Зиянды және улы заттар адам организіміне әсері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2013 в 18:13, реферат

Краткое описание

Зиянды заттардың жалпы сипаттамасы. Қазіргі заманда адамзатқа белгілі 7 млн. астам химиялық заттар бар. Олардың 60 мыңнан астамы кең қолдану табуда, тамаққа қосу түрінде – 5500, дәрі –дәрмек – 4000, тұрмыс химиясында – 1500 пайдаланылады. Халықаралық рыногта жыл сайын 500-ден 100-ға дейін жаңа химиялық қосындылар, өнімдер пайда болуда. Міне, сондықтан адам өміріне қауіпті улы заттар дүниеге көптеп келіп жатыр.
Улы химиялық заттар, өзінің пайдалануына байланысты төмендегідей болып жіктеледі:
өнеркәсіп улы — өндірісте қолданылатын заттар;
улы химикаттар – ауыл шаруашылығында қолданылатын заттар;
дәрі-дәрмектер;

Прикрепленные файлы: 1 файл

Зиянды және улы заттар адам организіміне әсері.docx

— 25.48 Кб (Скачать документ)

  Зиянды және улы заттар адам организіміне әсері

 

Зиянды заттардың жалпы сипаттамасы. Қазіргі заманда адамзатқа белгілі 7 млн. астам химиялық заттар бар. Олардың 60 мыңнан астамы кең қолдану табуда, тамаққа қосу түрінде – 5500, дәрі –дәрмек – 4000, тұрмыс химиясында – 1500 пайдаланылады. Халықаралық рыногта жыл сайын 500-ден 100-ға дейін жаңа химиялық қосындылар, өнімдер пайда болуда. Міне, сондықтан адам өміріне қауіпті улы заттар дүниеге көптеп келіп жатыр.

Улы химиялық заттар, өзінің пайдалануына байланысты төмендегідей болып жіктеледі:

  • өнеркәсіп улы — өндірісте қолданылатын заттар;
  • улы химикаттар – ауыл шаруашылығында қолданылатын  заттар;
  • дәрі-дәрмектер;
  • тұрмыс химикаты;
  • өсімдіктер және жануарларда, саңырауқұлақтарда, құрт-құмырсқаларда болатын заттар;
  • әскери улаушы заттектер.

Адам организміне әсер ету сипаты бойынша улы заттар төмендегідей болып бөлінеді:

  • жалпылама улылар – организмді жалпы улайтын, жеке органдарды ауру етіп, істен шығаратын улы заттар;
  • қоздырғыштар – тыныс жолдарының шырышты (слизистый) қабатын, көзді, өкпені, теріні ауру ететін заттар;
  • аллергия тудыратын заттар;
  • мутагендер – генетикалық  кодты бұзатын заттар;
  • канцерогендер – қауіпті ісіктер тудыратын заттар;
  • бала жасау қызметін жоятындар – қорғасын, сынап, стирол, радиоактивті басқа да заттар.

Зиянды заттардың әсер етуі және организмге енудің жолдары.Зиянды заттар адам органтзміне тыныс алу жолдары, тері және ас қорыту жолдары арқылы енеді. Көп жағдайда(80-90 пайыз)кәсіпке байланысты ауруларжәне уланулар организмге улы газдардың, булардың, тұмандардың енуіне байланысты болады. Бұл жолмен ауруға шалдығу өте ауыр болуы мүмкін, себебі улы зат бірден қанмен араласып бүкіл денеге тарап кетеді.

Улы заттар ішкен тағаммен, сумен, темекімен, қолдың кірімен асқорту жолдары арқылы организмге енеді. Улы заттар ауыз қуысында – ақ сіңіп, қанға өтіп кетуі мүмкін. Ондай заттарға фенол, циянит сияқты улар жатады. Асқазанның қышқылды ортасы улы қосындымен бірігіп, заттың улылығын одан ары арттырып түсуі мүмкін.

Улы заттар адам организіміне тері арқылы енеді. Улы булар, сұйық заттар теріге еніп, сол арқылы қанға кетеді. Бұндай заттарға суда, майда жеңіл еритін көмірсутегі, ароматты аминдер, бензол, анелиндер және т.б. жатады. Егер теріде жара немесе сызат болса, организмге енуі жеңілдейді.

Бірінші кезеңде улы заттардың бөлінуі қан айналымының қарқындылығына байлынысты болады. Улы заттардың жиналатын  үш басты орны бар: клетканың сыртындағы сұйық, клетканың ішіндегі сұйық және майлы  (ткань). Улы заттың тарауы үш негізгі физикалық – химиялық қасиетке байланысты болады: суда ерігіштігі, майда ерігіштігі, реакцияға енгіштігі. Кейбір металдар (күміс, мырыш, хром, ванвдий, кадмий және басқалары) қаннан тез шығады, бірақ бауыр мен өкпеде жиналып қалады. Барий, бериллия, қорғасын қосындылары кальцимен, фосформен бірігіп өте мықты қосынды жасай алады және сүйекте жиналады. 

Улы заттардың әсерінің салдары. Улы, зиянды заттармен жақындасқанда адам организмі тіннің жергілікті зақымдануына және жалпы улануға әкеледі. Жалпы уланудың қанға енуінің нәтижесінде дами бастайды.Удың жергілікті әсері онымен жақындасқан жерінде зақымдану болуы мүмкін: терінің қызарып, қабынуы, күюі.

Улану екі түрде жүреді: өткір және созылмалы.

Уланудың өткір түрі – бұлай улану апат болғанда, қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзғанда болады әрі у тез арада әсер етеді және көп мөлшерде организмге енеді, өткір уланудың екі фазасы болады: біріншісі — өзіне тән емес көрінуі (бас ауыруы, әлсіреу, жүрегі айну және т.с.с.)

 

Уланудың созылмалы түрі – уланудың бұл түрі жайлап, аз мөлшерде білінбей жүріп жатуы мүмкін. Ондай улану удың органызмде жиналуының әсерінен болады. Мысалы, бензонмен өткір улану болғанда негізінен жүйке жүйесі зақымданады, ал осы затпен созылмалы түрде уланса,онда қан жасау жүйесі зақымданады.

 

Адам организмінің улы  заттарға қарсы күресінің жолдары

 
Зиянды заттар организмге түскен соң, әр түрлі химиялық өзгеріске ұшырайды: биотрансформация немесе метоболизм. Улы зат клеткалы мембранамен, ақуыз құрылымымен және клетканың басқа да құрылымдарымен тінаралық ортамен қарым – қатынасқа түсіп өзгереді – бұл удың әр жолмен өз күшін жоғалтуы.  
 
Бірінші жол – удың химиялық құрылымының өзгеруі. 
Екінші жол – улы заты уақытша бір органдарға бөліп қоюы (депонирование). Бұл жол – уақытша қандаЕкі айналып жүрген удың көлемін азайтады. Мысалы, ауыр металлдар (қорғасын, кадмии) сүйекте, бауырда, бүйректе, кейбір улы заттар жүйке жүйесінде жиналады. Бұл процесс өте күрделі және уды жоюдың негізгі тиімді жолы болып саналмайды. Себебі у қан айналымына кез келген уақытта қайта түсуі мүмкін. 
Үшінші жол – организмнен шығуы – бұл әр түрлі жолмен болады: тыныс алу жолдары арқылы, асқорту, бүйрек, тері, темір. Мысалы, ауыр металдар ішек – қарын жолымен организмнен шығады. Терлегенде термен де шығуы мүмкін.

 

 Әсері күшті улы заттар

 

ӘКУЗ – шаруашылық мақсатта қолданатын зат, олардың қалай болса солай  сақтаулы немесе төгілуі адамдарды  жаппай улануына алып келеді.  
ӘКУЗ – жабық ыдыста қысыммен сақталады. ӘКУЗ қайнауға бейім, олардың қайнау температурасы +200С, ал атмосфераға газ немесе бу ретінде бөлінеді, олар үлкен қашықтыққа тарайды. Химиялық зақымдау ошағының көлемі, оның адам терісіне тамшы сұйық түсуі және бумен дем алу нәтижесінде болуы мүмкін.  
ӘКУЗ төгілген кезде көрсетілген немесе істелінетін іс-әрекеттер:  
§ хлор – төгілген кезде (ол ауадан ауыр) ең биік орындарға көтерілу керек;  
§ аммиак төгілген кезде (ол ауадан жеңіл) тез буланып жоғары көтеріледі, яғни төмен жерлерді таңдау қажет.  
Аммиактан, метилхлоридтен, винилхлоридтен және басқа улы заттардан тыныс органдарын қорғау үшін 30-100 минут бойы қорғайтын противогаз кию керек. Аммиак суға жақсы жайылады. Осыған орай суланған мақта-дәке таңғышы көмектеседі.  
Тыныс органдарын хлордан қорғау үшін өзінің немес балаңыздың дәретімен шайылған мата таңғышпен пайдаланамыз.  
Бұл уланғыш заттардың бәрінен тиімді жеке және ұжымдық қорғау құралдары қорғайды.

 

 ҚӘУЗ түрлері

 
Өнеркәсіп орындарында, ауыл-шаруашылық өндірісінде, күнделік тұрмыс өмірде улылығы бар, сондықтан адамға және қоршаған ортаға зиянды көптеген химиялық заттар пайдаланылады. Олар авария себебінен төгілген немесе далаға атылған жағдайларда қоршаған ортаны зарардандыруға, ал адамдарды зақымдауға әкеліп соқтырады. Аталған заттар оларды өндіретін, пайдаланатын немесе сақтайтын кәсіпорындарда көп мөлшерде болады. Осы кәсіпорындар қатарына мынандайлар жатады: химиялық, дәрі-дәрмек өндіретін, қағаз шығару комбинаттары, қорғаныс, мұнай өңдеу, қара және түрлі-түсті металлургия зауыттары, минерал тыңайтқыштарын шығаратын кәсіпорындар сондай-ақ, азық-түлік, ет-сүт өнеркәсіп объектілері, тоңазытқыштар, сауда қоймалары, үй-жай тұрмысы шаруашылықтары. 
Кейбір жиі кездесетін қатты әсер ететін улы заттарды (ҚӘУЗ) атап өтсек, бұлар: хлор, аммиак (МН3), күкіртті сутегі (H28), фосген (COCL2), күкіртті ангридриды (8O2), бензол (C6H6), акрилонитрил (CH2=CH-CM), метиламиндер (CH3KH2), (CH3)2KH т.б.), көгерткіш қышқылы (HCM), тұз қышқылы (HCL), бром сутегі, фтор, фтор сутегі, азот қышқылы (HMO3), күкірт қышқылы (H28O4). Көбінесе бұлар газ немесе сұйық түрінде болады, әдетте сақтау немесе тасымалдау үшін қысым әрекетімен сұйықтық түрге айналдырылады.Тұрғындардың өздерінің мекен-жайы маңайындағы орналасқан объектілерден келетін қауіпін білгені жөн. Мысалы үшін, қағаз өндіретін комбинатта, су жүргізетін бекеттерде көп мөлшерде хлор сақталынады; тоңазытқыш немесе ет комбинатында, мұнай өңдеу зауыттарда, азот қышқылы, сода, тыңайтқыштарды өндіретін жерде аммиак болуға тиісті, көгенрткіш қышқылы пластмасс шығаратын кәсіпорында, ал күкіртті сутегі мұнаймен айналысатын және күкірт пен оның қоспалары бар заттарды дайындайтын зауыттарда аса мол мөлшерде кездеседі. 
ҚӘУЗ ─ шаруашылық мақсатта қолданылатын зат, оларды қалай болса солай, сақтау немесе төгілуі адамдардың жаппай улануына алып келуі мүмкін. 
ҚӘУЗ ─ жабық ыдыста қысыммен сақталады, ыдыс қирағаннан кейін қысым атмосфера қысымына дейін төмендейді. 
ҚӘУЗ ─ қайнайды (қайнау температурасы +20˚С) және птмосфераға газ немесе бу түрінде бөлінеді. Олар үлкен қашықтыққа таралады. Сондықтан химиялық қауіпті объектіге жақын тұратын халық онда қандай ҚӘУЗ-дың пайдаланылатындығын білуге тиіс. Химиялық зақымдау ошағының көлемі, оның адам терісіне тамшы сұйық түсуі және демалу нәтижесінде болуы мүмкін. 
Химиялық қауіпті объектідегі апат туралы дабыл жарияланғанда немесе қоршаған ортада улы заттар қауіп туғызғанда төмендегі іс-қимылды істеу қажет: 
-улы заттардың тарағандығы жөнінде хабар келген соң, тез арада противогаз және сол сияқты жеке қорғану құралдарын пайдалану керек;

Улағыш заттар химиялық қарудың негізін қүрайды. Химиялық қарудың әсерінен адамдар мен малдардың жаппай зақымдануы болған аумақ химиялық зақымдану ошағыдеп аталады.  
Улағыш заттар зақымдау әсерінің белгілі ерекшеліктері бар. Олар қысқа мерзімде адамдар мен малдарды жаппай зақымдандыруы мүмкін. Улағыш заттар тек аумақты ғана емес, сондай-ақ жер үстіндегі ауа қабатын да зақымдайды. Бу (газ) тәріздес күйде, түман түрінде улағыш заттар ғимараттарға, қымталмаған қорғаныс панаханаларына еніп, адамдарды зақымдайды. Улағыш заттар зақымдағыш әсерін бірнеше сағат, тәулік, апта бойында сақтайды.  
Улағыш заттар тыныс алу органдары арқылы, тері ұлпалары мен кілегейлі қабықтар арқылы, сондай-ақ улағыш заттар-мен зақымданған тамақ пен су арқылы асқазан-ішек жолдарымен организмге өткен кезде адамдарды зақымдайды.  
Осы заманғы улағыш заттар организмге тек терінің зақымдалған бөліктері арқылы ғана емес, сондай-ақ киім арқылы да зақымдауға қабілетті. Зақымдау әсерінің өткірлігі, уланудың жылдам және ауырлануы организмге түскен улағыш заттардың улағыш қасиеттері мөн санына, улағыш заттардың түсу жолдарына, оны қолдану әдістері мен құралдарына, метеорологиялық жағдайларға, сондай-ақ организмнің жәй-күйіне байланысты.  
Зілзала, өндірістік авариялар болған уақытта, осы заманғы зақымдау қүралдары қолданылған кезде химиялық зақымдау ошақтары қатты әсер ететін улы заттардың ыдыстарының қирауы нәтижесінде пайда болуы мүмкін.  
Улағыш заттардың жіктелісі  
Барлық улағыш заттар организмге улылық әсерінің сипаты бойынша мынадай топтарға бөлінеді:  
♦ жүйкені жансыздандыратын улағыш заттар - фосфорорганикалық заттар  
(ФОЗ) тобы - зарин, зоман, V - газдар;  
♦ жалпы улағыш әсері бар улағыш заттар - көгілдір қышқылы, хлорциан;  
♦ терінің қүрысуына әсер ететін УЗ - иприт, люизит;  
♦ түншықтырғыштық әсердегі УЗ - фосген, дифосген;  
♦ көздің жасын ағызатын және тітіргендігіштік әсері бар УЗ - хлорпикрин, хлорацетофенон, адамсит СЗ (си-эс);  
♦ психохимиялық әсер ететін УЗ - ДЛК және В2 (би-зет) лизергин қышқылының диэтиламиді;  
Улылық әсерін анықтау уақытына байланысты жылдам әсер ететін УЗ (зарин, зоман, V -газдар, көгілдір қышқылы) және баяу әсер ететін УЗ болып бөлінеді (иприт, фосген).  
УЗ улылық жіктелісі бойынша былай бөлінеді:  
♦ өлімге ұшырататын - (зарин, зоман, V - газдар, көгілдір  
қышқылы, иприт, люизит, фосген);  
♦ уақытша есті тандыратын - ДЛК, В2;  
♦ тітіркендіретін - хлорпикрин, хлорацетофенон, адамсит СЗ.  
УЗ төзімділігі бойынша төзімді және төзімді емес болып бөлінеді. Төзімді УЗ-ға иприт, заман, V - газдар жатады, олар жерді бірнеше сағаттан бастап бірнеше тәуліктерге дейін, кейде тіпті айлар бойы зақымдайды. Төзімді емес УЗ-ға зақымдағыш әсері бірнеше минуттан бір сағаттқа дейін созылатын заттар жатады (көгілдір қышқылы, фосген).


Информация о работе Зиянды және улы заттар адам организіміне әсері