Қымыз бен шұбат пайдасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2012 в 07:38, реферат

Краткое описание

Қазақтың ұлттық сусындары – қымыз бен шұбат жайлы, олардың адам денсаулығына келтірер емдік қасиеттері туралы ой-пікірлер мерзімді басылымдарда аз айтылып, кем жазылып жүрген жоқ. Өкінішке қарай, бұл мәселе қазіргі таңда толық шешілді деп ауыз толтырып айта алмаймыз. Тіпті, қымыз бен шұбаттың сонау ерте заманнан-ақ қазақ халқының ұлттық сусын-тамағы болғанын әлем жұртшылығына осы күнге дейін мойындата алмай жүргеніміз көңілге қаяу түсіреді.

Содержание

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Қымыз бен шұбаттың пайдасы
2.2 Қымыз - емдік қасиеті мол, экологиялық таза мал өнімі
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қымыз бен шұбаттың пайдасы.doc

— 97.50 Кб (Скачать документ)

 

 

         Кесте мәліметтерінен біздер тәжірбиелік топтағы малдар ішіндегі ең сүті майлы жылқылар І топтағы жабы типті екенін көреміз. Бұлардың сауылу мерзімдеріндегі орташа сүт майлылығы 1,97% құрап, ІІ топтағы қазақ биелері мен ІІІ топтағы 2/1 қанды жабы биелерінен тиісінше 0,17 және 0,14%артық екенін көреміз.

Сонымен бірге біздің зерттеулеріміздің барысында әр түрлі жылқы тұқымдарының сүт құрамындағы май көрсеткіштері деңгейлерінің өзгешеліктерімен бірге, олардың жыл мезгілдеріндегі сауылу уақытына байланысты өзгеріп отыратыны да анықталды.

Мысалы, сүт құрамындағы майлардың ең аз мөлшері 1,51-1,63% аралықтарында, бие сауымының жаңа басталған мамыр айында екені байқалады.

Бұл айдағы бие сүтінің сұйықтау болуын жыл мезгілінің осы уақытындағы жылқылардың сүт қуатын көк майса шөптерімен көптеп азықтануымен байланыстыруға болады. Бие сауымының екінші мерзімі мауысм айында сүт құрамындағы май мөлшері жедел артып 1,84-1,98% болатынын көреміз. Байқалған үрдіс шілде айында да жалғасын тауып отыр, осы мерзімде ең жоғары деңгейге 1,98-2,18% жететіні анықталды. Бұл ерекшелікті біздер осы айларда әбден жетіліп піскен шөптерге тойынған жылқы малының сүт құрамының қоюлана басталуымен түсіндіре аламыз.

Тәжірбие жүргізген уақыттың соңғы мерзімі - тамыз айында сүт құрамындағы май мөлшерінің деңгейі (1,72-2,13%) екенін көреміз. Жалпы мұнан кейінгі айларда айғырдан шығыпкеткен биелердің іштегі төлдерінің жетіле бастауына және де бауырындағы құлындарының да жайылып тойынуы себепті биелердің сүті біртіндеп сұйылып, суала бастайды.

Сүттегі ең бағалы заттардың бірі ақуыз болып табылады. Бие сүтінде ол 1,8-2,2 пайыздай болады. Ақуыздар казеин, альбумин және глобулин сияқты негізгі үш түрге бөлінеді. Олардың әр қайсысы одан әрі бірнеше бөлшектерге тарамдалады.

Бие сүтінің құрамында 40 пайзға жақын суда еритін ақуыздар (альбуминдер, глобулиндер, пептондар және бос амин қышқылдары) болады.

Сүттегі ақуыздың мөлшері мен өзара арақатынасы сүттегі қышқылдың ықпалымен оның әріқарай ұлғаюына әсер етеді. Бие сүті ашығанда оның құрамындағы ақуыздар ұсақ борпылдақ масса түзеді.

Бие сүті құрамындағы май түйіршіктері сиыр малымен салыстырғанда майдалау болып келеді, төмендеу температурада ериді (21-230С) және көбірек мөлшерде суда ерігіш май қышқылдарынан тұрады.

Бие сүті өзінің құрамындағы ақуыздар мен аминқышқылдары бойынша ана сүтіне жақын тұрады. Осы ерекшелік теориялық жағынан және іс-тәжірбиеде тұрғысында пайдалану үшін зор мәнге ие болды. өйткені адамдар үшін сиыр сүтіне қарағанда жеңіл қортылып, тез сіңіріледі. Мысалы ана сүті мен жылқы сүттерінің құрамындағы ақуыздың казеи бөлігі аз, ал альбумин-глобулин бөліктері көп болатын болса, бұған керісінше басқа малдардың сүттерінде казеин альбумин-глобулин бөліктерінен басым тұрады. Бие сүтінің осы ерекшеліктерін жас балардың және ас қорыту жүйесі қызметін нашарлаған адамдардың тамақтануында ескеру жақсы нәтиже береді.

Әдебиетте осы бағытта жүргізілген ғылыми жұмыстар қатарында Ф.А.Фетодов /1/, А.И.Муликаовтың /2/, Г.С.Иниховтың /3/, Р.Б.Давидов /4/, Н.А.Сайгин /5/, Федотов /6/, К.И.Дүйсенбаев /7/.

Бие сүті құрамындағы ақуыз мөлшерінің олардың тұқымына, азықтандырау жәе күтіп бағу жағдайларына сауылу мерзімдеріне байланысты өзгеру ерекшеліктерін зерттеп білу теориялық және практикалық тұрғыдан белгілі бір қызығушылық тудырады.

Осы бағытта алғаш рет В.О.Витт және басқалар /8/ 1929 жылы Мәскеу жылқы зауытында орловтың желісті жылқысының сүті ққұрамындағы ақуыз мөлшерінің сауылу мерзіміне байланысты өзгеруін зерттеген.

Г.Г.Хмеликтің /9/ мәліметі бойынша бие сүті құрамындағы ақуыз деңгейіне малдарды азықтандыру жағдайы әсер етеді екен. Ол өз тәжірбиесінде орловтың ауыр жүк тартатын жылқысының сүтінің құрамын қолда бағу жағдайында және жайылымда жаю кезінде зерттелген. Ғалымның мәліметі бойынша қолда бағылған мал мен далада жайылған биенің сүті құрамдарында ақуыз мөлшері бірдей - 2,00% болса, осы малдың тәуліктік рационына 1,5 кг күнбағыс сығым жемін (жмых) қосқан жағдайда ақуыз мөлшері 0,12% артқанын байқаған.

Салыстырмалы түрде сараптау мақсатында бұрынғы зерттеулермен өз зертеулеріміздің нәтижесін көрсете кетеміз (1 кесте). 

Бізден бұрыңғы ғалымдар жүргізген зерттекулері мен біздердің тәжірибелеріміз барысында алынған мәліметтер салыстыра келе (2 кесте) сүт құрамындағы ақуыз мөлшері бойынша әр түрлі жылқы тұқымдар арасындағы біршама айырмашылықтар болғанымен осы көрсеткіштердің сауылу мерзімдеріне байланысты өзгеру деңгейлерінде айтарлықтай өзгешеліктер жоқ екенін байқаймыз.

Ақуыз мөлшерінің  келтірілген мәліметтерінде бірдей мәнде болуын зерттеу жүргізілген мал тұқымдарының әр түрлі болуымен, тәжірбиенің жүргізілген мерзімдерінде, табиғи-климаттық және де күтіп-бағу жағдайларының өзгешеліктері мен түсіндіруге болады.

Біздің жүргізген зерттеу жұмыстарымыздың нәтижесі бойынша жергілікті жерде бұрынан өсіріліп келінген жабы типті жылқылардың сүті құрамында ақуыз мөлшері барлық сауылу мерзімдерінде қазақ жылқысына қарағанда басым екені байқалды. Атап айтқанда жабы типті биелерінің сүттіндегі ақуыз мөлшері мамыр айында 1,86% болса, маусым айында - 1,67, шілде - 1,63, ал соңғы тамыз айында 1,48% болса, дәл осы көрсеткіш қазақ жылқысы тұқымында тиісінше 1,77; 1,60 және

2 кесте - Сауылу мерзіміне байланысты әр түрлі жылқы тұқымдары сүтіндегі ақуыз мөлшері

 

Жылқы тұқымдары

 

Сауылу мерзімдері

Авторлар

нау-рыз

сәу-

ір

ма-мыр

мау-сым

шіл-

де

та-мыз

 

Орловтың желісті

Брабансон

Башкир жылқысы

Қазақ х орловтың желісіті жылқысы

Қарабайыр жылқысы

Қарабайыр жылқысы

Моңғол жылқысы

Башкир жылқысы

Жабы типті

Қазақ жылқысы

Қазақ х жабы

2,10

1,88

2,18

 

1,80

 

2,04

 

1,31

1,20

1,46

-

-

-

1,90

1,96

1,97

 

1,67

 

1,73

 

1,11

1,1

1,27

-

-

-

1,70

1,77

1,90

 

1,60

 

1,70

 

-

-

-

1,86

1,77

1,80

1,60

1,58

1,68

 

1,40

 

1,66

 

-

-

-

1,67

1,61

1,64

-

-

-

 

-

 

-

 

-

-

-

1,48

1,40

1,42

-

-

-

 

-

 

-

 

-

-

-

1,63

1,55

1,60

В.О.Витт, 1929

В.П.Добрынин, 1940

И.А.Сайгин, 1947

 

Г.Н.Чхаедзе, 1955

 

М.К.Сохтаев, 1970

 

Э.Халмурадов

Э.Халмурадов, 1972

өз зерттеулеріміз

өз зерттеулеріміз

өз зерттеулеріміз

2005

 

 

1,42% екенін көрсеміз. Үшінші топтағы будан жылқылар сүт құрамындағы ақуыздар мөлшері бойынша аралық көрсеткіштерге (тиісінше 1,80; 1,64; 1,60 және 1,42%) ие болғанын байқаймыз. Мұндағы негізгі жасалатын қорытынды ретінде қазақ биелеріне жабы типті жылқылары жұптау олардың сүт құрамындағы ақуыз мөлшерінің артып қоюлануына оң әсер ететінін айтуға болады. Жалпы жыл мезгіліндегі ақуыз мөлшерінің сүт құрамындағы өзерістеріне келер болсақ мұнда жылқы тұқымдары арасында айтарлықтай айырмашылықта жоқ екенін байқаймыз. Тәжірбиедегі жылқы топтарында мамыр айымен салыстырғанда шілде айында ақуыз мөлшері бірдей деңгейде өзгеріп 79,5-78,9% аралығын құраған.

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі 

 

1.  Фетодов. Ф.А.Молочное коневодство. Алма-Ата, «Кайнар», 1966, 38 с.

2.  Муликов А.П.  Кн.  «Молоко  разных  животных,  его  питательность  и  лечебный ценность», М., 1958.

3.  Инихов Г.С., Брио Н.Т. Химическии анализ молочных продуктов. М, 1949, 20 с.

4.  Давидов Р.Б., Ермакова М.М. Содержание витамина А и Е в молоке кобылиц. Ж. «Коневодство» № 6, 1959. –с 10-12.

5.  Сайгин Н.А. Кн. «Коневодство и кумысоделение» Уфа, 1965, 105 с.

6.  Федотов П.А. Молочное коневодство. Алма-ата «Кайнар», 1966-с. 3-4.

7.  Дүйсенбаев К.И. Жылқы өсушінің анықтамалығы. Алма-Ата, «Қайнар», 1983. 81-93 б.

8. Витт В.О., Яслаговский О.А., Красников А.С. Молочность кобыл и свойства коылева молока. М., Изд «Колос» 1964, -с. 47-52.

9.  Хмелик Г.Г. Состав и некоторые биологические свойства молока тяжоловозных кобыл в связи с условиями кормления. Автореф.дисс. канд.с.-х.наук, Харьков, 1954.

А.Ясауи атындағы Қазақ-Түрік университеті Тараз Институты,    Тараз

 

10

 



Информация о работе Қымыз бен шұбат пайдасы