Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Сентября 2013 в 21:44, реферат
Эволюциялық ілімге қарсы жақтар Дарвиннің жаңа түрлердің түзілу теориясына көбінесе күдікпен қарайды. Алайда туыстар, тұқымдастар, отрядтар және кластар тәрізді ірі таксондар қалыптасуының табиғи сұрыпталу теориясына ешқандай байланысы жоқ.Макроэволюцияның секіртпелі емес, тұрақтылығын дәлелдейтін өліп біткен де, сондай-ақ қазір өмір сүретін өтпелі формаларының саны жеткілікті мөлшерде табылды. Оның үстіне бүгінгі күні өмір сүретіндерге қарағанда өліп біткен жануарлар мен өсімдіктер көп. Егер орасан көп мөлшердегі формалар ақыр соңында жойылып кететін болса, осыншама ұзақ уақыт аралығында соншалық алуан түрліліктің қандай жаратылу мәні бар? Атап айтқанда макроэволюциялық үдеріс туыстан дүниеге дейінгі ірі жүйелеу санатында қоса жүрді.
Арғы тектік белгілер (атавизм) - бұл алыс ата тектерге тән белгілердің жеке дарақтарда пайда болуы. Мәселен, нәрестенің құйрықты болып, қосымша бездері (көпемізікті) немесе бүкіл денесін түк басып тууылуы мүмкін. Олардың пайда болуы біздің хромосомаларымызда адамтектес маймылдарға қарағанда алысырақ ата тектерің гендері бар екенін дәлелдейді. Ерекше жағдайларда бұл көне гендер «іске қосылып», арғы тектік белгілердің пайда болуына мүмкіндік береді. Бұл бағытта барлық дамыған елдерде зерттеулер жүргізілуде, әзірге мұндай құбылыстың ұрықтық сатыда өтетіні ғана мәлім. Ересек адамдар да, нәрестеде де құйрық «өсе» алмайды. Ол тумысынан не бар, не жоқ болуы тиіс. Арғы тектік белгілердің болуы зерделілікке, қабілеттілікке және мінезге ықпалын тигізбейді. Бұл адамдар айналадағылардың ұқыпты және биязы қатынаста болуын қажет етеді. Мұндай жағдайлардың әрқайсымызда кездесуі мүмкін. Біз үнемі еркіміз бен санамызга тәуелсіз пайда болуы мүмкін ежелгі көне гендерді сақтаудамыз. Алайда тек қоғамдағы өзіміз таңдап алған мінез-құлықтың өзіндік жолы ғана бізге тәуелді. Сонымен, Қазақстанның жас азаматтары әрқашан өзін өркениетті адамдарша, осы атаққа шынайы лайықты болуын қалар едік.
Информация о работе Органикалық әлем эволюциясының дәлелдері және адамның шығу тегі