Жаманнан жирен
Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Июня 2014 в 14:20, лекция
Краткое описание
Жорғалаушылар нағыз құрлықта тіршілік етуге бейімделген 8000-ға жуық түрлері бар.Жорғалаушыларға кесірткелер, жыландар, тасбақалар крокодилдер жатады.Оларды зерттейтін зоология ғылымының саласын герпетология \ грекше «герпетон»- «жорғалаушылар»+ «логия»-ғылым\ деп атайды. Жорғалаушылардың қаңқасы бес бөлімнен тұрады. Өкпемен тыныс алады өкпесі көптеген ұяшықтардан тұрады. Крокодилдер жүрегі төрт қуысты\екі құлақша ,екі қарыншадан тұрады\.Жорғалаушылардың жүрегі үш қуысты \екі құлақша бір қарынша\. Жүйке жүйесінде ми құр
Прикрепленные файлы: 1 файл
7сынып. 26.02.14ж
Тақырыбы; Жорғалаушылардың
дене құрылысы және тіршілік әрекеті.
Сабақтың
мақсаты:а)Білімділік:оқушыларға жорғалаушылардың
түрлерімен таныстыра отырып түсіндіру.
Жас бүлдіршіндерді мектеп партасынан-ақ
жорғалаушылар мен тасбақалар түрлеріне,қамқорлық
көрсете білуге баулу.
ә)Дамытушылық;Ойлау,есте сақтау
қабілеттерін және сөздік қорын молайту;
б)Тәрбиелік;Жаман әдеттен аулақ
болуға, тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі;салынған суреттер,
сөзжұмбақ, теледидар.
Әдісі; түсіндіру әңгімелеу
Сабақтың
түрі; Аралас сабақ
1.Ұйымдастыру.
2. Үй тапсырмасын
сұрау
3.Үй тапсырмасын
бекіту
4.Жаңа
сабаққа даярлық
Сабақтың барысы;
Жорғалаушылар нағыз
құрлықта тіршілік етуге бейімделген
8000-ға жуық түрлері бар.Жорғалаушыларға
кесірткелер, жыландар, тасбақалар крокодилдер
жатады.Оларды зерттейтін зоология ғылымының
саласын герпетология \ грекше «герпетон»-
«жорғалаушылар»+ «логия»-ғылым\ деп атайды.
Жорғалаушылардың қаңқасы бес бөлімнен
тұрады. Өкпемен тыныс алады өкпесі
көптеген ұяшықтардан тұрады. Крокодилдер
жүрегі төрт қуысты\екі құлақша ,екі қарыншадан
тұрады\.Жорғалаушылардың жүрегі үш қуысты
\екі құлақша бір қарынша\. Жүйке жүйесінде
ми құрылысы күрделене түскен.Жорғалаушылардың
сезім мүшелері –көз құлақ танау тесіктері.
Дара жынысты бәрі іштей ұрықтанады. Жорғалаушылар
класы 4 отрядқа бөлінеді. Олар тұмсықбастылар
қабыршақтылар тасбақалар крокодилдер.Тұмсықбастылар
өкілі гаттерия.Ол –Жаңа Зеландияның
ұсақ аралдарында сақталған жануар. Қызыл
кітапқа тіркелген.Дене тұрқы 75 сантиметрдей
салмағы 05-1кг.Төбе тұсында ерекше төбе
көзі болады.Жыныстық жағынан 20 жылда
ғана жетіледі 8-15 жұмыртқа салады.Одан
ұрықтың жетілуі 12-15 айға созылады.Гаттерия
50 жылдан астам өмір сүреді.Өте ертеден
бері тіршілік етіп келе жатқандықтан
«тірі қазынды»деп аталады.Құбылғылар
жыландар кесірткелер.Құбылғылар денесі
екі бүйірінкен қысыңқы мойны қысқа құйрығы
ұзын.Африка мен Мадагаскар аралында тіршілік
етеді.Жұмыртқа салып көбейеді.
Жаңа сабақты
қортындылау;
Жорғалаушыларға қандай
жануарлар жатады?
Жорғалаушылардың
жүрегінің құрылысы қандай?
Жорғалаушылар қандай
отрядқа бөлінеді?
Үйге тапсырма.
Бағала
7сынып. 28.02.14ж
Тақырыбы; Қауырсын
жабынды жануарлар
Сабақтың
мақсаты:а)Білімділік:оқушыларға құстардың
түрлерімен таныстыра отырып түсіндіру.
Жас бүлдіршіндерді мектеп партасынан-ақ
құстардың түрлеріне,қамқорлық көрсете
білуге баулу.
ә)Дамытушылық;Ойлау,есте сақтау
қабілеттерін және сөздік қорын молайту;
б)Тәрбиелік;Жаман әдеттен аулақ
болуға, тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі;салынған суреттер,
сөзжұмбақ, теледидар.
Әдісі; түсіндіру әңгімелеу
Сабақтың
түрі; Аралас сабақ
1.Ұйымдастыру.
2. Үй тапсырмасын
сұрау
3.Үй тапсырмасын
бекіту
4.Жаңа
сабаққа даярлық
Сабақтың барысы;
Құстар омыртқалы жануарлардың
ұшуға бейімдендірілген тобы.Құстардың
8600-ға жуық түрлері бар.Оларды зерттейтін
зоология ғылымының саласын герпетология
\ грекше «орнитес»- «құс»+ «логос»-ғылым\
деп атайды. Құстардың Қазақстанда
500 астам түрі мекендейді. Дене температурасы
–тұрақты жылықанды\+41С+43С\.Құстардың
қаңқасы жеңіл әрі берік.сыртқы танау
тесіктері –жұтқыншақпен көмекей арқылы
кеңірдекпен байланысады.Кеңірдек екі
ауа тамырға тармақталған.Ауа қапшықтарының
көлемі өкпеден 10 есе үлкен.Бірақ ауа қапшықтарында
газ алмасу жүрмейді.Құстар ұшқан кезде
өкпеде ауа құрамындағы оттегіне қан екі
рет қанығады.Мұндай тынысалу қосарлы тынысалу деп
аталады. Құстардың жүрегі төрт қуысты\екі
құлақша ,екі қарыншада тұрады\
Құстардың орталық жүйке жүйесі өте жақсы
дамыған.Құстардың иіс сезу мүшелері
нашар дамыған.Құстардың көзі үлкен өте
жақсы көреді.Есту мүшесі жақсы жетілген..
Дара жынысты іштей ұрықтанады. Тауық
жұмыртқасынан 21 тәуліктен соң балапан
шығады. Құс жұмыртқасының құрылысы. Аналық
безде жетілген жұмыртқажасушасының
сарыуызы мол.Сарыуызының жоғарғы шетінде
ұрық табақшасы болады.Сарыуыз қабығының
екі бүйірінде тығыз нәруыздан тұратын
арқаншалар бекиді.Құстардың балапандары
екіге бөлінеді. Олар қызылшақа жіне ширақ
балапандар.Құстардың ең ежелгі арғы тегінің
қаңқасы бұдан 225 млн жыл бұрын табылған.Оны
ілкіқұс деп атады.Бұдан 150 млн жыл бұрын
тіршілік еткен көнеқұс \археоптерикс\
деп аталады.
Жаңа сабақты
қортындылау;
Құстардың денесі қандай
бөлімдерге бөлінеді?
Құстардың жүрегінің
құрылысы қандай?
Құстардың терісінде
қандай без бар?
Үйге тапсырма.Бағалау.
Балалар,біздің бүгінгі
тәрбие сағатымыз бұрынғы тәрбие сағатынан
өзгеше,себебі біздің, яғни сіздердің
сабақтағы алғырлық ,тапқырлықтарыңды
байқау үшін сабағымызға апайлар мен ағайлар
қатысып отыр.Қане,барлығымыз өз білгендерімізді
қысылмай ортаға салайық.
1.Жыл мезгіліне қарай
қандай жұқпалы аурулар бар? Тұмау,сүзек
гепатит т.б.
2.Осы ауруларды болдырмау
үшін не істейміз?
-Жылы киініп,уақтылы
тамақтанып,тазалықты сақтаймыз.Бос
уақытымызда әр түрлі спорт
түрлерімен айналысамыз.Үйге барғаннан
кейін қолымызды жақсылап жуамыз.
- Дұрыс балалар,өте
жақсы.Бірақ біздің ішімізде,яғни
ортамызда осы ережелерді дұрыс
орындамайтын да оқушылар бар.Олар
салқында ұзақ ойнайды,уақытында
дұрыс тамақтанбайды,тамақтанар
алдында қолын жумайды.Осы айтылған
ережелерді дұрыс орындамаған
адам тез ауырады.Кейбір оқушыларымыз
бос уақытын дұрыс пайдаланбай
зерігеді.
Сөйтіп жүріп темекі
тартушы ересек адамға ұқсағысы келеді.Бұл
дұрыс па?-Жоқ.
-Енді тақтаға
назар аударайық,қандай суретті
көріп отырсыңдар?Өздерің білетін
темекішілерді еске түсіріңдерші.Олардың
бірі мына келе жатқан өңі
сарғыш тартқан,құрғақ бетін әжім
торлаған белі бүкірейген,ентігіп,жөтелден
ауыз жаппай келе жатқан адам
бейнесі.
Көрініс. Екі бала ойнап жүр.
1-ші оқушы:-Асқар
екеуміз доспыз ғой,ия ?!
2-оқушы:- Ия доспыз.
1-оқушы:-Сен ешкімге
айтпа,менде керемет нәрсе бар.
2-ші оқушы:-Ол не
нәрсе ?
1-ші оқушы:-Мінекей
көрсеңші(қалтасынан темекі көрсетеді).
2-ші оқушы:-Ол не
болғаның?(шошынып) Қайдан алдың?
1-ші оқушы:-Папамнан
көрсетпей алдым.
2-ші оқушы:- Папаңнан?Папаңнан
неге аласың,темекі деген жаман нәрсе,денсаулыққа
зиянды.
1-ші оқушы:-Болса
ше? Менің папам неге тартады?
2-ші оқушы:-Ой,достым,сенің
папаң жас күнінде темекіге әуестенген,сол
қателігін қазір жөндей алмай жүр.
1-ші оқушы:-Ой, достым,дегенмен
осыны тартып көрсек қайтеді?
2-ші оқушы││:-Жоқ,мұндай
жаман әдеттен аулақ болғанымыз абзал.Әйтпесе
құртамыз,онан да ойынымызды жалғастырайық.
Сонда,балалар,темекі
мен алкогольдің адам ағзасына тигізетін
зиянды әсері көп екен.
Мыс: осы темекі тартып,ішімдік
ішкен адамдардың нерв жүйесінің қызметі
бұзылады.Темекі зардабынан стенокардия
ауруы пайда болады.Стенокардия ауруымен
ауырған адамның қан тамырларында кеудені
ауыртатын әлсіздік пен өлім қатерін туғызатын
түйілулер пайда болады.
Темекі түтінінде никотин,иіс
газы,көгерткіш қышқыл және басқа да зиянды
заттар болады. Бұл заттардың барлығы
адам ағзасына кері әсерін тигізеді.Әр
түрлі тері аурулары,жөтел,асқазан аурулары
осы никотин мен алкогольдің әсерінен
болады.
Міне, балалар,біздер
көптеген жаман әдеттерден сақтану керек
деп ,осы әдеттерге үйір балалар есейе
келе өкінішке ұшырайтынын қазіргі кездегі
осы зиянды әдеттердің,нашақорлықтың
бар екенін де білеміз, осы нашақорлар
арасында адамдардың көңілін қатты алаңдатып
отырған СПИД ауруының
вирустары да кездеседі.
СПИД- әр (түрлі) әрпі бір
ұғымды білдіретін күрделі сөйлем.Бұл
сөздің қазақша мағынасы-иммунитетке
тосқауыл табу қиын,зәру деген мағынаны
білдіреді.
СПИД- ауруын қоздырушы өте
кішкене денешіктер, вирустар.Олар қарапайым
жасушалардан да кішкентай болады.
СПИД- ауруының қауіптісі
сол-ол адамның жанды жеріне үймелейді.Жанды
жері деп отырғанымыз жыныс мүшелері,омырауы,жүрек,бауыр,бүйрек
сияқты мүшелер, СПИД кеселінен
адам өзі ғана зардап шегіп қоймай ,басқа
адамдарға да зиян туғызады.Вирустар үймелеген
жерді емдеуге ұзақ уақыт кетеді. Себебі,ол
бірден айқын білініп қоймайды. Ол басқа
ауруларды өзінен серіктес етіп басталатын
апат аурулары.
СПИД- ауруы адамға қалай
жұғады және қалай сақтану керек? Қазіргі
медицина ғылымының зерттеуі бойынша СПИД ауруымен
ауырған адам екінші біреуге қан және
жыныс мүшелері арқылы жұғады.СПИД вирусы
анасынан жас нәрестеге қан арқылы беріледі.Осындай
ауруға шалдығатындардың көпшілігі қан
құйғанда,ине шаншығанда, ине дұрыс қайнамағаннан
ине арқылы жұғады.Соған орай медицинада
бір рет қана шаншылатын ине қолданылады.Бұл
инелер екінші рет ауруларға пайдаланбайды.СПИД ауруымен
ауырмау үшін адамдар саналы түрде тәртіп
сақтау керек.Әрбір адамның төсек орны,тіс
жуғышы , сабыны ,сүлгісі,іш киімдері,тырнақ,сақал,шаш,сақал-мұрт
алатын құралдарын жеке дербес ұстау керек.Осы
айтылған кеңестерді көңілге түйген адам
осы аурудан аулақ болады. СПИД ауруымен
ауырған адам бірден айыға қоймайды.
СПИД-хирургтарға ,тіс дәрігерлеріне,зертханада
қолдарында және басқа мүшелерінде кездесетін
жарақаттар арқылы жұғуы мүмкін.Егер осындай
жарақатқа вирустар түссе,адамдар СПИД ауруына
шалдығады.Сондықтан медицина қызметкерлері
тәртіптерді қатаң сақтауы тиіс.
Сөз жұмбақ.
С |
п |
и |
д |
А
|
л |
к |
о |
г |
о |
л |
ь |
Қ |
ы |
л |
м |
ы |
с |
к |
е |
р |
Т |
у |
б |
е |
р |
к |
у |
л |
е |
з
|
А |
р |
а |
қ |
Н |
и |
к |
о |
т |
и |
н |
Информация о работе Жаманнан жирен