Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2013 в 06:40, реферат
XX ғасырдың соңында жер бетінде халықтың саны 6 млрд-қа жетті. Халықты жоғары сапалы азық-түліктік заттармен толық қамтамасыз ету үпгін өсімдіктер мен жануарлардың өнімді сорттары және тұқымдары қажет. Қазір Қазақстанда 200-ден астам ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттары мен будандары аудандастырылған.
Будандастыру мен сұрыптау жануарлар селекциясының негізгі әдістері болып табылады. Әдетте бұл әдістерді бірге пайдаланады. Сұрыптау жаппай және жеке болып екіге бөлінеді.
XX ғасырдың соңында жер бетінде
халықтың саны 6 млрд-қа жетті.
Халықты жоғары сапалы азық-
Будандастыру мен сұрыптау жануарлар селекциясының негізгі әдістері болып табылады. Әдетте бұл әдістерді бірге пайдаланады. Сұрыптау жаппай және жеке болып екіге бөлінеді.
Жаппай сұрыптау дегеніміз бастапқы материалдан сұрыптаушы үшін тиімді белгілері бар даралар топтарын бөліп алу.
Жануарлар селекциясында қолданатын жалпы әдістер, өсімдіктер селекциясына ұқсас болғанмен, олардың өз табиғатына байланысты ерекшеліктері бар. Ауыл шаруашылығы малдары тек жынысты жолмен көбейеді. Олардан қолдан жасанды жолменмутация алуға болмайды. Алынған жағдайда олардың тіршілік қабілеттілігі төмен және әр түрлі ауруларға бейім келеді. Жануарлар селекциясында экстерьерлік (лат. eksternus— сыртқы) белгілері бойынша сұрыптау жүргізеді, яғни олардың дене кұрылымы мен әрбір мүшесінің бір-біріне үйлесімділігі негізге алынады. Сұрыптаудың екініші түрі — ұрпақтары бойынша сынау. Бұл әдісті жануарлардың тұқымын жақсарту мақсатында қолданады. Мысалы, тауықтың жұмыртқалағыштығын арттыру үшін қоразды таңдап алып, мекиенінің (аналық) ұрпақтарының жұмыртқа әкелу өнімділігін, аналықтан алынған ұрпақпен және тұқымның орташа өнімділігімен салыстырады. Егерде мекиеннен алынған ұрпақтардың өнімділігі жоғары болса, онда қоразды аталық ретінде тұқымдарын асылдандыруға қолданады. Қазіргі жануарлар селекциясының негізін салушы ғалым М.Ф. Иванов ұрпақтары бойынша сынау арқылы жоғары өнім беретін Украинаның далалық ақ шошқа тұқымын және Аскания-1 қабанын алды. Бұдан баска жүнінің сапасы жоғары Аскания рамбульесі қойының тұқымын және сүтті бағыттағы ірі қара малдың Костроматұқымын шығарды.
Шағылыстыру — күйлеген аналық малды аталық малмен табиғи және қолдан ұрықтандыру әдістері. Мал организмі толысқан кезде айғыр мен бие 3 жасында, бұқа мен қашар 15 — 18 айлығында, қошқар мен тұсақ 12 — 18 айлығында, қабан мен мегежін 10 — 12 айлығында тұңғыш рет шағылысқа қосылады. Малдың түлігіне, өнімнің түріне, жергілікті жағдайға , табынның құрамы мен мал санына қарай еркін аулада, үйірде, топта, кластық, қолдан Шағылыстыру әдістері қолданылады. Еркін Шағылыстыруда аталық мал үнемі табында, үйірде немесе отарда болады. Бұл аналық малдың жыныстық қабілетіне әсер етіп, күйлеуін тездетеді, әрі қысыр қалуы өте сирек кездеседі. 50 сиырға бір бұқа жіберіледі. Бірақ, бұл әдіс ірі табындарда есеп жүргізу және мал тұқымын асылдандыру жұмысын қиындатады, бұқа тез ариды. Аулада Шағылыстыру тәсілінде базда немесе аулада бір топ биеге асыл тұқымды айғыр қосады. Бірақ биелер мен айғырда таға болмауы тиіс. Ауладағы сиырлар мен қашарларға бұқа жазда екі рет — өріске шығарар алдында және өрістен келген соң, ал қыста малды серуенге шығарғанда қосылады. Үйірде Шағылыстыру жылқыны табында баққанда қолданылады. Мұнда айғыр үнемі үйірде болады. Топта Шағылыстыру тәсілі қой шағылыстырунда қолданылады, бұл үйірде Шағылыстыру тәсіліне ұқсас. Кластық Шағылыстыру тәсілі қой шағылыстырунда қолданылады, мұнда отардағы қой класқа бөлінеді де, оған қошқар таңдалады. Қолдан Шағылыстыру тәсілінде аталық малға жұп таңдауға, төлдеу есебін дұрыс жүргізуге малды дәрігерлік тексеруден өткізуге мүмкіндік береді. Оның кемшілігі — аналық малдың күйлегенін, әсіресе қыста дәл анықтау қиын.
Қазақстандық ғалымдар Н.С.Бутарин , А.Е.Есенжолов және А.И.Жандеркин биязы жүнді қойлар мен жабайы арқарға түраралық шағылыстыру жүргізіп, әлемге әйгілі арқар-меринос қойының қолтұқымын шығарды. Отандық ғалымдарымыздың жануарлар селекциясында бұдан басқа да жетістіктері көп.
Қой тұқымдары: Қазақтың арқар-мериносы. Бұл академик М.Ф. Ивановтың ұсынған әдісі бойынша биязы жүнді қойды таудың тағы арқарымен бұдандастыру арқылы шығарылған, дүние жүзіндегі бір ғана қой тұқымы. Қазақтың арқар-мериносын шығаруда, негізінен, шағылыстырудың сіңіре будандастыру және зауыттық будандастыру тәсілі қолданылды. Үшінші үрпақтың будан қошқарлары қандас саулықтарымен (ата жанынан қуғанда) шағылыстырылады. Осының нәтижесінде төртінші ұрпақ алынды. Бұл ұрпақтың қошқарлары да қандас саулықтармен шағылыстырылды. Бұдан бесінші ұрпақ алынды. Жұмыстағы негізгі мақсат — қойдың тұкымдық жаңа тобын, биік таулы жердің жағдайына бейімделген биязы жүнді қой түқымын шығару болды. Іріктеу және жұп таңдау, басқа да күрделі жұмыстарды орындаудың нәтижесінде қойдың отандың жаңа тұқымы — қазақтын арқар-мериносы шығарылады. Авторлары: Ж.С. Бутарин, А.И. Есенжолов, Е.В. Большакова, А.И. Жандеркин. Республика көлемінде қойлардың бір қатар асыл тұқымдары бар. Олар: қазақтың биязы жүнді қойы, авторы: В.А. Бальмонт. Дегерес қойы — авторлары: В.А. Бальмонт, Т.Б. Бөкенбаев, М.А. Атлетов, Т.С.Садықүлов, А.Б.Байжүманов, т.б. Еділбай қойы—халықтық селекциялық жолмен алынған. Құйрықты қойлардың ең жақсы тұқымы. Жергілікті құйрықты қойлардың тұқымын асылдандыру үшін Еділбай тұқымының таза көпщарларымен бұдандастыру жүргізеді. Қаракөл қойлары көп ғасыр бұрын Орталық Азияда,Бұхарада шығарылған. Қазір қаракөл қойлардың қара, көк, сұр, қызғылт, қызыл коңыр, шатурн түсті түрлері бар. Ірі қара мал тұқымы. Қазақтың Ақ бас сиыры қазақтың жергілікті сиырын қалмақ бұқасымен бұдандастырып, одан алынған ұрпақты Герофорт тұқымымен шағылыстыру арқылы алынған. Қырдың қызыл сиыры — Солтүстік Қазақстанда шыққан бұл тұқым қазақтың жергілікті сиырын Швицкий бұқасымен бұдандастыру арқылы алынған. Симменталь ірі қара малы және Әулиеата ірі қара малы тұқымдары бар. Жылқылардың тұқымдары:
Шошқа тұқымдары. Халықты етпен қамтамасыз етуде шошқа шаруашылығының алатын орны ерекше. Басқа үй малдарымен салыстырғанда, шошқа ұрпақ-әрбіту мерзімінің қысқалығымен, ұрпағының көп болуымен және шапшаң өсетіндігімен ерекшеленеді. Елімізде шошқаның жергілікті тұқымын жетілдіру мен жаңа тұқымын шығаруда шетелдерден әкелінген түұқымдарын (Англия, Дания, Ирландия, т.б.) англияның ірі ақ тұқымды шошқасы Беркшир шошқасын орташа ақ шошқа, ірі қара шошқа, салпаңқұлақ ақ шошқа, Ландрос, дюран шошқасы, гемпширлік шошқа, т.б. жергілікті қолтұқымдарымен бұдандастырын, шошқаның етті, етті-майлы бағыттағы тұқымдары алынды. Осымен қатар шағылыстыру процесіне шошқаның жабайы түрі — Ортаазия қабандары да қатыстырылды. Осындай әдіспен Қазақстанда алғаш рет шошқаның "Жетісу" тұқымы алынды . Жетісу шошқасы — етті-майлы тұқым. 1978 жылы Қазақ ғылым академиясының эксперименттік биология институты шығарған. Авторлары: В.А. Ли, П.А. Еськов, С. Қалдыбаев.