Еңбек мүмкіншілігі мен еңбек ресурсы, олардың құрамы мен құрылымы, қалыптастыру көздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2015 в 17:01, лекция

Краткое описание

… Еңбек ресурсы – қызмет көрсету мен материалдық игілікті өндіру үшін физикалық және интеллектуалдық мүмкіншілігі бар мемлекет халқының жұмысқа қабілетті бөлігінен тұратын қоғамның негізгі өндірістік күші. Еңбек ресурсына жұмыс істеуге қабілетті, бірақ жұмыспен қамтылмаған және экономикаға қатысатын азаматтар жатады.

Содержание

КӘСІПОРЫННЫҢ ЕҢБЕК РЕСУРСТАРЫ…
1 Еңбек мүмкіншілігі мен еңбек ресурсы, олардың құрамы мен құрылымы, қалыптастыру көздері
2 Кәсіпорын персоналының негізгі сипаттамасы..
3 Кәсіпорындағы еңбек ресурсының жіктелуі
4 Кәсіпорынның еңбек ресурсының көрсеткіштері мен еңбек өнімділігі
5 Экономикалық ресурстар және өндіріс факторлары

Прикрепленные файлы: 1 файл

Документ Microsoft Word.docx

— 28.23 Кб (Скачать документ)

 

 

ЖОСПАР

 

 

 

 

КӘСІПОРЫННЫҢ ЕҢБЕК РЕСУРСТАРЫ…

1  Еңбек мүмкіншілігі мен еңбек ресурсы, олардың құрамы мен құрылымы, қалыптастыру көздері

2  Кәсіпорын персоналының негізгі сипаттамасы..

3  Кәсіпорындағы еңбек ресурсының жіктелуі

4  Кәсіпорынның еңбек ресурсының көрсеткіштері мен еңбек өнімділігі

5 Экономикалық ресурстар және өндіріс факторлары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

          Еңбек мүмкіншілігі мен еңбек ресурсы, олардың құрамы мен құрылымы, қалыптастыру көздері

… Еңбек ресурсы – қызмет көрсету мен материалдық игілікті өндіру үшін физикалық және интеллектуалдық мүмкіншілігі бар мемлекет халқының жұмысқа қабілетті бөлігінен тұратын қоғамның негізгі өндірістік күші. Еңбек ресурсына жұмыс істеуге қабілетті, бірақ жұмыспен қамтылмаған және экономикаға қатысатын азаматтар жатады. 
Адамның еңбекті жүзеге асыру үшін қажетті табиғи және интеллектуалдық сапасының қажеттілігі оның жасына байланысты анықталады. Дәл осы көрсеткіш бұқара халықтың ішінен еңбек ресурсын таңдап алудың негізгі критериі болып саналады. 
Қазіргі уақытта еңбек заңдылығына сәйкес Қазақстанда еңбекке қабілетті жастың төменгі шегі болып 16 жас, ал жоғарғысы зейнетақы алу құқығына сәйкес — 63 жас ер азаматтары үшін және 58 жас — әйел азаматтары үшін белгіленген. Кейбір адам организмінің жоғарғы психофизиологиялық жүктемесіне байланысты кәсіби қызметтің түрі үшін зейнетақылық жас 5-10 жылға дейін төмендетіледі. Бұл көп жағдайда еңбектің жағымсыз, ауыр және денсаулыққа зиян шарттарымен (мәселен, көмірді қазып алу, металды балқыту) байланысты. Көптеген дамыған мемлекеттерде жұмысқа қабілетті жастың жоғарғы шегі 64 жасты құрайды. Ал біздің Қазақстанда жоғарғы шекарасын арттыру ер азаматтардың орташа өмір сүру деңгейімен — 63 жаспен шектелген. Бірақ та еліміздегі көптеген «жеңілдетілген зейнеткерлер» бұрынғы жұмыс орнында немесе басқа жерде еңбек етуін жалғастыратын болғандықтан, еңбек ресурсының құрамында қалып отыр. Жұмыс істемейтін зейнеткер оның құрамынан алып тасталынады.  
Еңбек ресурсын жұмысбастылар мен жұмыссыздардан тұратын эко-номикалық белсенді және экономикалық енжар халық деп бөлеміз.      

Экономикалық белсенді халық – тауар мен қызмет өндірісі үшін жұмысшы күшінің ұсынысын қамтамасыз ететін халықтың бөлігі. 
Жұмысбасты адамдар екі топқа бөлінеді:  
I топқа – жалданып жұмыс істейтіндер (жалдамалы жұмысшылар) жатады. Осы топқа еңбек туралы келісімнің шартына сәйкес еңбек ақы төлеуді қамтамасыз ететін;  
II топқа – жалданып жұмыс жасамайтындардың барлығы жатады. Бұл топқа: жұмыс берушілер, жеке негізде жұмыс жасайтын тұлғалар жатады. Осы топ жұмыскерлерінің еңбек ақысы тауар мен қызмет өндірісінен алынатын пайдаға байланысты болады. …

 

                Кәсіпорын персоналының негізгі сипаттамасы

  «Еңбек ресурсы» ұғымы экономика саласындағы, өңіріндегі, мемлекет деңгейінде немесе кәсіпорында еңбекке қабілетті халыққа сипаттама беру ішін қолданылады. Ал жеке кәсіпорын шеңберінде анағұрлым жақын қолданылатын термин – персонал, яғни жұмыс жасайтын меншік иелері мен барлық жалдамалы жұмысшыларды қосқандағы кәсіпорынның жеке құрамы. 
Кәсіпорын персоналының негізгі сипаттамасы болып жұмысшылардың саны мен құрылымы саналады. 
Кәсіпорынның персонал саны оның өндірістік және басқару процесінің сипатына, күрделілігіне, еңбек сыйымдылығына, сондай-ақ, механизациялау, автоматизациялау, компьютеризациялау дәрежесіне байланысты болады. Бұл факторлар оның нормативтік (жоспарлық) мағынасын анықтайды. Персоналдың объективті сипаты болып тізімдік (іс жүзіндегі) саны, яғни сол кезеңде кәсіпорында жұмыс жасайтын жұмысшылар саны жатады. 
Кәсіпорынның персонал құрылымы – жұмысшылардың бірқатар белгілері мен категориялары бойынша біріккен жеке топтарының жиынтығы. Олар, өндіріс процесіне қатысуына байланысты: өнеркәсіптік-өндірістік персонал – өндіріспен тікелей байланысты жұмысшылар және өнеркәсіптік емес персонал — өндіріспен және оған қызмет көрсетумен тікелей байланысы жоқ, әлеуметтік инфрақұрылымдағы (кәсіпорын балансындағы балалар бақшасындағы және медицина мекемелеріндегі жұмыскерлер) жатады. 
Еңбек функциясының сипатына байланысты өнеркәсіптік-өндірістік персонал мынадай категорияларға жіктеледі: 
- жұмысшылар – бұл өндірістік және транспорттық қызмет көрсетумен немесе материалдық құндылықтың пайда болуымен тікелей байланысты жұмысшылар. Жұмысшылар негізгі (өнім өндірісімен тікелей байланысты) және көмекші (өндіріске қызмет көрсетумен байланысты) деп екіге жіктеледі; 
- мамандар — экономикалық, инженерлі-техникалық, заңдылық, әкімшілік және басқа да функцияларды жүзеге асыратын жұмысшылар. Оларға: экономистер, инженерлер, технологтар, заңгерлер, кадр жөніндегі инспекторлар, бухгалтерлер және т.б. жатады. 
- қызметкерлер (техникалық атқарушылар) – қаржылық-есептік функцияларды, құжаттарды дайындау мен толтыратын, шаруашылық қызмет көрсететін және басқа да функцияларды жүзеге асыратын жұмысшылар. Оларға хатшылар, табельщиктер, кассирлер, экспедиторлар және т.б. жатады. 
- басшылар – кәсіпорынды басқару функцияларын жүзеге асыру. Басшыларды мынадай деңгейге бөлеміз: жоғарғы деңгей (жалпы кәсіпорын – басшы, жоғарғы басшы, басқарушы және оның орынбасарлары); орташа (негізгі құрылымдық бөлімшелердің басшылар – цехтардың, бөлімдердің басшылары, сондай-ақ, бас мамандар) және төменгі (арқарушы жұмысын орындаушылар – бюро, сектор, мастерлер басшысы). 
Кәсіпорын персоналын осылайша категорияларға жіктеу нормативтік құжаттарға сәйкес жүргізіледі. 
Қазір біздің қоғамымыздың дамуына байланысты басшылар лауазымына менеджер лауазымы жатқызылады. Менеджер кәсіпорын қызметін (жоғарғы деңгей), оның құрылымдық бөлімшелерін (орта деңгей) немесе бизнес аясында белгілі-бір қызметті (төменгі деңгей) басқаруды жүзеге асырады. Төменгі деңгейдегі менеджерлер шағын және орта кәсіпкерліктің даму жағдайында осы қызметті ұйымдастырушылар болып табылады.  
Кәсіпорын персоналының жыныстық-жасының құрылымы – персоналдың жынысы мен жасының топтарының арақатынасы арқылы анықталады. Жасының құрылымы персоналдардың жалпы санындағы сәйкес жастағы тұлғалардың үлесімен сипатталады. 
Персоналды жасының құрамы бойынша жіктегенде, мынадай топтаулар қолданылады: 15-24, 25-54, 55-64, 65 жас және одан асқандар. 
Білімнің деңгейі бойынша персоналдар мынадай топтарға: жоғарғы білімді, аяқталмаған жоғары, орта мамандандырылған және жалпы орта білімді жұмысшыларға біріктіріледі. 
Стажы бойынша персонал құрылымы жалпы еңбек стажы және сол кәсіпорында атқарған өтілі бойынша қарастырылады. 
Кәсіпорын персоналының кәсіби құрылымы – сол саладағы жұмыс тәжірибесіне және оқудың нәтижесінде алған теориялық және практикалық машықтанған мамандардың (экономистер, бухгалтерлер, жұмысшылар) немесе әртүрлі кәсіби өкілдердің қатынасы.

Экономикалық ресурстар және өндіріс факторлары

Өндіріссіз экономика жоқ және әлемдік экономиканы талдамай тұрып, оның негізі болып саналатын өндіріс туралы түсінік болу керек. Материалдық игіліктерді өндіру — адам мен табиғаттың өзара әрекетін, шаруашылық қызметі процесіндегі адамдар арасындағы өзара әрекетін көрсететін адам өмірі мен қоғамның негізі.

Өндіріс — адамдардың мақсатты шектеусіз қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған қызметі. Бұл адамдарды — материалдық, әлеуметтік, интеллектуал-дық ресурстарды пайдалануға итермелейді. Ресурстардың шектеулілігі адамдар мен қоғамды қанағаттандыру қажеттіліктерін таңдауға итермелейді.

Таңдау экономикалық категория ретінде бұл — өндіру, сату және сатып алу болып саналады. Бұл міндет (таңдау) кез келген қоғамда оның  әлеуметтік-саяси құрылысына қарамастан қарастырылуы тиіс.

Нені өндіру керек – яғни қандай байлық, қандай сапада және қанша өндірілуі тиістігі шектеулі ресурстармен байланысты болады.

Қалай өндіру керек — бұл қандай шектеулі ресурстардан және қандай комбинациялардан, билікті қандай технологияның көмегімен өндіру керектігі туралы шешім қабылдайды.

Кімге және қанша өндіру керек — бұл адам қажеттілігі шектеулі болған жағдайдағы кімге қанша өндірілген материалдық игіліктерді бөлу проблемасы болып табылады.

Мұндай күрделі проблемаларды шешу үшін шаруашылық субъектілері өзара байланыс пен комбинация негізінде өндірістің негізгі факторлары — жер, еңбек, капитал мен субъектілердің кәсіпкерлік қызметіне айналатын өндіріс ресурстарына, адамдардың өндірістік қызметі және табиғат жасаған байлықтар туралы деректерге ие болуы тиіс.

Өндіріс ресурстары  — бұл тауарлар  мен қызметтер жасау процесінде пайдаланатын табиғи, әлеуметтік және рухани күштердің жиынтығы.

Ресурстар төрт түрлі болады:

1. «Табиғи» — өндірісте қолдану үшін  әлеуметтік, пайдалы табиғи күштер мен заттар, олар «таусылатын», «қалпына келтіретін» немесе «қалпына келтірмейтін» болып ажыратылады.

2. Материалдық» — бұл өндіріс нәтижелері болып саналатын, адам жасаған инструменттер, машиналар, сарқылатын шикізаттар.

3. «Еңбек» — «әлеуметтік-демографиялық, кәсіптік-біліктілік және мәдени білім беру» параметрлері бойынша бағаланатын еңбекке қабілетті халық.

4. «Қаржылық» — қоғам өндірісті ұйымдастыру үшін  ақша қаражаттарын бөлуі болып табылады.

Кез келген қоғамға тән табиғи, материалдық, еңбек ресурстары   «базалық» деп аталады. Қаржылық ресурстар өндірістің экономикалық сатысында базалық ресурстарға қосылады, сондықтан да кәсіпкерлік қызмет және ақпаратпен бірге туынды факторларды  құрайды.

Өндіріс факторлары — бұл өндіріс процесіне ресурстардың алуан түрлерін шынайы түрде біріктіруді  білдіреді. Ресурстар   бір-бірімен өзара байланысты, олардың комбинациясы жағдайында ғана факторларға айналады, сондықтан да өндіріс — алуан түрлі факторлардың өзара байланысты әрекеттерінің бірлігі болады.

ҒТП-ның дамуымен байланысты ресурстардың саны өсетіндігіне қарамастан, экономикалық теория өндірістің  төрт негізгі факторларын: жер, капитал, еңбек, кәсіпкерлікті бөліп көрсетеді.

Өндіріс факторларының нарығы ресурстарға деген сұраныс өндірістік қайталама сипатын білдірсе де, сұраныс пен ұсыныс әртүрлі субъектілер арасындағы шектеулі ресурстарды бөлуді реттейді. Дегенмен, түпкі тұтыну үшін өнім неғұрлым қажет болса, осы ресурстарға деген сұраныстар да солғұрлым жоғары болады. Барлық ресурстар өндіріске белгілі бір комбинацияларда, өзара толықтыру және өзара алмастыру түрінде ғана қатысады. Машинкалар мен құрал-жабдықтарды табиғи (жанды) еңбекпен, оған керісінше ауыстыруға болады, ал табиғи материалдарды — жасанды еңбекпен ауыстыруға болады. Сондықтан да  ресурстар бағасының өзгеруі, әрқашанда өзге ресурстар бағасының өзгеруіне әкеліп соғады. Жер өндіріс факторы ретінде өндірістік процесте бүкіл пайдаланылатын табиғи ресурстарды білдіреді. Бірсыпыра салаларда (аграрлық пен өндіруші және т.б.) жер тікелей шаруашылық жүргізу объектісі еңбек «заты» мен «құралы» ретінде түсіндіріледі. Одан өзге, «жер» өндіріс факторы қызметінде меншік объектісі ретінде қатысады.

Капитал — өндіріс факторлары жүйесіндегі материалдық және қаржылық ресурстар.

Еңбек — тікелей өндіріс процесімен айналысатын халықтың белсенді бөлігі.

Кәсіпкерлік — «еңбек» факторының  бір түрі, табысты өндіріс ұйымдастыру қабілеті, нарық конъюктурасын басқара білу, тәуекелге бару және экономикалық проблемаларды шешу.

Нарықтық экономикада өндірістің әрбір факторы оның  меншік иелері арқылы көрсетілген, сондықтанда,  өндіріс «қоғамдық процесс»  саясатына ие болады және меншік иелері арасындағы  қарым-қатынас арқылы өндіріс факторларын көруге болады. Өндірістің әрбір факторы өзінің иесіне кіріс әкеледі: капитал-пайда, жер-рентаға, еңбек-еңбекақыға, кәсіпкерлік-кіріс алуға. Қоғамдық жиынтық өнім мен табыс алудағы    әрбір фактордың қосқан үлесінен шығара отырып, оның иесі өзінің орнын табады және қоғамдағы шектеулі ресурстарға иелік жасайды.

 

 


Информация о работе Еңбек мүмкіншілігі мен еңбек ресурсы, олардың құрамы мен құрылымы, қалыптастыру көздері