Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2013 в 09:06, реферат
Денсаулық психологиясы – ғылыми және клиникалық психологияның, психоаналитикалық және психосоматикалық медицинаның тереңге жайылған тамыры. Денсаулық психологиясының міндеті – теорияны қолдану, психологиялық денсаулықтың дамуы және физикалық денсаулықты сақтау, системалық позициясын, аурудың ерекше түрін қарастыру.
Адамның психикалық денсаулығын сақтауда есінің өзгеруі, өмірлік денсаулық мотивациясы, өмірлік құндылықтарын дамытуы ескеріледі. Адамның физикалық денсаулығы жалпы денсаулық жағдайын құрайды. Психика – жоғарғы ұйымдастырылған материясын, миын, субъектісі мен объектісінің шындық формасының белсенділігін көрсетеді.
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
Денсаулық психологиясы
Денсаулық және психикалық тепе-теңдік
Психикалық денсаулығы бұзылған тұлғаларға әлеуметтік баламалы көмек көрсету
Психикалық жүйке аурулары
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік
Фармацевтика Академиясы
СӨЖ
Тақырыбы: «психикалық денсаулық» түсінігі қалыптастыратын жайлар. Психикалық денсаулықты нығайтумен,аурулардың алдын алудағы орны.
Орындаған:_______________
Тобы:____________________
Қабылдаған:______________
Шымкент 2013ж.
Денсаулық психологиясы – ғылыми
және клиникалық психологияның, психоаналитикалық
және психосоматикалық медицинаның тереңге
жайылған тамыры. Денсаулық психологиясының
міндеті – теорияны қолдану, психологиялық
денсаулықтың дамуы және физикалық денсаулықты
сақтау, системалық позициясын, аурудың
ерекше түрін қарастыру.
Адамның психикалық денсаулығын сақтауда
есінің өзгеруі, өмірлік денсаулық мотивациясы,
өмірлік құндылықтарын дамытуы ескеріледі.
Адамның физикалық денсаулығы жалпы денсаулық
жағдайын құрайды. Психика – жоғарғы ұйымдастырылған
материясын, миын, субъектісі мен объектісінің
шындық формасының белсенділігін көрсетеді.
Психикалық денсаулық мінездемелері туралы
әдебиеттерде көптеген мысалдар келтірілген.
Декарт жан денсаулығын, ал Гельвеций
ақыл – ұқсастық пен айырмашылықтың көзі
дейді. Ал А.Ф.Лазурскидің айтуы бойынша,
тұлғаның денсаулығы - әлеуметтік ортада
өз-өзін басқаруына және іс-әрекетін басқара
алуына байланысты. Жан денсаулығының
басты көзі ол ойын, эмоциясын, моторлық
функциясын, өзін-өзі басқара алуында
дейді.
Ғалымдардың тұжырымы бойынша, психикалық
ауытқушылықтардың пайда болуы өмірлік
жағдайына көп көңіл бөлінуінен болады.
Зерттеулердің көрсеткіші бойынша 48% жұмысшылардың
медико-психикалық қиындықтары бар екені
анықталды. Зерттеу нәтижесінде оның 10%
-да әлеуметтік-психологиялық дезадаптация
құбылысы байқалған. Яғни әлеуметтік ортаға
бейімделе алмауы. Оның қиындықтары төмендегі
жағдайларға байланысты пайда болып отырған:
1. Физикалық денсаулығына байланысты
туындаған қиыншылықтар (проблемалар);
2. Психикалық ауытқушылығына байланысты,
яғни эмоциялық сферасы, көңіл-күйін басқара
алмауынан туындайды;
3. Қарым-қатынастағы қиыншылықтар;
4. Жанұялық жағдайдағы қиыншылықтар;
5. Темекі шегуі мен алкогольді қолданғаннан
туындаған қиыншылықтар.
Әр түрлі аурулардың пайда болуына адамның
көңіл-күйі, яғни эмоциялық жағдайы әсер
етеді. Ол жағымды немесе жағымсыз жағдай
болуы мүмкін. Осы арқылы әлеуметтік және
биологиялық орны анықталады.
Физиологиялық зерттеулерге сүйенсек,
адамның көңіл-күйі іс-әрекет реакциясын
және өзін-өзі іштей басқара алуына тікелей
әсер етеді. Адам ағзасындағы биохимиялық
және физиологиялық өзгерістерді реттеп
отырады. Ол туралы П.К.Анохина еңбектерінен
мәлімет алуға болады. Ал П.В.Симоновтың
айтуы бойынша, эмоция дегеніміз, ол –
сыртқы ортамен қарым-қатынас жасау және
ағзаның соған бейімделуі.
Қазіргі уақытта ағзаның жағдайын мынандай
сатыларға бөлген:
1. Денсаулық – патогендік, физикалық,
психикалық және әлеуметтік бейімделулер,
өмір жағдайына байланысты өзгерулері.
Осыған ағзаның бейімделуі.
2. Сыртқы ортаға әсері – яғни адамның
қоршаған ортасындағы әр түрлі өзгерістерге
әсері. Өзгерістерге физикалық және психикалық
өзгерістер жатады. Ағза осы өзгерістерге
бейімделе алуы тиіс.
3. Аурудың алдындағы жағдайы – патологиялық
процесс, әсер ету факторы, өзін-өзі дамыту
жағдайы болып табылады. Бұл екі сатыда
жүреді:
• Ағзаның өмірге қажетті гомеостазы,
яғни жүрек ауруларының, спецификалық
аурудың алдын-алу.
• Белгілі бір органның гомеостазының,
механикалық компенсация әсерінен туындаған
аурудың алдын алу.
Этологиялық ауруларды оқыту жолдарында
детерменизм принципі ең басты орынды
алады. С.С.Гурвич, В.П.Петленко және Г.И.Царегородцевтің
айтуы бойынша, детерменизм принципін
қолдану ол – аурулардың пайда болуы,
нақты жағдай және ауруды тудыратын себептерге
байланысты қолданылған.
Өмірге қауіп төндіретін жағдайларда
болады. Ол адамның денсаулығына тікелей
әсер етеді. Олар:
• Әлеуметтік жағдай:
Эндогендік – ол индивидуалдық-психологиялық
тұлға ерекшелігі;
Экзогендікке – өмір жағдайы, кері әдеттері
(привычка) әлеуметтік микроклимат жатады.
• Әлеуметтік – биологиялық жағдай. Тұлғаның
ішкі жағдайына - тәжірибенің жеткіліксіздігі,
білім алуы, психикалық процесіне -есте
сақтауы, сенсомоторикасы ең басты қажетті
қасиеттері болып табылады.
• Биологиялық жағдайы. Эндогендік - инерттілігі,
жоғарғы нерв жүйесінің тұрақсыздығы,
оң жарты шарының жеткіліксіздігін басқара
алу функциясы, артериялықтың дәл еместігі
жатса, экзогендікке – морфофункциялық,
гентикалық себеп-салдарды жатқызған.
Ағзаға факторлардың әсер етуі ол индивидуалды.
Дамуға жалпы әсер етуші бейімделу болып
табылады.
Денсаулық және
психикалық тепе-теңдік
Күйзеліс кезінде ағза көптеген гормондарды
адреналин мен норадреналинды бөліп шығарады
екен. Адамның қобалжуы денедегі адреналиннің
көп мөлшерде бөлініп шығуына байланысты.
Г. Селье күйзелісті үш кезеңге бөледі.
1) абыржу кезеңі; 2) төзімділік (резистенттік);
3) әлсірету кезеңі.
Бұл биологиялық жағдайлардың барлығын
жеңу үшін айналаны қоршаған ортаның жаңа
жағдайларына ағзаның бейімделу қабілетінің
деңгейін (резистенттігін) жоғары деңгейге
жеткізу керек. Күйзелістік (стрестік)
әсер алдымен орталық нерв жүйесін мазалайды,
сипатикалық нерв жүйесінің мөлшерден
тыс жұмыс істейтіндігін арттырады. Бұлардың
неше түрлі үрдістерін туғызатын гормондар
бар. Олар адреналин мен норадреналин.
Бұған ағзадағы (мидағы) гипофиз қосылады
да өте үлкен физиологиялық-биохимиялық
үрдістердің жүруіне әкеп соғады. Бүйрек
бездерінің глюкокортикоидты гормондарының
белінуін арттырып ағзаға күйзеліс (стресс)
тудырады. Оның әсері созылып кетсе, ағза
әлсіреп кетеді. Адреналиннің концентрациясы
мөлшерден тыс көбейе түседі. Бұл ағзаны
әбден әлсіретеді. Ұзақ уақытқа стресс
ағзаға тіпті жаман өзгерістер әкеледі.
Адамының көңіл-күйі тым төмендеп кетіп
денсаулық нашарлап ұйқы қашады. Бұл жақсы
биологиялық көрсеткіш емес. Егер күйзеліс
жиі-жиі болып тұрса онда ағзада бұрынғы
қалпына келмейтін физиологиялық-биохимиялық
үрдістер жүріп, дәрменсіздік пайда болады.
Психикалық дерттер ағзада орын ала бастайды.
1950—1970 жылдары өсімдіктер физиологиясын
да стресс жануарлар физиологаясында
психиологиялық стресс деген биологиялық
терминдер пайда бола бастады. Өмірге,
тұрмыс игілігіне, стресс әлеуметтік қоғамдағы
орнына, адамгершілігіне, өзіне деген
биологиялық ерекшелігіне күмәндік сезім
тудыратын оқиғалар психологиялық стрестің
себепкері болып саналады (Х. Қ. Сәтбаева
және т. б. 1999, 115 бет). Ддамзат баласы өзін-өзі
тәрбиелеудің, танымдық сезімін күшейтудің
нәтижесінде танымлдық қызығушылығы артып,
ауыр стресс тудыратын факторларды болдырмай,
ал ол бола қалған жағдайларда олардан
тез арада
шығып кетіп отырады.
Психикалық денсаулығы бұзылған тұлғаларға әлеуметтік баламалы көмек көрсету
Байқауға қатысуға қойылатын талаптар:
Психикалық денсаулығы бұзылған тұлғаларға әлеуметтік баламалы көмек көрсету және оларды қоғамға ықпалдастыру жөніндегі жоба психикалық денсаулығы бұзылған адамдарға көмек көрсету және оларды толық қанды әлеуметтік бейімдеу саласындағы сапалы әлеуметтік қызметтерді ұйымдастыру мәселесінің өзектілігін арттыруға бағытталған.
Аталмыш жоба Сорос-Қазақстан Қорының «Құқықтық реформа» бағдарламасының қызметі шеңберінде ҚР-дағы психикалық денсаулығы бұзылған адамдардың құқықтарын қорғау бойынша жағдайды талдау жөніндегі зерттеудің және ментальді денсаулығы бұзылған адамдарға арнап әлеуметтік баламалы қызметтерді ұйымдастырудың халықаралық практикаларын зерттеудің логикалық жалғасы болып табылады.
*психикалық денсаулық
– бұл өзінде адам өзіндік
әлеуетін жүзеге асырып, кәдімгі
өмірлік стресстерге төтеп
Психикалық-жүйке аурулары
Психикалық-жүйке ауруларының интернаты туралы
ЕРЕЖЕ Қазақстан
Республикасы Еңбек пен халықты әлеуметтiк
қорғау министрлiгi
1997 жылғы 13 тамыздағы N 134-П
I. Жалпы ережесi
1. Психикалық-жүйке ауруларының интернаты
созылмалы психикалық
аурулармен азап шегетiн, күтудi, тұрмыстық
және медициналық қызмет
көрсетудi қажет ететiн мүгедектердiң тұрақты
тұруына арналған
медициналық-әлеуметтiк мекеме болып табылады.
2. Психикалық-жүйке ауруларының интернаты
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау
министрлiгiнiң келiсiмi бойынша
Aстана, облыстар мен Алматы қаласының
әкiмдерiнiң шешiмдерiмен құрылады,
қайта құрылады және таратылады.
3. Интернат үйiнiң атына Aстана, облыстар
және Алматы қаласының
әкiмдерi бередi.
4. Психикалық-жүйке ауруларының интернат
үйi өз қызметiн,
бағыныштылығы бойынша, жоғары тұрған
органның басқаруымен жүзеге асырады.
5. Қазақстан Республикасының Еңбек және
халықты әлеуметтiк қорғау
министрлiгi, Астаналық, облыстық және
Алматы қаласының еңбек және халықты
әлеуметтiк қорғау басқармасы психикалық-жүйке
аурулары интернатының
қызметiн үйлестiрудi, бақылауды, практикалық
көмек көрсетудi жүзеге
асырады.
6. Астаналық, облыстық және Алматы қалалық
еңбек және халықты
әлеуметтiк қорғау басқармалары психикалық-жүйке
ауруларының интернатына
орналастыруды және осы мекемеге жiберудi,
оның iшiнде әлеуметтiк көмек
көрсету бөлiмдерi арқылы үйде көмек көрсету
үшiн қажеттi құжаттарды
ресiмдеудi мұқтаж ететiн азаматтарды табуды
ұйымдастырады.
7. Психикалық-жүйке ауруларының интернаты
жергiлiктi бюджет есебiнен
қамтамасыз етiледi, жылдық шығыс сметасы
бар, заңды тұлға болып табылады,
өзiнiң қазақ және орыс тiлдерiндегi атымен
мөрi және мөртабаны, сол сияқты
белгiленген тәртiпте бекiтiлген штаттық
кестесi бар. Бюджеттiк қаражаттан
басқа да интернаттың, белгiленген тәртiппен,
қосалқы ауыл шаруашылығынан,
емдеу-өндiрiстiк (еңбек) шеберханасынан,
мүгедектiгi бойынша,
асыраушысынан айырылған жағдайда және
жасына байланысты зейнетақы мен
мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы төлемi
жөнiндегi Мемлекеттiк Орталықтан
тағайындалған зейнетақыларынан, қамқоршылардың
интернат үйiнiң арнаулы
шотына ақша аударымдарынан және басқа
да түскен түсiмдердiң 70% бар
арнаулы қаражаты болуы мүмкiн, олар жоғары
тұрған органның бекiткен
сметасына сәйкес жұмсалады.
Мемлекет қамқорындағы негiзгi контингентке
зиян келтiрмей, тұрмыстық
және медициналық қызметке мұқтаж мүгедектердiң
интернат үйiне орналасуына
кезегi жоқ болса, олардың уақытша және
тұрақты тұруына болатын
психикалық-жүйке аурулары интернатының
жанында ақылы бөлiмдердi
ұйымдастыруға рұқсат етiледi.
1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап қамқорға
алынғандарға арналған
жәрдемақылар 100 процент мөлшерiнде интернат
үйiнiң есеп-шотына аударылады.
8. Психикалық-жүйке ауруларының интернаты
санитарлық-гигиеналық,
өртке қарсы талаптар мен техника қауiпсiздiгi
талаптарына жауап беретiн,
арнап салынған немесе қажеттi үйлерi бар
бейiмделген ғимараттарға
орналастырылады.
9. Психикалық-жүйке ауруларының интернаты
еркектер мен әйелдерге
(еркектер мен әйелдер үшiн жеке-жеке интернаттар
ұйымдастырудың мүмкiндiгi
жоқ болған жағдайда әйелдер мен еркектердi
бiр интернатта, бiрақ жеке
корпустарда, ұстауға рұқсат берiледi)
сол сияқты жасын есептей отырып
(18-40 жас және 40 жастан жоғары) жеке ұйымдастырылады.
Күтiм мен медициналық қызметтi ұйымдастыруды,
әлеуметтiк-еңбек
реабилитациясы жөнiндегi шараларды жүзеге
асыруды жақсарту мақсатында
интернатта тұратын адамдар күту тәртiбiне
(төсектегi, бақылау,
еркiн) денсаулық жағдайына, жасына сәйкес
бөлiмдер мен бөлмелерге
орналастырылады.
10. Еңбекпен емдеу терапиясын жүргiзу үшiн
интернатта
емдеу-өндiрiстiк (еңбек) шеберханалары,
сондай-ақ Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау
министрлiгiмен бекiтiлген өз
қызметтерiн белгiленген Ережеге сәйкес
жүзеге асыратын қосалқы ауыл
шаруашылығы құрылады.
11. Интернатта тұратын адамдарға медициналық
қызметтiң сапасын
бақылауды, санитарлық-гигиеналық және
эпидемияға қарсы режимдердi сақтауды
және арнаулы медициналық көмек көрсетудi
белгiленген тәртiппен денсаулық
сақтау органдары жүзеге асырады.
12. Психикалық-жүйке ауруларының интернаты
өз қызметтерiнде Қазақстан
Республикасының қолданыстағы заңы мен
нормативтi құқықты актiлерiн,
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
әлеуметтiк қорғау
министрлiгiнiң, астаналық, облыстық және
Алматы қаласының еңбек және
халықты әлеуметтiк қорғау басқармаларының
бұйрықтарын, алқалар қаулыларын,
сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
II. Интернаттың мiндеттерi мен қызметтерi
13. Интернаттың негiзгi мiндеттерi:
- мүгедектердi материалдық-тұрмыстық
қамтамасыз ету, олар үшiн
үйдiң өмiрiне жақын, қолайлы жағдайларды
құру;
- тұратындарды күтудi ұйымдастыру, оларға
медициналық көмек
көрсету және мәдени-көпшiлiк жұмыстарын
жүргiзу;
- мүгедектердiң әлеуметтiк-тұрмыстық және
еңбек
реабилитациясына бағытталған шараларды
жүзеге асыру болып табылады.
14. Негiзгi мiндеттерiне сәйкес интернат:
- медициналық ұсыныстарға байланысты
олардың әлеуметтiк-еңбекке
бейiмделуi жөнiндегi емдеу шараларының
кешендерiн;
- бекiтiлген нормаларға сәйкес, мүгедектерге
жиhазбен және
дүние-мүлiкпен, төсек-орынмен жабдықталған
үй маусыға байланысты
киiм және аяқ киiм берудi, тұрмыстық қызмет
көрсетудi ұйымдастыруды;
- тиiмдi тамақтандыруды ұйымдастыруды;
- ұстау режимiне сәйкес психикалық ауруларды
күтудi (бақылауды);
- санитарлық-гигиеналық және эпидемияға
қарсы шараларды жүргiзудi;
- мұқтаж ауруларды есту аппараттарымен,
көзiлдiрiктермен,
протездi-ортопедиялық бұйымдармен және
басқа да емдеу құралдарымен
(кресло-арбалар, балдақтар, таяқтар және
т.б.) қамтамасыз етудi;
- тұрғындарды емдеу мекемесiне орналастыруды
және қолдау емiн,
мамандардың кеңестiк көмегiн көрсетудi,
мұқтаж ауруларды
емдеу-профилактикалық мекемелерге орналастыруды;
- жергiлiктi атқарушы органдарды қатыстыра
отырып, мүгедектермен
мәдени-көпшiлiк жұмыстарын ұйымдастыруды;
- психикалық ауруларға қызмет көрсетудiң
сапасын, күту және ұстау,
қызмет көрсету әдiстерi мен алдыңғы қатарлы
жұмыс түрлерiнiң тәжiрибесiн
енгiзудi;
- персоналдың еңбегiн және олардың бiлiктiлiгiн
көтерудi, шағын
механизация құралдарын енгiзудi ұйымдастырып
жетiлдiрудi жүзеге асырады.
15. Психикалық-жүйке аурулары интернатының
финанстық-шаруашылық
қызметi бекiтiлген шығыс сметасына сәйкес
жүзеге асырылады.
Осы мақсатта психикалық-жүйке аурулары
интернатының әкiмшiлiгi:
- интернатты материалдармен, жабдықтармен,
құрал-саймандармен,
жылумен, тамақпен, маусымға байланысты
киiмдермен, аяқ киiмдермен,
iш киiмдермен және т.б. қамтамасыз етудi;
- интернатты ұстауға бөлiнген мемлекеттiк
қаржыларды тиiмдi және
ұтымды жұмсауды және тауарлық-материалдық
құндылықты сақтауды;
- еңбектi қорғау нормалары мен тәртiбiн,
техникалық қауiпсiздiктi,
өртке қарсы қауiпсiздiктi сақтауды;
- коммуникацияларды, үйлердi қайта жаңғыртуды,
сондай-ақ осы заманғы
күрделi және ағымдағы жөндеудi;
- негiзгi қорларды тиiмдi пайдалану және
барлық қосалқы қызметтердiң
тоқтаусыз жұмыс iстеуiн;
- аумақты көрiктендiрудi және көгалдандыруды;
- Нұсқамаға сәйкес Қазақстан Республикасының
еңбек және халықты
әлеуметтiк қорғау министрлiгi саласындағы
ұйымдар мен мекемелердiң
жарамсыз болып қалған мүлiктерiн төсек-орындарын,
киiмдерiн және аяқ
киiмдерiн есептен шығаруды;
- бухгалтерлiк және статистикалық есептi
жүргiзудi, бекiтiлген
форма бойынша есеп-қисап жасауды және
оны белгiленген мерзiмде
тиiстi органдарға ұсынуды ұйымдастырады.
16. Интернаттың әкiмшiлiгi заңда белгiленген
тәртiппен
психикалық-жүйке аурулары интернатында
тұратын және қамқорлықты қажет
ететiн адамдар турасында қамқоршы мiндетiн
атқарады.
Астаналық, облыстық және Алматы қаласының
еңбек және халықты
әлеуметтiк қорғау басқармаларында интернат
үйлерiндегi қамқоршылық
қызметтердi қамтамасыз етудi, күтудiң
сапасын бақылауды жүзеге асыру үшiн
қоғамдық, кәсiподақтар мен дiни ұйымдардан
қамқоршылық Кеңестерi (5
адамнан кем емес) құрылады.
III. Интернатқа қабылдау, ұстау және шығару
шарттары
17. Психикалық-жүйке ауруларының интернатына
Қазақстан
Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгiмен
келiсiлген және Қазақстан
Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк
қорғау министрлiгi бекiткен
"Интернат үйлерiне қабылдаудағы медициналық
көрсеткiштер мен қайшы
көрсеткiштер туралы" Нұсқамаға сәйкес
денсаулығы бойынша тұрмыстық қызмет
көрсету мен медициналық көмекке мұқтаж,
туыстарының барлығына қарамастан,
заң бойынша оларды ұстауға мiндеттi, психикалық
созылмалы аурулармен азап
шегетiн адамдар қабылданады.
18. Психикалық-жүйке ауруларының интернатына
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау
министрлiгiнiң, облыстық және
астаналық еңбек және халықты әлеуметтiк
қорғау басқармаларының жолдамалары
бойынша 16 жастан жоғары I-II топтағы мүгедектер
қабылданады. Ұлы Отан
соғысының қатысушылары, мүгедектерi және
соларға жеңiлдiктер бойынша
теңестiрiлген адамдар, психикалық-жүйке
ауруларының интернатына бiрiншi
кезектегi тәртiппен қабылданады.
19. Психикалық-жүйке ауруларының интернатына
қабылдау:
- психикалық-жүйке ауруларының интернатына
қабылдау туралы аурулардың
ата-аналарының, қамқоршыларының арызы
немесе емдеу мекемесiнiң өтiнiшi (N
1 қосымша);
- емдеу-алдын алу мекемесiнiң дайындаған
медициналық картасы
(психикалық-денсаулық орталығы, психиатриалық
аурухана), аурудың тарихынан
көшiрме және ДКК-ның қорытындысы, медициналық
картасы (N 2 қосымша);
- қай топтағы мүгедектiгi туралы МӘСК-тiң
анықтамасы негiзiнде жүзеге
асырылады.
Интернатқа, белгiленген тәртiпте, жұмысқа
қабiлетсiз деп танылған
адам, емдеу-алдын алу мекемесiнiң өтiнiшi
бойынша қабылданады.
20. Психикалық-жүйке аурулары интернатына
қабылданушының әр қайсысына:
- iшiнде жолдамасы, зейнетақы куәлiгi, арызы
(N 1 қосымша), МӘСК-тiң
анықтамасы, төлқұжаты сақталатын жеке
iс қағазы;
- аурудың тарихына қосып тiркейтiн ДКК-ның
анықтамасы, ауру тарихының
көшiрмесi, маман-дәрiгерлердiң қорытындысы
бар медициналық картасы (N 1
қосымша) арналады.
Психикалық-жүйке аурулары интернатындағы
аурулардың жеке-iс құжаттары
кеңседе немесе кадрлар бөлiмiнде жанбайтын
арнаулы шкафта сақталады.
Аурудың тарихы, барлық қосымша медициналық
құжаттармен, дәрiгердiң
бөлмесiнде сақталады.
21. Психикалық-жүйке аурулары интернатында
тұратын зейнеткерлер мен
мүгедектерге зейнетақы, қолданыстағы
заңға сәйкес төленедi.
22. Психикалық-жүйке аурулары интернатында
тұратындарға Қазақстан
Республикасының Конституциясында көзделген
азаматтар құқығының бәрi
кепiлденедi.
23. Жинақ банкiсiне салынбаған мүгедектердiң
құнды қағаздары, қымбат
заттары, теңгелерi, белгiленген заң тәртiбi
бойынша, мұрагерлiкке құқылы
екендiгi туралы анықтамасы бар адам талап
еткенше, әкiмшiлiк белгiлеген
тәртiппен қабылданады.
24. МӘСК-тың ұсынысына, интернат үйi дәрiгерiнiң
қорытындысына
сәйкес, психикалық-жүйке аурулары интернатында
тұрушылар еңбекпен емдеу
шеберханалары мен қосалқы шаруашылықтардың
жұмыстарына қатысады.
Қосалқы ауыл шаруашылығы өнiмдерiнен,
еңбекпен емдеу шеберханасында
шығарылатын, халық тұтынатын тауарларды
өткiзуден түсетiн кiрiстер,
сондай-ақ мүгедектерге арналған зейнетақы
түсiмiнiң 70 процентi
интернаттың арнаулы шотына енгiзiлiп,
кейiннен қамқорлыққа алынғандарды
күту үшiн жұмсалады.
25. Психикалық-жүйке аурулары интернатынан
жалпы типтегi интернат
үйiне ауыстыру, тек психикалық-денсаулық
орталығының дәрiгерлер-кеңесi
комиссиясының (ДКК) немесе психиатриалық
аурухананың қорытындысы,
сондай-ақ жоғары тұрған органның өкiмi
(жолдамасы) арқылы болады.
26. Психикалық-жүйке аурулары интернатынан
мүгедектiң жеке
себептермен кетуiне интернат дәрiгерiнiң
кетуге мүмкiндiгi бар деген
қорытындысы болғанда және оны қабылдайтын
туысқандарының немесе олардың
орнындағылардың мүгедектi ұстауға және
қажеттi күтiммен қамтамасыз етуге
келiсетiн жазбаша мiндеттемесi болғанда
ғана, интернат тағайындаған
зейнетақының 100% төленiп, әкiмшiлiк жазбаша
түрде үш айдан аспайтын
мерзiмге рұқсат бередi.
27. Психикалық-жүйке аурулары интернатынан
шығуға жоғары тұрған
(бағыныштылығы бойынша) орган: тұратын
жерi, күн көрiс қаражаты, өзiне-өзi
қызмет ете алатын мүмкiндiгi болса, сондай-ақ
МӘСК-тiң қайта
куәландыруымен үшiншi топтағы мүгедектiгi
берiлген жағдайда ғана рұқсат
бередi.
28. Мүгедекке психикалық-жүйке аурулары
интернатынан кетерде оған
бекiтiлген маусымға сәйкес, киiмi, iш киiмi
және аяқ киiмi, интернатта
болған уақыты мен кету себептерi көрсетiлген
анықтамасы, сондай-ақ
мекемеде сақталған оның жеке заттары
берiледi.
29. Психикалық-жүйке аурулары интернатынан
өз бетiмен кеткен
мүгедектi iздеу туралы арызды жергiлiктi
iшкi iстер басқармасына
интернаттың директоры бередi. Өз бетiмен
кеткен мүгедек үш айдан кейiн
мемлекеттiк қамтамасыз етiлуден шығарылады
және қайта орналастырылуы жалпы
негiзде болуы мүмкiн.
30. Мүгедектiң туыстарына немесе жақындарына
баруына байланысты
шығындарды интернат төлемейдi.
IV. Психикалық-жүйке аурулары интернатын
басқару
31. Психикалық-жүйке аурулары интернатын
директор басқарады, оны
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң
келiсiмi бойынша астаналық, облыстық және
Алматы қалалық еңбек және
халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы
тағайындайды және босатады.
32. Директор интернат үйiнiң барлық жұмысын
ұйымдастырады және оның
санитарлық-гигиенасына, техникасының
жай-күйiне, мүгедектердi ұстау және
дәрiгерлiк-әлеуметтiк қызмет көрсету сапасына
жауап бередi.
33. Интернаттың директоры интернатты барлық
мекемелер мен ұйымдарға
таныстырады, белгiленген заң тәртiбiмен
интернат үйiнiң қаржылары мен
мүлiктерiн басқарады, шарт жасасады, сенiмхат
бередi, соның iшiнде қайта
сенiм бiлдiру құқығымен, банкте интернат
шотын ашады.
34. Еңбек заңына сәйкес директор интернат
бойынша бұйрықтар шығарады,
жұмыскерлердi жұмысқа қабылдайды және
босатады, интернат жұмыскерлерiн
көтермелейдi және тәртiптiк жаза шараларын
қолданады.
Интернат басшыларына (директорға, оның
орынбасарына, бас
бухгалтерiне) сыйлық ақыны жоғары тұрған
халықты әлеуметтiк қорғау
органдары бередi.
35. Интернаттың директоры жұмысына өте
жақсы көрсеткiштерге жеткен,
тұрғындарға жоғары мәдениеттi қызмет
көрсеткен жұмыскерлерге, белгiленген
тәртiпте, сыйлық ақы бередi.
36. Интернат әкiмшiлiгi белгiленген тәртiпте:
- Үлгi ережесiне сәйкес мүгедектер үшiн
iшкi тәртiп Ережесiн
белгiлейдi;
- қажеттi жиhазбен және керек-жарақтарымен
мүгедекке орын (бөлмедегi
орын) бөледi;
- интернаттың мәдени-тұрмыстық комиссиясының,
қоғамдық ұйымдардың,
демеушiлердiң қатысуымен интернатта тұратындарға
мәдени-тұрмыстық қызмет
көрсетудi ұйымдастырады.
Психикалық-жүйке аурулары интернатының
жұмысын және
қаржылық-шаруашылық қызметiн тексеру
белгiленген тәртiппен, бiрақ бiр
жылда бiр ретте кем емес уақытта жүргiзiледi.