Қаржылық тұрақтылықты талдаудың мӘні мен мӘселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Сентября 2013 в 18:23, реферат

Краткое описание

Нарықтық экономиканың функционалды құрылымынның ақпараттық жүйесіне негізделгеннен экономикадағы ақпараттық жүйесі кіреді – бұл экономика бағытындағы қызметкерлерді, техникалық және программалық жабдықтарды, мәліметтерді, өңдеу амалдары мен әдістерді, сондай-ақ нақты бір саладағы ақпараттық жүйені қосатын жоғарғы деңгейде арнайы тұрғызған ақпараттық жүйе.
Ұсынылып отырған диплом жұмысының мақсаты – банктің қаржылық сенімділігін оқып-үйретуде жалпы банктің, оның элементтері және нақты операциялары мен келісім шарттың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған, міндетті ақпарат негізінде іс-жүзіндегі шараларды өңдеуге негізделген.
Диплом жұмысы кіріспеден, теориялық бөлімнен, негізгі бөлімнен, қолданушыға мүмкін болатын облысының ақпарат жүйесінің деңгейін бағалаудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

– банктің қаржылық сенімділі.DOC

— 754.00 Кб (Скачать документ)

Сейфтік операциялардың есепке алынуы ҚР-ның нормативтік-құқықтық актілері мен банктің ішкі құжаттарына  сәйкес жүргізіледі. Сейфтік сақтау бойынша қызметтер дербес сейфті жалдау шартымен ресімделеді.

Негізгі құрал-жабдықтардың есепке алынуы  “Негізгі құрал-жабдықтарды  есепке алу” 6 - бухгалтерлік есептіліктің Қазақстандық стандартына сәйкес жүзеге асырылады. Негізгі құрал-жабдықтардың есепке алынуы ортақ Бас банкте, банктің филиалында жүргізіледі. Негізгі құрал-жабдықтар банктің балансына меморандум шоттарында баланстық құны бойынша есепке алынады. Негізгі құрал-жабдықтар тұрғын үй қорының ғимараттары, жеңіл автомобильдер мен ҚР-нан тыс жерлерден әкелінген өтеусіз мүліктен басқасы, ҚҚС-сыз бастапқы құны бойынша балансқа есепке алынады. Активтердің пайдалы қызметі мерзімінде амортизацияланған сомасын жүйелі түрде шығынға жазу үшін банк құнды тікелей шығынға жазу әдісін пайдаланылады.

Материалдық емес активтердің есепке алынуы 28 - бухгалтерлік есепке алудың Қазақстандық стандартына сәйкес жүргізіледі. Ол Бас банкте орталықтандырылған түрде есепке алынады, автоматты түрде негізгі қорлар бастапқы құн бойынша модулде көрінеді.

Материалдық қорларды есепке алу “ТМҚ есепке алу” 7 - бухгалтерлік есепке алудың Қазақстандық стандартына сәйкес жүргізіледі. ТМҚ Бас банкте орталықтандырылған түрде есепке алынады. Материалдық қорлардың өзіндік құнын бағалау орташа алынған құн әдісі бойынша жасалады.

Қарапайым жалды  есепке алу “Жалды есепке алу” 17  - бухгалтерлік есепке алудың Қазақстандық стандартына және банктің ішкі құжаттарына сәйкес жүргізіледі. Жалға берілетін активтер “жалға берілуге арналған” негізгі құрал-жабдықтар бабы бойынша балансқа енеді. Банк қарапайым жалға қабылдаған негізгі құрал-жабдықтарды есепке алу баланстан тыс жүргізіледі.

Дебиторлық және кредиторлық берешекті есепке алу  “Дебиторлық берешек және оны  ашу” бөліміне сай 5 – бухгалтерлік есепке алудың Қазақстандық стандартына  және банктің ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.

Дебиторлық берешекті есепке алу төлем түрлері бойынша аналитикалық шоттар бөлігінде жүргізіледі. Банк ҚР Ұлттық банкінің нормативтік-құқықтық базасына және банктің ішкі құжаттарына сәйкес дебиторлық берешектің жіктелуін жүргізеді және қажетті провизялардың сомасын айқындайды.

Жарғылық капиталды қалыптастыру тәртібі ҚР Ұлттық банкінің нормативтік-құқықтық актілері мен банктің құрылтайшы құжаттарына сәйкес реттеледі. Резервтік  қор ҚР Ұлттық банкінің нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес қолданылып жүрген заңнамасының талаптарына сай құрылады және акционерлерге дивидендтерді төлегенге дейін қалыптасады. “Таратылмаған кіріс” шоты салыстырмалы болып табылады (кіріс пен шығыс), сома акционерлерінің жалпы жиналысының шешімі бойынша таратылады.

Салықтарды есепке алу орталықтандырылған түрде, Бас банк филиалдың шотына жатқызып, кейінен филиалдың субкорреспондент шотын шығынға жазумен қатар жүзеге асырылады. Банк салықтардың мынадай түрлері бойынша:

  • Корпоративтік табыс салығы;
  • Жеке табыс салығы;
  • Қосылған құнға салық;
  • әлеуметтік салық;
  • жер салығы;
  • көлік құралдарына салық;
  • мүлік салығы;
  • жер учаскілерін пайдаланғаны үшін ақы;
  • қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық жинақ;
  • қоршаған ортаны ластағаны үшін ақы;
  • сыртқы жарнаманы орналастырғаны үшін ақы.

Кіріс пен шығысты есепке алу “Кіріс” – 5 және “Банктердің кірісі мен шығысы” – 22 бухгалтерлік есепке алудың Қазақстандық стандартына  және банктің ішкі құжаттарына сәйкес жүргізіледі. Кіріс пен шығыстарды есепке алу орталықтандырылған түрде Бас банкте, есептеу прнципінің негізінде филиалдар бөлігінде жүзеге асырылады. Банктік қызметтен түскен кіріс пен шығыс сыйақы, роялти, дивиденттер, қызмет көрсетуден кіріс пен шығыс, тауарларды және басқа активтерді сатудан кіріс пен шығыс түріндегі кіріс пен шығысқа жіктеледі. Жағымды және жағымсыз бағамдық айырмадан кіріс пен шығыстар банктің балансында ашық көрсетіледі. Банктің кірісі мен шығысы арасындағы айырма банктің есептік жыл үшін қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі деп танылады.

Баланстан тыс шоттар баланс шоттарында есепке алынбайтын техникалық объектілерді, сондай-ақ қосымша есепке алуды және бақылауды қажет ететін активтерді есепке алу үшін арналған. Баланстан тыс шоттардағы есепке алу екінші жазбаны қолданбай, құжаттарда көрсетілген бағамен немесе шартты бағамен жүргізіледі.

Бұл есептік саясат 2002 жылғы қаңтардан бастап күшіне енді және тиісті өзгертулер мен толықтыруларды еңгізгенге дейін қолданылады.

 

 

1.3. ҰЙЫМНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН ТАЛДАУ

 

1.3.1. Ұйымның мүлкін талдау

 

Ұйымның экономикалық потенциалын  бағалауға кәсіпорын қызметінің ауқымдылығы мен сенімділік деңгейін сипаттайтын активтер құны кіреді, кәсіпорынның қаржылық жағдайының индикаторларын есептеу үшін база қызметін атқарады.

Баланс активтерінің құрам динамикасы мен құрылымын талдау кәсіпорын  мүлкінің барлығының және оның жекелеген түрлерінің абсолюттік және салыстырмалы өсуінің немесе азаюының мөлшерін белгілеуге мүмкіндік береді. Активтің өсуі (азаюы) кәсіпорын қызметінің кеңею (қысылуы) туралы куәландырады. Қаржылық есептіліктің ең маңызды элементі болып табылатын активтерді талдау кезінде, олардың бары, құрамы, құрылымы және онда болған өзгертулер зерттеледі. Жалпы алғанда активтер құрылымының және оның жекелеген топтарының талдануы олардың тиімді орналасуы туралы ой қалыптастыруға мүмкіндік береді. Активтердің ұлғаюы кәсіпорын жұмысын жақсы сипаттайды, себебі оның әрі қарайғы дамуын растайды.

Алайда, кәсіпорын мүлкі құнының  ұлғаю себептерін талдай отырып, инфляция әсерін ескеру қажет, оның жоғары деңгейі  баланстық есептің номиналдық мәліметтерінің нақты мәліметтерінен ауытқуларға әкеледі. Отандық тәжірибеде негізгі құрал-жабдықтардың баланстық құнын қалыптастыру кезінде ғана инфляциялық процесстердің есепке алынуы жүзеге асырылады.

 

1-кесте

2002-2004 жылдардағы “Тұран Әлем Банкі” ААҚ-ның

негізгі құрал-жабдықтарының динамикасы (мың теңге)

 

Негізгі құрал-жабдықтардың атауы

2002 ж.

2003 ж.

2004 ж.

сомасы

үлесі %

сомасы

үлесі %

сомасы

үлесі %

Жер, ғимараттар, құрылғылар

42623

65,6

143219

65,2

145101

65,2

Жалға берілуге арналған негізгі құрал-жабдықтар (Алматы қ. пәтерлер)

-

 

10487

4,8

-

-

Компьютерлік жабдықтар

4773

7,4

13121

6,0

19850

8,9

Кеңсе жиһазы

6292

9,7

11774

5,4

15449

6,9

Көлік құралдары

-

-

2913

1,3

2913

1,3

Байланыс құрылғылары  және UPS

2004

3,1

8893

4,1

11256

5,1

Басқа топтарға қосылмаған амортизацияланған активтер (сейфтер, кілемдер, кондиционерлер, шамдар, сағаттар, сүреттер)

8995

13,8

29159

13,3

28092

12,6

Негізгі құрал-жабдықтардың барлығы

64934

100

219566

100

222661

100

Амортизацияланған шегертулер

   

21420

 

42551

 

Негізгі құрал-жабдықтардың барлығы (амортизацияны есептемегенде)

64934

 

198146

 

180110

 

Материалдық емес активтер (амортизацияны есептемегенде)

1469

 

4601

 

10900

 

Есептелген амортизацияны  есептемегендегі негізгі құрал-жабдықтар  және материалдық емес активтер сомасының  барлығы

66403

 

202747

 

191010

 

 

1-кестеден көретініміз, 2003 жылмен салыстырғанда 2002 жылы негізі құрал-жабдықтардың және материалдық емес активтердің сомасы есептелген амортизацияны есептемегенде үш есеге көбейген 66403 мың теңгеден 202747 мың теңгеге дейін. Бұл банк филиалының ашылуына байланысты. 2004 жылғы негізгі құрал-жабдықтардың сомасы (219566 мың теңге) 2003 жылмен (222661 мың теңге) салыстырғанда ұлғаюы аса көп емес, ескі компьютерлерді жаңаға ауыстырғанға және жалға беруге арналған құрал-жабдықтардың жоқтығына байланысты. Реттелген активтер бойынша амортизацияны есептеу кезінде банк негізгі құрал-жабдықтарды бірыңғай шығынға жазу әдісін қолданады.

Баланс мәліметтері  бойынша активтердің құрамы мен  орналастыруын талдау үшін мындай аналитаикалық  кесте жасалды.

 

2-кесте

2003-2004 жылдардағы “Тұран Әлем Банкі” ААҚ балансы активтерінің құрамы мен орналасуы

 

Көрсеткіштер

2003 ж.

2004 ж.

өзгерістер, (+,-)

Тармақ-тардағы құрылым өзгерістері

сомасы

жеке үлес салмағы %

Сомасы

жеке үлес салмағы %

сомасы

жеке үлес салмағы %

1

2

3

4

5

6

7

8

Активтердің құны, барлығы

1304752

100,0

1996848

100,0

+692096

+53,0

0

Оның ішінде:

             

1.1.Ұзақ мерзімді активтер, олардың ішінде:

202747

15,5

191210

9,6

-11537

-11,1

-5,9

а) негізгі құрал-жабдықтар және материалдық емес активтер

202747

15,5

191210

9,6

-11537

-11,2

-5,9

б) қаржылық салымдар

-

-

200

0,01

+200

   

1.2. Ағымдағы активтер, олардың ішінде:

1102005

84,5

1805638

90,4

+714533

+64,8

+5,9

а) өндірістік қорлар

1102005

84,5

1805638

90,4

+714533

+64,8

+5,9

б) аяқталмаған өндіріс

-

-

-

-

-

-

-

Кәсіпорынның өндірістік потенциалының  құны

1304752

100,0

1996648

100,0

+691896

+53,0

0


 

2-кестеден көретініміз, активтердің нақты құнын көрсететін баланс валютасы, есептік жыл ішінде  692069 мың теңгеге немесе 53,0% ұлғайды. Екінші әдістеме бойынша айқындалған, өндірілген капиталдың құны, талданып отырған кәсіпорында 2003 жылы 1304752 мың теңгені құрады, 2004 жылы – 1996648 мың теңгені құрады, дәлірек алсақ 691896 мың теңгеге немесе 53,0% ұлғайды. Баланс активтерінің жалпы құнында өндірістік капиталдың үлесі 100% құрады, дәлірек алсақ өндірістік тағайындаудың мүлік коэффициенті 1 тең, ол қалыпты күйге сәйкеседі.

Кестенің мәліметтері бойынша, банктің ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді активтері арасында қаражатты бөлу соңғылардың 2003 жылы 84,5-тен 2004 жылы 90,4-ке дейін ұлғаю жағына қарай өзгерді.

Бұл банк жұмысының жақсыға  қарай өзгергенін көрсетеді, ол оның дамып келе жатқандығын растайды. Активтерді талдау кезінде, олардың  қалай орналастырылғаны және есепті жылы неге көп назар аударылғандығы, кәсіпорынның өндірістік потенциалының, оның негізгі құрал-жабдықтарының, мүлік мобильдігінің жағдайын анықтау қажет. Ол үшін ең бастысы кәсіпорынның өндірістік потенциалының өлшемін білу қажет, оны анықтау бойынша арнайы әдебиетте әр түрлі көзқарастар кездеседі. Осылайша, бір әдістеме бойынша оның құнына негізгі құрал-жабдықтардың, өндірістік қорлардың, аяқталмаған өндірістің, өсімдегі және бордақылаудағы жануарлардың құны кіреді.

Екінші әдістеме бойынша  кәсіпорынның өндірістік потенциалын айқындайтын активтердің құрамына, жоғарыда келтірілген әдістемеге қоса аяқталмаған капитал салымдары және құрылғының жабдық құны қосылады. Бұл әдістеме кәсіпорын мен оның материалдық-техникалық базасының даму процесін айқынырақ сипаттайды. Өндірістік тағайындаудың мүлік коэффициентінің оптималдық мәні 0,5 көп. Көрсеткіш мағынасының күрделі шекарасынан төмендеген жағдайда, егер есептік кезеңдегі кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижелері өзінің жеке капиталы есебінен ондай активтерді толтыруға мүмкіндігі болмағанда, өндірістік тағайындаудың мүлкін ұлғайту үшін ұзақ мерзімдік заемдік қаражатты тартуға болады.

 

 

3-кесте

2003 – 2004 жылдардағы “Тұран Әлем Банкі” ААҚ-ның

мүліктік жай-күйін  бағалау

 

№ р/с

Көрсеткіш атауы

2003ж.

2004 ж.

ауытқулар

Оптималдық мән

абс.

+,-

абс.

%

 

1

Өндірістік тағайындау мүлкінің коэффициенті

1,0

0,9

-0,1

90

>=0,5

2

Активтердің мобильдік  коэффициенті

0,8

0,9

+0,1

112,5

<=0,5

3

Мобильдік және иммобилизацияланған  қаражаттың ара қатынас коэффициенті

5,4

9,4

+4

174,1

<=0,5

4

Нақты құн коэффициенті

0,17

0,11

-0,06

64,7

<=0,5

5

Негізгі құрал-жабдықтардың белсенді бөлігінің үлесі

1,16

0,15

-0,1

93,8

 

Информация о работе Қаржылық тұрақтылықты талдаудың мӘні мен мӘселелері