Тұмау және құс тұмауы кезіндегі жүргізілетін шаралардың стандарттары мен алгоритмдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Марта 2015 в 15:00, реферат

Краткое описание

Тұмау немесе грипп (лат. grіppus, фр. grіpper, ағылш. influenza – “бас салу, шап беру”) – тыныс жолдарының жұқпалы вирустық ауруы. Аурудың қоздырғышы – ортомиксовирустар, олардың үш типі: А, В, С бар. Өте жұқпалы ауру. Тұмау вирусының сыртқы қабыршағының құрамында гемагглютицин (оны Н әрпімен белгіленеді) және нейраминидаза (N әрпімен белгіленеді) болады. Олар әр түрлі факторлардың әсерінен өзгеріп, тұмау вирусының жаңа вариантын түзуі мүмкін.

Содержание

1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
2.1.Тұмау туралы түсініктеме
2.2.Құс тұмауы туралы түсініктеме
2.3. Тұмау және құс тұмауы кезіндегі жүргізілетін шаралардың стандарттары мен алгоритмдері
3.Қорытынды
4.Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Гулназ эпид.docx

— 38.34 Кб (Скачать документ)

Аса қауіпті инфекциялардың, оның ішінде құс тұмауының да Қазақстан Республикасының аумағына әкелінуі мен одан әрі таралуының алдын алу мақсатында 36 санитариялық-карантиндік пункт (бұдан әрі – СКП) тәулік бойы жұмыс істейді.

Халықаралық әуежайларда дене қызуы жоғары адамдарды байланыссыз анықтау мақсатында 40 тепловизор орнатылған және 66 пирометр бар.

Тұмауға және басқа да аса қауіпті инфекцияларға күдікті науқастар анықталған жағдайға арналған іс-шаралар жоспары мен хабарландыру схемасы бекітілген.

Облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталықтарының құрамында жұмыс істейтін ұлттық референс-зертхана мен 16 вирусологиялық зертхана тұмау вирустарын зертханалық диагностикалауды жүзеге асырады.

Аса қауіпті қоздырғыштарды тудыратын аурулар бойынша қолайсыз елдерден келген жолаушыларға тұрақты мониторинг жүргізіледі.

Мысалы, 2013 жылдың 19 сәуірінен бастап 2014 жылғы 10 қаңтар аралығында ҚХР-нан 102 207 жолаушы келді, келген жолаушылардың арасында инфекциялық ауруларға күдікті адамдар анықталған жоқ.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректеріне сәйкес A(H5N1) құс тұмауы бойынша Бангладеш, Қытай, Египет, Үндістан, Камбоджи, Индонезия және Вьетнам, короновирус бойынша Таяу Шығыс елдері эндемиялық болып табылады.

Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің аумақтық департаменттері республиканың шегінен тыс сапарға шығатын адамдарға инфекциялық сырқаттанушылықтың, оның ішінде құс тұмауының да алдын алу шаралары туралы ақпарат беру бойынша туристік фирмалармен түсіндіру жұмысын тұрақты жүргізеді.

Төтенше жағдайлар туындаған кезде туроператорлар мен турагенттер турситтердің медициналық көмек алуына және жеке қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жәрдем көрсетуі тиіс екендігін білуі керек.

Республиканың шегінен тыс, әсіресе Таяу Шығыс елдеріне сапарға шығатын адамдарға мынадай алдын алу шараларын есте ұстауды ұсынамыз:

- науқас адамдармен жақын қарым-қатынаста болмау;

- ауру белгілері бар (жөтелу, түшкіру) адамдармен қарым-қатынас кезінде бір рет қолданылатын масканы пайдалану;

- қолды жиі жуу, қоздырғыштың сілемейлі қабыққа түсуін болдырмау үшін лас қолмен көзді, мұрынды және ауызды ұстамау;

- республиканың шегінен тыс сапарға шығу алдында ҚР ДСМ Мемсанэпидқадағалау комитетінің ресми сайтында баратын елдің инфекциялық сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдайымен танысу.

Құстардың тұмауына қатысты құс тұмауының вирусы 75⁰С артық температура кезінде 1 минут бойы қайнату кезінде өлетінін айта кету қажет. Жұмыртқаны міндетті түрде ағын судың астында жуу қажет. Құстың етін бөлшектегеннен кейін асүй аспаптарын және қолды міндетті түрде сабынмен жуу қажет. Құстың нәжісін жалаңаш қолмен ұстауға қатаң тыйым салынады. Адамдар үшін инфекция жұқтырған құспен қарым-қатынаста болған, оның ішінде құс өнімдерін және тірі құстарды сатуды жүзеге асыратын базарларға барған қауіпті. Үй және жабайы құстардың жаппай өлу фактілері анықталған жағдайда тез арада аумақтық ветеринарлық қадағалау органдарына хабарлау қажет.

Алғашқы белгілер пайда болған кезде  дәрігерлердің ақыл- кеңесі:

  • Қоршаған ортаны жұқтырған адамнан қорғау шаралары.

  • Жедел дәрігер шақыру.

  • Бал мен пияздың тұнбасымен мұрын  және тамақ жолдарын  шаю керек.

  • Осы процедураны мүмкідігінше әр сағаттан, ал 3 – 4 сағат аралығында содамен немесе картоп қабығы эвкалипт, жалбыз майы қосылған ыстық буда ұстау  керек.

  • Вирусқа қарсы дәрі –дәрмектер қолдану

 

 

 

 

 

 

                            Қорытынды

Жіті респираторлық вирусты инфекциясы (ЖРВИ) мен тұмау әлемдегі ең өзекті медициналық, әлеуметтік, экономикалық мәселенің бірі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне сәйкес, жыл сайын әлемде 3-5 млн.-ға жуық адам тұмаудың ауыр түріне шалдығып, 250-500 мың адам көз жұмады. Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг жөнінде ғылыми-практикалық орталықтың хабарлауынша, Қазақстанда 2012 жылы 1 044 834 ЖРВИ және 626 тұмауға шалдығу оқиғасы тіркелген.

Тұмау – эпидемиялық маңызы бар ЖРВИ түрі. Бұл аурулардың даму белгілерін алғашқы сатысында байқаудың маңызы зор. Себебі, ол дер кезінде тұмауды емдеумен қатар, айығуға көмектеседі.

ЖРВИ мен тұмауды емдеудің өз ерекшеліктері бар. Сондықтан, уақытылы дәрігерге жүгіну өте қажет.

Жоғарғы тыныс алу жолдарының шырышты қабаты – инфекция кіретін жол ЖРВИ мен тұмауға ортақ болып табылғандықтан, бұл індеттің де ұқсас белгілері бар. Алайда, тұмау ағыны өткір респираторлық вирустық инфекция ағынынан ерекшеленеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

1)http://ru.wikipedia.org/wiki/www. 
2) google.ru 
3)Амиреев С.А,Муминов Т.А «Стандарты и алгоритмы мероприятий при инфекционных заболеваниях» 1том,2007г.

 

 

 

 


Информация о работе Тұмау және құс тұмауы кезіндегі жүргізілетін шаралардың стандарттары мен алгоритмдері