Жара дифтериясы,сібір жарасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2015 в 20:52, реферат

Краткое описание

Сібір жарасы лат - anthrax pustula maligna) бактериалды зоонозды антропургиялық аса қауіпті, қоздырғышы қарым-қатынас (жанасу) механизмі арқылы берілетін, тері қабатының кабункул тәрізді зақымдалуымен, ауқымды ісікпен, ауыр интоксикациямен сепсистің дамуымен сипатталатын жұқпалы ауру. Қоздырғышы – Bacillus anthracis ірі, грамм оң , капсула және спора түзетін, факультативті аэробты таяқша.

Содержание

Кіріспе
Сібір жарасы
Негізгі бөлім
Этиологиясы
Патогензі
Клиникасы
Емі

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қазақстан Республикасының Денсаулық Сақтау Министрлігі.docx

— 25.69 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасының Денсаулық Сақтау Министрлігі.

Оңтүстік Қазақстан Мемлекттік Фармацевтика Академиясы

 

 

                        Хирургиялық пәндер кафедрасы.

 

 

   СӨЖ

Тақырыбы: Жара дифтериясы,сібір жарасы.        (Сібір жарасы.)

 

 

 

 

 

                                                          Орындаған: Сатыбалды Ә

                                                           Тобы: 402 Б МПД

                                                          Қабылдаған: Илимова Ә

 

                       

                                      Шымкент 2014-2015ж

                      Жоспар

  • Кіріспе

  • Сібір жарасы

  • Негізгі бөлім

  • Этиологиясы

  • Патогензі

  • Клиникасы

  • Емі

 

  • Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сібір жарасы лат - anthrax pustula maligna) бактериалды зоонозды антропургиялық аса қауіпті, қоздырғышы қарым-қатынас (жанасу) механизмі арқылы берілетін, тері қабатының кабункул тәрізді зақымдалуымен, ауқымды ісікпен, ауыр интоксикациямен сепсистің дамуымен сипатталатын жұқпалы ауру. Қоздырғышы – Bacillus anthracis ірі, грамм оң , капсула және спора түзетін, факультативті аэробты таяқша. Табиғатта екі түрде – вегетативті және спора түзген кезде кездеседі. Спора түрінде тек абиотикалық ортада ғана, ал вегетативті түрде тек жануарлар және адам организмінде болады. Спора түріндегі микробтар өте төзімді. Олар суда бірнеше жыл, топырақта бірнеше ондалған жылдар бойыны сақтала алады. Споралар қолайлы қоректік, температуралық ылғалдылық жағдай туғанда көбейіп, қайта споралық күге ауыса алады. Сөйтіп абиотикалық ортада ошақтылықты сақтап тұрады. Споралар 120-140 °С құрғақ ыстықта 1-3 сағатта жойылады, автоклавта 180°С – 24 минутта, 1%формалин ерітіндісінде 2 сағатта жойылады, 4% хлораминнің белсіндірлген ерітіндісі, 6%сутегінің асқан тотығы спорациттік әсер етеді.

 

 

Жұқпа көзі және қоздырғыштың резервуары шөп қоректі жануарлар (сиыр, жылқы, түйе, ешкі, қой, шошқа т.с.с.) Жануарларда ауру негізінен ішектік және сепсистік түрде өтеді. Қоздырғыш ауру малдың организмінен зәрімен және нәжісімен бөлінеді. Ауру мал залалдылығын жазылғанша немесе өлгенше (80% дейін) сақтайды. Өлген жануарлар эпидемиологиялық талаптарға сай көмілмесе үлкен қауіп төндіреді. Өлген малдың денесі 7 күнге дейін залалды. Ауру малдан алынған өнім (жүні, терісі, мүйізі, т.б.) көп жылдарға дейін қаіптілігін жоймайды. Ауру адамның эпидемиологиялық қауіптілігі аурудың клиникалық формаларына байланысты. Терілік формасы қауіпсіз саналады. Біріншілік немесе екіншілік (сепсистік) өкпелік формалары және ішек формасы қауіпті. Жануарлар организміне қоздырғыш нәжіспен, зәрмен, қанмен, ластанған шөп, шаң арқылы енеді. Адамға қоздырғыш негізінен (95% астам жағдайда ) жанасу механизмі арқылы беріледі. Қарым-қатынас (жанасу) тікелей болуы мүмкін (ауру малды сою, жүндеу, терілеу т.с.с.) немесе шаруашылық құралдары, шөп арқылы болуы мүмкін. Біріншілік берілу факторлары- зәр, нәжіс, қан, ет, тері, жүн; екіншілік- саймандар, шөп, жем, т.с.с.) 5% жағдайда қоздырғыш адам организіміне аэрозольді немесе тағам жолымен енеді. Ауа-шаң (аэрогенді) жолы ауыл шаруашылық қызметкерлері арасында, техникалық қызметкерлер арасында жүзеге асуы мүмкін.

Инкубация кезеңінің ұзақтығы терілік формада бірнеше сағаттан 14 күнге дейін, сепсистік формада 6-8 күн. Аурудың екі клиникалық түрі болады: 1. жергілікті (карбункулезді, эдематозды, буллезді, эризипеллоидты) түрлері 2. сепсистік (өкпелік, ішектік) түрлері. Ең жиі кездесетін түрі карбункулезді түрі. Дененің ашық жерлері зақымдалады.

Қоздырғыш енген жерде алдыменен диаметрі 1-2 см, қызыл-көкшіл түсті, ауырмайтын дақ пайда болады. Сол жер қышиды, ашиды. Бірнеше сағаттан кейін, дақтың орнында мыстың түсіндей папула пайда болады. 12-24 сағаттан кейін іші серозды, соңынан қанды сұйықтыққа толы везикулаға айналады. Осы везикула жарылғаннан кейін, жиектері көтеріңкі, түбі қоңыр түсті жараға айналады. Осы кезден бастап оны карбункул деп атаймыз. Жараның айналасы қызарып, ісіп тұрады. 1-2 аптадан кейін карбункулдың ортасы қарайған тығыз, ауырмайтын некрозды струпқа айналады. Осы струп, айналасындағы қызарған терінің фонында, (қызыл шоқтың ортасындағы көмір) тәрізді көрінеді. Сондықтан оның аты грек тілінен аударғанда «anthax – көмір» деген мағынаны білдіреді. Оның айналасында сезімдалдық мүлде болмайды. Лимфа түйіндерінің ұлғаюы болады. 2-3 аптаның соңына қарай струп түсіп орны тыртықанады. Карбункулдың ең көп ораналсатын жері- аяқ, қол, мойын, желке. Жергілікті қабыну процесі кезінде ағзаның жалпы улану белгілері болады. Әлсіздік, шаршағыштық, басының ауыруы, дене қызуы субфебрильдіден, 39-40ºС-қа дейін көтеріледі. Процестің сепсиске ұласуы қоздырғыштың тыныс алу, асқазан ішек жолдары рақылы енген жағдайында дамиды. Терілік формада процестің сепсиске ұласуы сирек кездеседі.

Адамда ауру 90-95% дейін терілік формада болады . Терілік форма 80% жағдайда жеңіл түрде, 20% - ауыр түрде өтеді. Емделмеген , кеш емделген терілік түрде өлім 5% дейін жетеді. Ішектік формада ауру ауыр интоксикациямен, геморрагиялық энтероколитпен еөрініс береді, процесс аз уақытта сепсиске ұласады. Өкпелік түрінде ауыр геморрагиялық плевропневмония дамиды. Өкпелік-ішектік формаларында өлім 80-100% дейін жетеді.

 

 

Науқасты міндетті түрде стационарда бокста емдейді. Этиотропты ем. Антибиотиктер: пенициллин, жайылмалы түрінде 16-20 млн ЕД тәулігіне, тетрациклин, левомицетин, стрептомицин, неомицин, ципрофлоксацин, доксициклин, гепатомицин. Иммунотерапия – түйнемеге қарсы иммуноглобулин – 20лігіне. Дезинтоксикациялық ем: тұз ерітінділері, гемодез, полиглюкин. Жүрек гликозидтері. В,С, тобының витаминдері, оксигенотерапия, карбункулды кеспеу керек. Науқасқа күтім жасағанда, терінің күтімі, барлық манипуляцияларды ережеге сәйкес орындау қажет. Қолға резеңке қолғап кию керек. Өкпелік түрінде обаға қарсы костюм киуі тиіс. Диспансерлік бақылауда 3-6 ай болады. Арнайы алдын - алу жұмыстары жоспарлы түрде, эпидемиологиялық көрсеткіштерге қарап орындау қажет. Жоспарлы – Ауылшаруашылығы жұмысшыларын, гидромелиоративті өндірісте жұмыс жасайтындарды, құрылысшыларды, геологтарды, егіншілерді, жануарлар шикізаттарымен жұмыс жасайтындарды, ет, сүт комбинаттарында жұмыс жасайтын жұмысшыларды арнайы тексеруден өткізу қажет.

 

 

 

 

Патогенезі


Қоздырғыштың ену жолы:

  • зақымдалған тері

  • тыныс жолдары шырышты қабаты

  • асқазан ішек жолдарының шырышты қабаттары

  • қоздырғыш кірген жерінде және регионарлы лимфа түйіндерінде көбейеді

  • экзотоксин бөледі

  • жергілікті әсер (геморрагиялық-некротикалық қабыну)

  • жалпы әсері (токсемия) интоксикациялық синдром

Жіктелуі


- терілік

-жайылмалы

2 синдроммен өтеді:- интоксикация  синдромы

- ағзалардың зақымдалу  синдромы

Терілік түрі 99%.

Карбункулезді


терінің әр жерде орналасқан ісіктердің дамуымен болатын шырышты қабықтардың және регионарлы лимфадениттің коагуляционды некрозы. Жиі қолда және баста көк түсті дақтар түрінде ашып қышу сезімі болады. Бірнеше сағаттан соң дақ түсі қызыл түсті папулезге, 12-24 сағаттан соң серозды геморрагиялық бөліндісі бар көпіршікке айналады. Көпіршікшашты тараған кезде немесе өз бетімен ашылғанда жара пайда болады, қою қоңыр түсті қабыршақты сибирь жаралы карбункул. Ол тығыз инфильтирленген, гиперемияланған болады. Карбункул жекеленген немесе көптеген болады. Пальпацияда регионарлы лимфатүйіндері ұлғайған, ауырсынумен болады.

Эдематозды түрі:


Эдематозды түрі сирек кездеседі. Кіші көлемді карбункулдың ісінуімен, кейін келе оның некрозы мен мөлшерініңұлғаюы болады. Жұтқыншақтың жұмсақ тіндерінің ісінуіне байланысты асфиксия дамуы мүмкін.

Буллезді түрі


сирек кездеседі. Қоздырғыш түскен жерде өзіне тән размерлі іші геморрагиялық затпен толған көпіршіктің дамуымен сипатталды.

Жайылмалы формасы:


Біріншілік генерализивті түрі:


  • қалшылдап тоңу

  • гипертермия

  • геморрагиялық бөртпелер

  • гемодинамикалық бұзылыстар

Екіншілік генерализивті түрі:


  • қалшылдап тоңу

  • гипертермия

  • интоксикациялық синдром

  • бас ауру, құсу

  • тахикардия, гипотония

  • есінен тану, сандырықтау

  • менингеальды симптомдар

  • геморрагиялық бөртпелер

  • ентігу, цианоз

  • инфекциялық-токсикалық шок

Өкпелік түрі


  • ентігу

  • кеуде клеткасының шаншып ауырсынуы

  • серозды-геморрагиялық қақырық

  • геморрагиялық плеврит

  • тыныс жетіспеушілігі

Ішектік түрі


  • бас ауырып, айналуы

  • қалшылдау, қызба

  • ішінің кесіп ауырсынуы

  • қанмен құсу

  • қан аралас сұйық нәжіс

  • ішек парезі, перитонит

Асқынулары


  • инфекциялық-токсикалық шок

  • өкпе ісігімен бірге жедел тыныс жетіспешілігі

  • ми ісінуі

Диагностикасы


сібір жарасының диагностикасы клинико-эпидемиоллгиялық және лабораторлы мәліметтер негізінде қойылады.

  • бактериологиялық әдіс (карбункул, қан, қақырық, фекалий (нәжістен) жағынды

  • иммунофлюоресценция әдісі

  • аллергиялық әдіс (антроксинмен бірге терілік аллергиялық проба)

Салыстырмалы диагностикасы


  • оба ауруының терілік формасымен

  • туляремия

  • фурункул, тілме

  • пневмония

  • дизентерия

  • жедел панкреатит

Емі


Емі комплексті

Информация о работе Жара дифтериясы,сібір жарасы