Насекомдардың зәр шығару жүйесінің ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Декабря 2014 в 20:30, реферат

Краткое описание

Зәр шығару жүйесi. Насекомдарда негiзгi зәр шығару қызметiн мальпиги түтiкшелерi атқарады. Ол ортаңғы iшек пен артқы ішектің қиылысқан жерiнде ашылады.
Мальпиги түтiкшелерiнiң саны әр түрде 2-дей 150-ге дейiн жетедi. Мальпиги түтiкшелерiнiң бос ұштары дене қуысында жатады да, зат алмасуының сұйық заттары олардың керегелерi арқылы сорылып, артқы iшекке келiп құйылып, қалдық заттармен бiрге сыртка шығарылады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

ЕСКЕКТІЛЕР.pptx

— 832.82 Кб (Скачать документ)

Ескектілер - тек теңіздерде еркін жүзіп, кейбіреулері жорғалап немесе тіркеліп тіршілік ететін, сәулелі симметриялы жануарлар

 

    • ЕСКЕКТІЛЕР ТИШ - CTENOPHORA

Типтің өзіне тән ерекше белгілерінің бірі - атқыш клеткаларының орнына коллобласт деп аталатын жабысқақ клеткаларының дамуы, мезоглея қуысында алғашкы мезодерма клеткалар жиынтығының байқалуы, түрі өзгерген кірпікшелерінің көмегімен қозғалуы. Ескектілердің 90-ға жуық түрі белгілі. Бұл типке бір ғана класс - ескектілер - Ctenophora жатады.

    • Ескектілердің құрылыс схемасы : 1 - ауыз тесігі, 2 - жұтқыншак, 3 - қармалауыш шұңқыршасы, 4 - меридиональды түтікшелер, 5 - қарын, 6 - оральды полюсіне бағытталған түтікше, 7 - ескекті тақталар қатары, 8 - қармалауыш, 9 - жіпше бастамасы, 10 - аборальды мүше
    • Құрылысы және физиологиясы. Көпшілігінің денесі сопақша немесе қап, алмұрт тәрізді, ал "шолпан белдігі" - Cestus veneris - лента тәрізді.  

 

Көбеюі және дамуы. Ескектілер тек қана жынысты жолмен көбейетін қос жынысты жануарлар. Жыныс бездері энтодерма клеткаларынан дамып гастроваскулярлы жүйесінің әрбір меридиональды түтікшелерінің бүйірінде орналасқан. Бір жақ бүйірінде аналық бездері, екіншісінде - аталық.

Жетілген жыныс клеткалары меридиональды түтікшелерінің эпителий қабатын жарып, одан ауыз тесігі арқылы су ортасына шығып ұрықтанады. Даму циклы қарапайым, личинкасыз, ұрпақ ауысу болмайды. Зиготаның бөлшектенуі толық, біркелкі емес, оның анимальды полюсіндегі клеткалары жиі бөлініп, ұсақ бластомераларды немесе микромераларды, ал вегетативті полюсіндегі клеткалары баяу бөлініп ірі макромераларды түзейді Осылай қалыптасқан бластуланың микромерасынан эктодерма, макромерасынан энтодерма ұрық жапырақшалары жетіледі.

Микромералар макромералардың сыртын айнала қаптап, (эпиболия әдісі бойынша) қос қабатты гаструлаға айналады. Гаструла сатысының соңында бластопора (гастропора) жағында орналасқан эктодерма клеткалары жедел бөлініп, гастроцель қуысына қарай бойлай созылады да эктодермальды жұтқыншақты құрайды, ал энтодерма клеткаларының біразы эктодерма мен энтодерма аралығына кетіп, ерекше крест тәрізді клеткалар тобын құрайды. Олар үшінші ұрық жапырақшасы - мезодерма қабатының бастамасы. Осылардан мезоглея клеткалары және қармалауыштарының бұлшықеттері қалыптасады.

    • Бастапқы көбеюі және дамуы.

Ескектілердің көпшілігінде қорегін ұстайтын екі ұзын қармалауыштары денесінің бүйір жағында бір-біріне қарама-қарсы орналасқан. Олар ерекше қармалауыш ойығына жиырыла алады. Қорек затты ұстауға қармалауыш эпителиясының жабысқақ немесе коллобласт клеткалары қатысады. Олардың сыртқы беті жарты шар пішінді және жабысқақ тамшылармен қапталған. Жарты шардың түбінен қармалауыштың ішіне қарай, спираль тәрізді оралған жіпше өтеді, ол екінші ұшымен қармалауыштың ұзына бойы орналасқан бұлшықетіне жабысады . Ұсталынған ұсақ организмдер клеткаларға жабысады да құтылуға тырысқан шақта жабысқақ клетканы қармалауыштың жоғарғы жағына тартады, сол сәтте спираль тәрізді жіпшесі клетканы орнына қайтарады. Ұсталынған қоректі кең ауызы арқылы жұтады.

Экологиясы. Ескектілер барлық теңіздерде кездеседі, бірақ қоңыржай және жылы теңіздерде көп тараған. Денесі нәзік, мезоглеясы жақсы дамыған, медузалардікі сияқты мөлдір түссіз немесе қызғылт түсті, тек ескек тақталары кемпірқосақтың барлық түстерімен құбылып тұрады. Көбінесе судың үстіңгі қабатыңца тіршілік етеді, ал теңіз қатты толқынданып, нәзік денесіне қауіп төнген кезде су түбіне шөгіп кетеді.

Дене мөлшері 5 мм-ден (Pleurobrachia pilens) 12-20 см-ге дейін (Bolinopsis infundibulim, Beroe cucumis), ал шолпан белдігінің - Cestus veneris-тің ұзындығы 1,5 метр.

    •       Ескектілер түрлері

Классификациясы. Ескектілер класы екі класс тармағына бөлінеді: қармалауышсыздар - Atentaculata және қармалауыштылар - Tentaculata.

ҚАРМАЛАУЫШСЫЗДАР КЛАСС ТАРМАҒЫ - ATENTACULATA

 

Бұларда бір ғана - Beroidea - отряды бар. Тіршілігінің барлық, кезеңінде қармалауыштары болмайды, қорек заттарын кең ашылатын ауызымен ұстап қоректенеді. Солтүстік және Қиыр Шығыс теңіздерінде Beroe cucumis түрі кең тараған (50-сурет). Денесі қап тәрізді. Жыртқыштар, басқа ескектілермен қоректенеді.

ҚАРМАЛАУЫШТЫЛАР КЛАСС ТАРМАҒЫ - TENTACUIATA

 

Бес отряды бар, тіршілігінің барлық кезеңінде, ал кейде дамуының алғашқы сатысында ғана қармалауыштары болады. Тіршілік жағдайына бейімделуіне байланысты көптеген өзгерістерге ұшыраған.

Cestidea отряды өкілдерінің  денесі көлденеңінен созылған  ұзын лента тәрізді. Басты өкілі - Cestus veneris (50,Б-сурет). Жерорта теңізінде  мекен етеді. Кемпірқосақтың түсіндей құбылады.

 

 

 

 

Бұлардың жаңа дамыған формалары кәдімгі ескектілер сияқты ескек тақталары арқылы суда еркін жүзіп, кейін ауыз жағымен субстратқа бекінеді. Ауызының екі шеткі бөлігі жоғары қарай созылып, ауыз тесігінен қорек затты ұстауға бейімделген екі қармалауышы шығып тұрады

 

 

Көрнекті ғалым А. О. Ковалевский 1880 жылы Қызыл теңізден жалпақ пішінді жорғалап тіршілік ететін түрді тауып, оны зерттеп Coeloplana metschnikowi деп атады. А. А. Коротнев 1886 жылы Кіші Архипелагтың жағалауларынан Coeloplana-ға ұқсас жорғалауыш ескектіні тауып, оны Ctenoplana kowalevski деп атады.

    • Назарларыңызға рахмет!

 

1


Информация о работе Насекомдардың зәр шығару жүйесінің ерекшеліктері