Жүйке жүйесінің онтогенездегі дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Октября 2013 в 13:06, реферат

Краткое описание

Жүйке жүйесінің даму негізі нейроэктодерма болып табылады. Ол 1) жүйкелік түтікшеге және 2) жүйкелік айдаршаға дифференцияланады. Жүйкелік айдарша 2 ганглиоздық табақшаға бөлінеді. Жүйке жүйесінің морфогенезінің негізгі компоненттеріне жатады: 1).эмбрионалдық индукция; 2).радиалды глияның және хемотропизмге негізделе бағытталған аксондардың нақты орын ауыстыруы; 3)байланысушы жасушалардың фенотипін тұрақтандыру мақсатындағы нейрондардың арасындағы нейро-трофикалық арақатынас;

Содержание

1.Жүйке жүйесінің онтогенездегі дамуы
2.Сезімтал ганглий
3.Шеткері нервтер
4.Жұлын
5.Жұлынның құрылысы
6.Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

жұлынның құрлысы.doc

— 81.50 Кб (Скачать документ)

 Жұлынның сұр затының кейбір  аймақтарының нейрондық, талшықтық  және нейроглиялық құрамдары  әртүрлі болады. Артқы мүйізде Лиссауэрдің шеткі аймағы, кеуекті қабаты, желатинозды субстанция, артқы мүйіздің меншікті ядросы, Кларктың дорзальды ядросы ажыратылады. Лиссауэрдің шеткі аймағында жұлын ганглиінің жалған униполярлы нейрондарының аксондары артқы бағандар арқылы артқы мүйізге кіреді. Кеуекті заттың құрамында ұсақ шоғырлы жасушалар анықталады. Желатинозды субстанцияның ішінде жасушалар аз, ол негізінен нейроглиядан тұрып, тек аздаған шоғырлы жасушалары болады. Жұлынның меншікті ядросы аксоны қарама-қарсы жаққа өтетін шоғырлы жасушалардан тұрады. Кларктың дорзальды ядросын аксондары сол орналасқан жағының бүйірлік бағанының ақ затына шығатын ірі нейрондар құрайды.

 Бүйірлік мүйіздің жүйкелік  жасушалары екі ядро құрайды:  аралық медиалды және латералды.  Аралық медиалдық ядрода аксондары вентралды өзі орналасқан жақтың жұлын-мишық жолының құрамына кіретін нейрондар анықталады. Латералды аралық ядро вегетативті жүйке жүйесінің орталығы болып табылады. Бұл жасушалардың аксондары жұлыннан соматикалық қимылдатқыш талшықтардың құрамында жұлынның алдыңғы түбіршігінен шығады да, кейінірек бөлектеніп, вегетативті ганглийлерге барады.

 Жұлынның алдыңғы мүйізінің  ядросы жұлынның ең ірі жасушаларынан  тұрады. Жалпы саны екі-үш миллиондай. Олардың аксоны вентральдық түбіршіктің  талшықтарының негізгі бөлігін құрайды. Сұр заттың вентральді мүйізінде моторлық жасушалардың екі тобы бар: латералды және медиалды. Медиалды топ кеуденің бұлшық еттерін, латералды топ – қол-аяқты жүйкелендіреді. Алдыңғы мүйіздің мотонейрондарын үшке бөледі: үлкен α-мотонейрон, кіші α-мотонейрон, γ-мотонейрон. Үлкен α-мотонейрондар қаңқалық бұлшық еттің тез жиырылуын камтамасыз етсе, кіші α-мотонейрондар олардың тонусын ұстауға қатысады.

 Кейінгі кезде жұлынның сұр  затын Б.Рексед бойынша он табақшаға  (пластиналарға) бөледі. Бірінші табақшаға артқы мүйізді және Лиссауэр аймағын, екінші табақшаға оның артындағы табақшаны жатқызады. Артқы мүйізде барлығы I-V табақшаны ажыратады. VI табақша жұлынның тек қалыңдаған аймағында ғана анықталады. VII табақша алдыңғы және артқы мүйіздердің арасында, ал VIII және IX табақшалар алдыңғы мүйізде, X табақша орталық каналдың айналасында орналасады. Табақшалардың көбінде ішкі интернейрондар болады. VII табақшаның шеткі аймақтарында вегетативті ядро, IX-табақшада алдыңғы мүйіздің мотонейрондары анықталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

 

1. Есимова. Р.Ж. Жүйке  жүйесінің гистологиясы: оқу құралы/КГМУ.–Қарағанды, 2009. - 73 б.

2. Аяпова Ж.О. Гистология  оқу құралы төрт бөлімді/Алматы, Кітап баспасы.-2007. 285 б.

3.Абильдинов Р.Б., Аяпова Ж.О., Юй Р.И. Атлас по гистологии, цитологии и эмбриологии /. – Алматы: Эффект, 2006. - 416 с.

4. Қазақ энциклопедиясы, 4 том;


Информация о работе Жүйке жүйесінің онтогенездегі дамуы