Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2013 в 11:01, реферат
Соматикалық жасушалар дегеніміз- жыныс жасушаларынан басқа жасушалар соматикалық жасушалар деп аталады. Жыныс жасушалары дегеніміз- ұрықтану кезінде гаматалар түзе алатын жасушалар болып табылады. Олар аталық және аналық жыныс жасушалары болып 2 ге бөлінеді. Соматикалық және жыныс жасушаларының хромосомалық саны 2n (диплоидты) . Олар санын көбейту үшін митоз процессі арқылы көбйеді. Өйткені митоз кезінде хромосома саны өзгермейді. Митоз процессі ұлпаның және мүшенің өсуі үшін қажет.Жыныс жасушалары болса, гамета түзетін кезде Мейоз процессін қолданады. Мейоз нәтижесінде жыныс жасушаларының хромосомалық саны азайып, n(гаплоидты) гаметалар пайда болады
58 Соматикалық және жыныс клеткаларының көбею жолдары
Соматикалық жасушалар дегеніміз-
жыныс жасушаларынан басқа
Митоз кезеңдері: Профаза, Метафаза, Анафаза, Телофаза
Мейоз: Мейоз1: Профаза1, Метафаза1, Анафаза1, Телофаза1
Мейоз2: Профаза2, Метафаза2, Анафаза2, Телофаза2
Айта кететін жайт, соматикалақ және жыныс клеткалары көбейместен бұрын интерфазага кіреді, яғни, жасушаның өсу кезеңі. Интерфаза: G1 (growth), S (synthesis). G2(growth stage2) кезеңдерінен тұрады. Осылайша, соматикалық және жыныс жасушалары көбейеді.
Митоз. Профазаның бастапқы бөлімінде жіңішке жіпше тәрізді хромосомалар пайда болып, олар бірте-бірте тығыздалып, жуандап барып қысқарады. Хромосомалар спиральданып, ширатылады. Профазаның орта бөлімінде әрбір хромосома шиыршықталған 2 жіпшеден – хроматидтен тұрады. Ядрошық жойылады. Ядро қабаты және ядро поралары бұзылып, ұсақ фрагменттерге бөлінеді. Профаза кезінде центроильдар полюстерге қарай тартылады. Екі полюстердегі центроильдердің аралығында жіңішке ұршық жіпшелері түзіледі. Профазаның аяқ жағында кариоплазма мен цитоплазма араласып кетеді. Метафазада Хромосомалар ұршық жіпшелердің экваторына тартылады. Экваторға жеткеннен кейін хромосомалар бір жазықтыққа орналасып, оның әрқайсысына ұршық жіпшелері жабысады. Хромосомалардың экватор бөлімінде орналасуын метафаза пластинкасы деп атайды. Өсімдік клеткаларында метафаза кезінде хромосомалар экваторда ретсіз орналасады. Анафазада әрбір хромосома хроматидтері клетканың полюстеріне ажырай бастайды. Хромосомалардың полюске жылжыуы біркелкі, жылдамдығы 0,2-5 мкм/мин. Анафазаның ерекшелігі ұқсас хромосомалардың клетканың әр полюсіне ажырау болып саналады. Хромосомалар жылжыған кезде V-тәрізді иілген ұршық жіпшелер керіп тұрған центромерлермен бірге алға жылжиды. Телефазада Бұл сатыда хромосомалар полюстерге толық жетіп, олардың жылжуы тоқтатылады. Телофазада ядро және ядро қабықшасы пайда болады. Бұл кезеңде клекада ядрошық аймағында РНҚ және белоктардың мөлшері көбейеді. Телофазада митоз аппаратының жойылуымен, ядрошықтың қайта құрылуымен қатар клетка денесінің бөлінуі жүреді. Бұл процесті цитомия немесе цитокинез деп атайды. Осы процестің салдарынан цитоплазма бөлінеді де, нәтижесінде екі жас клетка пайда болады. Бұл клеткаларда бастапқы аналық клеткалардың хромосомаларына ұқсас хромосомалар пайда болады.
Бірінші мейоз профазасын 5сатыға бөлеміз: Лептотена(жіңішке
Жіпшелер сат) , Диакинез (екі жіпшелердің
ажырау сатысы), Зиготена(жіпшелердің
Бірігу сатысы), Пахитена (жуан жіпшелер сатысы )
Одан кейін бірінші
бөлінудің метафазасы және бөлінудің
басқа фазалары,екінші циклде жетілген
жыныс клекалары пайда болды.
Лептотена сатысында
Хромосомалар қысқарып хиазма центромерден басталып хромосоманың шетіне дейін барады.
I Прометаза – хромосомалар
шиыршықтанып ядро қабығы
I Анафаза – жас
I Телофаза – хромосомалар полюске жетеді. Мейоздың бірінші бөлімінде жас клетка пайда болады.
II Профаза – ұршық жіпшелері
пайда болды. П Метафаза –
хромосомалардың саны сома
II Анафаза – екі жас хромтидтер қарама-қарсы ажырайды, сонда аталық хромосомдар төрт ядроға бөлінеді.
II Телофаза – хромосомдар толық ажырап әр ядроға тең беріледі. Сонда әр ядрода гаплоиды хромосом болады. Мейрздың маңызы төрт ядро құру, әрқайсысында бір аталық, бір аналық хромосом болады. Мейозда кроссинговер процесі арқылы ген алмасады және рекомбинация жүреді.
Информация о работе Соматикалық және жыныс клеткаларының көбею жолдары