Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2015 в 05:29, реферат
Адамзаттың бүкіл өмірі осы топырақпен байланысты. Топырақ ауылшаруашылығы өндірісінің негізгі құрамы болып табылады. Топырақтың құнарлығын арттыратын әр түрлі тыңайтыштар бар. Бейорганикалық тыңайтқыштар құстың саңғырығы, малдың тезегі және т.б. осыларды ерте кезден бастап адамдар өздерінің шағын жерлеріне еккен егіндеріне тыңайтқыш ретінде пайдалана білген.
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Топырақтың адамзат үшін маңызды.
2. Органикалық тыңайтқыш көң
3. Адам топырақты түзуші фактор ретінде.
4. Топырақтың пайдалы қазбаларды іздеудегі маңызы.
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланған әдебиеттер
1. Өсімдік клеткасына
су келуі нашарлап, бұзылады, себебі
топырақ ерітіндсіндегі осмос
қысымы өсімдік клеткасы
2. Ассимиляция және газ
алмасу процестері бұзылады. В.А.Ховда
зерттеуі бойынша, сортаңдау жағдайында
өсімдіктерге магнии, натридің хлорлы
тұздары көптеп сіңіп, маңызды
химиялық элементтер – кальций,
калий, фосфор, темір, марганец бірнеше
есе кемиді. Тез еріген тұздар
өсімдіктің жасыл бөлігінде
3. Сортаңдалу әсерінен өсімдік анатомиясында күрделі өзгерістер болады. Тамыр қуысы тарылады, қабыршақ қабырғалары қалыңдайды, нәтижесінде өсімдік қурайды.
Топырақтың сортаңдалуымен, сорлауымен күрес, сор топырақтарды жақсарту халық шаруашылығының күрделі де маңызды мәселесі болып табылады.
Топырақ құнарлылығы тек табиғи қасиеттеріне емес, оны өңдеу сипатына да байланысты. Табиғи құнарлылық топырақтан жаратылыс қасиеттеріне байланысты. Тиімді құнарлылық табиғи құнарлылық бөлігі, ол мәдени өсімдік түсімі түрінде анықталды. Тиімі құнарлылық тыңайтқыш қолдануға, топырақты ұтымды өңдеуге және т.б. шараларға сәйкес ұлғаяды. Осылайша жасанды тиімді құнарлылық жасалады:
Табиғи құнарлылық |
Тиімді |
Әлеуметті |
Жасанды тиімді құнарлылық |
Ғылым мен ауылшаруашылығындағы тәжірибе дамыған сайын жасанды құнарлылық арта түседі. Тиімді құнарлылық адамзат қоғаының дауына, өндіріс күштері мен өндірістік қатынастардың дауына байланысты.
Өткен ғасырда «кемуші құнарлық заңы» деген қате және реакцияшыл заң тұжырымдалды. Ол көптеген тәжірибелер нәтижесінде шығарылды. Ол тәжірибелер кезінде топырақ құнарлығына және өнім түсіміне бір фактордың әсері зерттелді. Мысалы: топырақтағы судың арпа өніміне әсері анықталды. Тәжірибе деректері бойынша топырақ ылғалдығы 60%-ке жеткенше өнім артып отырды, ал ылғалдықты көтерген кезде өнім азайып, 100% ылғалдық кезінде нөлге тең болған.
Мұндай тәжірибелер басқа да өсімдіктермен олардың тіршілігіндегі басқа да факторларға қатысты жасалып отырған. Барлығында да берілен фактордың онтайлы құрамына сәйкес ең көп өнім алған да, бұл фактордың мөшерін әрі қарай көбейткен сайын өнім жинау төмендей берген.
Тәжірибе нәтижесін өндіріске енгізіп, кейбір зерттеушілер жансақ пікірге: топырақты өңдеп пайдаланған сайын топырақ құнарлығы топыраққа салынған еңбек пен қаржыны ақтамай, бірте-бірте азая береді. Осы қорытыдыдан қате тұжырымдар жасалған.
В.Р.Вильямс осындай тәжірибелердің ғылыми негізсіздігін дәлеледі. Оларды өткізгенде әдістемелік қателік бар фактодың өсімдік тіршілігіне әсері алынғанын, тәжірибені бірнеше фактор мен өткізсе, өнім өсе түсетіні дәлелденді.
2.2Көң– өте құнарлы органикалық тыңайтқыш. Ол мал астына төселген сабан (не сабансыз) және жас қи мен несептің қоспасы. Көңнің құрамы мен тыңайтқыштық қасиеті жануарлардың түріне, жемнің және мал астына төселген сабанның не шөптің сапасына, алу және сақтау тәсілдеріне байланысты болады. Орташа есеппен жануарлар жейтін жемнің құрамындағы 40%органикалық заттары, 50 – 70% азоты, 80%-ы фосфор, 90% калий көңге айналады. Тәулігіне әрбір жануардан алынатын көң мөлшері (килограммға шаққанда, төсенішсіз): өгіз – 40, сиыр – 55, бойдақ мал –27, бордақыланған төл –14 – 35 (жасына байланысты), қабандар (аталық шошқа) – 11,1, мегежін – 8,8.Көңнің құрамы оны сақтау тәсіліне тәуелді. Таза көң суды араластыру дәрежесіне қарай: жартылай сұйық (құрғақ заттар 8%-дан артық), сұйық (3-тен 8%-ға дейін) және көңқақ (3%-дан кем) болып бөлінеді. Таза көңнің құрамы экскремент (нәжіс) құрамына тәуелді, ал ол жануарлар жасына және жем беру түріне байланысты болады, Көңнің тыңайтқыштық тиімділігі, оны дайындау, сақтау және топыраққа енгізу, шашу тәсіліне байланысты. Көң қоймасында текшеленіп нығыздалған көңнің құрамында органик. заттар мен азот жақсы сақталады. Шіруіне қарай көң жас көң, шала қызған, шіріген және қарашірік деп ажыратылады. Шала шіріген көңде органик. заттар 20%-ға кемиді. Оларды күздік егінге пайдаланған тиімді. Әбден шіріген көңде органик. заттың 50%-ы жоғалады. Қарашірік–борпылдақ, топырақ тәрізді зат. Мұны, көбінесе, көкөністерді (қияр, сәбіз, қызанақ, капуста, т.б.) тыңайту үшін қолданады. Қойдың кепкен қиы мен сиырдың тезегі отын ретінде де пайдаланылады
2.3 Адам топырақты түзуші фактор ретінде.
В.В.Докучаев деректері
бойынша топырақты құраушы, оның
қалыптасуына қатысушы барлық
факторлар ішінде, топырақ түзілуін
мақсатқа сай өзгертуге
Жер өңдеп, егіншілік басталғаннан бері орман аймағын өңдеу үшін от қою қолданды. Бұл кезде орман өртеніп, босаған жерлерге егін егілді. Жер тозған соң оны тастап, жаңа орман алқабы өртеліп, жаңа жерлерге егін егілген. Егіншіліктіңең ежелгі жүйесі – тыңайған жерді қолдану. Бұл жүйе падаланылған жер учаскелері тозған соң ұзақ уақытқа егімей бос қалдырады, ал тыңайтылған жерлер аз уақыттан соң қайта егіліп пайдаланылады.
Бірте – бірте бос жерлер саны азайып, егіс аралық үзіліс уақыты азаяды (1 жыл). Осылайша жерді пар айдап пайдалану екі және үш ауыспалы геіс қолданылады. Бірақ жерді бұлай күштеп пайдаланутыңайтыш қоспау, агротехниканы төмен деңгейде қодану түсімді нашарлатып, өнім сапасын азайтты.
Қазіргі егіншілік жүйесі топырақ құнарлылығын қолдауға, арттыруға бағытталған. Осы мақсатта топыраққа түрлі тыңайтқыш қосады, қышқыл топырақты әктейді, өңдеу процесін механикаландырады, егін егу айналымын ғылыми тұрғыдан негіздейді, топырақты азотқа байыту үшін ауыспалы бұршақ тұқымдас шөп егуді қолданады.
Жеді мелнорациялау шаралары: құрғату, суландыру, эрозияға қарсы шаралар т.б. қолданылады. Топырақ өндіріс құралы ғана емес, еңбек өнімі де болады. Кейбір топырақтардың өзгертілуі соншалық оларды ерекше типке бөлуге болады.
Осыларға Қырымдағы жүзім өсіруге екі мың жыл бойы пайдаланып келе жатқан плантаждалған топырақтар, Орта Азияның ежелгі суармалы жазиралары жатады.
Топырақ георафиясы және егіншілік -Егіншілік те ерекше географиялық жағдайда жүзеге асады. В.В.Докучаев ілімінше топырақ түзуші факторлардың өзара әрекеттесуі әсерінен пайда болады. Осы өзара әрекеттесудің бұзылуытың тың жерлердің мәдени жерлерге айналуы қалыптасқан топырақ режимін күрт бұзып, оның қасиеттерін өзгетеді.
Сондықтан егіншілік жүйесі түрлі табиға жағдайда пайдалы шаралар, басқа жағдайларда қолдануға келмейді. В.Р.Вильямс шөп егумен қатар жұргізілетін егіншілік әдісін ұсынды, топырақтың құрылымы мен азот құрамын қалпына келтіру үшін топыраққа шөп түрлерін егеді.
Егіншілікті шөп өсірумен қатарластыру тек қара емес топырақты орталыққа пайдалы екені дәлелденуі КСРО аумағының тундрат аймағында егіншілік сирек тұстарда қолданылады. Тайга орманы аймағының оңтүстік жартысы егіншлікке пайдалы, түгелге жақын жыртылған.
Егіншіліктің ең көп тараған жері орманды далалық және далаолық аймақтар. Құрғақ дала мен далаларда егіншілік ауданы тағы да қысқарады. Бұл жерде таңдаулы тұстарда егіліп, жайылымдық мал шаруашылығы дамыған.
Егіншіліктің таралуы топырақ табиғи жадаға ғана емес, оның мамандандандырылуына байланысты орманды дала, кейде құрғақ дала аймағында дәнді дақылдар өсіріледі.
Мақта егінілігі Орта Азияның сұр топырақты жерлерінде дамыған. Кендір дақылын өсіру – шым топырақты күлді топырақты жерлерде дамыған.
Топырақты өңдеу, мелиорация, тыңайтқыш қосу және т.б. шаалар географиялық жағдайларды ескеріп жоспарлануы және жүзеге асырылуы керек. Бұл жайт ғылыми-зерттеу тыңайтқыштар институты деректері бойынша берілген тыңайтқышты түрлі топыраққа қосу тиімділігі туралы кестеде жақсы көрсетілген.
Табиғи аймақтар |
Топырақтар |
Тыңайтқыш әсері |
Орманды |
Күлді және шым-күл топырақты жерлер |
Жоғары. әк (известь) |
Орманды-далалық |
Сұр орманды, күларалас, негіз аралас қара топырақ |
Жоғары. Фосфорит қосылған аймақ |
Далалық |
Типтес, кәдімгі, оңтүстік |
Орташа. Көбіне топырақ |
және шабындық – қара топырақты жерлер |
тұрақсыз және жеткіліксіз ылғалданады | |
Құрғақ |
Каштан |
Әлсіз. Қуаңшылық жағдай |
Шөл дала |
Сұр топырақтар |
Күшті. Суармалы егіншілік |
Егіншілік дұрыс ұйымдастыру үшін топырақта ғана емес, топырақты түзуге қатысатын табиғат жағдайларын да жан-жақты зерттеу керек. Сондықтан топырақ географиялық және жер қыртысы карта георафиялық жұмыстар маңыға ие болып келеді.
Топырақтың адамзат қоғамының басқа да тіршіләік салалары үшін маңызы-Топырақ және халықтың денсаулығы, топырақтың санитарлық-гигиеналық және медициналық маңызы зор.
Топырақ көптеген қарапайым жануарлар мен микроорганизмдердің тіршілік ету ортасы болып табылады. Ірі совет ғалымы-медик, географ А.И.Павловский зерттеулері бойынша табиғатта жұқпалы және паразиттік аурулар «ошактары» бар.
Бұл ошактар ауру тудырушылардың тіршілік етуіне қолайлы орта. Сондай орта – топырақ болып саналады. Мысалы: гистоплазмоз тудырушы грибоктар тек қызыл-сары күл топырақты жылы климатты аймақта жақсы дамиды да, басқа топырақта дамымайды.
Индияда соңғы кезге дейін холера (тырысқақ) ауруы сақталып келді. Оның кең тарап, адам өліміне жие әкелетінтарауы аймағы – гидроморфы топырақты (аллювиал, атыраулық, батпақты) аймақ холера дамуына өте қолайлы.
Топырақ ауру тудырушы микробтар үшін ғана емес, ауру тасымалдаушы жануарлар үшінде қолайлы болуы мүмкін. Сондықтан кейбір жұқпалы аурулар белглі бір жерлерде ғана болады.
Адам денсаулығына топырақтың химиялық құрамы да әсер етеді. Топырақта кейбір элементтердің артық не кем болуы өсімдік пен жануарларға теріс әсер ететінін жоғарыда атап өттік.
Адамға жеткілікті геохимиялық ерекшеліктер аз әсер етеді, себебі халық тек жергілікті өнімді ғана пайдаланбайды. Бірақ кейде жекелеген химиялық элементтердің топырақтағы тапшылығы (артықшылығы) сондай, бұл халық денсаулығына әсер етпейқоймайды. Кальций, темір, йод, фтор тапшылығынан болатын көптеген аурулардың болатыны белгілі.
Әсіресе, өмірлік маңызы бар процестерге қатысатын биологиялық белсенді заттар құрамына кіретін химиялық элементтердің етіспеушілігі халық денсаулығына едәуір зиянын тигізеді.
Мұндай аурулар эндемиялық деп аталады. өсімдіктер мен жнуарлар арасында ауытқулар болатын аумақты А.П.Виноградов биогеохимиялық провинция деп атаған. Шаруашылықты жоспарлы түрде дұргізгенде эндемиялық ауруларды жоюға болады. Мысалы: топырағында йод жетіспейтін таулы аудандарда ас тұзына әдейі йод араластыру арқылы зобтың ауыр түрлері жойылады.
2.4 Топырақтың пайдалы қазбаларды іздеудегі маңызы.- Топырақта болып жатқан процестерді зерттеу гоехимиялық іздеу әдістерін жетілдіру үшін маңызды. Бұл әдістер халық шаруашылығының минерал шикізатқа мұқтаждығына байланысты ерекше мәнге ие.
Минерал шикізат жер қойнауының терең не тайыз тереңдігінде жатқандықтан, ғылымдар геохимиялық әдістерді дайындап, топырақты зерттеп, пайдалы қазба кен орнының бар жоғын анықтайтын арнайы аппараттар ойлап шығаруда.
Мысалы, топырақ ауасын зерттеп мұнай-газ жиналуын, радиоактивті элементтер қорын анықтауға болады. Осындай іздеу әдістерін дайындау үшін, топырақта жүретін процестерді жақсы білу қажет. Сондықтан бұл салада топырақ танушылар да үлкен қызмет етеді.
30-жылдарда геохимиктер металл рудасы кен орындарының айналасында руда элементтері шашырап кездесетінін ашқан. Қай жердің топырағында осы металл құрамы көптеп кездессе, сол жерде кен орны бар екені анықталған. Бұл әдіс металлометрия деп аталады. Бұл әдіс әлем елдерінде пайдаланылады.
Көптеген геологтар экспедициялары металлометриялық сынақтар алып, лабораторияда арнайы анализден өткізіледі. Алынған нәтижелерді математикалық есептеп, картаға түсіреді және химиялық элементтің кен орнын табуға қолданады.
Металломертиялық жұмыстарды дұрыс жүргізіп, нәтижесін қатесіз талдап, түсіну үшін сынақ алынған топырақтың ерекшелігін білу керек. Жер қыртысы түзілген химиялық эементтер топырақ профилі бойынша заңды түрде таралып орналасады.
Кейбір топырақ горизонтында олар жайылып ағып кетеді не ағып кетеді. Түрлі топырата бұл түрлішеболады. Егер олардың таралу ауданын сынақты топырақ профилі құрылысын ескермей қалса, алынған сынақ үлгісінде тек измус горизонтының сынағы кем болады, ал онда кен орнына байланыссыз – ақ металл құрамы жоғары болады.
Сонымен қатар кен орнына жақын жерден алынған топырақта руда элементтері сумен шайылып кетіп, сынақта металл мөлшері аз болуы да мүмкін, нәтижесінде алынған деректер геологтарды шатастыруы мүмкін.
Бұдан да анық деректерді топырақтың түрлі фракциялары мен сығындыларын тадау кезінде алуға болады. Сіңірілген катион анализін геохимиялық іздеу үшін пайдалану әрекеті болған.
Жер қыртысы түзілу процестері топырақтың беткі жыныстарының физика-химиялық қасиеттерін өзгертеді. Сондықтан аэродром, автомагристраль, теміржолдар салу үшін инженерлік ізденістер жүргізген кезде кейбір жер қыртысын түзуші процестердің топырақтың құрылыстық сипаттамасына әсер етуін бағалау өте үлкен маңызыға ие болып отыр.
3. Қорытынды.
Тақырыбымды қорыта келе топырақтың адам өмірі үшін пайдасы өте ерекше. Топырақсыз адам өмір сүру мүмкін емес және де оның құнарлылығына да аса берген жөн. Топырақ құнарлы болса өсімдік өсіп, өнімді өте көп өлшерде береді. Ал топырақтың құнарлығы аз болса, өсімдік ауырып одан алынатын түсім де азаяды.
Информация о работе Топырақтың пайдалы қазбаларды іздеудегі маңызы