Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2013 в 16:58, реферат
Кейінгі кезде әлемдік ғылыми терминдерді бұзатын адамдар көбейіп кетті. Олар витаминді дәрумендер деп атау керек деп түсіндіреді. Бұл дұрыс емес. Витаминдер деп химиялық табиғаты әр түрлі органикалық заттарды айтады. Витамин латынша vіtа – өмір, тіршілік; vitman – тіршілік амині деген мағынаны білдіреді. Олар тағамдық заттармен организмге түсіп, зат алмасуға, организмнің өсіп-өнуіне әсерін тигізеді. Организмнің қорғаныштық қабілетін арттыруда витаминдердің атқаратын міндеті өте зор. Егер тамақтану дұрыс жолға қойылмаса, яғни күнделікті пайдаланатын тағамдарымызда организмдерге қажетті витаминдер мөлшері жеткіліксіз болса, онда организм әлсіруіне себепші аурулар гиповитаминоз, авитаминоз.
Витаминдер (Дәрумендер
)—денсаулық тірегі
Кейінгі кезде әлемдік ғылыми терминдерді
бұзатын адамдар көбейіп кетті. Олар витаминді
дәрумендер деп атау керек деп түсіндіреді.
Бұл дұрыс емес. Витаминдер деп химиялық
табиғаты әр түрлі органикалық заттарды
айтады. Витамин латынша vіtа – өмір, тіршілік; vitman – тіршілік амині деген мағынаны
білдіреді. Олар тағамдық заттармен организмге
түсіп, зат алмасуға, организмнің өсіп-өнуіне
әсерін тигізеді. Организмнің қорғаныштық
қабілетін арттыруда витаминдердің атқаратын
міндеті өте зор. Егер тамақтану дұрыс
жолға қойылмаса, яғни күнделікті пайдаланатын
тағамдарымызда организмдерге қажетті
витаминдер мөлшері жеткіліксіз болса,
онда организм әлсіруіне себепші аурулар
гиповитаминоз, авитаминоз. Витамин жетіспесе
– авитаминоз, витамин шектен
тыс көп болса –гипервитаминоз ауруларына
шалдығуы мүмкін.Қазіргі кезде 30 мыңға
таяу витаминдер топтамасы бар. Жеткіліксіз
тамақтанудың салдарынан туындайтын аурудың
себептерін алғаш ашқан орыс дәрігері
Н.И.Лунин болды. Ол ал-ғаш рет тағам құрамында
дәрумендердің болатындығын 1880 жылы дәлелдейді.
Жас ғалым тағам құрамындағы минералды
заттардың рөлін зерттейді. Ол кісі тышқандарды
зертханалық жолмен алынған жасанды қоспалармен
тамақтандырды. Осындай тамақтармен қоректенген
тыш-қандар 11-ші күні қырылып қалған. Бұдан
соң Н.И.Лунин химиялық таза белок, май
қосылған тағамдармен қоректендірілген
кезде де тышқандар түгел өлген. Ал сиыр
сүтімен қоректендірілген тышқандар ауырмай
дұрыс тіршілік ете берген. Тәжірибе нәтижесінде
Н.И.Лунин сүттің құрамында май, казеин,
қант, тұздардан басқа тіршілікке қажетті
бір зат бар деген қорытындыға келеді.
Кейінірек Н.И.Луниннің тәжірибесін голландиялық
ғалым Пакельхоринг 1904 жылы және ағылшын
химигі Гипкинс 1906 қайталайды. 1911 жылы
поляк ғалымы Функ күріш қауызынан құрамында
амин тобы бар кристалл зат бөліп алады.
Осы затқа Функ дәрумен деп ат қояды. Латынша
«вита» — тіршілік, ал «амин» — азотты
химиялық қосылыс. Кейінірек табиғатта
химиялық құрамы әр түрлі дәрумендердің
болатындығы кейбірінің құрамында амин
тобы болмайтындығы дәлелденді. 1922 жылы
ғалым Бессонов венгер Сант – Дьерм мен
бірге С дәруменін ашты. С дәрумені жетіспесе
адам цинга (қырқұлақ) ауруына шалдығады.
1535 жылы белгілі саяхатшы Жок Карье Атлант
мұхиты арқылы Ньюфоундленд аралына саяхатқа
шығады. Экспедиция құрамындағы 103 адамның
100 Канада жағалауына келген кезде ауыр
дертке дұшар болады. Жоғарыдағы жергілікті
тұрғындар теңізшілерге қарағай жапырағының
тұнбасын бірнеше күн ішкізген соң олардың
жағдайы жеңілдей бастайды. Бұл С дәруменінің
жетіспеуінен болатын цинга ауруы еді.
Цинга ауруының белгілері: қызылиектің
қанауы, сүйектердің, буынның зақымдануы,
қаназдық, тістің босауы, түсуі. Голланд
ғалымы Эйхман 1890–1897 жылдары Ява аралында
жүргізілген зертгеулері кезінде мынаны
байқады: адамның жегенінен қалған таза
күріш берілген тауықтарда «бери – бери»
ауруларының белгілері пайда болған. Ал,
әр түрлі қалдықтары берілген тауықтар
бұл аурумен ауырмаған. Осы байқауларға
сүйене отырып жүргізілген зерттеулердің
нәтижесінде XX ғасырдың басында «бери
– бери» ауруының негізгі себебі күріштің
кебігінде көп кездесетін В витаминінің
(тиаминнің) жетіспеушілігінен екені анықталған.
Е витаминін 1921 жылы Иванс деген зерттеуші
ашты. Жануарларды қолдан тек жасанды
тамақпен; 54/жүгері крахмал, 18/қа зейін,
15/шошқа майы, 9/ сары май, 4/ тұздың қоспасы
және 5/ құрғақ сыра ашытқыларымен қоректенгенде,
олардың ұрықтарының өсіп – өнуі тоқталып
төлдемейтіндігі анықталды. Бұл құбылыс
Е витамині жетіспеушілігінен екен. 1936
жылы Тванс бидай тұқымы ұрығынан Е витаминін
бөліп алды, ол 7 ~ токоферол (грек тілінде
токоs — үриақ, рһtго — алып жүру, жалғастыру
деген мағынаны білдіреді). Витаминдер,
сол сияқты, жоғары дәрежелі өсімдіктер
мен микро-организмдердің қалыпты өсуі
мен дамуы үшін қажетті заттар. Организмге
тағамдар арқылы келіп түсетін белоктардың,
майлардың, углеводтардың және минералдық
тұздардың алмасуын жылдамдататын жәнс
реттейтін де витаминдер. Соңғы кезде
витаминдерді классификациялап үлкен
4 топқа бөледі:
1) алифатикалық витаминдер қатары (аскорбин
қышқылы);
2) алицикдды витаминдер қатары;
3) ароматикалық витаминдер қатары;
4) Гетероциклды витаминдер қатары. Осылардың
ішінде табиғат пен күнделікті тіршілікте
кеңінен таралып, жиі кездесетін, әрі өмірімізде
көп пайдаланылатын, су мен майларда еритін
витаминдерге тоқталуды жөн көрдік. Суда
еритін витаминдерге: тиамин, рибофлавин,
панготен қышқылы, никотин қышқылы, пиридоксин,
кобаламин, никотинамид, аскорбин қышқылы,
биотин, инозит, холин, рутин, фолий қышқылы,
парааминобензой қышқылы және т.б. (В1,
В2, В3, В5, Вб, В12 В5, РР, С, Н, Р және т.б.) енеді.
Майда еритін витаминдерге: ретинол, кальциферол,
токоферол, филлохинон, убихинон, алмастырылмайтын
май қышқылдары (А, Д, Е,К) және т.б. кіреді.
Қазіргі кезде 30-дан астам витаминдер
түрлері ашылды. Суда еритін витаминдер
ферменттердің простетикалық топтарының
құрамына кіреді, сөйтіп, олар ферменттердің
активтілігін жоғары-латады. Керісінше
де әсер етеді. Суда жақсы еритін витаминдер
түрі өте көп. Бұл витаминдердің адам организміне
қабылдану мөлшері де түрлішс болады.
Ал витаминдерді көп мөлшерде пайдалану
гипервитаминоз құбылысының тууына әкеледі.
Тамақ азықтарында, дәрі-дәрмектік өсімдіктер
мен басқа да заттардың құрамында кездесетін
вита-миндерді түрлі түсті сапалық реакциялар
көмегімен ашуға болады.
Гиамин (В] витамині, аневрин). Тамақ құрамында
тиамин немесе В1 витамині жоқ болса, бери-бери
немесе полиневрит деген ауруға шалдығады.
Полиневрит кезінде нерв жүйелері қабынады,
жүректің қызметі бұзылады, асқазан-ішск
трактасының қызметі бүлінеді, ас қорыту
сөлінің секрециясы төмендсйді, судың
алмасуы бұзылады, ісік пайда бола бастайды.
Азия және оңтүстік Америка материктерінде
тұратын халық-тардың арасында «бери-бери»
ауруы ерте заманнан-ақ кең етек алып келгені
белгілі. Бұл нерв жүйесінің ауруы, әсіресе
Жапония, Шығыс Азия, Филлппин аралдары,
Оңтүстік Америка сияқты күріш дақылы
көп пайдаланатын еддерде жиі тараған.
Европа елдерінде «бери-бери» ауруы, керісінше
өте сирек кездеседі. Мұның себебі, ондағы
тұратын халықтардың негізгі тағамы күріш
емес, олар қара нан, әр түрлі тағамдар
мен овощтар жиі пайдаланады. Голланд
ғалымы Эйхман 1890—1897 жылдары Ява аралында
жүргізілген зертгеулері кезінде мынаны
байқады: адамның жегенінен қалған таза
күріш берілген тауықтарда «бери-бери»
ауруларының белгілері пайда болған. Ал,
әр түрлі қалдықтары берілген тауықтар
бұл аурумсн ауырмаған. Осы байқауларға
сүйене отырып жүргізілген зерттеулердің
нәтижесінде XX ғасырдың басында «бери-бери»
ауруының негізгі себебі күріштің кебігінде
көп кездесетін В) витаминінің (тиаминнің)
жетіспеушілігінен екені анықталған.
Организмде В1 витаминінің жетімсіздігінен
нервтердің жарақат-тануының мәні — бұл
витамин фосфор қышқылымсн қосылып тиамин-пирофосфат
деген зат түзеді. Тиамин (В1 витамині)
тиамин-пирофосфат декарбоксилаза деген
ферменттің құрамына кіреді. Бұл фермент
заттар алмасуына пайда болатын организмде
зиянды пирожүзім қышқылы ыдыратуға керек.
Денеде В1 витамині жетіспегенде фермент
азаяды да, қанда пирожүзім қышқылы көбейіп
кетеді, ақырында ол нерв жүйесіне зақым
келтіріп, адамды ауруға шалдықтырады.
Тиамин ашытқы, сәбіз, сүт, бауыр құрамында
көп кездеседі. Бұл тағамдарда тиамин
таза, не қосынды — тиамин пирофосфат
және карбоксилаза түрінде кездеседі.
В1 витаминінің таза кристалды препараты
1926 жылы күріш кебегінен бөлініп алынды.
В1 витамині зат алмасуға, әсіресе углеводтардың
организмдегі түрлі химиялық өзгерту
процестсріне өте қажет. Өйткені ол осы
процестерге қатысы бар ферменттер құрамына
кіреді. В1 витаминнің организмнің түрлі
зиянды әсерлерге қарсы күресу қабілетін
арттыруда мәні зор. Күнделікті тағамда
бұл витамин жеткіліксіз болса, нерв жүйесі
зақымданады. Сөйтіп, полиневрит, яғни
нерв жүйелерінің ауруы пайда болады.
Жоғарыда айтылған «бери-бери» ауруының
негізгі себебі де осында. «Бери-бери»
ауруымен аурғанда адамның жүру қабілеті
на-шарлап, кібіртіктеп жүреді, организмнің
жалпы әсліреуі байқалады. Тамаққа тәбеті
тартпайды, салмақ кемиді. Аяқ-қолдың шаншып
немесе сыздап ауруы пайда болады, сол
ауырған жерлердің сезіну қабілеті нашарлайды.
Бұлшық еттер таратылып, солып қалады.
Жүрек қысылып, тамыры жиі соғатын болады.
Тиаминнің организмде жетіспеуінің негізгі
себептерінің бірі оның тағам құрамында
аз болуы. Жоғарыда көрсетілгендей, В1
витамині қауызынан тазаланбаған күріште,
ірі тартылған ұнда, тағы басқа өсімдік
тағамдарында кездеседі. Сүтте, жұмыртқаның
сары уызында, бауырда, бүйректе, етте
көп болады. Организм тәулігіне орта есеппен
2—3 миллиграмм тиаминді керек етеді.
В1 витаминінің кейбір тағам құрамындағы
мөлшері
/100 г тагамда, мг/
Тағам түрлері В1 витамині
Сыра ашытқысы 5,0
Нан ашытқысы 2,0
Бұршак 0,7
Сұлы жармасы 0,6
Қарақұмық жармасы 0,5
Сиыр еті 1,1
Информация о работе Витаминдер (Дәрумендер )—денсаулық тірегі