Ұтымды тамақтану

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Октября 2013 в 18:02, реферат

Краткое описание

Денсаулық – баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние. Ол жақсы болу үшін не уақытты, не күш – жігерді, не еңбекті, тіпті барлық дүниені аямай жұмсау керек. Денсаулық үшін өмірдің бір бөлімінде қиюға болады.

Содержание

Кіріспе
1. Денсаулық - зор байлық
2. Денсаулык түрлері
3. Денсаулық – адам организмінің қалыпты жағдайы.
4. Денсаулық зор байлық
5. Денсаулық механизмінің аспектісі
Пайдаланылған әдебиет

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жоспары.doc

— 69.50 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

Жоспары:

 

Кіріспе

 

1. Денсаулық - зор байлық

 

2. Денсаулык түрлері

 

3. Денсаулық – адам организмінің қалыпты жағдайы.

 

4. Денсаулық зор байлық

 

5. Денсаулық механизмінің аспектісі

 

Пайдаланылған әдебиет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Денсаулық  зор байлық

 

Денсаулық – баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние. Ол жақсы болу үшін не уақытты, не күш – жігерді, не еңбекті, тіпті барлық дүниені аямай жұмсау керек. Денсаулық үшін өмірдің бір бөлімінде қиюға болады.

Денсаулық – адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние болғандықтан, әр адам баласы өз денсаулығына көңіл бөле қарау қажет, оны орынсыз ысырап етпеу керек, үнемі денсаулықтың қорын көбейтіп отыру керек .Біз денсаулығымызға немқұрайлы қарап, оған үлкен зиян келтіреміз. Әркім өзінің денсаулығының нашарлануына өзі кінәлі. Ауруды ағзаларға жолатпау, адамдардың өз қолында. Сол себепті, әр адам салауатты өмір салтын қалыптастыру керек. Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсысымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, зиянды әрекеттерден аулақ болып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымыз қажет.

 

2. Денсаулык түрлері

 

«Денсаулық – зор байлық»  дейді қазақ. Халықтың денсаулығын  сақтау аурулардың алдын-алу мен  оларды емдеу бағыттары; мемлекеттік, әлеуметтік, экономикалық (нарықтық экономика, макроэкономика), медициналық және биологиялық (физиологиялық) проблема.

Адамның еңбек пен түрмыс жағдайын жақсарта беру, аурулардың алдын алу. Халықтың дене және рухани күшінің  жан-жақты дами беруіне қолайлы  жағдайлар туғызу, халыққа тегін, жалпыға бірдей, жоғары дәрежедегі мамандандырылған медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ету біздің тәуелсіз егеменді мемлекетіміздің аса маңызды міндеттсрінің бірі. Бұл туралы біздің ;ата заңымызда (конституциямызда) кең көлемде жазылған. Басқадай қаулы-қаралар жеткілікті. Сонымен 2002 жылы — денсаулық жылы деп атаудың өзі нені аңғартады. Біздің мемлекетімізде денсаулық сақтау ісімен Қазақстан

Республикасы денсаулық сақтау министрлігі айналысады. Облыстарда, аудандарда денсаулық сақтау бөлімдері  жүргізіп отырады. Кейінгі кезде халықтың денсаулығы өте нашарлап кетті. Оның ең басты себептерінің бірі экологаялық жағдайларға байланысты. Қазақстан жерінің экологиясы басқа мемлекеттермен салыстырғанда, өте нашарлап кетті. Қазақстан Республикасында емдеупрактикалық мекемелер арқылы барлық медициналық жәрдем көпшілік жағдайда тегін көрсетіледі. Мемлекеттік бюджеттен арнаулы түрде қаржы бөлініп отырады. Балалар дәрігерлік көмекті балалар ауруханасы мен поликлиникаларынан тегін алады. 3 жасқа дейінгі балапар консультация орындарының бақылауында болады. Денсау-лык дегеніміз — ағзаның айналаны қоршаған сыртқы орта факторларыт бейімделуі. Айналаны қоршаған сыртқы орта факторлары әсерінен адамдардың денсаулығы қалыптасып, ол дами түседі.

 

Қазіргі кезде денсаулықтың бірнеше  түрі бар екені белгілі болды, Олар:

1. Физикалық денсаулық – ағза  жүйесі мен органдардың өсу  деңгейі. Оның негізін морфологиялық  және функциялық кезектер қалайды.  Олар ағзаның бейімделу реакциясын  қамтамасыз етеді.

2. Соматикалық денсаулық – Ол  адам ағзасы мен органдарының арасындағы биологиялық жағдайы. Оның негізін ағзаның жеке басы дамуының биологиялық бағдарламасы реттейді.

3. Психикалық денсаулық – ол  адамның психикалық сферасының  жағдайы. Ауруды болдырмау, адекватты  реакцияларды жасау. «Адам өмірінің  мақсатын болжау, мұның бәрі биологиялық және әлеумсттік қажеттіліктен туындайды.

Ағзасында функциялардың өздігінен  реттенуі, функциялық үрдістердің келсімді турде отуі, айналаны қоршаған сыртқы орта факторларының әсерлеріне бейімделу  қасиеттерінің жоғары дөрежелі жағдайда болуы.

4. Рухани денсаулық — ол адамдардың  информацияны қабылдау қабілеттілігі  мен мотивациялық іс-әрекетінің  арасындағы қарым-қатынистардың  сипаттамасын көрсетеді. Оның  негізгі бағалық жүйесі, индивидтердің  қоғамдағы орны мен оның мотивті  түрде орнығуын баяндайды. Ол адамның көңіл-күйін анықтайды. Өйткені рухани денсаулық жалпы адамдардың жомарттылығын, сүйіспеншілігін және жан-дүниесінің сұлулығын көрсетеді.

Физикалық, соматикалық, психикалық және рухани денсаулықтардың өздерінің  жинақталған көрсеткіштері мен критерийлері болады. Олар:

1. Соматикалық және физикалық  денсаулықтың критерийі мен бәрін  «өзім жасай аламын» деп көрсететін  критерий;

2. Психикалық денсаулықтың, критериі  — маған қажет заттардын. Бәрін  «өзім тауып аламын «;

3. Рухани денсаулықтың негізгі критерийі — мен «өзім жасауым керек».

Денсаулыкты корсететін негізгі белгілер:

1) Адам ағзаларында арнаулы (иммунды)  және арнаулы емес түрде пайда  больш қалыптасқан денсаулық  және оны бұзатын факторларға  денсаулықтың қарсы тұра алатындығы;

2) Ағзаның өсуі мен дамуының  көрсеткіші;

3) Ағзаның қор ретінде (резервте) жиналған және функционалды жағдайын  сипаттайтын белгілер.

4) Әр түрлі дефектілерге байланысты  дамымай қалған немесе бір  ауруларға сәйкес денсаулықтың  болмауы және денсаулық деңгейі;

5) Моральді еріктің деңгейі және  рухани-мотивациялық белгі.

 

Адамдардың денсаулығы негс байланысты болады деген сауалға келетіы  болсақ, денсаулықты шартсыз түрде 100 пайыз етіп алсақ, оның 20% тектік факторларға, 20% айналаны қоршаған сыртқы орта жағдайларына, экологиялық факторлардың әсеріне, 10%; – денсаулық сақтау жүйелерінің әлсіздігіне байланысты болатыны анықталып отыр. Денсаулық сақтау жүйесі жақсы түрде қызмет жасайтын болса, және дәрі-дәрмектер жеткілікті болса, онда адамдардың денсаулығы арта түсетіні сөзсіз. Неше түрлі жұқпалы дерттерге адам ағзасы қарсы тұра алады. Өйткені адам ағзасы табиғаттың өзі ерекше түрде жаратқан құбылысы. Денсаулықтың 50%-інің жақсы болуы адамдардың өздеріне байланысты болатынын медицина және биология ғылымдары ғылыми тұрғыдан дәлелдеп шықты. Көптеген адамдар олардың ішінде жас жеткіншекгер денсаулықтарын өздері бұзатыны байқалып отыр. Олар: ішімдік ішу, есірткі заттармен айналысу және токсикалық уларды иіскеу, немесе денелеріне жағумсн әуестену. Қандайда болмасын, олар адам өмірін өте қысқартып жіберетіні сөзсіз.

 

3. Денсаулық – адам организмінің қалыпты жағдайы.

 

Адамның денсаулығын биологиялық (іштен туа біткен және жүре пайда  болған сырқат белгілеріне қарап) және әлеуметтік факторларды ескере отырып, кешенді түрде анықтайды. Денсаулықты  жеке адамның денсаулығы және жалпы  халықтың денсаулығы деп бөледі. Жеке адамның денсаулығын, яғни оның организмінің клиникалық, физиологиялық және биохимиялық көрсеткіштерінің жиынтығын адамның жынысына, жасына, сондай-ақ климаттық және географиялық жағдайларына байланыстыра отырып анықтайды.

 

Ал жалпы халықтың денсаулығы санитарлық-статистикалық кешенді көрсеткіштермен, яғни халықтың өсімі, өлуі, балалар өлімі, әр түрлі ауруларға шалдығуы, адамның дұрыс өсіп дамуы, орташа жасы, т.б. факторлар арқылы анықталады. Жалпы халықтың денсаулығының қалыпты болуы – жеке адамдардың ай сайынғы алатын еңбек ақысына, жұмыс уақытының ұзақтығына, еңбек және тұрмыс жағдайларына, дұрыс тамақтануына, денсаулық сақтау ісінің даму барысына, елдің жалпы санитарлық жағдайына тікелей байланысты. Адам денсаулығының мән-маңызына қазақ халқы ежелден көп көңіл бөлген; күнделікті өмірде денені күтіп ұстауға, тазалық сақтауға, дұрыс тамақтануға да өте қатты мән берген. Қазақ халқының «Бірінші байлық – денсаулық», «Дені саудың – жаны сау», «Жаны саудың – тәні сау» деген мақал-мәтелдері адам денсаулығын күтуде терең тәрбиелік және философиялық маңызын осы күнге дейін жойған жоқ.

 

 

 

 

 

4. Денсаулық зор байлық

 

        Адамзат өмірге  келген соң өмірін қалай болса  солай өткізбеуі тиіс. Яғни адам  саналы да жарқын өмір сүруі  қажет. Ол үшін ең алдымен  ата-бабамыз айтып кеткендей

 

                        Бірінші байлық – денсаулық 

 

                        Екінші байлық – ақ жаулық

 

                        Үшінші байлық – он саулық

 

демекші, ең алдымен саналы да жарқын өмір сүру үшін денсаулық қажет. Ал сол денсаулықты сақтау – өз қолымызда, яғни өз еншімізде. Қазіргі таңда аурулардың түрі көбейіп барады. "Тірі адам түбінде бір ауырмай тұрмайды” деп данышпан Баласағұнидің айтқан сөзі рас сияқты. Өйткені, әрбір адам басында өзіне белгілі бір аурулары бар. Бірақ біз сол аурулардың шарықтауына жол бермей оған төтеп беруіміз қажет. Яғни "Ауруын жасырған өледі” (Ә.Науаий) деген сөзге қарсы адам өз бойындағы ауруы бойынша дәрігерлерден кеңес алып, білгендерден сұрап отыруы қажет. Ең алдымен сәбилердің дұрыс жетіп қалыптасуына қарсы дисплазия деген аурулар бар. Ол аурумен сәби күресе алмайды, ал онымен күресетін ата-анасы. Бұл ауру дәрігерлердің айтуынша, әсіресе соңғы кездері балалар арасында кеңірек тарап бара жатқан дисплазия ауруының пайда болуына бірнеше себептер негіз. Олардың біріншісін экологиялық жағдайлармен байланыстырсақ, екінші себебі ағзадағы йод темір, сондай-ақ кальцийдің тапшылығына тікелей қатысты. Мұның ақыры мүгедектікке әкеліп соғуы мүмкін. Сондықтан баланың сауығып кетуіне де өзіміз жәрдемші болуымыз керек. Ауруға қарсы сылап-уқалау сәбидің екі аяғын тізесінен кісен секілді темірмен керіп қою керек.

 

        Ал енді  еліміздегі экономикалық жағдайдың  өзгеріп нарықтық қатынастардың  дамуы, қоғамның әлеуметтік тұрғыда  жіктеле бастауы ол мүмкіншіліктердің  бірдей болмауы және осы теңсіздіктің балалардың тұлға болып қалыптасуына да өз ықпалын тигізетіні анық. Ал бұл кәмелетке толмағандар арасында қылмыстың көбеюіне әкеліп соғады. Есірткі құмарлық жасарып келеді. Бұл – дабыл соғарлық жағдай. Бүгін Республикамыздағы тұрақты есірткі құмарлардың 2/3 бөлігін жасөспірімдер мен 25-30 жасқа дейінгі жастар құрайды. Балаларда да есірткіні тұтынатын жағдайларда болады. Мамандардың айтуынша есірткіні татып көрген немесе оқтын-оқтын тұтынған адамдардың жартысынан астамы 13-17 жаста жасаған. Есірткі құмарлықтың үдеп бара жатқаны қылмыстық ахуалдың күрт нашарлауына тікелей әсер ететіні анық. Сондықтан жастарды улап, халықтың болашағына қатер төндіріп жатқан бұл дертке аяусыз күрес ең бірінші өзіміз, отбасымыз және мектепте басталуы қажет. Еліміздің ертеңгі тізгіні жастар қасында мемлекетіміздің алдына қойып отырғаны елулікке ену стратегиясы жүзеге асу үшін жас ұрпақтың дені сау болуы қажет. Сонда ғана өз елімізді елулік қатарынан көре аламыз. Сол үшін өз денсаулығымызды өзіміз күтуіміз қажет. 

 

5. Денсаулық механизмі  бар екені белгілі, ал, денсаулық  өзі АЛТЫ АСПЕКТІДЕН тұрады:

 

а) физикалық денсаулық.

 

б) психикалық және интеллектуалды денсаулық.

 

в) жеке.

 

г) рухани денсаулық.

 

д) эмоционалды денсаулық.

 

е) әлеуметтік денсаулық.

 

ФИЗИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ келесі түсініктерден тұрады: біздің денеміз қалай құрылған және қалай жұмыс жасайды, ешқандай дене аурулары жоқ, ол жаттыққан немесе шыныққан.

 

ПСИХИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ДЕНСАУЛЫҚ - бұл психикалық аурудың және кем ақыл-дылықтың болмауымен түсіндіріледі. Психикалық денсаулық адам жаңа білімді қабылдау және оны қолдау қабілетімен, негізгі психикалық процестердің күші және қозғалғыштығымен сипатталады.

 

ЖЕКЕ ДЕНСАУЛЫҚ - бұл адам өзін-өзі адам ретінде сезінуі, талпынысы, өзін көрсетуі, жетістігі, негізгі құндылықтары. Біреулер жұмысынан, біреулер - өнерден, үшіншілері - отбасынан, төртіншілер - жеке басынан жетістік іздейді. Өзін-өзі таныту неғұрлым қоғамға қарсы келмесе, соғұрлым ол адамның өзіяе пайдалы, осыдан барып нақты адамның жеке денсаулығы сипатталады.

 

РУХАНИ ДЕНСАУЛЫҚ - бұл адам өмірінің орталығы, бұл - мораль, тәртіп және басқа біреудің әрекетін қабылдау этикасы, мейірімділік пен қайырымдылық, әсемдікті қабылдау этикасы.

 

ЭМОЦИОНАЛДЫ ДЕНСАУЛЫҚ  - бұл өз сезімдерін түсіну және бақылау, керек кезінде өз сезімін түсінікті түрде шығара білу, эмоцияның тыйым салатын және салмайтын көріністерін білу керек.

 

ӘЛЕУМЕТТІК ДЕНСАУЛЫҚ - бұл ең алдымен өзін қоғамның бір бөлшегі ретінде сезіну, қоғамда және қоғам өмірінде өз жетістіктерін сезіну. Мұнда өндірістік қатынас пен профессионалды сапаның орны айқын. Маңызды және материалды жағы - қандай адам болса да, қажеттіліктермен қамтамасыз етілуі (яғни, оның жұмыс істеуі, шеберлігі мен тәртібі).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиет

 

  1. www.referat.ru

 

  1. http://go.mail.ru/

Информация о работе Ұтымды тамақтану