Зоонозды инфекциялардың қоздырғыштары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2014 в 20:03, реферат

Краткое описание

Зоонозды инфекция қоздырғыштары оба антропозооноз, дене қызуының көтерілуімен өте айқын улану белгілерімен, терінің лимфа түйіндерінің өкпе және басқада мүшелер мен жүйелердің зақымдалуымен сипатталатын жұқпалы ауру.
• Франсиеллалар –туляремия қоздырғышы болып жедел және созылмалы адамдарда және жануарларда ағзада қабыну процессін, интоксикациямен, лимфа түйіндерінің зақымдалуымен өтеді.
• Бациллалар –адам және жануарларда кездесетін өте айқын улану белгілерімен өтетін, терімен лимфатикалық аппараттың зақымдалуы мен сипатталатын жедел жұқпалы ауру.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Зоонозды инфекциялардың.doc

— 83.50 Кб (Скачать документ)

Кіріспе

 

 

Зоонозды инфекциялардың қоздырғыштары. Зоонозды инфекция қоздырғыштары оба антропозооноз, дене қызуының көтерілуімен өте айқын улану белгілерімен, терінің лимфа түйіндерінің өкпе  және басқада мүшелер мен жүйелердің зақымдалуымен сипатталатын  жұқпалы  ауру.

  • Франсиеллалар –туляремия қоздырғышы болып жедел және созылмалы адамдарда және жануарларда ағзада қабыну процессін, интоксикациямен, лимфа түйіндерінің зақымдалуымен өтеді.
  • Бациллалар –адам және жануарларда кездесетін өте айқын улану белгілерімен өтетін, терімен лимфатикалық  аппараттың зақымдалуы мен  сипатталатын жедел жұқпалы ауру.

 

 Жұқпа көзі және қоздырғыштың резервуары шөп қоректі жануарлар (сиыр, жылқы, түйе, ешкі, қой, шошқа т.с.с.) Жануарларда ауру негізінен ішектік және сепсистік түрде өтеді. Қоздырғыш ауру малдың организмінен зәрімен және нәжісімен бөлінеді. Ауру мал залалдылығын жазылғанша немесе өлгенше (80% дейін) сақтайды. Өлген жануарлар эпидемиологиялық талаптарға сай көмілмесе үлкен қауіп төндіреді. Өлген малдың денесі 7 күнге дейін залалды. Ауру малдан алынған өнім (жүні, терісі, мүйізі, т.б.) көп жылдарға дейін қаіптілігін жоймайды. Ауру адамның эпидемиологиялық қауіптілігі аурудың клиникалық формаларына байланысты. Терілік формасы қауіпсіз саналады. Біріншілік немесе екіншілік (сепсистік) өкпелік формалары және ішек формасы қауіпті. Жaнуарлар организміне қоздырғыш нәжіспен, зәрмен, қанмен, ластанған шөп, шаң арқылы енеді. Адамға қоздырғыш негізінен (95% астам жағдайда ) жанасу механизмі арқылы беріледі. Қарым-қатынас (жанасу) тікелей болуы мүмкін (ауру малды сою, жүндеу, терілеу т.с.с.) немесе шаруашылық құралдары, шөп арқылы болуы мүмкін. Біріншілік берілу факторлары- зәр, нәжіс, қан, ет, тері, жүн; екіншілік- саймандар, шөп, жем, т.с.с.) 5% жағдайда қоздырғыш адам организіміне аэрозольді немесе тағам жолымен енеді. Ауа-шаң (аэрогенді) жолы ауыл шаруашылық қызметкерлері арасында, техникалық қызметкерлер арасында жүзеге асуы мүмкін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Негізгі бөлім

 

 

 1.Francisella tularensis –туляремия  қоздырғышы болып  жедел және созылмалы адамдарда және жануарларда ағзада қабыну процессін дене қызуының көтеріліуімен, интоксикациямен, лимфа түйіндерінің  зақымдалуымен  өтеді. Туляремия қоздырғышы  өте майда /0,3-0,5 мкм/ полиморфты, ГР- таяқша, спора  түзбейді, қозғалмайды, капсула түзуі мүмкін. Факультативті  анаэроб. Әдеттегі қоректік ортада өспейді. Сары –уыз  қосылған қоректік ортада  қан+цистеин  қосылған  Франсиса ортасында  жақсы өседі. Оптимальды температура 37-38 С,РН-6,8-7,4. Тауық эмбрионында, сарыуыз қапшығында жақсы өседі. Жасанды қоректік ортада  бактерия аттенуациясы байқалады  S – формадан  R – формаға өтеді.Биохимиялық қасиеті- өте төмен, мальтоза глюкозаны қышқылға дейін ыдыратады.

  • Антиген құрылымы –О антиген, беткейлі VI-антиген түзеді. Бруцелламен  антигендік туыстығы бар. R – формалы  түрі  Vі – антигенді, вируленттілік және иммуногендік  қасиетін жоғалтады .Патогендік факторы. S- формалы  колониясы  вирулентті. Патогендік қасиеті  қабықты антигендік комплекспен және эндотоксинмен байланысты. Лабораториялық жануарлардың ішінде  теңіз шошқасы ,ақ тышқандар өте  жоғары сезімтал.

 

  • Аурудың патогенезінде қоздырғыштың лимфа жолымен таралуының  маңызы өте жоғары. Микроб және оның токсині қанға өтіп бактеремияға алып келеді.
  • Аурудың инкубациялық кезеңі  бірнеше сағаттан 3 аптаға дейін, 3-7 күн. Ауру жедел басталады  кенеттен 38-39 С, қалтырау, бас ауру, организімнің улануы байқалады. Бубонды, жарақат-бубонды, көз-бубонды, абдоминальды, өкпелі, септикалы түрдегі  клиникалық түрлері бар. 6% өлімге алып келеді.

 

  • Микробиологиялық диагностикасы. Тексерілетін материал: қан, бубон  пунктанты, жарақаттан жұғынды, көз коньюктивасынан  бөлінген сұйықтық, қақырық.Бактериологиялық, биологиялық, бактериоскопиялық әдістерді қолданамыз. Романовский –Гимзе  әдісімен  бояалады. Серологиялық әдіс ТГАР, КБР, РИФ.
  • Аллергиялық әдіс. Тері ішіне, тері үстіне, екі енгізу түрінде де аллерген  концентрациясы әр түрлі. Нәтижесі 24-36-48 сағ кейін тексеріледі. Оң нәтиже бергенде инфильтрат  диаметрі 5 мм дейін  болуы мүмкін.Емдеу әдісі. Антибиотиктер, стрептомицин,  тетрациклинді қолданамыз.
  • Туляримия микробиологиясы 
     
    Туляримия – жануарлардың (кемірушілердің) біріншілік ауруы, адамда әртүрлі кл
  • иникалық көріністерімен өтетін жедел инфекционды ауру түрінде және жұмыс қабілеттілігінің орнына баяу келетін ауру түрінде өтеді. 1912жылы Г.Мак-Кай және Ш.Чепин F.rancisela tularenssis-ті ашты. Олар өте ұсақ 0,2-0,7мкм кокк және эллипс тәрізді полиморфты таяқшалар жиі арнаулы бояулармен биполярлы боялады, қозғалмайды, грам теріс, спороларды түзбейді, каталаза теріс, Н2S түзеді, қатаң анэробтар, өсу үшін температура оптимумы 370С, рН 6,7-7,2. Вирулентті штаммдар капсулаға ие, кейбір көмірсуларды (глюкоза, мальтоза, фруктоза, декстрин) ферменттенгенде газсыз қышқыл түзеді. F. Tularenssis қарапайым орталарда өспейді. Г.Маккой мен Ш.Чепин ұйыған сарыуызды ортаны қолдады. Онда туляримия таяқшасы ұсақ нәзік клолони түрінде өседі. Туляримия таяқшасын өсіру үшін Э.Френсис құрамында 0,05-0,1% цистин, 1% глюкоза, 5-10% қаны бар қоректік агарды ұсынды. Олардың өсуі баяу, өзінің максимальды көлемдеріне 3-5 күнде жетеді. Туляримия бактериялары тауық эмбрионының сарыуыз қапшығында жақсы өседі.  
    F. tularenssis өсуі үшін келесі АҚ қажет: аргинин, лейцин, изолейцин, лизин, метионин, пролин, треонин, гистидин, валин, цистин, кейбір түр астылар үшін –серин, триозин аспарагин қышқылы, сонымен қоса олардың өсуі үшін пантотен қышқылы, тиамин және Мд иондары қажет.  
     
    Туляримия қоздырғышы жас ішілік паразит болып табылады. Оның вируленттілігі фагоцитозды тежейтін капсулаға, адгезияға қатысатын нейроминидазаға, эндотоксинге жас қабат аллергенді қасиетіне, сонымен қоса фагоцит ішінде көбейіп, оның киллерлік эффектін тежеу қабілеттілігіне байланысты. Сонымен қоса туляримия таяқшасына JgG класының Fc-фрагментизімен байланысатын рецепторлар табылды. Осындай байланысу әсерінен комплемент жүйесі мен макрофагтардың активтілігі төмендейді.  
     
    S-формалы F. Tularenssis-ң еі антигені бар О және Vi. О-антигені бруцеллалардың антигендеріне ұқсас. S-SR-R диссоциациясы. Капсуланың, вируленттілігінің және иммуногенділігінің жойылуына әкеледі. F.tularenssis үш географиялық расаға бөлінеді:  
     
    Голартикалық (үй қояндары үшін әлсіз патогенді, глицеринді ферменттенбейді және цитруллинуреидаза ферменті жоқ, солтүстік жарты шар мемлекеттерінде кедеседі)орта азиялық (үй қояндарына аз патогенді, цитрулинуреидаза бар және глицеринді ферменттейді)  
     
    неарктикалық (американдық) үй қояндарына патогенді, глицеринді ферменттейді, цитруллин урендазасы бар.  
     
    Сонымен қоса американдық және ортаазиялық түрастылар фосфотазды активтілікке ие.  
     
    Резистенттілік. F. Tularenssis сыртқы ортада, әсіресе патологиялық материалда болса тұрақты. Ауру кемірушілердің бөлінділерімен ластанған фуражда, астық тұқымдарында төрт айға дейін, суда -3айға дейін, мұзда - 1айдан көп сақталады. Тікелей күн сәулелеріне жоғары t-ға сезімтал, 3% лизол ерітіндісінде, 50% спиртте, формалинде 5-10 минут кейін өледі.  
     
    Эпидемиология. Табиғаттағы туляремияның негізгі резервуары кемірушілер болып табылады. Адам тек жануарлардан зақымдалады, адамнан адамға берілмейді.  
     
    Туляримияға сезімталдығы бойынша жануарларды төрт топқа бөлуге болады:  
     
    1 топ – көбірек сезімтал (су егеуқұйрықтары, үй тышқандары, ақ тышқандар, теңіз шошқалары т.б.) өлімге әкелетін минимальды дозасы микроб жасаушасы.  
     
    2 топ – сезімталдығы азырақ (сұр егеуқұрйықтар, суыр және т.б.) өлімге әкелетін минимальды дозасы 1млрд.микроб жасушасы. 
     
    3 топ- жыртқыштар, мысықтар, түлкілер. Үлкен дозаларға тұрақты, ауру белгілерінің көрінбеуімен өтеді.  
     
    4 топ – туляримияға тұрақты (тұяқты жануарлар, суық қандылар, құстар). 
     
    Адам үшін өлім дозасы – бір микроб жасушасы. Адамның зақымдалуы әртүрлі жолдармен өтеді, ауру кемірушілермен тікелей және тікелей емес қатынаста болғанда, алиментарлы, ауа – тамшылы, трансмиссивті жолмен. Туляримия бактерияларымен зақымдалуы қан сорғыш буынаяқтарының 77 түрінде анықталды. Олардың ішінде иксод кенелері маңызды орын алады, себебі ол қоздырғышты өмір бойы сақтайды және ұрпағына беруі мүмкін. 
     
    Патогенез бен клиникасының ерекшеліктері. F. tularenssis ағзаға сыртқы қабаттар арқылы (зақымдалған және зақымдалмаған тері мен шырышты қабаты) енеді. Ену жерінде жиі жаралар түзіледі. Лимфа тамырлары арқылы лимфа түйіндеріне жетіп, онда кедергісіз көбейеді, қабыну процесі бубонның түзілуіне әкеледі. Осыдан өоздырғыш қанға өтеді, бактеримия процесстің генерализациясына әкеледі, оған әртүрлі ұлпалар мен мүшелер қосылады, олардағы қоздырғыштың көбеюі гранулемалардың және некотикалық жаралардың пайда болуына әкеледі. Ағзаның аллергиялық қайта құрылуы бактеримия мен генерализациямен байланысты. Туляримия кезіндегі инкубационды кезең 2 күннен 8күнге дейін созылады. Ауру жедел басталады, қызба, бас аурулары, бұлшықеттердің ауырсынулары, бет гиперемиясы пайда болады. Аурудың дамуы ену қақпасына байланысты, соған қарап туляримияның келесі клиникалық түрлерін ажыратады, жаралы –бездік (бубонды), көзді-бездік, ангинозды-бездік, абдоминальды және өкпелік. Туляримия кезіндегі летальдік 1-3%аспайды.  
     
    Постинфекционды иммунитет мықты, көп кезде өмірлік, жасушалық табиғатқа ие, Т лимфоциттер мен макрофагтарға байланысты. Иммунитеті бар адамдарда фагоцитоз аяқталған болады.  
     
    Лабораторлы диагностика. Туляримияның полиморфты клиникалық көріністеріне байланысты оның диагностикасында келесі лабораториялық әдістер маңызды болады: бактериологиялық, биологиялық, серологиялық реакциялар мен аллергиялық сынама. Бактериологиялық әдіспен ауру адамнан қоздырғышты бөліп алуға болмйды. Сондықтан алдымен зерттелетін материалмен (бубон пунктаты, конъюнктивадан іріңді, аңқадан алынған пленка, қақырық, нәжіс т.б.) ақ тышқандарды немесе теңіз шошқаларын тері астылық зақымдайды, содан кейін таза дақыл алу үшін мүшелерден алынған материалды немесе қанды егеді.  
    F.tularensis-ті сонымен қоса тауық эмбриондарын зақымдау арқылы бөлуге болады. Онда қоздырғыш иммунды флуоресценция әдісімен оңай табылады. Иммунды флуоресценция әдісімен оңай табылады. Қарапайым клиникалық жағдайларда туляримия диагностикасы үшін серологиялық реакциялар және аллергиялық сынамалр жүргізеді.  
    Маманданған профилактика. Туляримияның табиғи ошақтарында тұратын аурудан сақтандыру үшін вакцинация қолданылады. Ол тірі (әлсізденген) құрғақ теріүстілік вакцина арқылы жүзеге асады. Вакцинаны бір рет енгізеді, иммунитет 5-7 жылдан кем емес сақталынады.  
     
  • 2.Бациллалар. Түйнеме- адам және жануарларда кездесетін  өте айқын улану белгілерімен  өтетін, терімен лимфатикалық аппараттың  зақымдалуымен  сипатталатын  жедел  жұқпалы ауру. Түйнемелі  бацилла (B.anthracis) өте ірі  таяқша ,мөлдір  капсула мен  қоршалған.

 

  • Қоздырғыштың  вегетативті және  спора тәрізді түрлерін  ажыратады. Вегетативті түрлері тірі организмде кездеседі. Споралары   қоршаған  ортада  көп кездеседі  және өте тұрақты.Гр-, қозғалмайды, капсула түзеді.Спорасы ортасында орналасқан, оваль тәрізді.Тірі организмде, жарылмаған мәйітте спора түзбейді.
  • Аэроб. Әдеттегі қоректік ортада жақсы өседі. Пісірілген, шикі картопта бактерияны өсіруге болады.Сұйық қоректік ортада  мақта тәрізді  үйінді түзеді, лайлануды шақырмайды, қатты қоректік ортада ірі, шеттері тегіс емес R-формалы колониялар түзеді.
  • Биохимиялық –белсенділігі жоғары, глюкоза, сахароза, фруктоза, мальтоза, крахмал, қышқылға дейін ыдыратады.Сүтті 3-5 тәулікте ыдыратады.

 

Түйнеме (сібір жарасы, антракс, лат.- anthrax pustula maligna) бактериалды зоонозды антропургиялық аса қауіпті, қоздырғышы қарым-қатынас (жанасу) механизмі арқылы берілетін, тері қабатының кабункул тәрізді зақымдалуымен, ауқымды ісікпен, ауыр интоксикациямен сепсистің дамуымен сипатталатын жұқпалы ауру. Қоздырғышы – Bacillus anthracis ірі, грамм оң , капсула және спора түзетін, факультативті аэробты таяқша. Табиғатта екі түрде – вегетативті және спора түзген кезде кездеседі. Спора түрінде тек абиотикалық ортада ғана, ал вегетативті түрде тек жануарлар және адам организмінде болады. Спора түріндегі микробтар өте төзімді. Олар суда бірнеше жыл, топырақта бірнеше ондалған жылдар бойыны сақтала алады. Споралар қолайлы қоректік, температуралық ылғалдылық жағдай туғанда көбейіп, қайта споралық күге ауыса алады. Сөйтіп абиотикалық ортада ошақтылықты сақтап тұрады. Споралар 120-140 °С құрғақ ыстықта 1-3 сағатта жойылады, автоклавта 180°С – 24 минутта, 1%формалин ерітіндісінде 2 сағатта жойылады, 4% хлораминнің белсіндірлген ерітіндісі, 6%сутегінің асқан тотығы спорациттік әсер етеді.

 

Инкубация кезеңінің ұзақтығы терілік формада бірнеше сағаттан 14 күнге дейін, сепсистік формада 6-8 күн. Аурудың екі клиникалық түрі болады: 1. жергілікті (карбункулезді, эдематозды, буллезді, эризипеллоидты) түрлері 2. сепсистік (өкпелік, ішектік) түрлері. Ең жиі кездесетін түрі карбункулезді түрі. Дененің ашық жерлері зақымдалады.

Қоздырғыш енген жерде алдыменен диаметрі 1-2 см, қызыл-көкшіл түсті, ауырмайтын дақ пайда болады. Сол жер қышиды, ашиды. Бірнеше сағаттан кейін, дақтың орнында мыстың түсіндей папула пайда болады. 12-24 сағаттан кейін іші серозды, соңынан қанды сұйықтыққа толы везикулаға айналады. Осы везикула жарылғаннан кейін, жиектері көтеріңкі, түбі қоңыр түсті жараға айналады. Осы кезден бастап оны карбункул деп атаймыз. Жараның айналасы қызарып, ісіп тұрады. 1-2 аптадан кейін карбункулдың ортасы қарайған тығыз, ауырмайтын некрозды струпқа айналады. Осы струп, айналасындағы қызарған терінің фонында, (қызыл шоқтың ортасындағы көмір) тәрізді көрінеді. Сондықтан оның аты грек тілінен аударғанда «anthax – көмір» деген мағынаны білдіреді. Оның айналасында сезімдалдық мүлде болмайды. Лимфа түйіндерінің ұлғаюы болады. 2-3 аптаның соңына қарай струп түсіп орны тыртықанады. Карбункулдың ең көп ораналсатын жері- аяқ, қол, мойын, желке. Жергілікті қабыну процесі кезінде ағзаның жалпы улану белгілері болады. Әлсіздік, шаршағыштық, басының ауыруы, дене қызуы субфебрильдіден, 39-40ºС-қа дейін көтеріледі. Процестің сепсиске ұласуы қоздырғыштың тыныс алу, асқазан ішек жолдары рақылы енген жағдайында дамиды. Терілік формада процестің сепсиске ұласуы сирек кездеседі.

Адамда ауру 90-95% дейін терілік формада болады . Терілік форма 80% жағдайда жеңіл түрде, 20% - ауыр түрде өтеді. Емделмеген , кеш емделген терілік түрде өлім 5% дейін жетеді. Ішектік формада ауру ауыр интоксикациямен, геморрагиялық энтероколитпен еөрініс береді, процесс аз уақытта сепсиске ұласады. Өкпелік түрінде ауыр геморрагиялық плевропневмония дамиды. Өкпелік-ішектік формаларында өлім 80-100% дейін жетеді.  

 

Науқасты міндетті түрде стационарда бокста емдейді. Этиотропты ем. Антибиотиктер: пенициллин, жайылмалы түрінде 16-20 млн ЕД тәулігіне, тетрациклин, левомицетин, стрептомицин, неомицин, ципрофлоксацин, доксициклин, гепатомицин. Иммунотерапия – түйнемеге қарсы иммуноглобулин – 20лігіне. Дезинтоксикациялық ем: тұз ерітінділері, гемодез, полиглюкин. Жүрек гликозидтері. В,С, тобының витаминдері, оксигенотерапия, карбункулды кеспеу керек. Науқасқа күтім жасағанда, терінің күтімі, барлық манипуляцияларды ережеге сәйкес орындау қажет. Қолға резеңке қолғап кию керек. Өкпелік түрінде обаға қарсы костюм киуі тиіс. Диспансерлік бақылауда 3-6 ай болады. Арнайы алдын - алу жұмыстары жоспарлы түрде, эпидемиологиялық көрсеткіштерге қарап орындау қажет. Жоспарлы – Ауылшаруашылығы жұмысшыларын, гидромелиоративті өндірісте жұмыс жасайтындарды, құрылысшыларды, геологтарды, егіншілерді, жануарлар шикізаттарымен жұмыс жасайтындарды, ет, сүт комбинаттарында жұмыс жасайтын жұмысшыларды арнайы тексеруден өткізу қажет.

  • Түрлік полисахаридті  және текті  белокты капсулалы антиген  түзеді. Вирулентті штамдары көп мөлшерде  капсулалы затты синтездейді, антифагоцитар белсенділікке ие күрделі экзотоксин түзеді, белокты комплекс  ісінуді  шақырады
  • Микробиологиялық диагностикасы.Тексерілетін материал :карбункул, қақырық, нәжіс, қан, зәр.
  • Серодиагностикасында ТГАР,РИФ, КБР, ТЕГАР, реакция термопреципитация  реакциясы  Асколи. Арнайы алдын-алу әдістері  сібір  күйдіргісіне қарсы тірі вакцина  СТИ  (санитар  техникалық  институт).
  • Иммунизация  эпид  көрсеткішке  қарай  риск  группасына  жүргізіледі .
  • Ауруды  және күдіктілерді бөлектеу .
  • Мәйітті және  өлген  жануар  мәйтін,  зақымдалған аймақты жағу .
  • Ауру жануарлар  тұрған жерді залалсыздау .
  • Суды тазалау .
  • Залалданған аймақты хлорлау.

.  

 

 

 

Сібір түйнемесі микробиологиясы. 
 
B.anthracis басқа Baccilus түрлерінен ажырату үшін белгілер комплексі қолданылады.  
 
Антигенді құрамы. Адам немесе жануар ағзасында түзілетін соматикалық және табиғаты ақуызды капсуланы антигені бар. Соматикалық антиген табиғаты бойынша полисахарид термостабильді, көп уақытқа дейін сыртқы ортада немесе жануарлар өліксесінде сақталады. Сібір жарасы таяқшасында Baccilus туыстығына ортақ антигендері де бар.  
 
Патогенділік факторлары. Сібір жарасы таяқшасының негізгі вируленттік факторы капсула болып табылады. Капсуланың жойылуы вируленттілігінің жоғалуына әкеледі. Капсула B.anthracis-ті фагацитоздан қорғайды. Жануарлардың өліміне жауапты тағы бір вируленттілік факторы бар, ол токсиннің күрделі кешені болып табылады, әртүрлі үш компоненті бар: ақуыз бен көмірсудан тұратын І фактор, және табиғаты таза ақуызды тағы ІІ фактор (ІІ және ІІІ факторлар). Күрделі токсиннің синтезі рХ01 плазмадимен бақыланады. р Х01 плазмида құрамында экзотоксиннің негізгі компоненттердің синтезін анықтайтын үш ген бар:  
 
Суа гені – ісіну факторы (JФ)  
Рад гені- протективті антигені (ПА) 
Let гені – летальдік факторы (ЛФ)  
Суа генінің (JФ) өнімі эукариот жасушасында цАМФ-ң жиналуын катализдейтін аденилатциклаза болып табылады. Ісіну факторы тамыр өткізгіштігін жоғарлатады.  
Протективті антиген қорғаныс антиденелерінің синтезі идуцирлейді, летальдік факторы жануарлар өліміне әкеледі. Токсиннің барлық үш компоненті синергидті әсер етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әдебиет:

 1.Микробиология және вирусология ( жалпы бөлім ): Оқу құралы Ү.Т. Арықбаева,К.Х. Алмағанбетов, Н.М. Бисенова, Н.Б.Рахметова,Г.Д. Асемова, К.Б. Койшебаева, С.К.Бисимбаева,Н.В. Калина /1-ші басылым.()-Астана,2005.-208 б.;

2.Микробиология және вирусология( жеке бөлімі ): Оқу құралы Ү.Т. Арықбаева,К.Х. Алмағанбетов, Н.М. Бисенова, Ә.Ө Байдүйсенова Н.Б.Рахметова,Г.Д. Асемова, К.Б. Койшебаева, С.К.Бисимбаева,Н.В. Калина /1-ші басылым.(Медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша жоғары оқу орындарының студеттеріне арналған оқу құралы)-Астана,2006.-199 б.;

3. Микроорганизмдер экалогиясы. (Оқу  әдістемелік құрал)  Б.А.Рамазанова, А.Л.Котова, Қ.Қ.Құдайбергенұлы, Б.М.Хандиллаева, Г.Р.Амзеева.-А.,2007-96 б.

4. Микробтарға қарсы қолданылатын  препараттар. (Оқу әдістемелік құрал)     .Б.А.Рамазанова, А.Л.Котова, Қ.Қ.Құдайбергенұлы,  Г.Р.Амзеева. А.,2007,-48 б.

5. Инфекция туралы ілім. Оқу құралы  Б.А.Рамазанова, А.Л.Котова, Қ.Қ.Құдайбергенұлы..-А.,2007,-112 б.

6.Рамазанова Б.А.., Қ. Құдайбергенұлы, А.Л. Котова және т.б.-Жалпы микробиология. Оқу-әдістемелік құрал.-Алматы. 2008 ж. 391 бет.

7.www.google.kz

 


Информация о работе Зоонозды инфекциялардың қоздырғыштары