Бизнес тәуекелі және оның түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2013 в 12:04, реферат

Краткое описание

Нарықтық қатынастардың дамуы, бәсекенің күшеюі және айқынсыздық жағдайында кез келген кәсіпкерлік қызмет тәуекелсіз жүзеге асырылуы мүмкін емес. Экономикалық ортаның өзгеруі мен шаруашылық жүргізу жағдайлардың белгісіздік жағдайына байланысты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру қандай да бір тәуекелмен байланысты. Кәсіпкер кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде тәуекелге барады және қабылданатын басқару шешімдерінің салдарлары үшін жауап береді. Тәуекел факторы кәсіпкерге ресурстарды үнемдеуді, жаңа жобалардың, коммерциялық мәмілелердің және кәсіпкерлікті іске асырумен байланысты өзге де жағдайлардың тиімділігін есептеуге ерекше назар аударуды талап етеді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Бизнес тәуекелі және оның түрлері.docx

— 23.79 Кб (Скачать документ)

   Әртараптандыру инвестицияланатын   қаражаттарды бір-бірімен өзара  тікелей байланысты емес бірнеше  тәуекелді операциялар бойынша  бөлуді білдіреді. Әртараптандырудың  мақсаты сәтсіздіктің алдын алу  немесе сақтандыру болып табылады. Яғни, бірмезгілде бірнеше операциялар бойынша сәтсіздікке қарағанда бір операция бойынша сәтсіздіктің ықтималдылығы және одан болатын жоғалтулар әлдеқайда төмен болады. Әртараптандырудың мысалы ретінде әр түрлі валютада салынған депозиттік салымдарды айтуға болады.

   Лимиттеу тәуекелді оперцияларда пайданылатын ресурстардың мөлшеріне шектеулер қоюды білдіреді. Осылайша кәсіпкерлік қызметте тәуекелден болатын қауіпті зияндардан сақтанады. Мәселен, несиеге берілетін қаражаттар көлемін шектеу, менеджерлерге белгіленген мөлшерден жоғары қаражаттарға иелік етуге тыйым салу.

   Хеджерлеу кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде туындайтын тәуекелді кооперацияға қатысушы әріптестерге тікелей байланысты болады. Сондықтан хеджерлеу тәуекелді әрекеттің салдарлары үшін жауапкершіліктің бір бөлігін әріптеске жүктейтін қарама-қарсы міндеттемелерді құруды көздейді. Мысалы, өңдеуші кәсіпорында табысты толық көлемде ала алмау тәуекелін оған шикізат жеткізуші кәсіпорынмен бөлісу.

   Секьюритизация екі банктің арасында несиелеу тәуекелдерін бөлу, оның бірі несиелеу келісімшартын әзірлейді және дебиторлармен келісімшартқа отырады, ал екіншісі дебиторларға несие берумен айналысады.

   Өзін-өзі сақтандыру деп тәуекелді операциялардан болуы мүмкін зияндарды жабу үшін кәсіпкерлер өздерінің меншікті резервтік қорларын құруын айтамыз. Мұндай қорлардың болуы тәуекелдің теріс салдарларын тез арада жоюға мүмкіндік береді.

   Сақтандыру тәуекелді  төмендетудің негізгі әдістерінің  бірі болып табылады. Ол тәуекелмен  байланысты зиян шеккен жағдайда  жеке немесе заңды тұлғаның  мүліктік мүдделерін қорғауды  білдіреді. Мұнда зиян шеккен  тұлғаға алдын ала енгізген  ақшалай жарналары есебінен төлем  жасау жүзеге асырылады. Сақтандыру  осы мақсатта арнайы құрылған  кәсіби ұйымға тәуекелдің бір бөлігін беру арқылы тәуекел дәрежесін төмендетуге мүмкіндік береді.


Информация о работе Бизнес тәуекелі және оның түрлері