Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2013 в 17:49, реферат
Жүргізілген цитогенетикалық зерттеулердің нәтижесі жануарлар мен өсімдіктердің көпшілігінде аталық және аналық организмдердің хромосома жиынтығындағы бір жұп хромосоманың өзгелерінен ерекше болатындығын көрсетті. Кейінірек бұл хромосомалардың жынысты анықтауға қатысы бар екендігі анықталды, сол себепті олар жыныстық хромосомалар деп аталды. Сөйтіп, адам мен жануарлардың және өсімдіктердің хромосома жиынтығында кәдуілгі хромосомалар немесе аутосомалармен қатар жыныстық хромосомалар да болады.
Жыныс генетикасы
Жынысты анықтаудың генетикалық
механизмі. Табиғатта кездесетін көптеген
тірі организмдердің арасындағы аталықтары
мен аналықтарының ара қатынасы
шамамен тең, яғни 1:1 қатынасындай болады.
Бұл 100 аналыққа 100 аталық сәйкес келеді
деген сөз. Осы құбылыстың генетикалық
негізі жыныстардың біреуінің
P Aa x aa
Г Аа а
Ғ1 1Аа : 1аа
Жүргізілген цитогенетикалық
зерттеулердің нәтижесі жануарлар
мен өсімдіктердің көпшілігінде
аталық және аналық организмдердің хромосома
жиынтығындағы бір жұп
Адамда, сүтқоректі жануарларда, дрозофилада және т.б. көптеген түрлерде аналық жыныс гомогаметалы (ХХ), ал аталық — гетерогаметалы (ХУ). Бұл аталған түрлерде мейоз кезінде біркелкі жұмыртқа клеткалары мен әркелкі аталық клеткаларда түзіледі. Тауықтарда және басқа құстарда, сол сияқты жібек құрты мен көбелектерде, керісінше, аналық жыныс — гетерогаметалы (ХУ), ал аталық — гомогаметалы (ХХ). Кейбір жәндіктерде У — хромосома мүлде болмайды. Мысалы, шегіртке мен қандала аналықтарында ХХ, ал аталықтарында жалғыз Х хромосома, яғни генотипі ХО, ал қаракүйеде, керісінше, аналықтарында — ХО, аталықтарында — ХХ болып келеді.
Әрі қарай жүргізілген
зерттеулердің нәтижесінде
Жыныспен тіркесіп тұқым
қуалау. Жыныстық хромосомаларда орналасқан
гендер арқылы тұқым қуалауды жыныспен
тіркесіп тұқым қуалау деп атайды.
Оны ең алғаш Т.Морган зерттеп
ашты. Ол — дрозофиланың көзінің
түсі тұқым қуалауын зерттеуге арналған
тәжірибелер жасады. Бұл тәжірибеде
қызыл көзді аналықты ақ көзді
аталықпен, ал екіншісінде, керісінше,
ақ көзді аналықты қызыл көзді
аталықпен будандастырды. Дрозофиланың
көзінің қызыл түсі (W+) ақ түсіне
(W) қарағанда басым болып келеді.
Қызыл көзді аналықты ақ көзді
аталықпен будандастырғанда бірінші
буында (F1) алынған ұрпақтың барлығы
да қызыл көзділер болып шығады.
F1-дегі дарақтарды өзара будандастырғанда
екінші буында (F2) алынатын ұрпақтың ішіндегі
барлық аналықтар қызыл көзділер,
ал аталықтардың жартысы қызыл көзділер,
жартысы ақ көзділер болады. Ақ көзді
аналықты қызыл көзді аталықпен
будандастырғанда, бірінші буынның
өзінде-ақ алынған ұрпақтың аналықтары
қызыл көзді, ал аталықтары ақ көзді
болып шыққан. Мұны крис-крос жолымен
тұқым қуу дейді. F1-дегі алынған
шыбындарды өзара будандастырғанда
екінші буындағы ұрпақтың аналықтары
мен аталықтарының жартысы
Қанның дұрыс ұюын доминантты Н гені, ал керісінше ұю қабілеті болмауын рецессивті h гені анықтайды. Осыны ескере отырып, гемофилияның тұқым қуалау сызбанұсқасын келтірейік:
Р ХНХһ XhY
Г ХН Хһ Xh Y
F1 ХНХh XhY ХһХh XһY
Гемофилия
ХНY — дені сау ер бала
XhХh — тасымалдаушы қыз
XhY — гемофилиямен ауыратын ер бала
Сонымен, әйел өз ұлдарының жартысына қалыпты, ал жартысына гемофилияның гені бар Х хромосоманы береді. Сондықтан оның ұлдарының арасында саулары да, гемофиликтері де болады. Ал қыз балалар кез келген жағдайда ата-анасының біреуінен доминантты гені бар Х хромосоманы (Xh) алатындықтан олардың қаны әрқашан дұрыс ұйиды. Бірақ қыздардың жартысы осы гендер бойынша гетерозиготалы (XhXһ) болатындықтан бұл ауруды тасымалдаушы болып есептеледі.
Жоғарыда айтылған басқа да аурулар мен кемістіктердің тұқым қуалауы осындай жолмен жүреді.