Жас ерекшелік психологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Февраля 2014 в 13:10, реферат

Краткое описание

Адам дамуын кешенді түрде зерттеу, барлық кезеңде ғалымдардың тіпті кез-келген адамның қызығушылығын тудырған өзекті мәселелердің бірі болды. Жас ерекшелік психологиясының зерттеу аймағының келтірілген мәліметтеріне сүйене отырып, біз күнделікті өмірде жинақталған тәжірибемізбен салыстырып, кейде сәкестендіріп, кейде қарама-қайшылықтармен кездесіп отырамыз.

Прикрепленные файлы: 1 файл

реферат1.docx

— 27.96 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі Орталық  Азия Университеті

 

 

 

Реферат

Тақырыбы : Жас ерекшелік психологиясы

 

 

 

 

 

                                                           

                                                                        Орындаған:Рахмет А.Н

                                                                        Тексерге: Абдильдаева К.

 

 

 

 

 

Алматы 2014

Адам дамуын кешенді түрде зерттеу, барлық кезеңде ғалымдардың тіпті  кез-келген адамның қызығушылығын  тудырған өзекті мәселелердің бірі болды. Жас ерекшелік психологиясының  зерттеу аймағының келтірілген  мәліметтеріне сүйене отырып, біз  күнделікті өмірде жинақталған тәжірибемізбен салыстырып, кейде сәкестендіріп, кейде  қарама-қайшылықтармен кездесіп отырамыз. Сыни көзқарас көмегімен біздің қазір  кім екенімізді, болашақтан не күтетінімізді  анықтап, пайдаланып отырамыз. Жас ерекшелік  психологиясы жалпы психологияның  бір саласы болып табылады. Жас  ерекшелік психологиясы мен даму психологиясы бір-бірімен тығыз  байланысты, сонымен қатар өзіндік  ерекшеліктеріде бар. Жас ерекшелік  психологиясы әр түрлі жас кезендеріндегі балалардың психикалық ерекшеліктерін зерттейтін болса, даму психологиясы баланың  психикалық даму заңдарын зерттейді.Жас  ерекшелік психологиясы баланың  бір жас кезенінен екінші жас  кезеңіне өтердегі сандық, сапалық  көрсеткіштерінің салыстымалы қатынасын  анықтайды.Бұл өзгерістер биологиялық  дамумен, психо-физиологиялық жағдайына, өмір сүру ортасына байланысты.Бұл  өзгерістердің эволюциялық, революциялық, ситуациялық деп аталатын түрлері бар.

 Эволюциялық өзгеріс өмір  барысында сандық , сапалық қасиеттерінің  қалыптасуы.

Революциялық өзгеріс терең  және тез, аз уақыт ішінде жүріп өтеді.Ол баланың дағдарыс кезеңіне сәйкес келеді.

Ситуациялық өзгеріс баланың психикасында ұйымдасқан және ұйымдаспаған үйрету және тәрбиенің әсерінен пайда болады.

Эволюциялық өзгеріс пен революциялық өзгеріс берік, нақты бекінген болып  келеді.Ал ситуациялық өзгеріс жаттықтыруды қажет етеді.

Жас ерекшелік психологиясының  негізі ұғымдарының бірі – жас(возрост) Әрбір жаста сол кезеңге сай  өзгешеліктер болады және ол келесі жаста  қайталанбайды. Жас ерекшелік психологиясы бірнеше бөлімдерге бөлінеді: мектепке дейінгі жас психологиясы, бастауыш мектеп жасындағылар психологиясы, жасөспірім психологиясы, қарттық жас психологиясы т.б.

Жас ерекшелік психологиясының  зерттеу обьектісі – адамның  дүниеге келген күнінен бастап, қартайғанға  дейінгі әр түрлі жас кезеңдеріндегі психологиялық ерекшеліктерін, даму үстіндегі адамның психикалық  процестері мен психологиялық  қасиеттерінің онтогегезін зерттеу. Жас ерекшелік психологиясының негізгі мәселелеріне балалардың психикалық, қарым-қатынастық дамуы, ағзаның анатомиялық,физиологиялық дамуы немесе сыртқы ортаның әсері жатады.

Жас ерекшелік психологиясы мақсаты  –бүкіл өмірлік жолында адам дамуының тенденциясын, заңдылықтарын, процесстерді басқа ғылым салаларының зерттеу тлеріне сүйене отырып қарастыру, адам дамуына ықпалын тигізетін биологиялық, антропологиялық, әлеуметтік, психологиялық факторларды ескере отырып, оның ағзасын барлық жастық кезеңде, стадиясында зерттеу болып табылады. Біздің кім екенімізді, әлемге қандай қатынаста болатынымызды анықтайтын адамдық қарым-қатынасқа ерекше мән беріледі. Бұл саланың мәні мынада- барлық адамдар өз болмысынан әлеуметтік болып табылады. 

Жас ерекшелік  психологиясының  шығуы және дамуы туралы қысқаша  мәлімет.ХІХ ғасырдың ортасына дейін  бала психологиясы жалпы психологиядан  бөлінбей, сол пәнмен қатар дамыды.Кейіннен барып жалпы психологиядан бөлініп, оның бір ғылым   саласына айналды.Оның ғылым болып қалыптасуына әсер еткен  басты себептер мыналар:

1.Биологиядағы «даму» туралы идеялар мен жазбалардың пайда болуы.

2.Туылған күннен бастап, күнделіктер жазып, оған талдау беру.

3.Балалар психологиясын зерттеуде эксперимент тәсілдерінің кеңінен қолданылуы.

Ч.Дарвин өз заманында жануарлардың мінез-құлқын зерттеумен айналысып қана қоймай, өзіне қажет деген материалдармен қатар, жануарлардың баласы мен адам баласының арасында ұқсастық барма деген мәселені көтерген.Осыған орай Ч.Дарвин өз баласына күнделік жазды.ХХ ғасырдың бас кезінде психологтар арасында балаларға күнделік жазу өріс ала бастады.Сол кезеңде неміс психологі В.Штерн әйелімен бірлесіп өз баласына ұзақ уақыт күнделік толтырып, сол күнделік кейіннен дүние жүзі тілдеріне аударылды. Осы ғасырдың бас кезінде АҚШ психологтары Келлогтар баласымен қатар шимпанзе баласын асырап, бірге үйретті.4 жыл қатарынан күнделік толтырып, кейінен осыған негіздеп «Адам және шипанзе балалары» атты кітап жазды.Бұл жүргізілген зерттеулердің мақсаты – маймылды адам айналуына болатынын не болмайтынын анықтау болды және бала психикасынан жануар психикасынан өзгеше келетіндігін анықтау еді.Күнделіктер арқылы табылған фактілерден бала психологиясы туралы мәліметтер дамып, соның нәтижесінде бала психологиясының өз алдына отау тігіп қалыптасуына ықпал етті.

Күнделік жүргізумен қатар ХІХ ғасырдың аяқ кезінде және ХХ ғасырдың бас кезінде бала психологиясые зерттеуде эксперимент әдісі кеңінен қолданылып,осы саланың жалпы психологиядан бөлінуіне әсер етті.Бала психикасын эксперименттік  әдіс қолданып зерттеуде еңбек кеткен ғалым- психологтар – А.Бине, В.Штерн,К.Кофкка, Ж.Пиаже болды. Бұлар экспериментті әртүрлі жастағы балаларға қолданды.Ж.Пиаже 1916 жылдан бастап балалардың ой-өрісін зерттеуді бастады. Қазіргі кезде оның зерттеулерін дүние жүзінің ғалымдары басшылыққа алады.Ж.Пиаже Женева қаласында балалардың ой-өрісін зерттеуді жалғастырып, эпистемология ілімінің негізін қалады. ХІХ ғасырдың аяқ кезінде және ХХ ғасырдың бас кезінде жас ерекшелік психологиясы педология ғылымымен  тығыз байланыста дамыды.Педология – балалар туралы ғылым, негізін қалаған американ психологы Г.С.Холл. Г.С.Холл 1983 жылы Балтимор университетінде алғаш рет эксперименттік лаборатория ұйымдастырды, бұнда балалар псиологиясы, әсіресе жасөспірімдер психологиясын зерттеуді бастады,Сонымен бірге Г.С.Холл психологиялық даму туралы алғаш рет журнал шығарды.Г.С.Холл өз лабораториясында жас өсірімдер мен жеткіншектердің әр түрлі психикалық қасиеттерін зерттей бастады.Г.С.Холл балалар психикасын зерттей отырып, мынадай қорытындыға келді.Бала психикасының негізі Э.Геккель салған биогенетикалық заңда жатыр деді.

Жас ерекшелік психологиясында жас кезеңдеріне топтастыру мәселесі.

Балалардың жас ерекшеліктерін есепке алу – оқыту мен тәрбие жүйесіндегі негізгі принциптердің бірі.Оқыту мен тәрбие беру ісінде бұл принципті мұғалім әр уақытта басшылыққа алады.Балалардың жас ерекшеліктеріне сай мектептің ішкі тәртіп ережелері, сабақ  және тәрбте жұмыстарының кестелері, оқу жоспарлары мен бағдарламалары және тәрбие жұмысының бағдарламасы жасалынады.Оқу мен тәрбие жұмыстарының барысында балалардың жас кезеңдерін есепке алу қажетті шарттардың бірі.Соңғы жылдардың ішінде бүкіл дүние жүзінің ғалымдары жас кезеңі мәселесіне аса көңіл бөлуде.Бұл мәселе жөніндегі зерттеу мәліметтері әлі де болса бірыңғай көзқарастардың жоқтығын көрсетеді.Жас кезеңдерінің шекарасын ажырату әліде толық зерттелмеген мәселелердің бірі.Бұл мәселе жөнінде әдебиет беттерінде көптеген талас пікірлер айтылып жүр.Мәселен, кейбір ғалымдардың пікірі бойынша жас кезеңінің негізі жыныс бездерінің жетілуіне, дене қарқынының өсуіне байланысты десе, кейбір ғалымдар адам жасын тіс аттарына қарап топтастыруды ұсынады.Біздің еліміздің ғалым педагогтары балаларды білім және тәрбие беретін мекемелердің типтері бойынша жас кезеңдеріне бөледі. Мәселен, балабақша жасындағы балалар, мектеп жасындағы балалар т.б.Балаларды жас кезеңдеріне осындай сатыда бөлу, практикада үйреншікті ұғымға айналған.Бірақ бұл ұғым әліде болса ғылыми негізде толық дәлелденбеген. 1965 жылы сәуір айында Москвада бүкіл дүние жүзілік симпозиум болды.Симпозиум жұмысына КСРО,Англия, Болгария, Польша, Чехословакия және Швеция елдерінің белгілі ғалымдары қатысты.Бірнеше күнге созылған симпозиум жас кезеңдерін бір ізге салу мақсатында 12 сатыдан тұратын схема ұсынды.

1. жаңа туған бала                                1 күннен 10 күнге дейін

2. емшек жасындағы бала                    10 күннен 1 жасқа дейін

3. ерте балалық шақ                             1 жас-3 жас

4. бірінші балалық шақ                        4 жастан- 7 жасқа дейін

5. екінші балалық шақ                          8 жастан- 12 жасқа дейін (ер бала)

                                                                8 жастан- 11 жасқа дейін (қыз бала)

6.  жеткіншектік шақ                              13жастан- 16 жасқа дейін

7.  жасөспірімдік шақ                            17 жастан- 21 жасқа дейін (ер бала)

                                                               16 жастан- 20 жасқа дейін (қыз бала)

8.  кәмелеттік жастың бірінші кезеңі     22 жастан- 35 жасқа дейін (ер)

                                                                21 жастан- 35 жасқа дейін (әйел)

9.  кәмелеттік жастың екінші кезеңі      36 жастан- 60 жасқа дейін (ер)

                                                               36 жастан- 55 жасқа дейін (әйел)

10. кексе жас                                          60 жастан- 74 жасқа дейін (ер)

                                                               56 жастан- 74 жасқа дейін (әйел)

11.қарттық жас                                     75 жастан – 90 жасқа дейін

12. ұзақ жасау                                       90 жастан жоғары.

Соңғы жылдары сипозиумда қабылданған жас кезеңдерінің схемасына қайтадан  өзгерістер енгізілді. Адамның өмірлік жолы

Пренатальды кезең – ұрықтанғаннан бастап баланың туылуғанға дейін

Нәрестелік – туылғаннан 18-24 айға дейін

Алғашқы өмірдің 2 жылы-12-15 айдан 2-3жасқа дейін

Ерте балалық шақ – 2-3 жастан 5-6 жасқа дейін

Орта балалық шақ – 6 жастан 12 жасқа дейін

Жасөспірімдік және жастық шақ – шамамен 12жастан 18-27 жасқа дейін

Ерте ересектік  – 18-27 жастан 40 жасқа дейін

Орта ересектік  - 40-тан 60-65 жасқа дейін

Қарттық – 60-65 тен өлгенге дейін

 

 

Нәрестелік шаққа жалпы сипаттама

Бала дүниеге іштен пайда болған қасиеттермен келеді. Оны қоршаған адамдар оған барлық жағынан  көмегін тигізеді. Олар балаға физиологиялық дамуына жағдай жасап, қоғамдық өмірге бейімделуін үйретеді. Нәресте ана құрсағында болғанан бастап сенсорлы және қозғалу қабілетіне негізделген –инстинкттермен дүниеге келіп әріқарай дамиды.1-2 күн болған нәресте  химиалық заттарды дәмі арқылы айыра алады. Алғашқы бірінші-екінші айларда аузына жақындаған затқа басын бұрады, сырт жағына бір нәрсе тигенде қолын жұмады. Қозғалыстағы обьектіге көзімен қарап, басын бұрады. Туғаннанн балада ему, қорғану, бағдарлау, жармасу, қозғалыс әрекеттері дамып отырады.Жаңатуған баладағы бас миының  нерв клеткалары үлкен адамдардікімен бірдей тек олар әлі жетілмеген және бір-бірімен байланысы әлсіз болады.Бірнеше жыл бойына бас миы мен ағзасының мүшелері дамиды да мектепке келегенде аяқталады. Бас миының қалыптасуы, дамуы сыртқы әсерлермен әртүрлі жағдайлар, қоршаған ортасына байланысты болады. Зерттеулердің қорытындысы бойынша жарты күннің ішінде баланың бас миында әртүрлі түстер әсерінен электрлі потенциал пайда болады. Осыдан бастап мида шартты рефлекс қалыптаса бастайды.

Нәрестелік шақтағы денелік  және моторлық даму. Нәрестенің моторикасы туғаннан күрделі қалыптасу жолынан  өтеді. Моторика дегеніміз-адамныңбиохимиалық, физиологиалық, психология аспектілерін байланыстыратын қимыл әрекеті. Туғаннан он екі айға дейінгі баланың  қимыл қозғалыс әрекеті өте шапшаң деңгейде дамиды. Нәресте кезінде  қозғалыс әрекетінің қиын түрлері, қолмен аяқтың сенсорлы қабілеттері тез  қалыптасады Бұл қимыл әрекетінің дамуы оның алдағы уақыттағы танымдықжәне интелектуалдық қабілеттерінің қалыптасуына үлкен мңызды болады. Ағы мен қолының  қимылы арқылы бала айналадағы дүние  туралы мәлімет алады. Күрделі қол  қимылдары ойлаудың бастапқы формасы  болып табылады. Баланың үлкен  импульсивті белсенділігі оның алғашқы  жұмасында бақыланады. 3-4 айлығында  заттарға тартылып  үлкендердің  көмегімен отыра алады. 5 айында қозғалмайтын заттарды ұстай алады. 6айында отырғышқа  өзгенің көмегімен отыра алады. 7 айлығында өзгенің көмегінсіз отырып, ал 8 айлығында еңбектейді де 9 айлығында  өзгенің көмегінсіз тұрады,  10 айда өзгенің  көмегімен жүреді, 11 айда көмексіз тұрадыда 12 айда жүреді.

Нәрестенің жеті айлығына дейін  барлық заттарды ұстауға тырысады. Ал жеті айдан кейін өзіне ұнаған заттарды ғана ұстайды. Бұдан балада сенсоматорлы координацияның қалыптасқанын  көруге болады.қолдың әрекетімен көздің бір-бірімен байланысы сенсомоторлы координацианың пайда болуынан бұрын  қалыптасады. Баланың затты ұстауы қолына ұстауы арқылы аузына апару  мақсатымен жасалады. Алғашқыда бала кездескен затты ұстайды, содан  кейін ол мақсатты түрде ұмтылып  онымен ойнайды. Ашық тартымды зат ол әрекетін қайталау  арқылы қайта  жаңғырта алады. Ол алғашқы 6 айда қалыптасады. Ал 6 айдан кейін үлкендердің қимылын  қайталап еліктейді. Көзі арқылы айналадағы дүниені үйренеді өз қимылын бақылайды. Нәрестелік кезеңнің соңына қарай баланың  актуальды мәселелерін қанағаттандыру мен үлкеннің көңілін өзіне аудару мақсатында қимыл жасайды. Оған біріншіден үлкенге бағытталған мимикамен  понтамимиканың көрсетілу жестары  жатады. Адамға сезім мүшелерінің  ішіндегі ең негізгісі көз. Қөзбен қабылдау балада тез дамиды. Екі айда қарапайым түстерді айырса, 3-4 айда заттың формасын қабылдайды. 2 айлығында бала адамдарды айыра алады.және эмоциональды жауап береді.2-3 айда күлімсіреген анасына күлкімен жауап береді. Оны жадырау комплексі деп атайды.Жадырау комплексінің алғашқы түрлері 2айда –көңіл аудару, күлімдеу, дыбыс шығару болса 3 айда бұл элементтер қосылып бір уақытта көрінетін болады.

Нәрестелік шақтағы когнитивтік  даму . Дүниеге келгеннен бала дауыстың қаттылығын, жоғарылығын, тембірін қабылдай алады.Ал заттарды есінде сақтай алу  қабілеті де жасқа дейін қалыптасады. 8-12 айда көру аймағындағы затты жалпылай және жеке-жеке айыра алады.Ж.Пиаже  баланың сенсорлы дамуын мынадай  стадияға бөлді. 1.Қимылсыз заттармен  әрекеттесу стадисының құрылымына а) бала әрекеті арқылы бұрынғы(1-4) сезімін  қайталайды,б)біріккен операция стадиясында  көрген заттарына құбылысына қарап  қайта жаңғыртады. в) (8-12) әртүрлі  обьектінің бөліктерін бір әрекетті қайталау арқылы мақсатты әрекет жасайды. г) (12-18) Мұнда сол обьектіні түрлі  жаққа қозғалту қабілеті. Бұл стадияға баланың тамақтану, әлеуметтік қарым-қатынасы , сөйлеуі жатады. 1 жастың аяғында  балада  ойлаудың алғашқы белгілері  сенсоматорлы интелект пайда болады. Алғашқы айларда бала үлкендер сөзіне еліктеп адам дауысын өзге дыбыстардан  айыра алады. 1 айда қарапайым дыбыстар а-а- а, у-у, ә-ә, 2айда гуілдейді.6 айда қарапайым сөздер шығара бастайды. Нәресте сөзге қарағанда адамның мимикасымен жестін тез түсінеді. Ол мимика мен жестіні қабылдау адамның туа біткен қасиеті. 6 –айдан кейін бала қабылданған затты атымен байланыстыра алады.10айда эмоциональды жестілермен  тілдік  қатынаспен қатар балада заттық қарым-қатынас дамиды.

Информация о работе Жас ерекшелік психологиясы