Түйе шаруашылығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Ноября 2013 в 19:39, реферат

Краткое описание

Түйелер (лат. Camelus) — сірітабандылар отряд тармағына жататын сүтқоректі ірі жануарлардың бір туысы. Түйелер шөлге де, қатты аязға да төзімді, күшті көлік малы. Мұның екі түрі бар: қос өркешті түйе (Бактрия түйесі) — негізгі өсірілетін жерлері: Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Астрахан, Сталинград, Саратов және Чита облыстары, бұрынғы КСРО-да мұның Астрахан түйесі, Қазақстан түйесі, Монғол түйесі деп аталатын негізгі үш тұқымы өсіріледі; бір өркешті түйе (дромедар), — Түрікменстанда, көбінесе Тәжікстанда, Өзбекстанның оңтүстік аудандарында және Қазақстанның кейбір жерлерінде өсіріледі. Ең көп өсірілетін жері — Қарақұм. Қоспақ түрлеріне, пайдалануына, қанына қарай: аруана, желмая, нар деп аталады. Түйенің еті мол, жүні биязы болады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Документ Microsoft Word.docx

— 411.53 Кб (Скачать документ)

 

Үлек нар. Қисық төс нардың ұрғашысын лөкке шағылыстырудан туған түйе. Бұл онша күшті болмайды, сида сирақтары әлсіздеу, жүні бұйралау келеді. Бақырып, құспайды. Бурасы кісі алмайды. Ыстық пен суыққа шыдамсыз.

Қызыл нар. Таза қанды лөкті таза тұқымды аруанаға не бір туардың інгеніне шөгергеннен туған түйе. Мұндай нардың түгі қызылдау, өзі күшті, өркеші артына қарай бейім. Ыстық пен суыққа, шөлге өте шыдамды. Бақырып, құсуды білмейді. Сүті аздау.

Кез нар. Қос өркештің бурасы мен аруананың шағылысуынан туған түйе. Мұны қара нар деп те айтады. Ол нар өркешті келгенімен өркешінің бас жағы айыр, артына таман бітіңкі. Түсі қоңыр, шудасыз, жүні тығыз, аяқтары әлді, күшті. Шөлге, ыстық, суыққа шыдамды. Бақырып жын шашпайды.

Күрт нар. Бұл сөздің түбірі «курд» (ұлттың аты), қазақша «күрт» деп кеткен. Бұл атау тек нарға ғана айтылады. Нардың бурасы аруанаға шағылысуынан туған түйе. Түсі қара, қоңыр, жұқа, қылшық жүнді, шудасыз және денесі сидалау біткен, күшсіз келеді. Өркеші жабысыңқы, ыстық пен суыққа шыдамсыз.

Жардай нар. Екі өркешті түйенің бурасы нарға шөгуден пайда болған будан.

Кердері мая. Лөк пен маяның шағылысуынан туған түйенің ұрғашысын айтады. Бұл жүнсіз, жіңішке денелі. «Кердері» деген алшын тайпасының ертеден белгілі руы, түйе аты осыдан алынған.

 

Қос өркешті түйе

Көшпелі мал өсірген халқымыздың  тұрмыс қажетіне нар түйе қандай керек  болса, қос өркешті түйе де сондай маңызды. Қос өркештінің піштірілмеген еркегін «бура», ал ұрғашысын «інген» дейді. Бұл түліктің шатыс келген тұқымдарына қарай мынадай түрлері бар:

 

Қос өркешті. Түйенің екі  өркештісі. Мұның өркештерінің арасы  алшақ келеді.

Айыр. Екі таза қанды айырдан немесе айыр мен қоспақтың арасынан туғаны. Өркештері баладай, әрі қомды, әрі өркеш аралығы кең, қарынды болып келеді. Саны үлкен, сирақтары әлді. Түсі боз, ұзын талшықты, тығыз түбіт жүндес, шудалы, сүтті. Ыстық пен суыққа шыдамды, күшті, бойы биік. Таза айырдың бурасы кісі алмайды. Бақырып, құсуды білмейді.

Мырза қоспақ. Бұл атаудың алдыңғы сөзі «таза, жақсы» деген мағынаны білдірсе, соңғы сөзі екі тұқымның араласуынан пайда болғанын білдіреді. Бекбатша мен жамбозды қос өркештің бурасына шағылысуынан, немесе бекбатша мен жамбоздың бірін айырдың інгеніне шөгеруінен пайда болған түйе. Бұл түйенің дене құрылысы өте ірі, өзі күшті. Түсі боз, шудалы, бұйра жүнді, өркеші қомды, аласалау, арасы тарлау болса да өркешінің аралығына бір кісі отырарлықтай орын болады. Өзі сүтті, ыстық пен суыққа шыдамды, бақырып құспайды. Шөлге шыдамдылығы мен сүттілігі жағынан нардың ешқайсысынан қалыспайды. Ал өзі өте сұлу келеді. Түйенің бұл тұқымында нардың қаны басым екендігі сырт пішінінен білініп тұрады. Бұны шаруалар көбірек малданып, қадірлеп өсіреді.

Қырысты қоспақ. Лөкті мырза қоспаққа шағылыстырып жіберуден туған. Жалғыз өркешті түйеге ұқсас көрінеді. Мұның жалпақтау жалғыз өркеші болады. Өркешінің жоғары жақ ұшы болымсыз айырлау, түсі бозғыл, салалы түяқ жүнді. Бірақ жүнінің қылшығы ірі, шудасы таза айырдың шудасындай ұзын болғанымен, қылшығының әрбір талы ірілеу келеді де, өріодші биік болады. Қырысты қоспақты кейбіреулерінің екі өркешінің ұш жағы қысылыңқырап, арасы тар, жүні бұйра болмай, ешкі жүндес келеді. Қомды, биік өркешті, бойы аласалау, қарынды, жуан денелі. Саны үлкен, сирақтары өте күшті, табаны ылайлы жерден таймайды. Сүттілік жағынан орташа. Бақырып, құспайды. Бурасы кісі алғыш келетіндіктен, ауыздарына темірден тұмылдырық салынады. Суық пен ыстыққа берік, шөлге, аштыққа шыдамды.

Ара қоспақ. Лөкті айыр өркеш түйенің інгеніне шөгеруден пайда болған будан. Мұның бойы биіктеу, қомды, үлкен өркешті, өркешінің арасы тарлау, жуан санды, сирақтары әлді, табаны лайлы жерден таймайтын күшті. Бұлар уақ жүнді келеді, емшегі жұмсақ, сүтті. Ыстық пен суыққа берік, шыбынға шыдамды. Бурасы кісіге қарсы айбат қылады. Мұмдай мінезді бураның аузыпа темірден құрсау тұмылдырық салынады.

Айыр қырысты  қоспақ. Бұл таза айыр түйенің бурасын қырысты қоспаққа шөгеруден немесе қырысты қоспақтың таза бурасын айырдың інгеніне шағылыстырудан туады. Түйенің бұл түрі де жақсы болады. Қомды, биік өркешті, салалы ұяң жүнді, ұзын шудалы, ірі денелі, жуан сапды, сирақтары әлді, табаны лайдан таймайтын күшті. ЬІстық пен суыққа, шөл мен шабынға шыдамды. Бурасы кісіге қарсы айбат қылып шабады. Бірақ бақырып, құсуды білмейді.

Қоспақ нар. Бір туардың ұрғашысы айыр түйенің таза қанды бурасына шөгерілуден туған тұқым.

 

Ерекшеліктері

 Түйелер мен таутайлақтардың башпайларында мүйізді тұяқтары болмайды. Тұяқтың орнында башпайларының ұшында ғана доғаланып, қисық біткен кішкене тырнақ өседі. Табаны жалпақ және астыңғы жағы сүйелді, жұмсақ көнмен қапталған. Сондықтан бүл жануарларды көнтабандылар деп атайды. Түйенің кеудесінде, тізесі мен тілерсегінде сүйелді, сірілі, түксіз тықыр жерлері болады. Түйе шөккен кезде сүйелді жерлері ыстық құмның әсерін сезбейді. Осыған байланысты түйе ыстық құмда шыдай төгіп жата береді.

Түйенің дене тұрқы ірі. Оның салмағы 700-800 кг, мойны иір және ұзын. Денесінің әр жерінде ұзын шудалы жүндері болады. Құрғақ далалы, шөлейтті және шөлді аймақтарда тіршілік етуге бейімделген. Сондықтан халық түйені «шөл дала кемесі» деп атайды.

Қолда өсірілетін түйелердің арғы тегі - жабайы жүйелер. Түйе бұдан 4-5 мың жыл бұрын қолға үйретілген. Айыр өркешті түйенің қолға үйретілген жері - Орта Азия. Сыңар өркешті түйенің қолға үйретілген жері - Африка өңірі.

Қазіргі кезде сыңар өркешті  жабайы түйе жойылып кеткен. Айыр өркешті жабайы түйе Монғолияның Гоби шөлінде ғана сақталған. Түйені - төрт түліктің төресі, киелі түліктің бірі деп есептеген. Түйенің пірін - «Ойсылқара», кей жерде «Қаусыл- қазы» деп атайды.

 

 

Түйе өнімдері

Сүті

Түйе сүтінің майлылығы  сиыр сүтінен әлдеқайда жоғары. Оның құрамында адам ағзасына қажетті нәруыз, витаминдер мол. Түйе сүттен шұбат дайындалады (қымыран деп те аталады). Шұбат өкпе, асқазан, ішек ауруларына бірден-бір шипа, қанды толықтырады. Шұбаттың радиацияға қарсы әсері болатыны да анықталған.

Шудасы

Түйенің шудасы да қымбат бағаланады. Оны буын, құяң, бүйрек ауруларына және радиация сәулелеріне қарсы ем ретінде пайдаланады. Шудадан бағалы тоқыма бұйымдар жасалады.

Түйе түлігі күй таңдамайды, басқа мал жемейтін қатты, тікенді  өсімдіктермен қоректене береді. Түйе күндіз жайылып, түнде жатып, күйіс қайырады. Бірнеше тәулік су ішпеуге шыдайды. Бұл кезде өркеш майларынан бөлінген суды пайдаланады.

 

Халық өміріндегі түйенің рөлі

Ертеде түйелі көш «сахараның салтанатты» деп аталған. Ежелгі Қытайдан Жерорта теңізіне дейінгі керуен жолының тарихы түйе түлігімен тікелей байланысты. Төрт түліктің бойында болатын жақсы қасиеттердің бәрі түйе малының бойынан табылады. Ауыз әдебиетінің көптеген үлгілерінде түйеге қатысты теңеу сөздер, даналық нақылдар, мақал-мәтелдер көптеп кездеседі. Бұл ой-тұжырымдар түйенің тіршілік ерекшеліктерін айқын аңғартады. «Түйесі бардың - киесі бар», «Көтерем деп түйедей безбе - салтанатың емес пе? Тебеген деп биеден безбе - қос қанатың емес пе?». Түйе түлігін қастерлен «ұлық» деп те атайды. Түйешіні «ұлық баққан» деп құрметтеп, оған көпшілік жиналған жерде төрдей орын берген. Кейбір аймақтарда түйені «кәуіс» деп атайды. Түйе түлігіне арналған аңыздар бойынша шығарылған күйлер де ел арасына кеңінен таралған. Сүгірдің «Бозінгені», Ықыластың «Желмаясы», Тәттімбеттің «Бозінгені» және т. б.

Түйені алғаш жүк тасымалдау мақсатында көш көлігі ретінде үйреткен. Ерте замандардағы ел мен елдің арасындағы сауда-саттық түйелі көш керуендері арқылы жүргізілген. Тарихи деректерде Самарқан саудагерлерінің сапарға Жібек жолы арқылы 30 мың түйемен шыққандығы жазылған.

Ертеде қазақ даласында  түйесі көп адамдар аз болмаған. Ертеректе Ақтөбе өңіріндегі Сортаңды, Шақытты жерлерін жайлаған Қара деген кісінің 3 мың түйесі болған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Түйе шаруашылығы