Өспе

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2013 в 21:37, доклад

Краткое описание

Өспе /Ісік/ – тоқтаусыз, ретсіз патологиялық өсуден пайда болатын, тұқымдаушылыққа бейім өсінді.
Өспені ісік деп те атап жүрміз.Ал біздің қазақ жарақат алып домбығып тұрған жерін көргенде ісініп тұр,ісігі қайтпапты,ісігі асқынып барады деген сиақты сөздерді жиі қолдана береді. Олар қабыну кезінде жарақаттан сұиық бөлшектері мен қан жасушаларының тамыр сыртына шығуынан және жергілікті тін жасушалардың өсіп-өнуінен дамиды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

23_wlY.doc

— 47.50 Кб (Скачать документ)

Тақырыбы: Өспе.

 

Өспе /Ісік/ – тоқтаусыз, ретсіз патологиялық өсуден пайда болатын, тұқымдаушылыққа бейім өсінді.

Өспені ісік деп те атап жүрміз.Ал біздің қазақ жарақат алып домбығып тұрған жерін көргенде ісініп тұр,ісігі  қайтпапты,ісігі асқынып барады деген сиақты сөздерді жиі қолдана береді. Олар қабыну кезінде жарақаттан сұиық бөлшектері мен қан жасушаларының тамыр сыртына шығуынан және  жергілікті тін жасушалардың өсіп-өнуінен дамиды.

          Қазіргі жағдайда жер шарының  әрбір ¼  тұрғынында өспе  кездеседі, олардың көпшілігі қатерсіз өспелер. Бір қатр елдерде қатерлі өспелер адам өлімі себептерінің арасында жүрек- тамыр жүйесі ауруларынын кейінгі екінші орында тұрады және барлық өлім себептерінің 16-23%-ын құрайды. Соңғы жылдарда өткізілген эпидемиологиялық зертеулерге қрағанда қатерлі өспелердің , әсіресе өкпе обырының дамуы жиілеп бара жатқаны байқалады. Бұрын бұл өспемен көбінесе тек еркектер ауыртын болса, қәзір ол әйелдердіңде арасында жиілеп отыр , мұның бірден бір себебі болып, қоршаған ортадағы ауаның әртүрлі химиялық өспе тудыратын заттармен ластанулары, темекі шегудің халықтар арасындағы кеңінен тарап бара жатуы болып табылады.

Ісіктер этиологиясы. Онкологиялық аурулардың себебін толық анықтау мүмкін емес. Канцерогенді заттар генді кездейсоқ зақымдайды. Канцерогенді заттардың мөлшерінің жоғарылығы қатерлі ісік даму қаупін жоғарылатады.

-Вирусты этиология – (мұрын, жұтқыншақ, жатыр мойыны ракы, клеткалық лейкоз).

-Химиялық этиологиясы – 20 жуық химиялық канцергендер бөлімі (өнеркәсіптік, дәрілік, табиғаттық).

-Радиациялы этиология – иондаушы сәулелер барлық ағзалар ракын дамытады, әсіресе – тері ракы, сүйек ракы, лейкоздар, сүт бездері мен жыныс бездері ракы жиі кездеседі.Ісіктің түрі мен жиілігі сәулелену сипатына, сәулелену уақытына (жедел, созылмалы) т.б. байланысты.

-Ультрофиолетті этиология – күн сәулесінің ұзақ уақтылы әсері бас, мойын, қол терісін зақымдайды. Әсіресе ашық түсті тері сезімтал келеді.

Генетикалық бейімділік. Көптеген қатерлі ісіктер кездейсоқ дамиды. Барлық рактардың 5-10 %-де жанұя адамдарының барлығы ауырады. Қатерлі ісікке бейімділіктің негізінде генетикалық дефектілер.

 Өспенің атепиясы (грек а  –жоққа шығару,typicos-пішін,түр)немесе анаплазиясы(грек anaplasia-кері даму)деп өспе жсушаларының шыққан тін,ағза жасушаларынан түр-пішіні,қасиеттері,атқаратын қызметі бойынша алшақтанып ерекшеленуін ұғады.Сол себептен морфологиялық, биохимиялық, антигендік,физикалық-химиялық,функциялық атипияларды ажыратады.

         Морфологиялық атипия.Өспе жасушларының пішіні мен көлемі өзгереді,үлкен жасушалар басым болады.Ядроның көлемі үлкеюінен ядро мен цитоплазманың арақатынасы ұлғаяды, ядрода ядрошықтардың саны мен көлемі үлкейеді ,хромосомалардың саны өзгереді, кейбіреулерінің құрлымы бұзылады.

        Биохимиялық анаплазия.Қалыпты жағдайд әрбір тін өзіне ғана тән ферменттер түзеді.Бұл ферменттер осы тінге тән изоферменттердін жиынтығы мен сиппатталады.Өспелерде бұл ерекшелік жоғалады Жасушалардың тез бөлініп,өсуіне көп мөлшерде нәруыздардын түзілуі қажет.Өспе жасушалары айналасындағы ортадан амин қышқылдарын көптеп сорып алады және өзіне тән нәруыз өндіру үшін пайдаланады.Сондықтан өспені ‘азоттың қақпаны’деп атайды.

   Иммунологиялық анаплазия.Өспелердің антигендік қасиетті өзгереді.Өспе жасушаларында вирустар мен енгізілген бөтен гендік ақпарат бар. Қалыпты жағдайда әрбір тін тек озіне тән антигендердін жиынтығын өндіреді.

    Функциялық атипия-өспе шыққан ағзаның атқаратын қызметінің жоғалуымен, бұрмалануымен немесе оның реттегіш әсерлерге сәйкессіздігімен, бағынбаушылығымен көрінеді.Кейде өспе шыққан тін жасушаларына тән емес қызмет атқарады.Мәселен,бронхогендік обыр аденогипофиздің гормондарын,сүт безінің обыры тиреоидтық гормондарды өндіре бастайды.

     Физикалық-химиялық атепия-өспе жасушаларында судың,калий иондарының мөлшері жоғарылайды да,кальций,магний иондары азаяды.Кальций иондары азаюдан өспе жасушаларының өзара жабысу қабілеті(адгезиясы)жоғалады                                                                          

                               

Морфологиялық құрылымы бойынша дәнекер тіндерінің өспелері және эпителий жасушаларының өспелері деп ажыратылады.Өспе жасушаларының жетілуіне қарай біртектес және біртектес емес болып бөлінеді.Өсу қасиетіне және жылдамдығына қарай қатерлі және қатерсіз өспелер болып бөлінеді.Қатерлі өспелерге эпителий жасушаларының өспесі обыр,дәнекер тіндерінің өспесі-саркома жатады.Қатерсіз өспелер шыққан тініне қарай,сол тіннің атына ома деген жалғау қосылып аталады. Мысалы фиброма, остеома, аденома, меланома, неврома, ангиома т.б.

1.Қатерсіз ісік – қасындағы  ұлпаларды зақымдамай арасын  кеңейтіп өседі, кейде капсуласы болады, организмнің өмірге қажет қызметін бұзбайды. Мұндай өсуді экспансиялық (лат.expansio-қысу,ығыстыру)түрде өсу дейді.

2.Қатерлі ісік – ауыр, созылмалы  аурулар тобы, уақтылы дәрігерлік ем қолданбағанда өлімге әкеледі. қоршаған тіндерді ыдыратып,бас-көктеп тамырын жайып өседі(инфильтрациялық өсу,лат.in-ішке. filtration-сүзілу,жарып өту). Инфильтрациялық-инвазиялық (лат.invasio-еніп кету, баса көктеп кіру)өсу қатерлі өспелердің негізгі көрсеткіші.

Қасындағы ұлпаларға, лимфа түйіндеріне, алыс ағзаларға метастаз береді, организмнің  гомеостазын бұзады.

     Қатерлі өспелердің  қатерсіз өспелерден тағы бір  айырмашылығы – ол хирургиялық  жолмен алып тасталынған кейін  кейде  өспе өсуінің  қайталануы байқалады.  өспенің қайталануы әртүрлі себептерден болуы мүмкін :

1.Хиргиялық тәсілмен  өспені сылып тастағанда ,оның біраз жасушлары сау тін арасында сақталып қалы мүмкін. Бұл кезде өспе жасушалары сау тіндерге  жасуша аралық сұйықпен түсуі мүмкін.

2.Науқас адамдарда өспені алып тастағаннмен зат алмасуының өзгерістері сақталып қалады. Бұл өспені туындататын заттардың түзілуіне және  жаңа өспе  ошақтарының пайда болуына әкеледі. 

       Қатерлі өспелер  дамығанда  , әдете адамның қатты арып-азап , жүдеуін байқауға болады. Мұны өспелік кахексия – организмнің қатты жүдеуі ,деп аталады. Бұл кезде адамның дене салмағы кемиді, терісінің түсі сары топырақ түстес сарғылт болады. Қанда анемия дамиды, нәруыздар, глюкоза азайады.    Сонай-ақ обыр жасушаларының ыдырау өнімдерімен организмнің улануы болады, өспе елеусіз мөлшерде болып,ыдырау белгілері байқалмаса да,кахексия дами береді.

    

Өспе алды жағдайлар.

Ағза деңгейіндегі онкогенез кезінде  обыр алды жағдай дамиды. Бұл практикалық онкологияның ең маңызды мәселелерінің бірі. Өйткені обыр алды жағдайларды анықтау арқылы көпшілік жағдайда қатерлі өспелердің дамуын алдын-ала ескертуге, б. а. қатерлі өспелерді алдын ала емдеуте болады. Обыр алды-өспе алдындағы ұзақ мерзімді болатын атрофиялық, дистрофиялық және пролиферациялық үрдістерден тұратын дерттік жағдайлармен сипатталады және көп жағдайларда қатерлі өспеге айналады.

Көп тараған обыр алды жағдайдың бірі — ол асқазанның ойылған жарасы. Бұл асқазанның шырышты қабығының ақауы, созылмалы ұзақ мерзімді қабынумен сипатталады, оның шеттері атрофиялық, дистрофиялық және пролиферациялық озгерген жасушалармен қапталған және сыртқы бейнесімен қажалған жерге ұқсайды. Бұл жара тым жиі обырға ауысады, сондықтан хирургиялық тәсілмен дер кезінде алынып тасталуы қажет.

Обыр алды жағдайға - жатыр мойынының жалақ жарасы (эрозиясы) б. а. оның шырышты қабығындағы ақауы жатады. Мұнда ұзақ мерзімді қабыну тіннің атрофиясымен және айналасындағы эпителийдің пролиферациясымен сипатталады. Бұл жара тез арада ұқыпты емдеуді қажет етеді. Өйткені ол жиі қатерлі өспеге айналады.

Обыр алды жағдайлардың ең жиі тараған түрі кистоздық-фиброздық мастопатия — сүт безінің ауруы. Бұл ауруда бездік тіндер ошақтанып ұлғаяды, тығыз фиброзды қапшықпен қоршалған қуыстар қалыптасады. Бұл ауру сүт безінің обырына жиі ауысады.

Үшінші кең тараған обыр алды жағдай болып қатерсіз өспелер саналады. Мәселен, папилломалар обырға, жатырдың миомасы қатерлі өспеге, қалдар мен меңдер-қатерлі меланомаға ауысуы мүмкін.

 

Өспе өсуін ескерту мен емдеу тәсілдерінің патофизиялогшілық негіздері.

Профилактиканың жалпы принциптері  обыр алды және дисгормондық жағдайларды  ерте анықтап емдеу, сыртқы ортаның  тазалығы үшін және темекі тартумен күресуді керек етеді.

Емдеу тәсілдерінің жалпы негіздері  төмендегілерге бағытталған:

1. Хирургиялық емдеу — өспені сау тіннің көлемінде алып тастау.

2. Химиотерапия үшін жасуша бөлінуін тежейтін дәрі - дәрмек қолданылады. Қазіргі күні қуатты антрациклиндік антибиотиктер бар.

3. Иондағыш сәулелерді қолдануда жасуша бөлінуін шектеп, өспе өсуін тежейді.

4. Организмнің қорғаныстық күштерін көтермелеу және жетілдіру қажет. Ол үшін еркін радикалды тотығуды тежейтін антиоксиданттар, өспе өсуін туындататын вирустарға қарсы интерферондар, иммундық жүйені қалпына келтіретін дәрі-дәрмектер, зат алмасудың бүзылыстарын жөнге келтіретін витаминдер ж. б. заттар қолданылулары керек.

 

 

 

 

 

 

___________________

 

 


Информация о работе Өспе