Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Ноября 2015 в 15:12, контрольная работа
Бір сала ішіндегі бәсекелестік – бұл бір саланың тауар өндірушілері арасында болады. Онда ең жоғары еңбек өнімділігі бар, ғылыми-техниканы қолданатын кәсіпорын жоғары табысқа жетеді, ал артта қалған кәсіпорындардың табыстары төмен болады, тіпті күйреуі мүмкін.
Бәсекелестің негізгі екі түрі бар.
1). Бір сала ішіндегі бәсекелестік – бұл бір саланың тауар өндірушілері арасында болады. Онда ең жоғары еңбек өнімділігі бар, ғылыми-техниканы қолданатын кәсіпорын жоғары табысқа жетеді, ал артта қалған кәсіпорындардың табыстары төмен болады, тіпті күйреуі мүмкін.
2). Салааралық бәсекелестік – бұл халық шаруашылығы салалары аралық күрес. Мұнда төмен деңгейдегі пайда табатын саладан капитал пайда деңгейі жоғары салаға құйылады. Оның қортындысында жаңа сапалы тауарлар көптеп шығарылып, халықтың әл-аухаты жоғарылайды. Ол саладағы пайда деңгейі төмендегенде ғылыми-техникалық жетістіктер негізінен жаңа тауарлар пайда болады, сапасы жоғарылайды, халықтың табысы көбейген сайын сұраныс өседі, осылай жаңа сатыға өсе береді.
Еркін бәсекелестіктің негізгі белгілері – бұл шексіз нарыққа қатынасушылардың әр қайсысы кәсіпкерліктің қай түрімен болмасын айналысуы және кәсіпкерлікті қоюға еркі бар. Кәсіпкерліктің алуан түрі бар: біреу, өзі араласып кәсіп жасайды, екіншісі – жұмысшылар жалдайды, үшіншісі – акция, облигация сатып алады, төртіншісі, ақшасын банкке салады, кейбіреу өндірісті қаржыландырады т.б. Әрбір кәсіпкер немесе бәсекелестікке қатынасушылар өз ақшаларына қосымша пайда тауып, байлығын арттыруға тырысады, кем дегенде сол пайда арқылы күнін көруге тырысады. Еркін бәсекелестік жағдайда ұсыныс пен сұраныстың ауытқуы бір салада өнімді көп шығарып дағдарысқа ұшыраса, екінші салада тауар жетіспейді. Бір фирманың табысы өссе, екіншісі күйрейді, сондықтан өндіріс пен капитал шоғырланып орталықтанады, ол монополия құрылуына әкеледі. Яғни нарықты басып алады, әлсізді шығарады. Монополия деген сөздің мағынасы: моно – жалғыз, полия – сату.
Жетілмеген бәсекелестік нарығы – бұл таза монополия, монополиялық бәсеке, олигополия.
Нарық механизмінде
бәсекелестік мәселесін қозғауда кеңес
дәуірінен кейін жаңа капиталситік елдер
жөнінде мәселені қозғауға болады. КСРО
құлдарығаннан кейін жаңадан пайда болған
республикалар өтпелі кезең экономикасымен
сипатталады, яғни нарықтық экономика
жолына түскендіктен мұнда да еркін сауда
бағытында бәсекелестік мәселесі маңызға
ролге ие болады.
Соңғы уақытқа дейін Қазақстанда да тауар
және қызмет көрсету салаларында мемлекеттің
монополиясы орын алған.
Қазіргі заманда еліміз нарықтық экономика
даму жолына түскеннен кейін жағдай күрт
өзгерді.
Қазіргі заманда жоспарлы экономикадан
нарықтық экономикаға өту орын алуда.
Оның салдарынан біздер үшін экономикалық
қатынастардың, шаруашылық етудің, меншіктің
жаңа түрлері пайда болды, кәсіпорындардың
мемлекет меншігінен алынуы және басқаруды
жаңа меншік иелеріне берілуі орын алуда.
Бәсекелестікті тудыруда жекешелендіру
және мемлекеттік меншіктен алу процессінің
маңызы зор. Оның түбі кәсіпорындар тиімділігін
арттыру, нарықтық экономикаға көшу жағдайларының
негізінде және табиғи, тарихи дамуы заңдылықтарына
сай пайда болған ұзақ мерзімді процесс.
Бұл бағытта кеңес дәуірінен кейіңгі мемлекеттер
шетел елдердің бай тәжірибесіне сүйенеді.
Дегенмен бұл бағытта ұлттық экономиканың,
аймақтық орналасудың, басқарудың ерекшеліктері
ескерілуі жөн. Сол сияқты жағдайда ғана
нарықтық экономика тұрғысынан мемлекет
меншігінен алу және жекешелендіру процестері
неғұрлым тиімді болып елдің элеуметтік-әкономикалық
және жалпы даму деңгейін көтереді.
Соңғы уақытқа дейін мемлекеттің табиғи
пайдалы заттарды табу және сатуға деген
монополиясы орын алған. Қазіргі заманда
мол сияқты монополиялар біршама шектелді,
себебі сол сияқты заттарды сата алатын
жәе өзіндік бағаны бекіте алатын көпетеген
кәсіпорындар пайда болды. Сол сияқты
фирмалардың арасында ұсақ және орташа,
ірілері ден бар. сондықтан олардың аарсында
бәсекелестік туады.
Сол сияқты бәсекелестікті жетілген бәсекелестік
деп сипаттауға болмайды, себебі шаруашылықтың
көптеген салаларында моноплиялы әлі
де сақталған. Мысалы, қалалық көлік саласын
алатын болсақ, көптеген қалалық әкімшілік
ұйымдар сол сияқты қызмет түрлерін көрсетуде
белгілі моополияларға ие болып, көрсетілген
қызметке деген тағайындайтын бааларды
белгілейді, себебі оның бақса да бәсекелестері
жоқ. Сонымен қатар жылумен, сумен, электрэнергиямен
тұрғы,дарды қамтамасыз ететін кәсіпорындар
монополситер болып табылады. Бірсыпра
деңгейде олардың көрсететін қызметтеріне
деген бағаларын әлі де мемлекет тағайындайтыы
танымал.
Жиі жағдайда кәсіпорындарда дамудың
ортақ стратегиясы жоқ болады. Жұмыс істеу
жағдайлары көптеген бағыттар бойынша
шаншылып бір-бірімен сай келмейді, сондықтан
да бәсекелестік артықшылықтарды қолануға
мүмкінділікті қолдана алмайды.
Сол сияқты кәсіпорындарда маркетинг
жүйесі нашар дамыған немесе тіпті жоқ.
Кәсіпорын ең алдымен сапалы өнімді шығаруға
тырысады, дегенмен басқа елдерде кәсіпорындар
сатудың ең жақсы жүйесін ойлап шығаруға
бағытталған.
Кәсіпорындарда жоспарлау және бақылау
жүйелері шашынқы, көптеген процедуралар
қайталанады, міндеттерді қою және оларды
шешудің процессі формальді сипатқа ие
болады. Сол сиқты жоспарлау «Білмейтін
жерге бар, білмейтін нәрсені әкел» деген
принципке негізделген.
Кәсіпкерлер басқарушылары кәсіпорынның
бәсекелестік артықшылықтарына негізделген
максималды міндеттер коймайды. Нәтижесінде
агрессивті бағыт алған бәсекелестері
бәсекеге қаблеттілігі жоқ кәсіпорынды
нарықтан шығарады немесе бұл жағдай жеңіл
түрде болжамданады.
Көптеген салаларда түбегейлі өзгерістер
орын алды, мысалы ауа қызметтерін атқаратын
Кеңес дәуірінде құрылған Аэрофлот бірнеше
ұсақ фирмаларға бөлініп олардың арасында
бәсекелестік өрши түсті.
Нарықтық экономиканың тұрақтануы жедел
қарқынымен жүріп жатыр және қазіргі заманда
нарқытық қатынастарды реттеу өте маңызды
және көптеген нарықтық қателіктердің
алдын алады. Сол сияқты қателіктер келешекте
халық шаруашылығының көптеген салаларының
экономикалық жағдайына кері әсерін туғызуы
мүмкін.
Мұнда басты орынға мемлекет ие болады,
себебі ол қазіргі заманда жаңа экономикалық
жүйенің тұрақтануында қолайлы жағдай
тұдыруға тырысады. Бұл бағытта көптеген
шаралар қолдануда, мысалы нарықта жетлген
бәсекелестіктің дамуына игі ықпалын
тигізу мақсатында антимонополиялық комитеттердің
құрылуы, т.с.с.
Мемлкет тарапынан антимоноплиялық іскерлік
алуан түрлі заңды ережелерде, актілерде,
бұйрытада көрініс табады, мемлекет тарапынан
кәсіпкерлердің монополиялық үстемдігін
шектеу үшін және басқа да кәсіпкерлердің
қарқынды дамуы үшін арнайы мемлекеттік
антимонополиялық органдар, комитеттер
құрылады.
Олардың басты мақсаты – кәсіпорынның
нарықтағы қызметіне талдау жасап, монополистік
деп белгілейтін ерекшеліктерін талдау
жасау, оның негізінде кез келген кәсіпкер
монополист қатарына жатады, немесе жатпайтыны
анықталады
Бұл бағытта еліміз шетел мемлекеттердің
тек қана озық тәжірбесін игеруі керек.
ҚОРЫТЫНДЫ
Сонымен нарықтық экономика жағдайында
нарықтық механизмінде бәсекелестік құбылысы
орын алады. Зерттеу жұмысымыздың нәтижесінде
көптеген қорытындылар және ой-түйінділерді
шығаруға болады:
• Индустриалды өмірдің қазіргі замаңғы
формалары негізгі айырмашылығы – олар
неғұрлым бәсекелестікке ұшырайды. «Бәсекелестік»
түсінігінің тұрақты мәні яғни стау немесе
сатып алу барысында бір адамның екінші
адаммен бәсекелеске түсуді білдіреді;
• Бәсекелестік жағдайында нарықтық механизм
қарқынды және табиғи түрде дамып көптеген
жетістіктерге қол жеткізеді;
• Нарықтық экономиканың басты ерекшеліктерінің
бірі – жеке меншік қатынастарына шарттас
олардың эконмикалық оқшаулылық негізінде
шаруашылық субъектілердің бәселелестігі
болып табылады;
• Бәсекелестік – тауарларды өндеу, сату
және сатып алу үшін нарықтық шаруашылықтың
мүшелері арасында неғұрлым жақсы жағдайлар
үшін бәсекелестік болып табылады;
• Ол тауар өндірушілердің инициативаларын
олардың шаруашылық-өдірістік іс-әрекетінің
неғұрлым жоғары нәтижелерімен мадақтайды,
сонымен қатар өндірісті-шаруашылық саладан
инертті, инициативасыздарды олардың
кедейленуі және құлдырауыарқылы ығыстырып
тастайды;
• Қазіргі заманда бәсекелестіктің бірнеше
түрі ажыратылады. Олардың арасында жетлген
яғни табиғи және жетлімеген бәсекелестіктер
бар.
• Жетілмеген бәсекелестіктің қатарына
монополиялық және олигополиялық бәсекелестік
жатады.
• Бәсекелестік сатушылар және өндеушілер
арасында ғана емес, сонымен қатар сатып
алушылары тарапынан орын алады. Дегенмен
ол сирек кездесетін құбылыс және жоғары
дамыған капиталситік елдерде ғана мүмкін.
Сол сияқты сатып алушылар бәсекелестігі
олигопсония және монопсония деп аталады.
Сонымен еліміздің негізгі экономикалық
даму бағыттары келесі көптеген салаларды
қамтыған: жеке меншік иелері тобын тиімді
түрде шаруашылықтарын жүргізетін объектілер
ретінде қалыптастыру.
Бұл бағытта бәсекелестік ортаны құру
және өндірісті демонополизациялауды
қамтамасыз ету; кіші және орта бизнесті
дамыту арқылы ірі және ерекше халық шаруашылық
объектілерін қайта құрудың жеке жобаларын
іске асыру және жеке бизнестің үстемдік
етуімен және шетел инвесторлардың тікелей
қатысуымен ұйымдастырушылық-шаруашылық
құрылымдарды қалыптастыру.
Осы тұрғыдан елімізде шетел экономистерінің
озық тәжірибесін пайдалану арқылы ғана
қателіктерді жібермеу мүмкіндігі бар.