Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2013 в 15:15, лекция
Қазіргі таңда адамзат ауасын жұтып, суын ішіп отырған табиғат Ананы қорғап, аялау барша жұртқа тіршілік қамы, табиғи қажеттілік. Сондыктан да бүлдіршіндерді айналадағы табиғи ортамен үнемі қарым-қатынаста болуға үйрету, олардың ұғымдарын қалыптастыру, табиғатқа деген жанашырлыққа тәрбиелеу қазіргі балабақшадағы тәрбие ісінің өзекті тармақтарының бірі болып табылады.
Табиғат мектепке дейінгі балалардың ақыл ойын
дамыту құралы
Қазіргі таңда адамзат
ауасын жұтып, суын ішіп отырған табиғат
Ананы қорғап, аялау барша жұртқа
тіршілік қамы, табиғи қажеттілік. Сондыктан
да бүлдіршіндерді айналадағы табиғи
ортамен үнемі қарым-қатынаста
болуға үйрету, олардың ұғымдарын
қалыптастыру, табиғатқа деген жанашырлыққа
тәрбиелеу қазіргі
Балабақшадағы тәрбиенің
мақсаты-табиғатты аялап, оны қамқорлыққа
алып күту, табиғат жөнінде қарапайым
білім бере отырып,
тірі және өлі табиғаттағы құбылыстар
жөнінде қарапайым ұғымдар қалыптастыру.
Балаларға жануарлар дүниесіндегі ғажайып
құбылыстар, анасынан тірі туылғанмен,
жетілмеген, дәрменсіз, әлжуаз халде
болғандықтан енелерінің қарнындағы тері
қатпарларынан түзілген
қалтада сүтін еміп, өсіп жетілетін Австралияның
қалталы қасқыры,
ағашқа өрмелеп тіршілік ететін қалталы
кішкентай аю, тиін, кенгурудің суретін
көрсете отырып әңгімелеу арқылы балалардың
қиялына қанат
бітіру.
Ежелгі грек аңыздарының бірінде соғысқа аттанушы Марстың жорыққа киетін дулығасына кептер ұя салып, соның себебінен соғысқа бөгет болған сүйкімді құс-ықылым заманнан бері бейбітшілік белгісі болып келген кептердің бірнеше түрінің «пошта кептері», «таласқыш кептер», т.б. суретіне қарай ажырату арқылы дидактикалық жұптау ойындарын ойнату.
Балабақшадағы экологиялық
тәрбие жұмысы, тәрбиешінің негізгі
салалары болып есептелетін
арқылы көрме ұйымдастырылғаны дұрыс.
«Алтын күз», «Кұстар күні»,
«Табиғатты сүйеміз», т.б. ертеңгіліктер
бала еңбегімен ұштасып, әр педагогтің
ізденімпаз әрекеті ғана болашақ табиғат
жанашырын тәрбиелей алады дей келіп,
тәрбие жұмысын жүргізудің мынадай екі
нысанасына назар аударамыз: а) балалардың
айналадағы табиғатқа деген сүйіспеншілігін
оятып, ұғымын кеңейту, оның әсемдігін
нәзік сезінуге, өсімдіктер мен жануарлар
дүниесін қамқорлыққа алуға баулу. ә) балабақшада
табиғат жайында алғашқы ұғымды қалыптастыра
отырып қарапайым білім беріп, осының
негізінде тірі және өлі табиғаттағы құбылыстар
жөнінде
нақты және жалпылама таным-түйсік қалыптастыру.
Табиғат туралы бүлдіршіндердің ой-өрісін
кеңейтіп, осы түйсіктер арқылы бүлдіршіндерге
табиғат сырларын ұғындыру жөніндегі
экологиялық тәрбиенің ересектер тобына
арналған жоба-бағдарламасын ұсынып отырмыз:
Бұл топтағы балаларда ортаны танудың
физиологиялық механизмдері өзінің жоғары
даму деңгейіне жетеді. Іштей ойлау, ой
түю пайда болады. Баладағы ой-сана мен
жүйкенің қозғалуы мен тежелуі ширығып,
күшейеді, тепе-теңдік сипат
алады. Абстракты ойлау біршама дамиды,
айналадағы орта туралы талдау, ой түю
әжептеуір жетіледі, табиғат туралы кәдімгідей
түйсік таным қалыптасады. Ол енді табиғаттың
өзіне тән кейбір құбылыстары мен қасиеттері
жайында білетін болады. Ойын мен еңбек
әрекеті
ұштаса жүреді. Табиғат құбылыстарының
кейбір заңдылықтары, бұл
құбылыстардың мерзімді қайталануымен
таныстырылады, осының негізінде табиғат
құбылыстарын реалистік тұрғыда ұғынуы,
білуге құлшынысы, байкап-көре білуі, логикалық
ойлауы, табиғатқа эстетикалық тұрғыдан
қарау сезімі қалыптаса береді.
Өсімдіктер туралы ұғымдары кеңейтіліп, оның ішінде күнбағысқа т.б. өсімдіктерге тоқтала, оның күнге қарап өсуіне байланысты аталатын және дәнінен май сығып алып, күнделікті өмірде пайдаланатындығын айтып әңгімелеу, олардың сондай-ақ өсуі үшін белгілі бір жағдайлар - топырақ, ылғал, күннің нұры, жылуы керек екені түсіндіріледі. Кейбір жануарлардың өсіп дамуы жөнінде балалардың білімі толықтырылады, құстар жұмыртқалайды, балапан басып шығарады, оларды азықтандырып асырайды және түйе ботасын, сиыр бұзауын, ит күшігін, мысық баласын өз сүтімен асырайтындығы түсіндіріледі. Балалардың жабайы хайуандар (қасқыр, аю, түлкі, қоян, кірпі) олардың тіршілігі, қорек табу әрекеті жөніндегі ұғымдары кеңейтіледі.
Күзде: Балалардың өлі табиғаттағы, өсімдіктердің құстар мен аңдардың тіршілігіндегі күзгі өзгерістері туралы накты түсініктерін кеңейту, балаларға бұрыннан таныс кейбір кұбылыстар мен ауа райының жағдайы және өсімдіктер мен жануарлар тіршілігі арасындағы байланыстың реттілігін анықтап «күз» ұғымының мәнісін айқындап, қорытындылауға бағыттау. Балалардың жансыз табиғаттағы, құстардың хайуандардың өмірінде бірте-бірте болатын өзгерістер: жапырақтардың түсуі, құстардың жылы жаққа ұшып кетуі жайындағы ұғымдарын бекіту. Күзде балабақша егістігіндегі көкөніс жинау, қазып алу, ауланы тазарту (жапырақтарды жинап бір жерге үю) т. б. жұмыстарға көмектесіп, пайдалы еңбекке араластырылады, әңгімелесулерде күз туралы түсініктері нақтылана толықтырылып бекітіледі, фильмдер көрсетіледі.
Қыста: Балалардың
қысқы ауа-райының сипатты
ағаштардың, ормандағы құстар мен аңдардың
тіршілігі туралы білімдерін кеңейту
және қорытындылау мақсаты көзделеді.
Еңбек дағдыларын қалыптастыру, жанды
нәрселерге ұқыптылықпен қарау сезімін
тәрбиелеуді жалғастыра беру. Қар жауып
тұрған кезде балаларға қара қоңыр қағаз
қиындысын беріп, оған қар ұшқынын тосып
алып, оны анықтап қарап, соңынан суретін
салуды ұсыну, бала қиялын ұштау. Қыс туралы
ұғымын толықтыра
отырып, күнделікті байқау, кештің ерте
түсуі, ай мен жұлдыздардың шығуы, ауа-райы
құбылыстарына қардың жаууы, аяз, боранның
болуы назар аудару. Қыс қызығын тамашалап,
жүздері суықтан бал-бұл жанған балалардың
ақ қар, жалтыраған көк мұзда шана, шаңғымен
сырғанап ойнап жатқан суреттері бейнеленген
суреттер арқылы «Қыс қызығы», «Ортақ
шана» атты қимылды ойындарын ойнату.
Адамдардың еңбегімен көшені, жолды тазарту,
қарды күреу балалардың өз аулаларының
қарын тазалауға жәрдемдесулері. Қыс туралы,
суреттер, бақылаулар бойынша әңгімелесу,
қыс қызығын тамашалаумен қатар, қыскы
табиғатты қорғай білуіне назар аудару.
Көктемде:Табиғаттың
көктемгі құбылыстары, олардың
себептері туралы, көктемдегі адамдардың
еңбегі жайында балалардың
Гул жамылған өлкедегі
Бұталар да ән төгеді.
Бөктердегі бәйшешектей,
Көктем неткен көркем еді.
Егіс даласындағы көктемгі жұмыс, гүлзарлардағы балалар еңбегіне тоқталу. Табиғат бұрышындағы өсімдіктер туралы дидактикалық ойындар ойнату.
Жазда:Жаз мезгіліндегі
күннің жарығы мен жылудың әсерінен
өсімдіктердің өсіп жетілуі жөніндегі
бала ұғымы кеңейіп, жинақталады, жеуге
жарамды және улы саңырауқұлақтар
мен шөптесін өсімдіктерді айыра
білуге үйрету ескеріледі. Адамдардың
гүлзарлардағы, егістіктердегі еңбегімен
таныстырады, табиғатқа құмарлық, сүйіспеншілік,
ұқыпты қарау сезімін тәрбиелейді.
Балалар арам шөптерді отап, гүлдердің
тұқымын жинауды үйренуі тиіс.
Тәрбиеші күнделікті серуен кезінде
аспанға назар аударады (бұлтты,
бұлтсыз сөздерінің мағынасын түсіндіру).
Жаңбырдың жаууы кезінде тәрбиеші балаларға
оның бұлттан жауатындығын түсіндіреді:
Мысалы:
Ақ мақта әлдеқайда барады ауып,
Жақындап кетсе жерге алар жауып.
(Бұлт)
Тәрбиеші балаларды әдемі гүл мен, жағымды
иісімен қызықтыратын шөптесін өсімдіктермен
таныстырады. Ойлау қабілетін дамыту үшін
өсімдіктерді атағанда кейбір өсімдіктердің
атауларына және олардың ерекшелігіне
назар аударған дұрыс, мысалы: жолжелкен
— жол бойында өседі, шырмауық — басқа
шөптерге оралып, шырмалып өседі, т.б. Сондай-ақ
табиғаттағы жаз құбылыстары, ерекшеліктері
туралы бүлдіршіндердің ой өрісін дамытып,
толықтыру, өсімдіктерді күту, жануарларға
қамқорлық жөніндегі адам еңбегіне тоқталу.
Жаз күнінін ұзақтығы, жаңбыр, найзағай,
кемпірқосақ туралы түсініктерін нақтылау.
Серуен, экскурсия кезінде жаздың әр кезеңінде
гүлдейтін өсімдіктердің, жемістердің
пісуін, құстардың көбеюін бақылау. Гүлдерді
жинау, шоқгүлдер тобын жасау арқылы топ
бөлмелерді безендіру. Табиғат бұрышында
балалар бөлме ішінде өсімдіктерді суарып,
гүлдердің түбін қопсытады, сондай-ақ
аквариумды, құс торларын тазартады,
өсімдіктер мен жануарларды дұрыс күту
мен олардың жақсы жағдайда
болуы арасындағы байланысты анықтауға
үйретіледі. Табиғат мүйісінін эстетикалық
көркемдігіне балалар назарын үнемі аударып
отыру. Бұл топта тәрбиешінің суреттерді,
диафильмдер мен көркем әдебиетті оқуды
пайдалану арқылы әңгімелесулеріне көп
орын беріледі және табиғат құбылыстары
туралы өз елінің табиғатын қорғап, қамқор
бола білу қасиеті бойына сіңіріледі.
Балабақшадағы экологиялық тәрбие жұмысының және бір арнасы – адамгершілік тәрбиеге саяды. 1. Адамгершілік тәрбиесінің мәнісі баланың адамдарға, айналадағы ортаға, туған өлкенің табиғатына деген сүйіспенішілігін, қамқорлығын арттыруды көздейді. Туған өлкеге сүйіспеншілікті тәрбиелеудің негізгі құралы — ұлтгық тілі, мәдениеті, көркем өнер туындылары. Бала әдеби шығармаларды: өлең, ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтел, аңыз-әңгіме, батырлар жырын тыңдау арқылы ана тілінің құдіреттілігін сезінумен қатар, оны сүюді үйренеді. Адам табиғат пен өмірдің бар қызығын ән-жырға қосып, оның әдемі де сұлу көріністерін бала санасына ән арқылы жеткізе білген.
Халқымыздың қандай
ән-әуені болмасын мейірім-шапағатқа,
мәнді мазмұнға, ұлағатты тәлім-тәрбие,
терең философияға негізделе жазылған.
Сондықтан да ол сезімге әсер етіп, балалардың
мінез-құлқы мен адамгершілік қасиеттерін,
эстетикалық талғамын дамытуға ықпал
етеді. Халық балаға табиғаттың құпия
сырларын ән арқылы жеткізумен бірге,
өмір сүрудің негізгі көзі
адал еңбекке де баули білген. Оларға арнап
мақал-мәтел, тақпақ, жаңылтпаштар, жұмбақтар,
қанатты сөздер, ертегілер шығарып, күнделікті
бала тәрбиесіне қолданған. Тәрбиенің
осындай мол мұралары арқылы
баланың сезімін оятып, рухани дүниесін
байытқан, айнала қоршаған дүниені танытып,
еңбекке баулыған және де табиғат өсімдігімен
қатар кең даладағы құстардың сан алуан
дыбыстарымен, жабайы аңдардың үй жануарларының
үнімен таныстырып, танымдық қызығушылығын
арттырған.
Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғат құбылыстарының жұмбақ сырлары әрқашан да қызықтырады. Олар тілі шыға бастаған кезден-ақ үлкендерден әрнәрсені сұрап, білмекке құштар. Әрнәрсені «қар неге жауады? Жаңбыр қайдан пайда болады? Жеміс-жидектер қыста неге піспейді? Қарлығаш неге күн жылы кезде келеді? Шыбын-шіркейлер күн суығанда қайда кетеді? – деген сияқты сан алуан сұрақтар қояды. Бала естіген, көрген, сезген нәрсесін танығысы, білгісі келуі заңды ғой. Ендеше балалардың осындай сұрақтарына мән беріп, ойдағыдай түсіндіре аламыз ба? Бүлдіршін бөбектің тіршілік, түйсігі осындай ұсақ-түйектен қалыптаса беретіні бекер ме?
Бала зейінін құстар сайраған дауысына, судың сылдырына, жапырақтардың сыбдырына аудара отырып, жыл мезгілдерінің ауысуына байланысты осы құбылыстардың өзгеруін түсіндіру ғана емес, айналасындағы ортада болып жатқан өзгерістерді өздігінше бақылай білуге де үйрету қажет. Мұны бала психологиясын жетік білетін, туған елінін табиғатын сүйетін, жаны нәзік тәрбиеші ғана істей алады.
Информация о работе Табиғат мектепке дейінгі балалардың ақыл ойын дамыту құралы