Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2015 в 20:04, реферат
Вирус-тірі организмдердің ішіндегі жасушасыз тіршілік иесі. Олар рибонуклеин қышқылының немесе дезоксирибонуклеин қышқылынан құралған нуклеопротеидтерден, сондай ақ ферментті нәруызбен қапталған қабықшадан-капсидтерден тұрады. Бұл қабықша вирустың құрамындағы нуклеин қышқылдарын сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан қорғайды. Кейбір вирустардың құрамында нуклеин қышқылдарынан басқа көмірсулар, май текті заттар, биотин және мыс молекулалары кездеседі.
Кіріспе ...................................................................................................................3
Вирустар – жасушасыз тіршілік.
Вирустардың құрылысы.................................................................................4
Вирустардың тіршілік процестері мен ерекшеліктері..............................6
Вирустардың түрлері, қасиеттері.
Вирустардың пайда болуы.............................................................................9
Бактериофагтар – вирустардың ерекше түрлері........................................12
Қорытынды............................................................................................................14
Пайдаланылған әдебиеттер..................................................................................16
Бактериофагтар (бактерия және гр. phagos — жегілер), бактерия жалмаушылары — бактерияларды, т.б. микроорганизмдерді ыдырататын вирустар; бактериялар жасушасын зақымдайтын және олардың еруін тудыратын вирустар.
Оларды алғаш рет 1898 жылы орыс ғалымы Н.Ф. Гамалея (1859 — 1949) байқаған, 1915 жылы ағылшын ғалымы Ф. Туорт ашқан. Ал Бактериофагтар терминін ғылымға 1917 жылы алғаш рет француз ғалымы Ф. д’Эрелль енгізген. Бактериофагтар тек тірі клеткада ғана тіршілік ете алады. Ол ұзындығы 60 — 100 нм болатын бас бөлігінен және 100—200 нм таяқша тәрізді құйрықшадан тұрады. Бас бөлігінде бір немесе екі ДНҚ жіпшелері, 3%-тей белок, т.б. заттар болады. Құйрықша жиырылу қабілеті бар спираль тәрізді қаппен оралған ақуызды біліктен тұрады, оның шетіндегі базалды (негізгі) пластинкадан таралған өте жіңішке жіпшелер көмегімен Бактериофагтар басқа денеге беки алады. Бактериофагтар көптеген бактериялардан, соның ішінде патоген (ауру қоздырғыш), сапрофит (өлекселермен қоректенетіндер) топтарынан, сәулелі саңырауқұлақтардан, көк-жасыл балдырлардан табылған. Ол адам мен жануарлардың ішек-қарындарында, өсімдіктерде, топырақта, табиғи және ақаба суларда, көңде, т.б. ортада кездеседі. Бактериофагтар топырақтағы микроорганизмдерге зиянды әсер етіп, ондағы пайдалы процестердің (аммонилану, нитрлену, атмосфера азотын тұту) қалыпты жүруіне кесірін тигізеді. Сондай-ақ, Бактериофагтар азотобактердің азот тұтушы қабілетін, патоген бактериялардың улылық және антигендік қасиеттерін өзгерте алады. Ал кейбір Бактериофагтар микробтарды жүйелеу саласында, микробиол. синтездеуде (антибиотиктерді, амин қышқылдарын, сүт өнімдерін, бактериялық тыңайтқыштарды даярлауда, т.б.), сонымен қатар адамдар мен жануарларда кездесетін бірқатар жұқпалы (оба, іріңдеткіш стафилакоктар, тырысқақ, іш сүзегі және анаэроб инфекциялары) ауруларды қоздыратын бактериялардан алдын-ала сақтандыру және емдеу мақсатында қолданылады. Генетика мен молекулялық биологияның теориялық мәселелерін анықтап, шешуде Бактериофагтардың маңызы зор.
Фагтар бактериальды клеткаға енiп, оны жоя алады. Iшек таяқша фагының денесi бас бөлiмнен және ақуызбен қапталған iшi қуыс таяқшадан тұрады. Таяқша алты жiпшеден тұратын тақташамен аяқталады. Бас бөлiмiнде ДНҚ орналасқан. Бактериофаг өсiндiлерi арқылы iшек таяқшасына бекiнедi, түйiскен ферменттiң әсерiнен ДНҚ таяқша каналы клеткаға кiредi. 10 – 15 минуттан соң, осы ДНҚ әсерiнен бактериальды клетканың метаболизмi түгел өзгерiп, ол өзiнiң емес, бактериофагтың ДНҚ синтездеудi бастайды. Бұл процесс 200 – 1000 жаңа фагтiк бөлшектiң пайда болуымен және клетканың жойылуымен аяқталады.
1892 жылы орыс ботанигi Д.И.Ивановский алғаш рет темекi өсiмдiгiнен инфекциялық экстрактын алды. Осындай экстракт, бактерияларды ұстап қалатын сүзгiден өткен, инфекциялық қасиетке ие болды. 1898 жылы голландық ғалым Бейеринк кейбiр сүзгiден өткен сұйықтықтың инфекциялық табиғатын белгiлеу үшiн “вирус” терминiн енгiздi.
Жоғары тазаланатын вирустың сынамаларын алуда үлкен жетiстiктерге жеткенiмен және химиялық табиғаты жағынан нуклеопротеиндер (ақуызбен байланысқан нуклеин қышқылдары) екенi анықталғанына қарамастан бөлшектердiң өзi ұстатпайтын, өте ұсақ жұмбақты болып қала бердi, себебi оларды өте ұсақ болғандықтан жарықтық микроскоп арқылы көру мүмкiн емес. Сондықтан да вирустар, 30 жылдары ашылған электронды микроскоппен бiрiншi болып анықталған биологиялық құрылымдардың бiрi болды. Вирустық және бактериялық аурулардың берiлу жолдары бiрдей болғандықтан, бұл сұрақты бiрге қарастыру ыңғайлы.
Информация о работе Вирустар, бактериофагтар, олардың құрылысы мен құрылымдары