Жүктілік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Мая 2015 в 11:22, доклад

Краткое описание

Жүктілік (лат. gravіdіtas) – физиологиялық құбылыс; ұрықтанған жұмыртқа жасушасының жатыр қуысында дамуы. Жүктілік ұрықтанудан басталады. Ұрықтанғаннан кейін зиготаның бөлшектенуі, яғни бластомерлер (жұмыртқа жасушасы бөлінген кезде түзілетін жасуша бөлшектері) пайда болады. Соның нәтижесінде бір жасушалы ұрықтан көп жасушалы ұрық – морула түзіледі. Бөлшектену кезінде ұрық жатыр түтігінен жатыр қуысына қарай жылжиды. Бұл процесс 4 – 5 күнге созылады. Бұдан кейін ұрық морула сатысында жатырға түсіп, бластоцистаға (іші сұйыққа толы қуыс) айналады. Адам ұрығының қағанақ (амнион), бүр (хорион) қабықтары болады. Бүр жатыр денесіне еніп, жатыр жасушаларымен қосылуының нәтижесінде бала жолдасы пайда болады.

Прикрепленные файлы: 1 файл