Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Июня 2013 в 09:58, реферат
Жануарлар – тірі организмдер дүниесіндегі негізгі екі топтың бірі (екіншісі – өсімдіктер); жүруге және сезінуге бейім тіршілік иесі; негізінен, дайын органикалық қосылыстармен қоректенетін гетеротрофты организмдер. Жануарлар құрылысына қарай бір клеткалы организмдер және көп клеткалылар болып екі топқа бөлінеді. Жер бетінде жануарлар прокариоттар (ядросыз организмдер), балдырлар, саңырауқұлақтардан кейін пайда болған. Палеонтологиялық зерттеулерге қарағанда олардың жасы – 0,8 млрд. жылдан аспайды (1998). Жануарлардың дамуы да қоршаған ортаның эволюциялық дамуына сәйкес қалыптасқан. Эволюциялық өзгерістер сыртқы ортаның өзгерісіне организмдердің бейімделуімен ұштасады.
Жануарлар – тірі организмдер дүниесіндегі
негізгі екі топтың бірі (екіншісі – өсімдіктер); жүруге және сезінуге бейім тіршілік
иесі; негізінен, дайын органикалық қосылыстармен
қоректенетін гетеротрофты орга
I.Жануарлардың бағдарлануы
Жануарлардың кеңістіктегі тіршілік
ету қабілеттілігі; белгілі бір экологиялық
жағдайға бейімділігі. Бағдарланудың
бірнеше түрі бар: 1) оптикалық – көптеген
жәндіктердің полярланған жарық немесе ультракүлгін сәуле арқы
II.Жануарлардың дауысы
Бір түрге, кейде әр түрге жататын жануарлардың
өзара бірін-бірі ажырату және түрлі сезімін
білдіру үшін шығаратын дыбыстары. Бұл
көптеген жәндіктерге, балықтарға, құйрықсызқосмекенділерге (құрб
III.Жануарлардың жүзуі
Жануарлардың жүзуі - жануарлардың суда
тіршілік етуге бейімделуінің бір түрі.
Бұл шартты және шартсыз рефлекстер салдарынан
да қалыптасады. Жануарлар жүзуге әр түрлі
жағдайда бейімделген. Кейбір түрі тіршілігінің
көп уақытын (су жануарлары, қосмекенділер)
суда жүзіп өткізсе, құрлық жануарлары
жолындағы кедергіден, судан өткенде не
суға кенет түсіп кеткенде жүзеді. Жануарлардың
суда жүзіп тіршілік етуге бейімделуі
активті және пассивті болып екі түрге
бөлінеді. Активті түрінде түрлі жүзу
органдарын (қарапайымдар, құрттар – кірпікшелерін,
шаянтәрізділер – мұртшаларын, құстар,
ескек аяқтылар, қамшат және құндыз –
аяқтарын) қозғап жүзеді. Жүзудің пассивті
түрінде жануарлар денесін әр түрлі иіп
(балықтардың көптеген түрлері, құйрықты
қосмекенділер, барлық қосмекенділердің дернәсілі, жы
IV.Жануарлардың қорғаныш бейімділігі
Жануарлардың қорғаныш бейімділігі –
жеке организмнің тіршілік үшін күресте
сақталуына, ұрпақ қалдыруына көмектесетін морфологиялық, фи
V.Жануарлардың қыстап шығуы
Жануарлардың қыстап шығуы – ауа райы
суық және қоңыржай аймақтарда жануарлардың
қыстың қолайсыз жағдайынан сақтануы.
Қыстап шығудағы негізгі қиыншылық –
қорегін табудың қиындауы, қорек қорының
азайып, сапасының нашарлауы. Бұл қиыншылыққа
бейімделу үшін балықтар, құстар, сүтқоректілер
қорек іздеп бір жерден екінші жерге орын
ауыстырады. Кейбір жануарлар, әсіресе,
жыртқыш аңдар (қасқыр, жолбарыс, барыс) қорегін іздеп бірнеше шақырым жерге
дейін кетіп қалады. Арқар, таутеке, елік, т.б. таулы аймақтарда мекендейтін
жануарлар қыс түсісімен қары жұқа, шөбі
мол жерлерге қоныс аударады. Сүтқоректілердің кей
VI.Жануарлардың ұшуы
Жануарлардың ұшуы - организмдердің тіршілік ортасына бейімделуінің бір түрі. Ұшу (жәндіктерді есептемегенде) өте ертеде тіршілік еткен ұшқыш кесірткелер (птерозаврлар) топтарынан бастап байқалады. Жоғары сатыдағы омыртқалылар арасында ұшуға жақсы бейімделгендері – қырлытөсті құстар. Сүтқоректілерден тек жарқанат қана ұшуға жақсы бейімделген. Сүтқоректілердің ішінде қалқып ұшатын түрлері де бар (мысалы, ұшар). Жауынан қорғану үшін ұшатын балықтар да кездеседі (мысалы, ұшқыш балықтар). Ұшу жануарлардың эволюциялық дамуында олардың әр түрлі тіршілік ортасына бейімделуінен пайда болған.
VII.Жануарлардың қоныс аударуы
Жануарлардың қоныс аударуы(латынша mіgratіo – қоныс аудару) – тіршілік еткен ортасының
өзгеруіне немесе көбею кезеңіне байланысты
жануарлардың мекен ауыстыруы. Бұл тұрақты
(маусымдық не тәуліктік) және тұрақсыз
болып екіге бөлінеді. Маусымдық мекен
ауыстыру тіршілік мекеніндегі жағдайдың
әлсін-әлсін өзгеруіне немесе жануарлардың
көбею кезеңіне, ал тұрақсыз мекен ауыстыру
тіршілік ортасының кенет нашарлауына
байланысты болады. Жануарлардың қоныс
аударуы сүтқоректілер, құстар,
VIII.Жануарлардың ұйқысы
Жануарлардың ұйқысы - жылы қанды
жануарлардың қолайсыз жыл мезгілдеріне
бейімделуі. Бұл кезде олар інінде, ағаш
қабығы астында, топырақ арасында жатып,
денесіне қоректік заттар қорын (салмағы
30 – 40% май болады) жинау арқылы тіршілігін
жалғастырады. Жануарлар ұйқысының бірнеше
түрі бар: 1) тәуліктік (мысалы, жарқанаттар, колибр, т.б.); 2) маусымдық – республикамыздың шөл, шөлейтау
IX.Жануарлар анатомиясы
Scheme ant worker anatomy-en
Жануарлар анатомиясы(грекше anatome – кесу, бөлшектеу) – жануарлардың жеке
органдарының, орган жүйелерінің және
организмнің бітімі (формасы) мен құрылысы
туралы ғылым. Жануарлардың тұқымдық ерекшелігін
– тұқымдық анатомия; органдардың орналасуы мен өзара қатынасын
– топографиялық анатомия; организмнің құрылысын жүйелеуді
– жүйелі анатомия; жануарлардың дене
құрылысы ерекшелігін жасына байланыстыра
анықтауды – жас анатомиясы; организмнің
жыныстық дамуы мен өсуін – жыныстық анатомия;
жануарлардың жүрген және бір орында тұрған
кезіндегі сыртқы пішінін – мүсіндік
анатомия зерттейді. Салыстырмалы анатомия
әр түрлі типтер мен кластарға жататын
жануарлар органдарын салыстыра зерттеп,
олардың ұқсастығы мен айырмашылығы болуының
заңдылықтарын, жануарлар дүниесінің
шығу тегі мен тарихи дамуын анықтайды.
Анатомия жөніндегі алғашқы жазба мәліметтер
біздің заманымыздан бұрынғы 6 – 5-ғасырларда
Мысырда,Үндістанда, Қытайда, Г
X.Жануарлар биохимиясы
Жануарлар биохимиясы (грекше bіos — тіршілік, өмір және химия) — жануарлар организмінің химиялық
құрамы және химиялық құбылыстар мен энергиялық
процестер туралы ғылым. Қазақстанда жануарлар
биохимиясы 1940 жылдан бастап дами бастады.
Жануар денесіндегі түрлі ферменттер(мыс., миоглоб
XI.Жануарлар гистологиясы
Жануарлар гистологиясы(грекше hіstos — тін, ұлпа) — жануарлар клеткаларының, оның өте ұсақ құрылымдық құрылысын, тіндерінің шығу тегі мен дамуын зерттейтін биологияғылымының, оның ішінде жануарлар морфологиясының бір саласы. Қазақстанда жануарлар гистологиясының дамуы Алматы малдәрігерлік институтында (қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) гистология кафедрасының ашылуымен тығыз байланысты (1929). 1930— 1960 жылы жануарлардың тыныс алу органдары (Мұхамедғалиев, Т.Мәсенов), 1960 — 1980 жылы жыныс бездері (Мырзамәдиев, т.б.) тін филогенезі мен тін айналасындағы жағдайларға байланысты зерттелді. 1970 — 1980 жылы жалпақ құрттар (трематода) мен жұмыр құрттардың (нематода) жүйке жүйесі (Домбровский, Мырзамәдиев), асқорыту органдары (В.Я. Панин, Б.Шайкенов, т.б.) анықталды. Малдың еті мен өкпесі (Н.Лебедева), сүйегі (В.Матвиенко, т.б.), жүрегі мен қантамырлар жүйесі (Бердоңғаров, т.б.) терісі (І.Шағыров, т.б.) гистология тұрғыдан сипатталып, жүн гистогенезі (Э.Б. Всеволодов, т.б.) анықталды. Қысыр малға қолданылатын тіндік препараттар алынды (М.М. Шахматов, т.б.). 1980 жылдардан жұқпалы және инвазиялық аурулар кезінде мал организмінде туатын субклеткалық өзгерістер зерттелуде.
XII.Жануарлар эмбриологиясы
Жануарлар эмбриологиясы (грек. embryon — ұрық) — Ж-дың ұрықтық немесе эмбриондық дамуын, кең мағынада алғанда жеке организмнің (онтогенезде) дамуын толықтай зерттейтін ғылым. Ж. эмбриологиясы саласындағы ғыл.-зерт. жұмыстары Қазақстанда 1950 ж. Қазақстан ұА-ның Эксперименттік биология (қазіргі “Биоген” жабық акцион. қоғамы) ин-тында, Алматы зоотех.-малдәрігерлік (қазіргі Қазақ ұлттық агр. ун-ті) ин-тында акад. Мұхамедғалиевтің басшылығымен басталды. Республика ғалымдарының зерттеулерінің нәтижесінде құрсақтағы қозы (Шағыров, А.Т. Қазатаев, т.б.), құлын (Қ.Ш. Баймұхаметов), торайдың (Н.С. Панченко, т.б.) сырт пішіні сипатталып, дене мүшелерінің арақатынасы зерттелді. Сондай-ақ, тері (Шағыров), қалқанша без (Л.Д. Литвинова), жемсау бездеріне (Б.О. Исаев), бүйрек (А.Ф. Шамилов), асқазан мен ішек (Баймұхаметов), бауыр (Р.Ә. Тоқтамысова) эмбриогенезіндегі заңдылықтарға сипаттама берілді. Қазақ биязы жүнді қойы (Бальмонт, Еламанов, т.б.) мен қазақ арқар-мериносының (Бутарин, т.б.) құрсақта дамуы зерттеліп, қаңқаның сүйектену ерекшеліктері анықталды. Қозының, оның органдарының құрсақта өсуі, оның әр кезеңде әр түрлі заңдылықтарға бағынатыны дәлелденді (Бердімұратов). Қозының құрсақта дамуының алғашқы кезеңдері жете зерттеліп, заңдылықтары қорытылды (Мұхамедғалиев, Баймұхамбетов). Құрсақтағы қозы қанының биохим. ерекшеліктері, оның белок құрамы анықталды (О.В. Дьяченко, ұ.М. Әбілова, т.б.). Қой (Мұхамедғалиев, Тойшыбеков, Мырзамәдиев, Жаңабеков, т.б.) мен ірі қара (А.М. Омарбаев) зиготасының трансплантациясы (орнын алмастырып салу) мәселелері зерттелуде. Осы кездегі Ж. эмбриологиясында салыстырмалы-сипаттамалы және эксперименттік бағыттан басқа, экол. эмбриология бағыты дамып келеді. Бұл бағыт дамып келе жатқан организмді тіршілік ортасымен байланыстыра зерттейді.