Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Мая 2013 в 12:10, реферат
Вакциналар (Vaccines) адам және жануарлар организмдерінде белсенді иммунитет тудыратын препараттар болып табылады. Вакциналар - микроорганизмдерден немесе олардың тіршілік әрекетінен түзілетін өнімдерден жасалатын препараттар, оларды профилактикалық және емдік мақсатта адам және жануарлардың иммундық жүйесін жақсартуға қолданады.
Кез келген вакцинаның негізгі бөлігі иммуноген болып табылады. Оның құрамында ауру қоздырғыштың компоненттеріне ұқсас химиялық құрылымдар болады, олар иммунитеттің қалыптасуына жауапты корпускулярлы немесе еріген суббөліктер түрінде болады.
Қолдануына қарай вакциналарды инъекциялық, пероральды және ингаляциялық деп бөледі. Осыған сәйкес вакциналарға тиісті дәрілік формалар беріледі: егуге арналған вакциналар сұйық немесе құрғақ регидратталған; пероральды вакциналар таблетка күйінде, кәмпит (драже) немесе капсула түрінде; ингаляцияға арналған вакциналар құрғақ (ұнтақ немесе регидратталған) түрінде болады. Инъекцияға арналған вакциналарды теріге, тері астына, бұлшық етке егеді.
Вакциналарды өндіруде тірі вакциналарды алу оңайға түседі, мұнда тек өсірудің барлық талаптары дұрыс орындалуы қажет, мәселен аттенуирленген вакциналық штамды өсіру барысында таза штамдардың культураларын алу және олардың басқа микроорганизмдермен ластанбауы (микоплазма, ісік вирустар) тиіс, оларды соңғы өнім алу үшін тұрақты өсіріп, стандарттау қажет. Бактериялық вакциналық штамдарды сұйық (құрамында гидрализат казеин немесе белоктар мен көмірсулар бар) қоректік орталарда, көлемі 0,1 м3 до 1—2 м3 ферментаторларда өсіреді.
Вакциналық штамнан алынған таза культураға протекторлар қосып лиофильді кептіреді. Вирустық және риккетсизды тірі вакциналарды алу үшін вакциналық штамдарды вирустық лейкоздан таза тауық немесе бөдене эмбриондарында немесе микоплазмалардан айрылған клетка культураларында өсіреді.
Гендік инженерияның қарқынды дамуына байланысты вакциналық штамдарды мақсатты түрде құрастыру әдістері жасалды. Осының арқасында тұмау вирусының рекомбинантты штамы, сонымен қатар гепатит вирусының протективті антигендердің гендері енгізілген вирус штамдары құрастырылды. Инактивті корпускулярлы бактериалық вкциналар немесе масқтты түрде инактивтелген вакциналарды бактериялар мен вирустардың культураларынан алады. Оларды тірі вакциналар өсірілетін қоректік орталардан бөліп алып, физикалық немесе химиялық жолдармен тіршілігін (қыздыру, ультракүлгін немесе иондық сәулелермен әсер ету, формалинмен немесе спиртепен өңдеу) жояды. Инактивтенген вакциналардың иммуногенді әсері төмен және жоғары реактогенді болғандықтан практикада кең қолданыс таппады.
Молекулалық вакциналарды өндіру күрделі технологиялық процесс болып табылады. Ол өсірілген микробтық массалардан протективті антигендерді немесе антигендік комплекстерді бөлу, антигендерді тазалау мен жинқтау, препараттарға адъюванттарды ендіру шараларын қамтиды. Антигендерді бөліп алу мен тазалау дәстүрлі әдістерді (3-сірке қышқылмен экстракциялау, қышқылдық және сілтілік гидролиздеу, ферменттік гидролиздеу, нейтралды тұздрмен тұздау, спирт немесе ацетонмен тұнбаға түсіру) бүгінгі таңдғы жаңа әдістермен (ультрацентрифугалау, мембраналық ультрафильтрациялау, хроматография әдісі арқылы бөліп алу, аффинді хроматография, моноклоналды антиденелерде өсіру) ұштастыру арқылы орындалады. Бұл әдістер арқылы жоғары дәрежеде тазаланған концентрлі антигендерді алуға болады. Стандарт талабына сай тазартылған антигендер бірліктерінің иммуногенді қасиетін жоғарылату мақсатында адъюванттар, көбінесе сорбент-гельдер қосылады. (Антиген қосылған препараттарды адсорбталған (дифтериялық, тырысқақтық, ботулиндік анатоксиндер) деп атайды. Сорбент адъювантті тасымалдау қызметін атқарады. Синтетикалық вакциналарда сорбенттер ретінде түрлі полимерлер қолданылады.
Бүгінгі таңда гендік инженерия алдында бактериялар мен вирустардың протективті белоктық антигендерін алу көзделуде. Продуценттер ретінде протективті антигендер қосылған эшерихи, ашытқы, псевдомонадалар қолданылады. Тұмау, көкжөтел, қызылша, герпес, гепатит В, аусыл, ВИЧ т.б. қоздырғыштрдың антигендерін түзетін бактериялардың рекомбинантты штамдары алынған. Микробтарды өсіру және олардан антигендерді бөліп алу қиынға соққанда протективті антигендерді қолданылады. Гендік инженерия әдісінің негізіне вакциналарды алу технологиялары мен принциптеріне рекомбинантты штамдарды өсіру мен олардан протективті антиген бөліп алу, соңғы өнімді құрстыру жатады. Адамды иммунизациялауға арналған вакциналық препараттарды алдын ала тексеруден өткізеді. Мұнда вакциналардың адам оргнизміне зиянсыздығы, реактогенділігі және иммуногенділігі анықталады. Вакциналарды зерттеу мақсатында лабораториялық жағдайда жануарлар мен басқа биологиялық жүйелерді қолданылады. Оларға вакциналардың әсер ететін зияндылығын, пирогенділігін, стерильдігін, аллергендігін, тератогенділігін, мутагенділігін зерттейді. Реактогенділік дегеніміз егілгеннен вакцинаның организмге жалпы немесе белгілі бір егілген орынға тигізетін әсері. Вакциналардың иммуногенділік қасиетін лаборториялық жағдайда жануарлар организмдеріне тигізетін әсері арқылы зерттейді. Антиген мөлшері 50 % иммунизацияланған жануарлардың ішінде патогенді микробтар және токсиндермен заладанған жануарладрдың санына қарай сипатталады.