінің ерекшеліктері.........................................................................................................12
Қорытынды............................................................................................................13
Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................................14
2.3.Әкімшілдік - әміршілдік экономикадан нарыққа өтудің
объективті қажеттілігі
Қазіргі экономикалық теорияда ең аз зерттелген мәселе – қоғамның экономикалық жүйесінің бір типінен екіншісіне көшудің салдары мен өтпелі эконмиканың мән – жағдайы. Бұл дүниежүзілік қауымдастықтағы барлық елдердің өзінің даму деңгейі мен экономикалық жағдайының сипаты тұрғысынан әртүрлі күйді кешумен түсіндіріледі. Баршаға белгілі нәрсе – еңбек құрал – жабдықтарының даму деңгейіне қарай қоғам дамуын жіктеп бөлудің төменгідей түрлері бар: тас дәуірі, қола және темір дәуірі.
Ағылшын ғалымы әрі философы Давид Юм еңбек құрал – сайманының идамуы негізінде қоғамды – ең қарапайым, көне, феодалдық және капиталистік деп бөлген. Американ социологы әрі экономисі Уолт Ростоу “Экономикалық өсу сатылары” теориясын ұсынды.
І – дәстүрлі қоғам, мұнда өндірістің дамуы әлсіз сипатқа ие;
ІІ – қарқынды өрлеу үшін экономикалық жағдай жасау сатысы;
ІІІ – қарқынды өрлеу кезеңі, мұнда экономикалық прогрестің күші өседі
Және қоғамда билік жүргізе бастайды;
ІV – толыққандылыққа қарай қозғалу, мұнда жаңа техника кең көлемде таралады;
V – тұтынушының жоғары жаппай дәуірі.
Осы қысқа ғана шолу көрсеткендей, бұрынырақта, қазірде қоғамның әртүрлі даму күйі еңбек құрал – сайманының даму деңгейімен ғана емес, сондай – ақ өндіріс процесіндегі адам қатынасының сипатымен, яғни өндіріс әдісімен байланыстырылады. Қоғамды өндіріс әдісімен бөлу мәселесін тереңірек зерттеген К. Маркс болды.
К. Маркс өндіріс әдісін беске бөліп қарайды:
- алғашқы қауымдық;
- құл иеленушілік;
- феодалдық;
- капиталистік;
- коммунистік.
Қазіргі Батыс экономикалық теория мектебі адамзат тарихындағы қоғам күйін үшке бөліп қарайды: аграрлық, индустриалдық және постиндустриалдық (ақпараттық). Ғалымдардың қоғамның даму деңгейі бойынша классификациялық бөлшектеу ұсынысының әртүрлілігіне қарамай – ақ, оларда жекелеген ортақ элементтер баршылық. Бұл өтпелі экономика үшін алғашқы салдарды тұжырымдауға көмектеседі.
Ғалымдардың есептеуінше өтпелі экономика теориясы адамзат қоғамының үш ірі негізгі күйінен бастау алуы керек.
-біріншіден, мұндағы дәстүрлі экономика ( нарықтық емес) еңбек құрал – жабдығы қарапайым. Бұған алғашқы тұрмыстық қауым, құл иеленушілік және феодалдық өндіріс әдісі еніп, мұнда тауар айырбасы тұрақталған, локальді сипат алып, яғни өнімді айырбассыз тікелей үлестіру белең алады;
-екіншіден, нарықтық
экономика, бұл индустриалды
- үшіншіден, постиндустриалды
қоғам экономикасы, бұл
Рыноктық қоғам еркін бәсекедегі “таза” капитализм дәуірін қамтиды. Дәстүрлі экономикалық қоғам өазіргі әлемнің Азия, Африка және Латын Америкасы бөлігінің 140-тай елінде өмір сүруде, ал ондағы өндіріс, бөлу және айырбастау дәстүрге, салтқа, жекелеген ғұрыптарға негізделген және аралас экономикалық қоғам негізінен индустриалды дамыған елдерді қамтиды.
Белгілі ғалым – экономистер көзқарастары бойынша, әлемдегі индустриалды дамыған елдерді екі белгісімен ажыратуға болады:
Қоғамдық өндіріс құрылымында өндіргіш күшпен бірігуі өндіріс әдісін құрайды, яғни қоғамның экономикалық құрылуы, оның экономикалық базасы. Экономикалық немесе өндірістік қатынастар отбасылық, діни, құқықтық, мәдени, саяси, әлеуметтік қатынастармен қосылып, қоғамның қондырмасын құрайды. Базис пен қондырма бірігу жағдайында болады. Базистің өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар арасындағы қайшылықтары қоғамның жаңа күйге көшуіне объективті қажеттіліктер тудырады. Бұл кезде қондырма қоғамның бір күйден басқасына көшуіне көмектесуі мүмкін немесе өтуге кедергі жасайды.
Адамзат қоғамы өзінің бүкіл тарихында өндіргіш күштер деңгейі мен өндірістік қатынастар сипаты арасындағы объективті туындаған қайшылықтардың әсерінен бір күйден екіншісіне, бір қоғамдық экономикалық формациядан басқасына, төменгі өркениет баспалдағынан жоғарғысына ауысуы. Меншік түрлерінің ацысуына байланысты жаңа прогрессивті өндірістік қатынастар пайда болды.
Өтпелі экономиканың типтерін өту процестерінің сипаты мен ауқымы бойынша айырады. Ғаламдық адамзаттың бір дәуірден екіші дәуірге өтуімен индустриалдыққа өту немесе индустриалдықтан постиндустриалдыққа (ақпараттыққа); екі өркениеттіліктен (шығыс пен батыс) біркелкі әлемдік өркениетке өту.
Жоғарыда аталған дәуірлер шеңберінді локальдық өтпелі пройестер жүзеге асады: дәстүрлі экономикадан әртүрлі модельдегі рыноктық экономикаға өту. Бұл кезде ғаламдық өту процесі өтпелі экономиканың локальды нышаны мен типтеріне қатты әсер етеді:
а) Экономиканың инерциондығы (инерциолыгы).
Қоғам мен оның экономикасы қысқа мерзімде өзінің сипатын, түрін және жағдайын өзгерте алмайды. Инерциондық өтпелі экономикада ұзақ мерзім кезіне бұрыңғы ескі экономикалық түрлерді сақтауды жүзеге асырады
Қазақстан Республикасы нарыққа өтудің екінші бағдарламасында өтпелі кезеңдегі экономиканың инерциолыгы ескеріліп, ескі әміршілдік- әкімшілдік басқару элементін жаңа нарықтық қатынастарға жайлап ацыстыруға бет – бұрыс жасалды;
ә) өтпелі экономиканың тұрақсыздығы. Бұл жағдайда кез- келген ең жаңа экономикалық түр мен қатынастар тез жойылады. Сондықтан тұрақты түрде ең толыққан, ең тиімді, рыноктық қатынастардың динамикалық жаңа түрлерін іздестірген дұрыс.
б) өтпелі экономикадағы ескі және жаңа экономикалық элементтер, түрлер, бөлшектердің бір мезгілде болуы. Мұнда бір мезгілде кетіп бара жатқан мемлекеттік меншік түрімен бірге жеке меншік пайда болып, ол әр түрде байқалады. Сөйтіп аралас меншік түрі пайда болады: мемлекеттік, жеке меншікпен араласқан түрде және т. б.;
в) өтпелі экономиканың тарихшылығы:
1) өту белгілі тарихи мерзім кезінде жүзеге асады;
2) өтудің өзі белгілі мемлекетте болады.
г) өтпелі экономиканың өзіне тән арнайы құбылысы, тіршілігі және ерекшелігі бар. Себебі, бұл кезеңде барлық әлемдік қауымдастықтағы елдер әртүрлі даму баспалдағында болып, экономикалық жүйенің біркелкі емес моделін қолдануда.
Қоғамның бір жүйеден екіншісіне табиғи- эволюциялық процеске көшуі әдетте ғаламдық эволюциялық процесс шеңберінде байқалады. Өтпелі процестің табиғи – реформаторлық сипаты өтпелі экономиканың локальдық типінде байқалуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының әлеуметтік бағытталған аралас нарықтық экономикаға өтуі ТМД елдеріндегі сияқты эволюциялық – реформаторлық сипат алады. Нарықтық экономикаға өтудіңҚазақстан Республикасындағы басты міндеттері мыналар:
2.4. Қазақстан Республикасының рыноктық эконмикаға өтуінің ерекшеліктері
Рыноктық қатынастардың Қазақстан Республикасындағы қалыптасуының ерекшелігі көптеген факторлармен байланысты түсіндіріледі; ұлттық, әлеуметтік – демографиялық, ғылыми – техникалық, ұйымдық – климаттық және географиялық сипаттарымен
Біріншіден, өтпелі экономиканың ерекшелігі сонда, Қазақстан өтуді тұтастық шеңберінде, егемендікте және өз мемлекетілігіндегі жүзеге асырады.
Екіншіден, экономиканың өтуін Қазақстан алғашқы рет әлемдікпрактикада әкімшілдік - әміршілдікпен ғана емес, сондай-ақ қоғамдық меншіктегі жоспарлы экономикалық жүйеден, жеке және аралас меншік түріне негізделген нарыққа өтуді жүзеге асырды.
Үшіншіден, Қазақстанның территориялық – географиялық жағдайы- өркениеттіліктің батыс пен шығысты қосатын ерекше орыны болып табылып, өтпелі кезеңдегі экономикаға айрықша әсер етеді.
Төртіншіден, Қазақстан Республикасындағы экономиканы реформалау созылған экономикалық дағдарыс жағдайында өтуде.
Бесіншіден, өнеркәсіптегі мемлекеттік сектор негізінен ірі кең-байыту, металлургиялық, химиялық және химия- мұнай кәсіпорындарынан тұрады. Ауыл шаруашылығында ірі кәсіпорындар көп болды.
Жекешелендіру тек қана үшінші кезеңде ғана аяқтала бастады. Сондай-ақ жекешелендіру мен өндірісті көтеру өнеркәсіптегі сияқты ауыл шаруашылығында шет ел инвесторларының қатысуымен жүзеге асты.
Реформалау практикасы көрсеткендей, Қазақстан Республикасы таңдап алған бағыт-аралас әлеуметтік бағыттағы рыноктық экономиканы қалыптастыру – республиканың өзіндік жағдайын, өзінің модель құру факторын көбірек ескереді. Қазақстан әрі қарай реформаны жүргізгенде басқа елдің өтпелі экономикадағы әлсіздігі мен жетістіктерін ескере отырып, рыноктық экономиканың өзіне тән моделін құрады.
Қорытынды
Экономикалық жүйе – бұл экономикалық процестердің жиынтығы. Ол қалыптасқан мүліктік қатынастар мен ұйымдық түрлер негізінде қоғамда жүзеге асады.
Әлемдік экономикалық әдебиеттерде экономикалық жүйені топтаудың кең таралған екі фактор негізінде жүргізіледі:
Осындай әдістер негізінде экономикалық жүйені төменгідей типтерге бөледі:
а)дәстүрлі экономика;
ә) әкімшілдік - әміршілдік экономика;
б) нарықтық экономика;
в) аралас экономика..
Экономикалық жүйеге
қатысты қазіргі кезде
Қазақстан Республикасының әлеуметтік бағытталған аралас нарықтық экономикаға өтуі ТМД елдерінде сияқты эволюциялық – реформаторлық сипат алды. Нарықтық экономикаға өтудің Қазақстан Республикасындағы бірнеше мақсаттары бар. Рынокқа өту өзіндік мақсат емес, әлеуметтік бағытталған – аралас экономиканы құрудың бірден – бір құралы. Қорытындылай келе, күнделікті экономикалық өмірде адамдар арасындағы қатынастар әрқашанда белгілі экономикалық жүйе ретінде қызмет жасайды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1.Әубәкіров Я. Л. “Экономикалық теория негіздері”.
2. Жатқанбаев А. А. “Аралас экономика”.
3. Жунусов К. Н. “Нарықтық экономика негіздері”.
4. Қожамқұлов Т. “Саяси экономия негіздері”.
5. Мәдешев Б. Н. “Нарықтық экономика теориясына кіріспе”.
6. Мәуленов С. және басқалар “Экономикалық теория”.
7. Осипова Г. М “Экономикалық теория негіздері”.
8. Сахариев С. “ Жаңа кезең экономикалық теориясы”
9. Симкина Л. Г. “Экономическая теория”.
10. Шеденов Ө. Қ. және т. басқалары “Жалпы Экономикалық теория”.
11. Экононмика: Учебник/под ред. доц. А.С.Булатова/ М. 1996г.