1. Темекі тәбетті қайтарады,
ұйқыны қашырады.
2. Ас қорытуды қиындатады.
3. Тісті сарғайтады, ауызды сасытады.
4. Асқазанда жара пайда болады.
5. Ерің, тіл және өңеш рагына
жол ашады.
6. Жөтелтеді және қақырық пайда
болады.
7. Өкпе және көмей рагына
ұшырағандардың 90%-нің себебі темекіден.
8. Тамырды қатайтады.
9. Есте ұстау қабілетін азайтады.
10.Теріде әжім пайда болады.
11.Отбасыда темекі тартқан адам
балаларында уландырады
Шылым шегу –өкпенің қатерлі ісігі
ауруын тудырады.Бүгінгі таңда дүниежүзінде
өкпеге тән онкологиялық қатерлі
ісік ауруларының біріне жататын
өкпенің қатерлі ісігі өршіп
тұрғаны әлемді алаңдатып отыр. Науқастар
саны жыл сайын артқаны да жасырын
емес. Бұл ауру біздің елімізде де белең
алып тұр. Қазір елімізде онкологиялық
аурулар саны көбейгенімен, оны емдеу
жолдары да табылып жатыр. Алайда
кей жағдайда дертке медицинаның
шамасы жетпейтіні де шындық
Өкпе адам ағзасында тыныс
алу қыз¬метін атқарады. Ал осы
тыныс алу ағза¬ла¬рының ішіндегі
ең қауіптісі — өкпе қатерлі
ісігі. Дүниежүзі ға-лымдарының
зерттеуінше, өкпе қатерлі ісігі
ауруларының 90 пайызы шылым ше¬гетіндердің
үлесіне тиеді.Күніне 1 қорап шылым
шегушілердің өкпе рагына ұшырау
қаупі 10 есе көп, ал екі қорап
шылым шегетіндердікі 20 есе, сонымен
қатар темекінің саны ғана
емес оның мерзімі де үлкен
рөл атқарады екен. Адам ерте
кезден шылымға әуес болған
сайын оның өкпе рагына ұшырау
қаупі де жоғары болады екен.
Қазіргі таңда шылым шегу
көпшілік ара¬сында әлеуметтік
және медициналық үлкен проблемаға
айналуда. Бұл зиянды әдет жұрттың,
оның ішінде жасөспірім¬дер мен
жастардың басым бөлігін қамтып
отыр. Темекінің түтіні өкпенің қорғаныс
қа¬баттарын бұзып, лимфа жүйелерін әл-сіретеді.
Оның түтінінің құрамындағы фи¬зикалық
және химиялық қосылыстар, көптеген жану
заттары, ауыр металл тұз¬дары, бензепирен,
сыртқа шығарыла¬тын түтіннің жоғары
температурасы тыныс алу жолының сілекейлі
қабықшасын, өңеш¬ті, бронхыны күйдіретінін
көбіміз білмейміз де.
Қатерлі ісіктің алдын қалай
аламыз?
• Үнемі бір түрдегі азық-түлікті
пай¬даланбау;
• Тамақтану кезінде тамақтың
дәмді-лігі мен қоректілігіне
мән беру;
• Аса тоя тамақ жемеу;
•Ас қорыту жүйесінде жарақаты
бар адамдарға сыра ішпеу. Өйткені
сыраның құрамында көп мөлшердегі
көмірқышқыл газы болатындықтан,
асқазандағы көмір¬қышқылының мөлшерін
одан ары артты¬рып, жарақаттың
тесілу қаупін туғызады.
• Темекіні шектен тыс,
тіпті мүлдем тартпау;
• Тұзды тағамдарды аз
тұтынып, қуы¬рыл¬ған тамақтардан
бас тарту;
• Шектен тыс шаршауға
жол бермеу;
• Көңіл күйді қашан да
көтеріңкі ұс¬тау;
• Балғын жемістер мен
көкөністерді көбірек пайдалану;
• Еңбек еткенде және демалу
тәртібін қатаң сақтау;
• Дене шынықтыру белсенділігін
арт¬тыру.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау
ұйы¬мы¬ның мәліметтері бойынша,
әлемде қатерлі өкпе ісігінен
қайтыс болғандардың – 90 пайызы,
созылмалы қолқа дертінен көз
жұмғандардың – 75 пайызы және
жүректің ише¬миялық ауруынан
қайтыс бол¬ған¬дар¬дың – 25 пайызы
темекі шегудің сал¬да¬ры¬нан
орын алады екен. Дегенмен осын¬шалықты
қатерлі екеніне қарамастан, әлем
бо¬йынша шылымға құмар жандар
қатары азаяр емес. Осы орайда
онколог мамандар ең болмаса
темекі шекпеу арқылы онко¬ло¬гиял¬ық
аурулардың алдын алуға мүмкіндік
бар екенін айтып, дабыл қағуда.
Дүниежүзі ғалымдары бір
ауыздан қорытындыға келген: өкпе
рагы ауруларының 90 пайызы шылым
шегетіндердің үлесіне тиеді.
Қорытынды.Темекі шегу –өзін-өзі өлтіру
Темекі – құрамында никотин
(nicotiana) және төрт мыңға жуық
улы зат бар.Темекі өсімдігінің
майдаланған, құрғатылған және
қолдануға дайын күйдегі жапырақтан
жасалады. Тұқымы өте майда болғандықтан,
алдымен көшеті өсіріліп, сосын
егістік жерге отырғызылады. Темекі
– жапырағында танин, желім,
шайыр, крахмал және алколоидтар
бар. Ең көп мөлшерде никотин
алколоиды бар. Никотин сульфат
тұздары ауыл шаруашылығында
құрт-құмырсқаны өлтіру үшін қолданылады.
Темекінің түтіні ағзаға зиянды
және улы заттардың жиынтығынан
тұрады. Бұлардың ішінде ең қауіптісі
– никотин, синиль қышқылы,
көмір қышқылы, сірке қышқылы,
азот, эфир майы және өкпе рагіне
ұшырататын әртүрлі радиоактивті
элементтер (бензепирен, полоний, висмут,
т.б.).
Темекі құрамындағы улы заттардың
саны 70-тен 300-ге дейін жетеді.
Алайда, темекі шегу кезінде улы
заттар одан сайын арта түседі.
Өйткені, темекі тұтатылғанда, тем¬пература
600-ден 900 градусқа дейін көтеріледі
де, жаңа улы заттар мен өнімдер
түзіледі. Осылайша темекінің құрамындағы
улы заттар саны төрт мыңға
дейін көбейеді.
Жыл сайын дүниежүзінде темекі
шегудің салдарынан 4 млн. адам
қайтыс болады екен. Мұны жыл
бойына күн сайын 25 ұшақ апатқа
ұшыраған жолаушылардың санымен
салыстыруға бола¬ды. Бүгінде
жер шарында 1,2 млрд. адам темекі
шегетін көрінеді. Дүниежүзілік
денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ)
дерегі бойынша, 1997 жылы темекіден
3 млн. адам қайтыс болса, бұл
көрсеткіш жыл сайын 33 пайызға
өсіп отырған. Дүниежүзілік денсаулық
сақтау ұйымының есебіне жүгінсек,
егер жағдай өзгермесе, онда
таяу жылдарда темекі жарты
миллиард адамның түбіне жетуі
мүмкін. Бұл келеңсіз мәлімет
үрейлендіріп, үркіту үшін емес,
нақты дерек. Егер жарнамалық
тұрғыда насихат жасауға тыйым
салынбаса, ғасыр соңына дейін
жер бетінде 1 млрд. кісі темекінің
құрбанына айналмақ. Ал, шылым шегетіндердің
95 пайызы өкпенің қатерлі ісігіне
ұрынады. ДДСҰ мәліметіне сүйенсек,
жер шарындағы 2 миллиард жасөспірімнің
санасы никотинмен уланған.
Темекі түтіні автомобиль
түтінімен салыстырғанда 4 есе
улы.Егер адам 15 жасында шылым
шегуді бастаса, оның өмір ұзақтығы
15 жылға қысқарады.Медицина қызметкерлерінің
болжамы бойынша, көп кешікпей
темекі бүкіл жер бетінің 10
пайыз тұрғындарын о дүниеге
аттандырады.Түтінді әр жұтқан
сайын адам өмірі қысқара түсетіндігі
ғылымда дәлелденген.
Әлемде әр 13 секундта бір
адам, әр 65 секундта бес адам темекі
кесірінен көз жұмады.АҚШ-та темекі
салдарынан өлген адамдар саны
төрт соғыста яғни, I,IIдүниежүзілік
соғыста, Корея мен Вьетнам
соғысында өлген американдықтардың
санынан асып түскен.
Спортта өнер көрсетіп жүрген
адам шылым шегуді бастаса,
оның көрсеткіштері 40 пайызға
күрт төмендейді.Егер 100-120 миллиграмм
никотинді адамның тамырына жіберсе,
ол кісі сол сәтте-ақ о дүниелік
болады.40-50 жасқа дейінгі еркектердің
арасында жүрек ауруынан қайтыс
болғандардың 80 пайызына темекі
себеп болған.
Аяқ тамырларының тығындалуының
90 пайызы темекінің салдары.Дүниежүзілік
денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше,
Колумбтың Америка құрлығын ашқаннан
бергі осы уақытқа дейін шылым
шегуден ең кемі 1 миллиардтан
астам адам көз жұмған.
Темекі салдарынан өмірімен
қоштасқан адамдардың саны есірткі
салдарынан өмірмен қоштасқан
жандар санына қарағанда 13 есе
көп.Темекі тартпайтындарға қарағанда
тартатындардың арасында кенеттен
өліп кету 10 есе көп. Күніне 1 қорап
темекі тартатын адамның денесінде
20 жылда 7 кг күйе мен қарамай
жиналады.
Шылым шегушілер өздерін
ғана емес, айналасындағы адамдарға
да қауіп төндіреді. Медицинада
«Пассивтік шылым шегу»-деген
термин пайда болды. Шылым шекпейтін
адамдардың организмінде темекі
тартқан және желдетпеген бөлмеде
болғаннан кейін, никотинның едәуір
концентраты анықталады.
Темекіні тастағысы келген
адам оны күрт тастап кетуге
тиісті. Өйткені қандағы никотин
деңгейі соңғы темекіден кейін
30 минуттың ішінде ыдырап, тән
қажетті дозасын қайтадан талап
ете бастайды. Сол кезде темекі
тартпай шыдау қажет. Шылымқор
өзін-өзі осылай тежеп ұстаса,
3,4 күннің ішінде улы түтінге
құштарлығы бәсеңдейді, тіпті басылады.
Шылымқорлардың мінез-құлқына
сәйкес емдеп, жаза- ды. Яғни, жүйкесі
жұқалар, ерік- жігері мықтылар, жігерсіздер,
түтін құмарлар үшін емдік
тәсілдер әрқилы.
1. Жүйкесі жұқа адамдар үшін:
олардың емінің құрамына көңіл-күйді
тыныштандыратын дәрі-дәрмектер
кіреді. Оларға арақ-шарап ішуге
тиым салынады.
2. Ерік-жігері мықтылар үшін: Олар
«Енді қайтып темекі тартпаймын»,
— деп шешім қабылдаса, темекіні
тастай алады. Дәрігердің, әйелінің,
ата-анасының айтқан ақы лымен,
өтінішімен емес, өз ық-тиярымен
қоюына мүмкіндік беру қажет.
3. Жігерсіз адамдар үшін:
Олар темекіні қоя алмайтындықтан,
бұларды психотерапиялық, психологиялық
тұрғыда 1-2 жыл емдеу қажет. Оларға
гипноз қолданып, ем жасауға да болады.
Темекі тартатындар темекі
тартпайтындарға қарағанда жүрек
ауруынан 2-3 есе жиі өледі, өкпе
рагімен жиі ауырады. Күніне 10-12
тал сигарет шегетіндер темекі
шекпейтіндермен салыстырғанда
өкпе рагімен 15 есе, ал күніне
2 қорап темекі шегетіндер 30 есе
жиі сырқаттанады. Темекіге байланысты
мынандай қайғылы оқиғалар болған:
1. Үйде тартқан темекі түтінінен
емшек жасындағы бала уланып
өлген. 2. Әкесінің темекі шегетін
мүштігімен су ішкен үш жасар
бала іле қайтыс болған. 3. Темекі
тартатындардың балалары әлжуаз,
күйгелек болып өседі. Жиі ауырады,
ерте шетінейді. Шылымқорлардың
әйел- дері басқаларға қарағанда
өкпе обырымен 4 есе көп ауырады.
Одан аман қал- ғандары темекі
тартпайтын-дардың әйелдерінен 4
жыл аз өмір сүреді. Әлемде
әрбір 6,5 секундта бір шылымқор
қайтыс болады, Қазақстанда жыл
сайын темекінің зардабынан 24 мыңдай
адам көз жұмады. Соңғы уақытта
шылымқорлардың орташа өмір сүру
жасы 20 жылға қысқарып отыр.
Эксперимент кезінде, темекі
түтінің иіскеген 70% — тышқандарда,
өкпе қатерлі ісіктері пайда
болғаны белгіленді. Шылым шекпейтіндерге
қарағанда, шылым шегетін адамдарда,
қатерлі ісіктер 20 реттен аса
жиірек болады. Адам неғұрлым көп шылым
шексе, соғұрлым онда осы қиын аурудан
өлу көбірек мүмкіншілігі бар.
Статистикалық зерттеулер, шылым
шегетін адамдарда басқа да
органдарда- ас қазан, көмей, бұйректе,
қатерлі ісік жиі кездесетіні
көрсетті. Шылым шегетіндерде, трубканың
мүштегінде жиналып қалатын канцерогендік
экстракт әсерінен, төменгі еріннің
қатерлі ісігі жиі болады. Өте
жиі шылым шегу, ылғи жөтел
мен ауыздан шығатын жағымсыз
иісі бар, бронхитты созылмалы
ауруға дамытуға әкеп соғады.
Созылмалы қабыну нәтижесінде
бронхалар кеңейеді, содан қиын
салдары бар бронхоэктаза –
пневмосклероз болады, өкпенің эмфизема,
жеткіліксіз қан айналымына апаратын,
өкпе жүрегі деп аталатынға
әкеп соғады. Осы құмарпаз шылым
шегушінің сыртқы түрін анықтайды:қарлықан
дауыс, ісіңкі беті, ентікпе.
Шылым шегудің туберкулез
пайда болуында да аса ролі
көп. Сонымен ауратын 100-адамның
95-і ауру алдында, шылым шеккен.
Жиі шылым шегушілер жүректерінің
ауруын сезеді. Ол стенокардияның
дамуымен, жүректің былшық етін
азықтандыратын, қан тамырының тырысып
қалуына байланысты (жүрек қан
тамырының жеткіліксізі).
Шылым шекпейтіндермен салыстырғанда,
инфаркт миокарда шылым шегушілерде
3 реттен аса жиі кездеседі.
Шылым шегу, көбінесе ер адамдарды
зақымдаушы, аяқ тамырлары қатты
тырысуының ең басты себебі
болуы мүмкін. Бұл ауру тамақ
ішудің бұзылуына, гангренаға
және нәтижесінде аяқты ампутациялауға
апарады. Темекі түтініндегі заттардан
сондай-ақ, ас қорытқыш тракт,
бірінші кезеңде тістер және
ауыздың шарышты қабығы азап
шегеді.
Никотин асқазан шырынның
шығуын көбейтеді, ол қыжылдаған
ауруды, жүрек айнуды және құсықты
туындатады. Бұл белгілер, шылым
шекпейтіндерге қарағанда, шылым
шегушілерде жиірек болатын гастриттың,
ас қазан жара ауруының көріністері
болуы мүмкін. Мысалға, ас қазан
жара аурулары, ер адамдар арасында,
96 — 97% шылым шегушілері. Шылым
шегу жарым-жартылай немесе толық
соқырлыққа апарады.
Бұл өте қауіпті ауру, ол
уақытта тіпті қатты емдеу
де жеткіліксіз болуы мүмкін.
Шылым шегушілер өздерін ғана
емес, айналасындағы адамдарға да
қауіп төндіреді. Медицинада «Пассивтік
шылым шегу»-деген термин пайда
болды. Шылым шекпейтін адамдардың
организмінде темекі тартқан
және желдетпеген бөлмеде болғаннан
кейін, никотинның едәуір концентраты
анықталады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1) Е.Керімбеков «Адам анатомиясы»
2) www.azattyq.org