Жемистер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2013 в 17:35, реферат

Краткое описание

Шабдалының мәдени сұрыптары кәдімгі Шабдалыдан таралған. Кәдімгі Шабдалының биіктігі 6 — 8 м, жапырақтары кезектесіп орналасқан. Гүлі қос жынысты, түсі қызғылт, сары немесе ақшылдау. Ол 2 — 3 жылдан бастап 15 — 20 жылға дейін жеміс береді. Жемісі етжеңді, ішінде сүйегі бар, қышқылтым, шырыны тәтті, құрамында қант, органик. қышқылдар, А, С витаминдері көп. Тұқымында болатын Шабдалы майынан тамақтық заттар мен дәрі жасалады.

Содержание

1. ШАБДАЛЫ. ПЕРСИК. PERSICA.
1.1. Шабдалы жемісі туралы.
1.2. Шабдалы құрамы.
2. ТАҢҚУРАЙ. МАЛИНА. RUBUS IDAEUS.
2.1. Таңқурай – жидектің патшасы.
2.2. Таңқурай құрамы.
3. БАДАМ. МИНДАЛЬ. PRUNUS DULCIS
3.1. Распространение.
3.2. Экология.
3.3. Ботанические описание.
3.4. Химический состав.
3.5. Применение.

Прикрепленные файлы: 1 файл

реферат жемистер.doc

— 798.00 Кб (Скачать документ)

   Шабдалы (Persіca) — раушангүлділер тұқымдасына жататын жеміс ағашы. Ауа райы жылы аймақтарда (Оңт. Еуропа, АҚШ, Жапония, Қытай, Түркия, Орта Азия) Шабдалының 5 түрі:

  1. кәдімгі шабдалы (P.vulgaris),
  2. гансун шабдалысы (Р.kansuensis),
  3. Давид шабдалысы (Р.Dawidiana),
  4. Потанин шабдалысы (Р.Potanini),
  5. ғажайып шабдалы тараған (Р.mira).

Шабдалының мәдени сұрыптары кәдімгі  Шабдалыдан таралған. Кәдімгі Шабдалының биіктігі 6 — 8 м, жапырақтары кезектесіп орналасқан. Гүлі қос жынысты, түсі қызғылт, сары немесе ақшылдау. Ол 2 — 3 жылдан бастап 15 — 20 жылға дейін жеміс береді. Жемісі етжеңді, ішінде сүйегі бар, қышқылтым, шырыны тәтті, құрамында қант, органик. қышқылдар, А, С витаминдері көп. Тұқымында болатын Шабдалы майынан тамақтық заттар мен дәрі жасалады. Әр Шабдалы ағашынан 20 — 120 кг жеміс алынады. Жемісі жастай және кептірілген күйінде (компот, тосап, тәтті сусын, т.б.) пайдаланылады.Өнімді мол алу үшін топырақты құнарландыру, уақытымен суғару және қажетсіз бұтақтарын кесіп, сиретіп отыру керек. Оның өсіп тұрған жерінде арамшөптер болмауы қажет.

ТМД-да, Орта Азия республикаларында, Закавказьеде, Қырымда, Дағыстанда, Молдовада, Солтүстік Кавказдың Қара теңіз жағалауында және Қазақстанның оңтүстік облыстарында будандастырылған 50-ден астам сорты өсіріледі. Шабдалының жемісінде 80—90 % су, 6—14% қант (оның 5—10 %-ы сахароза), 0,5—1,2% пектин заттары, 9,4—20 мг% С витамині, 0,6—1,0 мг каротин, ал тұқымында 20—60%-ға дейін май қышқылдары және эфир майы болады. Жемісі жастай, кептірілген күйінде (компот, варенье, тәтті сусын, т.б.) пайдаланылады. Шабдалы тұқымынан және бадам, алша, өрікпен ұластыру әдісімен көбейтіледі. Өнімді мол алу үшін жыл сайын бұтақтарын шарпып, сиретіп отыру қажет.

Шабдалы – раушангүлдер тұқымдасы, бадам тобына жататын өсімдік. Шабдалының отаны нақты белгісіз. Көпке дейін  шабдалының отаны Иран деп есептеліп келген, бірақ жабайы түрі Қытайда табылғаннан кейін, зерттеушілер шабдалының отаны – Қытай деген тұжырымға келді. Қазіргі кезде шабдалыны субтропикалық және жылы қоңыржай климаттардың көп жерлерінде өсіреді. Еуропаға шабдалы Парсы елі арқылы келген. Жеміс өсіруден Еуропада шабдалы, алма мен алмұрттан кейін үшінші орында тұр. Шабдалы өсіруден АҚШ бірінші орындағы мемлекет. Қазіргі кезде шабдалының 3000-ға жуық сұрыпы бар. Шабдалының екі түрі бар: біріншісінің қабығы түкті, екіншісінікі – тегіс. Ағаштың биіктігі 6 м. Жапырақтары сопақша келген ұзын. Жапырақтары гүлдеп болғаннан кейін шығады. Гүлі қызғылт-күлгін, мәдени түрлерінде ақ, қызыл, ала түстілері де бар. Күлтелері жәй және гүлпарлы болып келеді. Жемісі шар пішінді, бүйірінде сызығы бар. Алдында жасыл түсті болады да, соңынан қызғылт-сары түске айналады. Жемісінің өзіне тән хош иісі болады. Жемісінің ортасында ірілеу сүйегі болады. Сүйегінің беті бұдырлау, қоңыр. Жеміс беру кезеңі мамырдан қазанға дейін созылады. Ерте пісетін сұрыптарына қарағанда, кеш пісетіндері хош иісті, дәмдірек және дәрумендері көп болады. Жемісінің салмағы 50грамнан 500 грамға дейін жетеді. Шабдалы 40-50 жылға дейін өмір сүреді, бірақ ауруға шалдыққыш, сондықтан ертерек өліп қалады. Көбінесе 15-30 жылға дейін ғана өмір сүреді. Шабдалы – жарықсүйгіш өсімдік, көлеңкелі жерде жемістері кішірейіп, дәмсіз болады. Шабдалы тұқымнан және вегативті тәсілмен – қалемшелеу, ұластыру арқылы көбейеді. Шабдалыны отырғызған кейін 3-5 жылдан соң жеміс бере бастайды. Әр ағаш 30 кг - 100кг-ға дейін жеміс бере алады.

 

Шабдалы

 

      Ғылыми топтастыруы

Дүниесі:

Plantae

Бөлімі:

Magnoliophyta

Табы:

Magnoliopsida

Сабы:

Rosales

Тұқымдасы:

Rosaceae

Кіші тұқымдасы:

Maloideae

Тегі:

Шабдалы

Түрі:

M. domestica


Екі-есімді атауы

Malus domestica




 

 
Иә, иә сіз тауып айттыңыз. Бүгін  біз сіздермен шабдалы жемісі туралы аз-кем сөз қозғайтын боламыз. Шабдалы сіздің сүйікті жемістеріңіздің  бірі болса, жолым болды дей беріңіз.

Шабдалының шығу тарихы күні бүгінге дейін беймәлім және оның төңірегіндегі құпиялар әлі де ақтарылмай келеді.

Ұзақ жылдар бойы, шабдалының отаны – Иран саналған, өйткені «персик» деген атаудың өзі парсы елін нұсқап тұр емес пе?

Ал келесі бір зерттеушілер оның шыққан жерін Қытай деп санайды. Көптеген саяхатшылар жабайы шабдалының тұқымдарын Қытай мен Тибет шекарасынан ұшырастырған.

Еуропалықтарға парсы жерінен  келіп жеткен шабдалы алма мен  алмұрттан кейінгі үшінші орындағы жеміс саналады. Ал итальяндықтарда ол алмұртты артқа тастап үлгерген. 

Армения, Грузия, Әзірбайжан, Орта Азия, Қырым өлкелерінде шабдалының отызға жуық түрі өсіріледі. Олардың басым көпшілігі мамыр-қазан айларының аралығында бүр жарып, гүлдеп, жемісін береді.

Бағзы замандарда шығыс халықтарында шәй демдеу үшін ең жақсы су -  шабдалы гүлінің күлтелерінен ағып түскені, өйткені ол көктемгі қардың суы болып есептелген екен. Мұның себебі, шабдалы ағаштарының гүлдері өте әдемі болғандықтан деген алып-қашпа әңгімелер де аз айтылмайды.

Алайда біздің әңгімеміздегі ең маңызды нәрсе оның гүлдері немесе күлтелерінен аққан тамшы емес, оның жемісі. Қайталанбас хош иісі бар, сары, қызғылт сары көйлек  киген шабдалы жемісі дәл бір тойға бара жатқандай, тіпті еңлік жағып алған десе де болады. Өсіп тұрған шабдалыны көріп, "табиғаттағы бар сұлулықты бойына жинап алғандай екен" деген ойға қаласыз да, «шіркін-ай, үзіп алып жесем ғой» деген ой құшағына еніп сала бересіз.

Шабдалыға ұқсас мутант, нектарин, брюньон сынды өзге де жемістер баршылық, сондай-ақ, шабдалы кейде үлкен өрікке ұқсап кетеді. Ең үлкен шабдалының салмағы жарты келіге жеткен.

Шабдалының құрамында С, Р, В1, В2 дәрумендері, темір, кальций, натрий, тиамин, фтор, фолацин, ниацин, фосфор, марганец, мыс, мырыш, селен және магний, қант, органикалық қышқылдар, түрлі ферменттер, азотты, пектинді заттар, каротин бар және минералды заттар мен микроэлементтерге өте бай.

Фармацевтика саласында шабдалыны пектиндер мен эфир майын алу үшін қолданады. Шабдалыдан тосап, нәрсу, джем жасайды. Ал біз жемісті жеп болысымен, лақтырып жіберетін сүйектерінен «персико» деп аталатын ликер жасайды екен.

 

Мамандар шабдалы иісі адамды түрлі күйзелістерден алып шығады дегенді айтады. Шабдалының ас қорытуда және ішек қызметінің жақсаруына пайдасы мол. Құрамында калий көп болғандықтан, аритмия және басқа да жүрек-қан тамырлары ауруларына және анемияға шипасы мол. Адам бойында тері астында ылғалды ұстап тұратындықтан, әжімді жазып, терінің жасаруына және теріні ағартуға шабдалының әсері көп. Сондықтан шабдалыны бар кезінде көбірек жеген дұрыс.

Шабдалыны қалай таңдаймын?

Білесіз бе, таза піскен шабдалылардың пішіні аздап біртүрлі болып келеді екен. Оны таңдау аса қиын да емес, әбден жетілген шабдалының иісі мүңкіп және аздап басып көргенде былқылдап тұрады.

Соналар мен бал аралары шабдалыны өте дұрыс таңдайды. Апа-әжеңіздің бақшасындағы аралар көп қонатын шабдалыны үзіп жесеңіз, өкінбейсіз.

Тіпті, жақсы піспеген шабдалыға  кезігіп қалсаңыз, өкіне берудің  қажеті де жоқ. Қараңғы және салқын бөлмеге бірнеше күнге қойып  қойсаңыз, әбден болады. Қағаз қапшыққа банан екеуін салып қойсаңыз, пісу кезеңі әлдеқайда тез жүреді.


 

    Таңқурай - раушангүлділер тұқымдасының бір түрі. Биіктігі 1—3 м, сабағы тікенді, жапырағы қалың, атпа тамырлы, көп жылдық шала бұта. Жемісі сүйекті, түсі қызыл, сары. Жемісінің құрамында қант, пентон, органикалық қышқылдар, С, А, В витаминдері, хош иісті заттар бар. Жемісін жеуге және тосап, шырынсу, шырын, шарап, т.б. дайындауға пайдаланады.

Таңқурай  – раушангүлдер тұқымдасына жататын, жартылай бұталы көпжылдық өсімдік. Таңқурайдың бұталары алғашында  шөптесін болып, кейіннен бұтаққа айналады. Жапырағы күрделі пішінді, жиегі аратісті, үстіңгі беті қою жасыл, ішкі жағы ақ түсті. Гүлдері ақ немесе ашық қызғылт болады. Гүлі 5 күлтелі, аздаған гүлшоқтар болып жеке-жеке өседі. Гүлдеуі маусымнан күзге дейін жалғасады. Сондықтан пісу мерзіміне қарай, өнімін жинау бірнеше айға созылады. Жидегі өте нәзік, күлгін- қызғылт түсті. Дәмі тәтті, аздаған қышқылдығы бар. Таңқурай ұсақ сүйекшелерден құралған бірнеше дәндердің бірігуінен тұрады. Жабайы түрінде бұл дәндер бір-бірінен оңай ажыратылып алынады. Ал, екпе түрлерінде сүйекшелері бірігіп кеткен тәрізді болып көрінеді. Жалпы пісу кезеңі шілде, тамыз айлары. Нәзік хош иісті. Табиғатта таңқурай аралас ормандарда, қылқанжапырақты ағаштар арасында жақсы өседі. Өзен аңғарларында, бұталардың арасында, көлеңкелі, ылғалды жерлерде кездеседі.

Таңқурай құрамында адам ағзасы үшін пайдалы заттар өте көп, атап айтқанда: аскорбин қышқылы, глюкоза, органикалық қышқылдар, спирттер, кетондар, ақуыздар, пектиндер, азот қоспалары, илік заттар,С, А, В топ дәрумендері. Таңқурайдан жасалған қайнатпаны дене қызуын түсіруге, несеп жүргізуге, бүйрек тасын шығаруға, іш ауруына, қант диабетіне, өт айдауға пайдаланады. Гемоглобин мөлшерін арттыру, қан тоқтату, суық тигенде дене қызуын басуға, іш тоқтатуға, қан аздыққа, жүйке ауруларына, бронхитке, жөтелге қарсы қолданады. Таңқурай жемісін табиғи қалпында немесе кептірілген күйінде қайнатып, сусын жасап, қыста тұмау кезінде пайдаланады. Әсіресе, тибет медицинасында таңқурайдың жапырағы, жемісі және сабағы қолданылады. Жапырақтарын бұқтырып шайдың орнына ішеді. Сонымен қатар таңқурайдан тосап, сусын, шырын, джем жасайды. Кондитерлік тағамдарға қосады.

Таңқурайды халық тамаша дәмі мен жемісінің нәзік, тәтті хош исі үшін жақсы көреді әрі ерекше бағалайды.  Оның гүлдері ақ, болар-болмас сезілетін жағымды хош иісті болып келеді. Жапырақшаларында гүл тостағаншасының жеке жапырағы шамалы ғана,  көптеген аталық және аналық сабақтардан тұрады. Таңқурайдың жаппай гүлдеуі мамырдың аяғы мен маусымның басына қарай (көктемнің шығуы  мен жидектің өнген ортасына байланысты) басталады және бұл науқан екі-үш аптаға созылады. Таңқурайдың жемістері ауа райына байланысты әртүрлі уақыттарда піседі.

Біздің елімізде негізінен таңқурайдың қызылжемісті сорты көп тараған. Олардың арасында маусым кезінде  2 мәрте – жазда және күзде жеміс беретін ремонтантты сорттар да бар. Сондай-ақ, соңғы жылдары қаражемісті «Кумберленд» таңқурайы мен сарыжемісті таңқурайды өсіретіндер де көбейе бастады.

Таңқурай – көпжылдық тамыр  жүйелерінен және біржылдық пен  екіжылдық өркендер түріндегі жерүсті  бөлігінен тұратын бұта. Таңқурайды бақшада жеке-жеке, мәселен қоршау бойына 2-3 қатарға отырғызған жөн. Қоршау маңында ол желден қорғанады, ол жерге қар ерте түседі әрі қыстыгүні жидек қардың қалың қабатымен көмкеріледі. Таңқурайды отырғызу жоспарланған учаскеде  көктемгі жинақталған су болмауы керек, өйткені ол артық дымқылдықты көтере алмайды.

Таңқурайды күзде де, көктемде де отырғызуға болады. Көктемде оны  үсік түсу қаупі басым болған жағдайда және қысқы қар жабыны жұқа болғанда отырғызады. Оны қатарлап отырғызған жөн, қатарлар арасы 1,5-2 мжәне қоршауға1,5 мжетпеуі  (учаске шетіне қарай) керек. Егер отырғызу барысында тыңайытқыш толық мөлшерде себілсе, онда отырғызылғаннан кейінгі 2 жылда таңқурай тыңайтқышты қажет етпейді.

Таңқурайды өсірудің екі түрі тараған  – жеке бұталарды сақтай отырып және шұбыртып отырғызу. Бұтаны қалыптастыру барысында әрбір отырғызылатын  орынға екінші жылдың аяғына қарай мықты 8-10 өскінді қалдырып отырады, қалған осал өскіндер мерзім сайын алынып тасталынады. Таңқурайды шұбыртып орналастыру өсімдік жолақтарын құрудан басталады. Ол үшін жолақтардың сыртындағы барлық өскіндерді үнемі алып тастап отыру керек, ал жолақтың ішінде тек артық осал өскіндерді алады. Өсімдікті шұбыртып өсіру әдісі өте жоғары жеміс алуға септігін тигізеді,  ал лентаның өзі жанды дуалдың қызметін атқара алады. Таңқурай бір жерде 15-20 жылға дейін өсе алады, бірақ аса жемісті кезеңі 10-12 жылдан аспайды.

Бұқара халық таңқурайды жақсы  көреді және тіл үйірер дәмі мен  нәзіктігін, хош иісін ерекше бағалайды. Осындай құрметтің арқасында "жидектердің патшасы" деген атаққа ие болып отыр. Ол үй іргесіндегі аумақтарда, ұжымдық бақшаларда өсуге жақсы бейімделген. Сұраныс бойынша, бүлдірген мен қарақаттан кейінгі үшінші орында тұр. 

Археологиялық деректер үңгірді мекен  еткен ежелгі адамдардың таңқурайды қорек еткендігін көрсетеді. Паладий олардың б.з.д. ІV ғасырларда болғандығын жазып кеткен. Грек мифологиясына сүйенер болсақ, таңқурайдың бастапқы түсінің ақ болғандығын байқаймыз. Күндердің-күнінде Юритер Құдай қаһарына мініп, айналасындағыларды әбігерге салады. Не істерін білмеген нимфа Ида таңқурайды теріп әкеліп, ашуын басуды ойға алады. Асығып-үсігіп жүрген Ида оның сабақтарындағы тікендерге саусағын тіліп алады да, қанның қызыл түсі ақ таңқурайды бояп тастайды. Осылайша, таңқурай мәңгілік қызыл болып қалған деген аңыздар бар.

Батыс Еуропада жидек туралы деректер тек ХV ғасырларда ғана кездессе, Америкада  ХVІІІ ғасырлара ауызға алынады.

Таңқурай Ресейдің еуропалық бөлігінде, Сібірдің біршама аумағында, Қазақстан  және Қырғызстан тауларында, Оралдың  барлық жерінде өседі. Ақ түсті гүлдері мамыр айының соңы мен маусым айының басында гүлдеп, үш-төрт апта бойы жайқалып тұрады.

Таңқурайдың бірнеше сорты бар  және оның түстері де әртүрлі болып  келеді. Қара, күлгін, қызыл, алқызыл, ақ, кәріптас түсті жидектерді өзіңіз де көрген боларсыз. Жинау уақыты да біркелкі емес, бәрі де сортқа байланысты. Көктемнің соңынан күздің соңына дейін жеп үлгеріп қалуыңызға мүмкіндік бар.

Славян халықтары таңқурайды мейірімділіктің нышаны деп санайды. Жидектің қызыл шырыны мейірімділіктің бастауы болатын жүрек жұмысын жақсартатын көрінеді. Ал Филиппин жерінде таңқурай сабақтарын үйдің сыртқы қабырғасына іліп қояды. Бұған себеп болған оның сабақтары теріс күштерден қорғайды деген сенім екен. Германияда оларды аттарды жусату үшін пайдаланған (шамасы оны дуаланған жидек деп ойлаған болуы керек). Сабақтарын аттың денесіне байласа, атты тыныштандырған. Кейбір халықтарда түлкінің терісінің түсі осы таңқурайды көп жегендігінен деген түсінік бар. Және аю да біздің сүйікті жемісімізге ғашық деседі.

Таңқурайдың құрамында қант, пентон, органикалық қышқылдар, С, В, РР, D, E, K, A дәрумендері, жасұнық, калий, мырыш, фосфор, кальций, йод, цинк, хром, кобальт және хош иісті заттар бар. Халықтық медицинада оны ежелден бері ем-дом үшін пайдаланады. Жапырағы да, гүлдері де, жидегі де емдік қасиеттерге өте бай.

Құрамындағы химиялық заттар қатерлі  ісік және жүрек қан-тамырлары, асқазан, тұмау ауруларымен жақсы күреседі. Ұмытшақтыққа да, қан аздыққа да, көз көру қызметіне де аса пайдалы.

Информация о работе Жемистер