Жер сілкінісінің

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Мая 2013 в 06:45, реферат

Краткое описание

Жер сілкінісінің кенеттен пайда болады және қас қағымда өтеді. Жер сілкінісі — бұл жер қыртысында немесе мантияның үстіңгі бөлігінде кенеттен болған қозғалыс пен жаратылыс нәтижесінде пайда болған, елеулі ауытқу түрінде, үлкен қашықтыққа таралатын жер асты дүмпуі мен жер астының қозғалысы. Бұл құбылыс жер асты дүмпулерінен, тербелістен болады. Әзірге ғалымдар жер сілкінісі қашан, қайда, қанша уақыт болатынын және қандай зардап әкелетінін тура басып айта алмай отыр.

Прикрепленные файлы: 1 файл

СРС.doc

— 61.50 Кб (Скачать документ)

Қазақ Ресей  Медицина Университеті

 

 

 

                                                 Орындаған: Жарқын Б.

                                                 Тексерген: Елеусізов М.

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы 2012 жыл

 

Қазақ Ресей  Медицина Университеті

 

 

 

                                                 Орындаған: Жарқын Б.

                                                 Тексерген: Елеусізов М.

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы 2012 жыл

 

                                   Жер сілкінісі

Жер сілкінісінің кенеттен пайда болады және қас қағымда өтеді. Жер сілкінісі — бұл жер қыртысында немесе мантияның үстіңгі бөлігінде кенеттен болған қозғалыс пен жаратылыс нәтижесінде пайда болған, елеулі ауытқу түрінде, үлкен қашықтыққа таралатын жер асты дүмпуі мен жер астының қозғалысы. Бұл құбылыс жер асты дүмпулерінен, тербелістен болады. Әзірге ғалымдар жер сілкінісі қашан, қайда, қанша уақыт болатынын және қандай зардап әкелетінін тура басып айта алмай отыр. Сейсмикалық станциялардың көрсетулері – дәл емес. Жыл сайын жер бетінде 100-ден аса үлкен жер сілкіністері болып тұрады. Жер сілкінісінің уақытын болжау қиын. 
Жер қыртысының тектоникалық қозғалысын тудыратын жер сілкінісі өте жойқын болып келеді. 
Жер сілкінісінің барысында адамдар қаза болады, үйлер, жолдар, көпірлер, каналдар, тоғандар мен басқа да инженерлік ғимараттар, су құбырлары, канализация, электр беру жүйесі қирайды, байланыс желісі бұзылады, қар көшкіні, сел, сырғыма мен қопарылыс пайда болады. Тау жыныстарынан тастар құлайды, адамдарға үрей болады. Су асты және су жағалауындағы жер сілкінісі кезінде, теңіз түбінің қозғалыс нәтижесінде теңіздің гравитациялық толқындарынан цунами пайда болып, құрылыста үлкен бүлінушілік жасайды. 
Жер сілкінісінің жойқын күші оның әсерінен болатын апаттары көпшілікке мәлім. Өйткені Қазақстанның 450 мың шаршы километр аумағында жер сілкіну қауіпі бар. Бұл аймақта 6 миллионнан астам халық тұрады, 27 қала, 400-ден астам елді мекендер бар. Еліміздің 40 пайызға жуық өндірістік әлеуеті осы аймақта шоғырланған. 
Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстары мен Алматы қаласы сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқан. Онда өнеркәсіптің негізгі қорының 30%-ы шоғырланып, тұрғын үй қорының 35%-на жуығы орналасқан, Республика халқының 40%-ы тұрады. 
Жер сілкінісінің қауіпті бар аймақтарда ірі қалалар мен елді мекендер, гидротехникалық ғимараттар мен зиянды өнеркәсіп орындары, жасанды және су қоймалары, жарылғаш және улы материалдар қоймалары орналасқан. Тұрғын үй алқабының бұзылуымен қатар тізбеленген объектілерді кейбіреулерінің бұзылуы, оңалмайтын экологиялық өзгеріске алып келуі мүмкін. Инженерлік желілер мен коммуникациялардың жер сілкінудің салдарынан бұзылуы аса қауіпті.

Жер сілкінісі кезіндегі қондырғы мен ғимаратты зақымдалуынан  шегілген залал ғимараттың өзінің зақымдалуынан  шеккен шығыннан біршама есе асып түседі. 
Жер сілкінісінің бірге өрт пайда болып, геологиялық ортаның экологиясы бұзылады, қопарылма, сырғыма, сел тасқыны және т.б. шаруашылыққа қосымша залал әкеледі. 
Жер сілкінісінің жанама шығыны да орасан зор: өндірістік циклдің уақытша тоқтауы, еңбек ресурстарының зардапты жоюға тартылуы және тағы басқалар. Сонымен қатар көлік жолдарының зақымдануына, тұрғын үй тұрмыстық жағдайдың нашарлануына, халықтың апат аймағынан кетуіне, жерасты дүмпуінің қайталануын күтуінің нәтижесінде адамдардың ұнжырғысының түсуіне әкеліп соғады. 
Жер сілкінісі салдарының аса ауыр түрлері ғимараттар мен үйлерді сейсмикалық күшейту бойынша жұмыстар жер сілкінісі қауіпті ескерусіз жүргізілетін құрылыс пен ғимараттарда пайда болады. Бұған мысал ретінде соңғы жылдары Қазақстанда болған жер сілкіністері салдарын келтіруге болады (Құлан ауданы Жамбыл облысы). 
Халықты, аумақты және шаруашылық объектілерінің ықтимал жер сілкінісінен қорғау мақсатындағы шаралар мыналарды қамтиды: сейсмологиялық бақылау мен жер сілкінісінің болжамының республикалық жүйесін дамыту; сейсмикалық аудандастыру сапасын жақсарту; сейсмикалық төзімді ғимараттарды жобалау және салу; халықтың сейсмикалық білімін жақсарту; басқару; хабарлау мен байланыс жүйелерін тұрақты дайындықта болуын ұйымдастыру; дамыту және қолдау; жер сілкінісі кезінде Азаматтық қорғаныс күштерін тарту және тұрақты дайындықта ұстау. 
Азаматтық қорғаныс күштері мен құралдарының және өзге де шараларға жер сілкінісі салдарын жою жоспарына сәйкес өзге де шараларға басшылық жасау.

Жер сілкінісі  кезіндегі қорғану шаралары

-Алғашқы дүмпу кезiнде  1-ші қабаттың тұрғындары ешбiр  дүрбелең-үрейсiз ғимараттан шығуға, ал одан жоғары тұратындар  бастарын қолымен ұстап, салыстырмалы  қауiпсiз орынға баруға тиiс;  
-дүмпу аяқталған бойда арқаңызды қабырғаға сүйей отыра баспалдақ арқылы ғимараттан тез шығып кетiңiз. Газды, суды, электрдi ажыратуға тырысыңыз, өзiңiзбен бiрге құжаттарды, ақшаны, заттарды, дәрі қобдишасы салынған жол қабын алыңыз, есiктi кiлтпен жабыңыз;  
- егер көршi пәтерде балалар мен қарт адамдар қалса, олардың көшеге шығуына көмектесiңiз. Сол жерде зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетiңiз;  
- ғимараттан, электр желiлерiнен алысырақ кетiңiз. Белгiленген жиналатын орынға барыңыз. Үзiлген ток өткiзгiштен (электр сымынан) сақтаныңыз, оған балаларды жiбермеңiз;  
- рөлде отырғанда ашық жерге тоқтаңыз. Дүмпу аяқталғанша машинадан шықпаңыз. Қоғамдық көлiкте отырған орындарыңызда қалып, дүмпу аяқталғаннан кейiн жүргiзушiден есiктi ашуды өтiнiп, итерiспей шығып кетiңiз.

Қатты жер сілкінісінен кейін:

- Зардап шегушiге алқашқы  медициналық көмек көрсетiңiз;  
- жеңiл үйiндiнiң астында қалғандарды шығарыңыз;  
- балалардың, аурулардың, қарттардың қауiпсiздiгiне назар аударып, оларды жұбатыңыз;  
- ғимаратқа кiрерден бұрын баспалдақтың, қабырғаның құлап қалу қаупiнiң бар-жоқтығына назар аударыңыз. Қатты қираған ғимаратқа жақындамаңыз. Ашық отты пайдаланбаңыз;  
- пәтерге оралған бойда коммуналдық-техникалық қызметтiң ақаусыздығын тексергенше электiрдi, газды және су құбырын қоспаңыз;  
- телефонды аса қажет болмаса, көп ұстамаңыз;  
- зақымданған ғимаратта үйiндiнi ашуға және құтқару жұмысын жүргiзуге көмектесiңiз.

Бұл жағдайда мына ережелердi сақтау қажет:

- Үйiндi астында қалған  адамдарды iздестiру, тың-тыңдаудан  басталады. Сол үшiн мүмкiндiгiнше толық тыныштық жағдайын жасаңыз. Үйiндiлерге назар аударыңыз. Қандай да бiр секем аларлық дыбыс естiлген орынды анықтап, мұқият тындаңыз;  
- егер үйiндi астында қалған адамға тар тесiк (саңлау) апаратын болса, бiрiншi кезекте үйiндiнi ашу кезiнде оны ауадан, яғни өмiрден айырмау үшiн ұсақ шығыршық тас пен шаң түспеу үшiн жiңiшке түтікті немесе берiк шланганы сұғыңыз;  
- үйiндiнi ашуды өте мұқият жүргiзу керек. Әуелi сынықтардың үстiңгi қабатын, содан кейiн астындағысын, сосын одан кейінгісін біртіндеп алу керек. Сынықтар үйiндiлерiнен бағананы, құрылыс құрылғысының iрi бөлшегiн және т.б. суырып алуға әрекеттену аса қауiптi. Үйiндi көміп, оның астындағы адамдарды басып қалуы мүмкiн. Әуелi бағананы толық аршып алып, содан кейiн ғана оны көтеруге әрекеттену керек.  
Тасқа қысып қалған адамды босату кезiнде мiндеттi түрде ең алдымен қолдың немесе аяқтың қысылып қалған жерiне сына қою қажет. Басқаша жағдайда ұзақ уақыт бойы сынық қыспағында болған адам қаза болуы мүмкiн.  
Үйiндiлердi аршу кезiнде бiр-бiрiне тiрелiп тұрған сынып қираған ғимараттың әлсiз алайда әлi құламаған қабырғасын итеру аса қауiптi. Бұл адамды құтқару мүмкiндiгiнен айырады.

Жапониядағы және Гаитидегі жер сілкінісі

Жапонияда 2011 жылдың 11 наурызында жойқын жер сілкінісі болып, арты цунамиге ұласты. Соңғы 20 жылда болмаған табиғат апатынан бірнеше елді - мекендер жермен-жексен болған. Елдің геологиялық қызметі таратқан мәліметтерге қарағанда, жойқын зілзала екі мәрте тіркеліпті. Біреуінің күші 7,9 балл, екіншісі 8,9 - ға дейін жеткен. Айналдырған бірер сағат ішінде биіктігі он метрлік толқын Хонсю мен Хоккайдо аралдарына жеткен. Жойқын цунами жолындағы елді - мекендер мен өндіріс орындарын түгел шайып кеткен. Жалпы Жапонияда жер сілкінісінің күші 8 балл болған. Қуатты зілзала Хонсю аралын теңселтіп, 9 балдық дүмпудің салдарымен күрес мардымсыз болған. Ал, жер сілкінісі кезінде апатқа ұшыраған атом электр станциясынан әр түрлі радияциялар ауаға тараған. Ең қуаттысы 6 балды құраған. Жер сілкінісі Хонсю аралындағы бірнеше префектура мен ел астанасы Токиода да білінген. Ал, апатты «Фукусима» атом электр станциясындағы жарылыстан бөлінген радиация ауыз су, сүт пен бақша өнімдерінен табылған.

12-ші қаңтарда  батыс жарты шардағы ең кедей  елдердің бірі Гаитиде қатарынан  үш мәрте алапат жер сілкінісі болды. Жер сілкінісін зерттейтін арнайы мамандардың айтуынша, Гаитидегі алғашқы зілзаланың қуаты 7 балл болған, артынша 5,9 және 5,5 баллдық екі дүмпу қайталанған. Бұл Кариб аймағы тарихындағы ең жойқын зілзала екен. Гаити жер сілкінісінен 3 миллионнан астам адам жапа шегіп, бір миллионнан астам тұрғыны бар Гаити астанасы Порт-о-Пренс түгел қирап, көптеген адамдар үйінділердің астында қалды.Екі аптаның ішінде зәлзаладан құрбан болған 50 мың адамның 7 мыңнан астамы ортақ зиратқа жерленіп, жараланған 300 мыңнан астам адам тауқымет тартып отыр. Гаитиде 10 миллион тұрғын бар. Сарапшы-сейсмологтар ұзақ жылдар бойы жойқын зілзаланың болу мүмкіндігі туралы ескертіп, Эспаньола аралының оңтүстік бөлігін «ірі сейсмикалық қатерлі» өңір деп атады. Себебі ел Солтүстік Америка және Кариб плиталарының түйіскен жерінде орналасқан.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Қорытынды Бөлім 
Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарының тұрғындары үшін жер сілкіністері мен одан туындайтын құбылыстар (селдер,қар көшкіндері, опырылып құлау нәтижесіндегі үйінділер,бөгеттердің бұзылуы, химиялық жарылыс,өрт қаупі, күшті кәсіпорындардағы апаттар т.б.) едәуір қауіп тудырады.  
Егер жер сілкінісі мен оның зардаптарына алдын ала дайындалса, одан келетін әлеуметтік-экономикалық зиянды елеулі азайтуға болады.Осы мақсатқа жету үшін сейсмикалық қауіпті аймақтың әрбір тұрғыны жер сілкінісі туралы белгілі бір дәрежеде хабарлар болуы, қауіпсіздік іс-қимылын дәрежелерін білуі және ол пайда болғанда дұрыс іс-қимыл жасау қажет. Мұндай тосын жағдайда ең бастысы төзiмдiлiктi жоғалтпау керек. Адамның тiрi қалу мерзiмi оның рухани жағдайына, күш-жiгерiне байланысты. Торыққан адам - мойын ұсынып, сабыр сақтау керек! Аса қиын жағдайда өмiр үшiн күрескен адам тiрi қалу мүмкiндiгiн сақтайды.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 


Информация о работе Жер сілкінісінің