Папоротниктәрізділер бөлімі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Мая 2013 в 13:58, курсовая работа

Краткое описание

Қазіргі кезде олардың түрлерінің саны 10 мыңнан астам. Папоротник тәрізділер жер бетінің барлық жерлерінде таралған, олар тропикалық ормандардан және батпақтардан бастап, шөлді аймақтарға дейін әртүрлі жерлерде кездеседі. Папоротник тәрізділердің алуан түрлілігі жағынан, ылғалды тропикалық ормандар ерекше орын алады. Бұл жерлерде папоротниктер топырақта ғана емес, сонымен бірге эпифит ретінде басқа ағаштардың діндерінде де өседі.

Содержание

Кіріспе.............................................................................................................. 3
I Негізгі бөлім
1.1 Папоротниктәрізділер бөлімінің жалпы сипатамасы және классификациясы......4-8
1.2 Аневрофитопсидтер класы ...................................8-10
1.3 Археоптеридопсидтер класы ...........................10-12
1.4 Кладоксилопсидтер класы..................................................................................... ..12-13
1.5 Зигоптеридопсидтер класы ............................................................13-15
1.6 Офиоглоссопсидтер немесе жылантіл папоротниктер класы ...... 15-18
1.7 Маратиопсидтер класы .......................................................... 19-25
1.8 Полиподиопсидтер класы ....................................................... 26-27
1.8.1 Полиподиумдар немесе қырықаяқ папоротниктер тұқымдасы ....................................................27-31
1.8.1.1Леписорус туысы ..........................32-36
Қорытынды.......................................................................................................
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Асылбек Толганай курсовой папоротниктер.doc

— 975.00 Кб (Скачать документ)

Дринариялар тұқымдас тармағына  дринария (Drynaria) туысы жатады. Бұл полеотропикалық (ареалы Ескі Жердің тропикалық аймақтарын қамтиды) туысқа 20-дай түр жатады, олар үлкен (ұзындығы 1м-ге дейін баратын) эпифиттер. Бұлардың жапырақтары кең воронка немесе құстың ұясы (ұялық эпифиттер) секілді орналасады. Жапырағы диморфты жыныссыз, емен ағашының жапырағына ұқсас және спора түзетін - қауырсынды, тік өсетін немесе иіліп салбырап тұратын болады. Олардың жақсы жетілген қатты сағағы және көн тәрізді тақтасы болады (12-сурет).

Полиподиум тұқымдас тармағында полиподиум немесе қырықаяқтылар (Роlypodium) деген бір ғана туыс бар. Бұл туысқа 75 түр жатады, олар үлкен болмайтын эпифит ретінде және топырақтың бетінде өсетін формалар түрінде берілген. Жапырақтарының сыртын жұқа көн немесе жарғақ тәрізді қабықшасы қаптап тұрады және олар қауырсынды тілімделген. Полиподиумның жуан, тарамдалған тамырсабақгарының сыртын күңгірт және ашық қоңыр түсті сына тектес қабыршақтары жауып тұрады. Жапырақтары одан катар-қатар болып шығады, қырықаяқ туысының аты да күмәнсіз осыған байланысты. Сорустары дөңгелек немесе сопақша болып келеді және жапырақ тақтасының астыңғы бетінде, оның сегментінің ортасында немесе шетінде орналасады .

Туыстың түрлері тропикалық ормандарда, сиректеу субтропикалық және қоңыржай климатты зоналарда кездеседі. Олар ағаштардың діңдерінде және бұтақтарында, жартастарда, сиректеу топырақ бетінде өседі. БОР-дың территориясында 6-түрі кездеседі. Полиподиумның шырьнды және тәтті тамырсабақтарында (немісше полиподиум — "тәтті тамыр" деп аталынады) глюкозидтер, алма қышқылы және сапониндер болады. Қырықаяқ папоротниктердің жапырақгарын және тамырсабақтарын кайнатып емдік дәрі ретінде қолданады.

Кәдімгі полиподиумның (Р. vuigare) және оңтүстік полиподиумның (Р. australe) көптеген формалары оранжереяда және ашық грунтта сәндік өсімдік ретінде (мәдени жағдайда) өсіріледі.

Микросориумдар тұқымдас тармағына микросориум (Місгоsorium) туысы жатады. Бұл туыста Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азияда, Тынық мүхиттың аралдарында кездесетін 70-тей түр бар. Бұлар үлкен болмайтын (ұзындығы 30-40 см болатын) эпифит ретінде, сиректеу топырақтың бетінде өсетін папоротниктер. Жапырақтары тұтас, қауырсынды және тілімделген болып келеді, ортаңғы жүйкесі аздап жуандаған. Көлденең төселіп өсетін тарамдалған тамырсабақтарының жуандығы 0,4-0,8 см-дей болады, олардың сыртын қоңыр түсті, сына тәрізді қабыршақтары қаптап тұрады. Микросориумның түрлері ойпаттардың, таулы жердің тропикалық ормандарында және қайнар бұлақтарда кездеседі. Олар тропикалық зонаның тауларының ағашты өсімдіктер жабынының ең жоғарғы шекарасына дейін көтеріледі.  Индиядан Индонезияға дейін, Оңтүстік Қытайды, Филиппинді және Кіші Азияны қосып есептегенде кездесетін қанатты тірсекті микросориумның (Місгоsorium pteropus) биологиялық ерекшеліктері өте қызық болады. Туыстың басқа түрлерінен ол жапырақтарының төменгі жағының сағаққа айналуымен айқын ажыратылады. Бұл түр таулы жерлердің, ойпатты жерлердің тропикалық ормандарында, жылғалардың жағасында және бұлақтардың айналасында, жаңбырлы кездерде оқтын-оқтын су басып отыратын жерлерде, тастардың бетінде шіріген ағаштардың діндерінде өседі. Бұл папоротниктердің жапырақтары диморфты: судың астында жетілетін жапырақтары тұтас, ал судың бетінде жетілетін жапырақтары үшке бөлініп тілімделген (трехлопастные). Судың астындағы жапырақтарында кішілеу бүршіктер жетіледі, олардан келешегінде жаңа особьтар пайда болады да, аналық өсімдіктен бөлініп кетеді.

Оранжереяның жагдайында қанат  тірсекті микросориумды қырыкаяқ папоротниктер  секілді тамырсабақтарын бөліп  отырғызады және спораларын өсіру арқылы да көбейтеді. Аквариумды жақсы көретіндер, оны аквариумдарда өсіреді.

1.8.1.1 Леписорус туысы (Іеріsorus) 

Туысқа Азияда таралған 25-тей түр  жатады. Бұл кішілеу топырақ бетінде және эпифит ретінде өсетін формалар. Жапырақтары қатқылдам, шөптесінді, таспа және таспа-ланцет тәрізді. Сорустары эллипс тәрізді. Олардың шет жақтарын қою-қызыл түсті қысқа тірсекке орналасқан, тор тәрізді радиальді қабыршақтары жауып тұрады. Бұл қабыршақтар жас жапырақтарда айқын байқалады, ал сорустарындағы споралары піскен кезде олар көбіне түсіп қалып отырады. Сорустарының, тамырсабақтарының, қабыршақтарының мөлшері, сонымен бірге склеренхималык тяждің даму деңгейі әртүрлі түрлерінде әрқилы болып өзгеріп отырады.

Леписорус топырақта, жар тастардың  жарықшақтарында, ағаштардың діңдерінде, бұтақтарында өседі және тауда теңіз деңгейінен 3000 м биіктікке дейін көтеріледі. БОР-дың территориясында (Алтайда жөне Қиыр Шығыста) леписорустың үш түрі кездеседі. Олардың ішінде Уссури леписорусы (Іеріsorus ussuriensis) Приморье аймағының оңтүстігінде, көп жағдайда мүк басқан жартастарда және өте сирек эпифит ретінде ылғалды аралас ормандардағы жекелеген ағаштардың діндерінде өседі (13-сурет).  

 

Сальвиниялар класс  тармағы (сальвинииды) -  Salvinidae

Сальвиниялар қатары (сальвиниевые) -  Salviniales

Сальвиниялар тұқымдасы (сальвиниевые) - Salviniaceae

Қазіргі кезде кездесетін сальвиниялар (Salvinia) бір кездердегі, шамасы мезозой эрасында пайда болған үлкен туыстың қалдықтары болып саналады.Сальвиниялар (туыстың аты XVII ғ. Италия ғалымы А.Сальвинидің құрметіне берілген) ұсақ су папоротниктері, олардың айтарлықтай ерекшеліктерінің бірі әртүрлі споралылығында. Көп жылдар бойы сальвинияларды марсилеялармен жақындастырып келді және оларды жалпы, жасанды бір су папоротниктері (Нуdropteridales) қатарына топтастырады. Шындығында сальвиниялар марсилеялардан қашық жатады. Қазіргі кездегі көзқарас бойынша оларға гименофиллдер мен циатеялар тұқымдастары жақын болып саналады, осылардың ортақ тегінен, шамасы сальвиниялар шыққан болса керек.

Сальвиниялардың басым көпшілігі  тропикалық және субтропикалық елдердің тұщы суларын мекендейді. Тұқымдаста бір ғана сальвиния туысы бар, оған 8-түр жатады. Қалқыма сальвиния (S.natans) қоңыржай климатты ендікте өмір сүруге бейімделген және БОР-дың европалық бөлігінің оңтүстігінде, Кавказда, Орта Азияда, Сібірде Қиыр Шығыста әдеттегідей көп кездесетін өсімдіктердің бірі. Қалқыма сальвиния ақпайтын және жай ағатын суларда, кейде қалың қопа түзеді, сөйтіп судың бетіне күннің түсуін нашарлатады.

Бір жылдық қалқыма сальвиниядан басқа түрлерінің барлығы жіңішке, бұтақталған және қосалқы тамырлары жоқ тамырсабақты судың бетінде жүзіп жүретін көпжылдық өсімдіктер Сальвинияның тамырсабағында тығыз орналасқан үш мүшелі жапырақтардың тобы орналасады. Әрбір топ тамырсабақтың жоғарғы жағында бір жұп қалқып жүретін жапырақтардан және үшінші суға батып тұратын жапырақтан тұрады. Соңғы жапырақ көптеген жіп тәрізді бөліктерден тұрады, олардың сырты қалың түктермен жабылған және тамырдың қызметін атқарады. Сабағының және жапырағының анатомиялық құрылысынан сальвинияның суда өмір сүруге бейімделген өсімдік екендігі айқьн байқалады: ауа қуыстары үлкен, әрі көп, механикалық элементтері нашар жетілген, өткізгіш ұлпасы редукцияға көп ұшыраған.

Сальвинияның нағыз тамыры болмайды

Сабақтың ортасында  шеңберлі өткізгіш шоғы болады (14-сурет). (85,3-сурет); оның ксилемасы нашар жетілген және 1-3 кішкентай баспалдықты немесе спиральды трахеидтерден тұрады.

Ксилеманы електі түтіктерден және тін (луб) паренхимасынан тұратын флоэма қоршап жатады. Перициклы мен эндодермасы нашар байқалады. Одан әрі қабық орналасады, онда үлкен ауа қуыстары болады. Қабықтың ішкі қабатының шоққа жанасып орналасқан клеткаларының қабықшасы қалың болады.

Жапырақта да екі қабатпен орналасқан көптеген ауа қуыстары (камеры) болады. Олар көлденең перделер арқылы бөлінген, бұлардың клеткаларында хлорофилл дәндері болады.

Жапырақтың жоғарғы  бетінде қабықшалары балауызбен жабылған дөңгелек клеткалардан тұратын ерекше бүршіктері жетіледі. Бүл бүршіктер жапыраққа ашық-жасыл (ақшылдау) түс береді және жапырақтың бетінен суды кетіруге мүмкіндік береді.

Сабақтағы секілді, жапырақтында астыңғы бетінен көп клеткалы қоңырлау түсті түктер кетеді. Су асты жапырақтарының түп жағындағы, қысқа бүйірлік бұтақшаларында шар тәрізді сорустары пайда болады, бұл жерде олар спорокарпийлер деп аталынады. Спорокарпийлерінің барлығының мөлшері бірдей, бірақта олардың ішіндегі спорангийлері әртүрлі болады. Спорокарпийлерінің бірінде, көп мөлшерде ұсақ шар тәрізді микроспорангийлері (микроспоро-карпийлері), ал екіншісінде аздаған сопақ жұмыртқа тәрізді ірілеу мегаспорангийлері (мегаспорокарпийлері) (85,5-сурет) жетіледі.Спорангийлерінің плацентаға бекініп тұратын аяқшасы болады, олар өзіне тиісті спорокарпийдің ішкі қуысында орналасады. Спорокарпийдің сыртын екі қабат қабықша (индузий) қаптап тұрады. Сыртқы және ішкі индузийлері жоғарғы және төменгі жағынан біріккен, калған жерінің ұзына бойында олар бос жатады және арасында ауа қуысы болады. Индузийлері жапырақтың түп жағынан пайда болады және біртіндеп спорангийді қаптай өседі.

Спорангийі бір қабат  қабықшамен қапталған. Одан әрі бір  қабат төселгіш кабаттың (тапетум) клеткалары орналасқан. Спорангийдің ортасында археспорий клеткалары жетіледі. Олар бөліне келе спораның аналық клеткаларына бастама береді. Соңғылары редукциялық жолмен бөлініп, төрт спора береді. Микроспорангийде әдетте 64 микроспора түзіледі. Бүл жағдайда тапетумның клеткалары еріп кетеді, содан соң олардың ішіндегі заттарынан қатты масса түзіледі (массула-көбік төрізді зат), оған споралар батып жатады.

Мегаспорангийде көптеген мегаспоралар пайда болады, бірақ олардың біреуі ғана толық жетіледі, ал қалғандары жойылып кетеді. Пісіп-жетілген спорангийде тек бір ғана мегаспора болады. Мегаспораның сыртын қалың, көбік тәрізді зат (периспорий) каптап тұрады, ол тапетумның еріген клеткаларынан пайда болады. Жеңіл периспорий мегаспорангийдің су бетінде қалқып тұруына мүмкіндік береді.Спорокарпийлер күзде үзіліп түседі де, судың түбінде қыстап шығады. Көктемде олардың қабықшалары шіріп түскен соң, микро- және мегаспорангийлері судың бетіне калқып шығады. Микроспора редукцияға көп ұшыраған аталық өскіншеге (гаметофитке) өнеді, ол микроспорангийден шықпайды. Микроспораның бірінші бөлінуінен кейін, оның ішінде үш клетка пайда болады. Оның төменгісі екі клеткаға бөлінеді; ұсақ ризоидтық және үлкен вегетативтік клеткаларға.Вегетативтік клетка үлкейіп өсіп микроспорангийдің жарылған қабықшасынан сыртқа екі клетканы шығарады. Жоғарғы клетканың екеуіде бөлінеді және олардың әрқайсысы бір-бірден өте қарапайым түрдегі антеридий түзеді. Антеридий екі клеткадан тұрады, қабықшадан және бір сперма түзетін (спермагендік) клеткадан тұрады. Сперма түзетін клетка одан әрі бөлініп, төрт көпталшықты сперматозоид береді. Сонымен өскіншеде барлығы екі антеридий, сегіз сперматозоиды пайда болады. Ұлғайып өскен өскіншелер микроспорангийдің қабықшасын жарып сыртқа шығады. Сперма түзетін клетканың қабықшасы ериді де, сперматозоидтары сыртқа жүзіп шығады. Суда жүзіп жүріп, олар аналық өскіншеге қарай бет алады.Мегаспора (мегаспорангийде жалғыз) өне келе аналық өскінше береді, ол да спорангийдің қабықшасын тастап шықпайды. Мегаспора өскен кезде, оның ядросы бөлініп екі клетка түзеді, кішкентай үстіңгі клетканы және үлкендеу астыңғы (базальдық) клетканы. Одан әрі үстіңгі клеткадан өскінше пайда болады, ал астыңғы клетка ұлғайып өседі, оның ядросы бөлінеді, бірақ олардың арасында көлденең перде пайда болмайды. Қатты ұлғайған клетка ұрыққа қажетті қоректік заттарға толы болады.Өскінше жасыл клеткалардан тұрады. Ол мегаспорангийдің қабықшасын жоғарғы жағынан жыртып шығады және сыртқа дөңгелек үшбұрышты табақша түрінде көтеріліп көрініп тұрады. Онда 3-5 архегонийлер пайда болады, олар ұлпаның ішіне еніп жатады.Ұрықтанғаннан кейін зиготадан кішкентай ұрық пайда болады. Ол көп уақыттар бойы өскіншемен байланыста болады. Ұрықтан сабақша және жапырақшалар пайда болады, Ұрықтың алғашқы жапырағы қалқан тәрізді, келесі жапырақтары дөңгелек; одан әрі үлкен өсімдікке тән сопақша жапырақтар пайда болады. Садьвинияда тамыр болмайды. Өсімдіктің сыртын түгелімен түктер жауып тұрады. Біртіндеп үлкен өсімдік қалыптасады.

 

 

 

 

Қорытынды

Папоротник тәрізділер өзінің жас  шамасы жағынан риниофиттерден, псилот тәрізділерден және плаун тәрізділерден кейін тұрады. Олар шамамен қырықбуын тәрізділермен бір уақытта пайда болған. Егерде риниофиттер түгелдей жойылып кеткен өсімдіктер болса, псилот тәрізділер, плаун тәрізділер және қырықбуын тәрізділер қазіргі кездегі флорада аздаған ғана түрлерімен белгілі. Ал папоротник тәрізділер бұрынғы геологиялық кезеңдерге қарағанда бәсеңдеу болғанымен, өзінің шарықтап өсуін әлі де жалғастырып келеді. Қазіргі кезде олардың түрлерінің саны 10 мыңнан астам. Папоротник тәрізділер жер бетінің барлық жерлерінде таралған, олар тропикалық ормандардан және батпақтардан бастап, шөлді аймақтарға дейін әртүрлі жерлерде кездеседі. Папоротник тәрізділердің алуан түрлілігі жағынан, ылғалды тропикалық ормандар ерекше орын алады. Папоротник тәрізділердің басқа жоғарғы сатыдағы споралы өсімдіктерден айырмашылығы, олар эволюцияның үлкен жапырақты линиясын (мегафилия) береді. Жапырақтары ұзақ уақыттар бойы төбесінен өседі. Жапырақтары ұзақ уақыттар бойы төбесінен өседі. Мұның өзі жапырақтарды талломдардың жалпайуының нәтижесінде пайда болған деп айтуға негіз болады. Сондықтан да оларды вайялар деп жиі айтады. Көп жағдайда жапырақтар екі қызмет атқарады : фотосинтездік және спора түзу. Кейбір түрлерінде жоғарғы вайялары спора түзуге, ал төменгілері фотосинтезге маманданған болып келеді. Түрлерінің көпшілігі тең споралы, алайда әртүрлі споралы түрлері де кездеседі.Гаметофит ылғалды жерде өсуге бейімделген. Ұрықтануы сумен байланысты. Гаметофиттері балдыр кезеңіндегі деңгейден өзгермей, қалып қойған, сондықтан да, спорофит құрғақта өсетін өсімдік болғанымен, папоротник тәрізділер құрлықты басып ала алмаған.

Маңызы. Папоротник тәрізділер көптеген өсімдіктер қауымдастығының әсіресе  тропикалық, субтропикалық және Солтүстік  жалпақ жапырақты ормандардың негізгі компоненттерінің бірі. Олар ашық және жабық грунттарда, сәндік бақтар өсіру үшін ең қажетті өсімдіктер, сонымен бірге дәрі – дәрмек алуға таптырмайтын шикізат.

Классификациясы. Бөлім 7кластан тұрады : аневрофитопсидтер (Aneurophytopsida), археоптеридопсидтер (Archaeopteridopsida), кладоксилопсидтер (Cladoxylopsida), зигоптеридопсидтер (Zyqopteridopsida немесе Coenopteridopsida), офиоглосопсидтер немесе ужовниктер (Оphioqlossopsida), мартиопсидтер (Marattiopsida), полиподиопсидтер (Роlypodiopsida). Осы 7 кластың ішіндегі біздің флорада ең кең таралғаны полиподиопсидтер класы.

Полиподиопсидтер класына 270туыс, 10000- дай түр жатады. Өмірлік формасы  алуан түрлі : ағаш тәрізді, лианалар, шөптесін эпифиттер (ылғалды тропикалық ормандарда) көпжылдық тамырсабақты шөптесін өсімдіктер (қоңыржай және слқын климатты зоналарда). Түрлерінің басым көпшілігі тең споралы, құрлықта өсетін өсімдіктер. Қалғандары (120-дай түр) әртүрлі споралы және батпақты жерлерде өсетін өсімдіктер.

Информация о работе Папоротниктәрізділер бөлімі