Құстардың шығу тегі және эволюциясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2014 в 17:27, реферат

Краткое описание

Құстардың шығу тегі және эволюциясы туралы мәселе тек қана жалпы түрде шешілген. Құстардын. арғы тегі рептилилер болғаны сөзсіз.
Рептилилердің бір бұтағы болып бөлі-ніп, одан ең соңында кұстардың шығуы мезозойдың (триас) бас кезі деп саналады. Диназаврлардың, крокодилдердің бас-қа рептилилердің топтарының арғы ата-тегі болып саналатын құстарға жақын тұрған псевдозухилер (Рsеudоsисһіа) болып саналады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

құстардың шығу тегі.docx

— 25.43 Кб (Скачать документ)

Құстардың шығу тегі және эволюциясы

 

Құстардың шығу тегі және эволюциясы туралы мәселе тек қана жалпы түрде шешілген. Құстардын. арғы тегі рептилилер болғаны сөзсіз.

Рептилилердің бір бұтағы болып бөлі-ніп, одан ең соңында кұстардың шығуы мезозойдың (триас) бас кезі деп саналады. Диназаврлардың, крокодилдердің бас-қа рептилилердің топтарының арғы ата-тегі болып саналатын құстарға жақын тұрған псевдозухилер (Рsеudоsисһіа) болып саналады. Псевдозухилердің ішінде құстарға морфологиялық жағынан өте ұқсас орнитозухилер (Огпіtһоsисһиs) болған. Олар құстар сияқты артқы аяқтарымен қозғалып жүріп ал-дыңғы қолаяқтарымен қоректерін қармап ұстаған. Құйрығы ұзын, сол сияқты жамбас белдеуінде де, құстардың жамбас белдеуіне ұқсас белгілері болған. Денесінін, сыртын ұзынша қабыршақтар қаптаған. Қабыршақтарының көлденең өсі болады, оның бүйірінен қысқа құстардың қауырсындарына ұқсас қабыршақ кетеді.

  Псевдозухилер рептилилердің маманданған бір бұтағы бо-лып саналады. Бірақ, олар құстардың тура шыққан ата-тегі “мес. Құстардың арғы ататектерінің шығу тегін және псевдо-зухилердің шығу тегін ертедегі рептилилерден қарастыру керек. Бұл топтардың эволюциясы алғашқы кезде, ағаштарға өрмелеп жүруден басталуы мүмкін, соның салдарынан, артқы аяқтары қатты заттың бетімен жүргенде денесіне тірек болып, ал алдыңғы аяқтары бұтақтардан ұстап қозғалуға мамандан-ған. Бұдан кейін оларға бір бұтақтан екінші бұтаққа секіретін қабілет пайда бола бастаған. Алдыңғы аяқтарының, артқы жиегіндегі қабыршақтары ұзарып қанаттың қауырсынының алғашқы нұсқасын құраған. Осыған байланысты қазіргі кездегі гоациндардың балапандарының саусақ қанаттарының жәрдемімен ағаштарға өрмелеп шығуын еске түсіруге болады. Ағаштарға өрмелеп жүрудің нәтижесінде, артқы аяқтарының бірінші саусағы, басқа саусақтарына қарама-қарсы арт жағына қарай бағытталып орналасқан. Бұдан әрі қарай даму кезеңінде қа-быршақтарының жиегі кеңейіп, қауырсынға айналған. Бұл да-му процесі алдымен қанаттары мен құйрық қауырсындарынан басталып, бүкіл дене қауырсындарының дамуымен аяқталады. Қауырсынның пайда болуы, олардың ұшуына мүмкіндік беріп қана қоймай, дене жылуының реттелуіне, яғни құстардың “жылы қанды” болуына себепші болған.

  Құстардың нағыз тегінід қалдығы әлі табылмаған. Полеон-тологиялық қазбалардың ішінде, рептилилер мен құстардың аралық формасы болатын үш факты бар. Өткен ғасырда юра дәуіріндегі жер қабатынан алдымен қауырсынның таңбасы, соңынан толық екі скелет табылған. Оның біреуін археоптерикс, ал екіншісін соған жақын археорнис деп сипаттаған.

 Бұл жануарлардың кұстарға ұқсас белгілері; денесі қауыр-сынмен қапталған, алдыдғы аяқтары өзгеріп, қанатқа айналған, жауырыны қылыш пішінді, бұғаналарының басы бірігіп, екі айрық бір сүйекке айналған, жамбас сүйегінің кұрылысы, артқы аяқтарындағы сирақ пен табан сүйегі және бір саусағы басқа саусақтарына қарама-қарсы аяғының арт жағына орналасқан. Сонымен қатар, бұлардың рептилилерге ұқсас бірсыпыра белгілері: мүйізді тұмсығының, тістерінің болуы, құйрық бөлімінің ұзын 20 шақты омыртқадан тұруы және оның жіңішке болуы, қырлы төс сүйегінің болмауы, бүйір қабырғаларыныд болуы т. б. Алдыңғы үш саусағында жетілген тырнақтары болған, жамбас сүйегі құстардікі сияқты төрт-алты омыртқа арқылы қозғалмалы болып байланысқан.

  Археоптерикс пен археорнистің дене құрылысына жасалған талдау, олардың тіршілік әрекеттерінің қандай болғанына бол-жау жасауға мүмкіндік береді. Бұлар ағаштарға өрмелеп,, ағаштан ағашқа секіріп тіршілік еткен, бірақ ұша алмаған ор-ганизмдер. Бұған олардың алдыңғы аяқтарының нашар болуы, төсінде қырлы сүйектің болмауы, сонымен қатар қанат сүйектерінің бетінід тегіс болуы, ұшуға мүмкіндік беретін күшті бұлшық еттід болмағанын көрсетеді. Жамбас сүйектерінің құрылысына қарағанда, олар ұсақ жұмыртқалар салған болу керек. Әлсіз тістері насекомдармен немесе жемістермен қоректенгенін адғартады. Артқы аяқтарыныд және жамбас белдеуінід құрылысына қарағанда жер бетінед гөрі, ағаш-тарда өрмелеп жүріп тіршілік еткен жануар екенін көрсетеді.

 Бор дәуіріндегі қалдықтардың ішінен құстардың екі ерекше топтарының: ихтиорнистер (Ісhtуогпіs) мен гесперорнистер-діц (Неsрегогпіs) қалдықтары табылған. Гесперордистер ұшу-ға қабілеті жоқ, су құстары болған. Қанаттары болмаған, ал-дыдғы аяқтары иығының рудименті түрінде ғана болғад. Төс сүйегідід қыры болмаған. Суда жақсы жетілген екі артқы ая-ғының жәрдемімен жүзген. Сырт көрінісі гагарларға ұқсаған. Ихтиорнистер жақсы ұшатын жануарлар болуы мүмкіy, өйткені бұлардың қанат скелеттері жақсы жетілген және кеудесінде биік қырлы сүйегі, жақтарында тістері болған.

 Жоғарыдағы келтірілген фактілерге сүйене отырып құстар-дың арғы тегі, систематикалық жағынан псевдозухиларға жа-қын, ерте мезозойлық рептилилер болуы мүмкін деген қоры-тындыға келеміз. Алғаш олар жер бетінде тіршілік еткен, артқы аяғымен қозғалатын жануарлар болған. Алдыңғы аяқ-тары қармап ұстау қызметін атқарған. Одан кейінгі тіршілігін ағаштарда өрмелеп жүріп өткізген. Ағаштан ағашқа секіру, қалықтап ұшу сияқты әрекеттердің барлығы қанат қабыр-шағының ұзарып жетілуімен байланысты. Бұл қабілетінін, жетілуі ұшуға төселуге әкеліп соққан. Құстардың тіршілігіне қолайлы орта — орман болып саналады.

 Ұшуға бейімделумен қатар, құрылысындағы  көптеген белгі-лері де жетіле бастаған. Денесін қауырсынның жауып тұруы жылы қанды болуына себепші болған.

 Құстар класы (Аvеs)

1-класс тармағы. Алғашқы құстар (Агсһаеогпіthеs) немесе (Sаигигае). Бұған жататын археоптерикс.

 ІІ-класс тармағы. Нагыз құстар (Nеогпіtһеs немесе Огпіtһи-

 гае).

1.Отряд үсті. Тісті құстар (Ргоtһогпіtһеs).

 Бұл отряд үстіне бор дәуірінде тіршілік еткен ихтиорнистер (Ісhуогпіs) мен гесперорнистер (Неsрегогпіs) жатады.

2. Отряд үсті. Қырсыз төстілер (Rаtіtае).

3. Отряд үсті. Пингвиндер (Іmреппеs).

4. Отряд үсті. Қырлы төстілер (Сагіпаtае).

 

 

 

Құстардың терiсi бауырымен жорғалаушылардiкi сияқты құрғақ және безсiз. Аяқтарында қабыршақты  жабындары болады. Құстардың қауырсындары бауырымен жорғалаушылардың қабыршықтары сияқты мүйiздi заттан тұрады. Бауырымен  жорғалаушылардiкiндей зәрағарлары мен көбею мүшелерi клоакаға ашылады. Әсiресе  үлкен ұқсастық құстар мен бауырымен жорғалаушылардың ұрықтарында байқалады. Қазiргi тропиктiк құстар огациндердiң балапандары ағаш бұтақтарына сақталып қалған, қанат саусақтарымен  жармасады. Бұл ұқсастық құстар мен бауырымен  жорғалаушылар — ортақ ата-тегi бар, жануарлардың туыс топтары деген ұйғарымға негiздеме бередi.

 

Алғашқы құстар. Құстардың көне бауырмен жорғалаушылардан шыққандығы  туралы ой көне құстар дақтарының табылуымен расталады. Мұндай тастардағы дақтар 1661 және 1677 жылдары Германияда табылған. Дақтар негiзiнде ғалымдар бұл құстардың бейнесiн қайта қалпына келтiрiп, оларды алғашқы құстар деп атады. Алғашқы құстар қауырсындармен қапталған және үлкендiгi көгершiндей  болған. Оларды нағыз қанаттары, ұзарған жiлiншiгi, барлық құстарға тән аяқтағы саусақтарының орналасуы  және басқа құрылыс белгiлерi ерекшелендiрдi. Бiрақ көп омыртқалы ұзарған құйрығы, жақтарындағы майда тiстерi, ауаға толмаған сүйектерi  және басқа  белгiлерi, олардың  бауырмен  жорғалаушыларға  ұқсастығын көрсеттi. Қанаттың,  қыры жоқ төстiң  құйрықтыңқұрылысы,  алғашқы құстар  нашар  ұшып,  ағашта тiршiлiк еттi деп  тұжырым жасауға мүмкiндiк бередi. Ғалымдардың айтуы бойынша, алғашқы құстар шамамен 180 млн. жыл   бұрын,  ағаштарда  тiршiлiк етiп, бұтақтан  бұқтаққа секiре алатын ұсақ бауырымен  жорғалаушылардан  шыққан. Кейiннен  табиғатта  қазiргi құстардың белгiлерi  дамыған дарақтар  ғана сақталған.

 

ҚАЗАҚСТАН ҚҰСТАРЫ

 

ШЫРША ҚАЙШЫАУЫЗЫ — тау өзеніненжағалай өсетін ағаштарда жиі кездесетін торғайдың бір түрі. Қоректері- қыста пісетін шырша тұқымдары. Шырша қайшыауызының тұмсығы атына сай айқасып тұрғандықтан, ол оның жемін оңай алуына көмектеседі. Бұл құстың ерекшелігі- көктемде жұмыртқаламай, керісінше қақаған қаңтар айында жұмыртқалап, балапандарын шығарады. Қоректі олаоға үнемі аталығы жеткізіп отырады. Ал аналығы балапандарын ұядан қашан ұшырғанша шықпайды. Олар балапандарын жемсауында,ы жібіген қарағай тұқымын құсып беру арқылы асырайды. Сәуір айында балапандары өздері қоректенетін болады.

 

САМЫРКЕШ

 

САМЫРКЕШ — ақшыл жолақтары бар, қоңыр қызғылт түсті орман құсы. Ол ұзақ уақыт бойы ағаш басында отыруды ұнатады. Самыркештің тұрақты- ұзақтап сәл кешірек. Ұя салар кезінде қалың орман ішіне еніп, адам көзіне түспеуге тырысады. Бұл құс көктем айларында шырша зиенкестері- бізтұмсық және қоңыздармен, ағаш қандаласымен қоректеніп, табиғатқа едәуір пайдасын тигізеді.

 

Самыркештің бір ерекшелігі- жазды күндері ол жемін ауламай жүріп, ағаштағы жаңғақтарды біртіндеп үзіп, оны түскен жапырақтардың астына тыға береді екен. Осылайша бір құс жылы күндері бір мыңға жуық шырша жаңғағын жинап, оны суық қыс айларында азық ететін көрінеді.

 

ҚОҚИҚАЗ.

 

ҚОҚИҚАЗ - дене бітімі ерекше, тұмсығы имек, сирек кездесетін құс.  Қызыл қанат- деп те аталады. Қорғалжын қорығындағы Теңіз көлінде ғана ұялап, жұмыртқалайды. Ол басын суға батырып, түбін қопарып, судағы жәндіктерді аузына толтырып сүзіп алып қоректенеді. Ұя жасауға да су түбіндегі тұнбаны пайдаланады.

 

Қоқиқаздар жүздеп, мыңдап бір мыңға ұя салып, жұптарын жазбайды. Ұядағы 2-3 жұмыртқаны кезектесіп басып шығарады да алғашқы екі айда құрамы дәрумендерге бай құс сүтімен асырайды. Жеген тамақтарын асқазанында өңдеп, тұмсығын балапан аузына апарғанда 23-ы қаннан тұратын ашық қызыл түсты сұйықтық тамшылап ағады екен. Бұның сыры әлі күнге дейін ашылмаған. Ересектері ұшып кеткенде балапандарға қарауға қалған 1-2 тәрбиеші  қоқиқаздардың мыңдаған балапанды жүзуге апарып, ұясына қайтаруды адамдарды таң қалдырмай қоймайды.

 

АҚҚУ

 

АҚҚУ -қорғауға алынған, мойыны ұзын, сұлу жыл құсы. Наурыздың басы мен сәуірдің аяғында оралып, қазан айларында ұшып кетеді. Қазақстанда дыбыс шығару ерекшелігіне байланысты сұңқылдақ, сыбырлақ деген екі түрі кездеседі. Тұмсығының жиегінде үлкенді- кішілі тісшелері болғандықтан тұмсығы жалпақ әрі сүзгі қызметін атқарады. Негізінен, су өсімдігінің жапырағымен, тамырымен, кейде ұсақ жәндіктермен де қоректенеді. Аққу ұясын жұптасып қамысы нулы, суы таза, тұщы көл жағасында салады. 3-7 жұмыртқаны 35-40 күн басып шығарады. Балапандары ширақ келеді. Ал аталығы ұясын, балапандарын қорғайды. Бір ерекшелігі жұптарын өлгенше жазбайды. Халқымыз жас жұбайларды қос аққуға осы себептен теңеген.

 

ҮКІ.

 

ҮКІ — негізінен орманды мекендеп, жемін көбіне түнде аулайтын жыртқыш құс. Басы үлкен, көздері бақырайған, қауырсындары жұмсақ. Ұшқанда дыбыссыз қанат қағады. Ұясын жасыруға болатын жерге салады. Жұптарын өмір бойы сақтайды. Дене мөлшеріне қарай 2-12-ге дейін жұмыртқа басады.

 

Қоян, тышқан секілді кемірушілерді аулап пайда келтіреді.

 

Үкіні қазақ халқы қасиетті құс санайды. Оның қауырсынындағы бедер, құранның құпияланып жазылған нұсқасы деп баланың бесігіне, бас киіміне таққан. Сонымен қатар бақыт, табыс әкеледі деген сеніммен ақын, әншілер бас киімдерін, домбыраларын үкілеген.

 

ҚАРЛЫҒАШ.

 

ҚАРЛЫҒАШ -жыл құсы. Мекендеген ортасына қарай далалық, аудандық деп аталады. Елімізде кент, сұр, құз, жар және қосрең қарлығаштары да кең тараған. Қарлығаштар өте ұшқыр. Сұр қарлығаш сағатына 170 км жылдамдықта ұшады екен. Сондай-ақ, жемін де ұшып жүріп аулап, суды да ұшып келіп қалқып іше алады. Олар насекомдармен қоректеніп, әр қайсысы күніне мыңнан аса маса жеп зор пайда келтіреді.

 

Ұясы- балапандарын қолайсыз жағдайдан және жауыннан қорғайтын шебер жасалынған баспана. Олар жұптарын өмір бойы сақтап, балапандарына екеуі де қамқорлық жасайды. Халқымыз қарылғашты киелі санайды. Құйрығының айыр болуына байланысты ел арасында аңыз әңгімелер бар.

 

ҰЛАР.

 

ҰЛАР- салмағы 3 кг-дай, түсі тас өңдес, тауыққа ұқсаса, жергілікті құс. Биік тау шыңдарын мекендейді. Көбіне 5-10-нан топтасып жүреді де тек көктемде ғана жұптасады. Олар өте сақ келеді. Тау бөктерінде жайылып жатқанда, біреуі биік құзға шығып, жан-жағын бағдарлап тұрады екен.

 

Егер қауіпті сезсе айрықша үн шығарып, хабар беретін көрінеді.

 

Қыстың аязды күндерінде тас қуыстарынан пана тауып, топтасып бірін-бірі жылытады. Қар қалың жауған жылдары, көбіне таутекенің соңынан еріп отырады. Себебі таутекелер тебіндеп жайылып, қырат беткейлеріндегі қарды тазартып, қанаттылардың азығын тез табуына көмектеседі екен.


Информация о работе Құстардың шығу тегі және эволюциясы