Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Октября 2013 в 14:14, лабораторная работа
Насекомдардың бұлшық еттері жақсы жетіліп,барынша жіктеліп бөлінген.Мысалы,кейбір көбелектердің жұлдызқұрттарындағы бұлшық еттер саны 2000 жетеді.Ең жақсы жетілген бұлшық ет насекомның кеуде бөлігінде орналасқан.Бұл бұлшық ет насекомның ұшу жылдамдығын ұлғайтады,қанат қағу жиілігін арттыруға мүмкіндік туғызады.
Мысалы,бал арасы қанатын секундына 450 рет, шыбындардың кейбір түрлері 1000 шамасына дейін қағады,ал инеліктердің кейбір түрлері сағатына 144 км жылдамдықпен ұша алады.
Мысалы,қи қоңызы өз салмағынан 90 есе артық жүкті қозғалтып жылжыта алады,ал бүрге өз денесінің ұзындығынан 80 есе ұзын қашықтыққа секіре алатындығы белгілі.
«Насекомдардың ішкі құрылысы»
Нуралиева Меруерт 211-топ
Жоспары:
Бұлшық ет жүйесі.
Асқорыту жүйесі.
Қан айналу жүйесі.
Тыныстану жүйесі.
Зәр шығару жүйесі.
Нерв жүйесі.
Насекомдардың ішкі мүшелері
1.Өңеш
2.Сілекей безінің резервуары
3.Сілекей безі
4.Жемсау
5.Етті қарын
6.Ортаңғы ішектің бітеу
7.Ортаңғы ішек
8.Мальпиги түтікшелері
9.Аш ішек
10.Тік ішек
11.Тұқым шашқыш канал
12.Қосалқы жыныс безі
13.Тұқым өткізгіш
14.Тұқым безі
15.Трахей бағанасы
16.Тыныс тесігі
17.Бауыр нерв тізбегі.
Насекомдардың бұлшық еттері жақсы жетіліп,барынша жіктеліп бөлінген.Мысалы,кейбір көбелектердің жұлдызқұрттарындағы бұлшық еттер саны 2000 жетеді.Ең жақсы жетілген бұлшық ет насекомның кеуде бөлігінде орналасқан.Бұл бұлшық ет насекомның ұшу жылдамдығын ұлғайтады,қанат қағу жиілігін арттыруға мүмкіндік туғызады.
Мысалы,бал арасы қанатын секундына 450 рет, шыбындардың кейбір түрлері 1000 шамасына дейін қағады,ал инеліктердің кейбір түрлері сағатына 144 км жылдамдықпен ұша алады.
Мысалы,қи қоңызы өз салмағынан 90 есе артық жүкті қозғалтып жылжыта алады,ал бүрге өз денесінің ұзындығынан 80 есе ұзын қашықтыққа секіре алатындығы белгілі.
Ас қорыту жүйесі
1 – өңеш; 2 – жемсау; 3 – етті қарын; 4 – ортаңғы ішек; 5 – артқы ішек; 6 – артқы тесік.
5
6
Қан айналу жүйесі
Насекомдардың қан айналу жүйесі ашық.Ол құрсақтың үстіңгі жағына орналасқан арқа тамырдан немесе жүректен,одан алға қарай барып,бас қуысына ашылатын қолқадан тұрады.Жүрек бірнеше камераға бөлінеді.Әр камерада бір жұптан бүйір тесіктері устьицалар бар.Камера кеңейген кезде олар арқылы қан ішке сорылады.Жүректің камералары кезекпен бірінен соң бірі жиырылып қанды алға қарай айдайды.Қолқадан шыққан қан бас қуысына одан соң ішке дене қуысына құйылады.Құрсақта қан өкпе қапшықтарын және трахея жүйесін аралап өтіп,оттегіне қанығады да одан соң қайтадан жүрекке барады.Жүректің соғу саны насекомның қандай түрге жататындығына,оның физиологиялық күйіне және орта жағдайларына байланысты минутына 15-30 шамасынан 150 аралығында құбылып тұрады.
Насекомның қаны сұйық фазадан және қан клеткаларынан тұрады.Гемолимфа әдетте түссіз мөлдір немесе жасыл түсті болады.Тек қана ылайлы жерде тіршілік ететін маса личинкасының қаны,гемолимфа құрамы омыртқалылардың гемоглобиніне жақын заттың болуынан қызыл түске боялады.
Насекомдардың қан айналу
Қан айналу жүйесі
Арқа тамыр немесе «жүрек»
Қолқа
Тыныстану дегеніміз – ауадағы оттегін пайдалану және сонымен бірге көмір қышқыл газын бөліп шығару түрінде жүретін табиғи процесс.
Насекомның тыныстануы денеінің өн бойына түгел таралған трахея(кеңірдек)жүйесі арқылы,өте сирек-тері жамылғы арқылы жүзеге асырылады.Трахея дегеніміз – ішкі керегелері хитинді қабықпен астарланған қуыс түтікшелер.Трахеялар ауадағы оттегін тікелей клеткалар мен тканьдарға жеткізетін диаметрі 1 мкм-ден де өте ұсақ капиллярларға-трахеолдарға тармақталған.
Насекомдарда зәр шығару экскреция,секреция және инкреция деп аталатын 3 түрлі процестен тұрады.
Экскреция – зат алмасу кезінде ас қорыту жүйесінен тыс жерде пайда болатын,организм үшін зиянды және керексіз заттарды- экскреттерді денеден шығару процесі.Экскреттерге несеп қышқылы және оның тұздары,сонымен қатар калий,натрий,кальций,магний катиондарды,қымыздық қышқылы мен фосфор қышқылы және басқа азот алмасуының ерітінді түріндегі өнімдері жатады.
Мальпиги түтікшелері – зәр шығару жүйесінің негізгі мүшесі. Түтікшелердің бос жатқан бір ұшы тұйық болады да,екінші ұшы ішекпен жалғасады.Олардың саны 2 шамасынан 150 шамасына дейін құбылып тұрады.Бірақ,түтікшелер санының осындай айқын өзгеріп тұруына қарамай,олардың салмақ бірлігіне келетін көлемі әр түрлі насекомдарда қарайлас шамада болады.Мысалы,тарақанда 60 түтікшенің жалпы аумағы 132000 мм2 болады.Сонда 1 мг дене салмағына 412 мм2 келеді.Піллә иіргіштер тұқымдасына жататын көбелектерде 6 түтікшенің жалпы аумағы 209000 мм2 болады немесе 1 мг дене салмағына 500 мм2 келеді.
Секреция – организмге қажетті заттардың,яғни секреттердің шығу процесі.Секреттерді экзокрин деп атайтын әр түрлі бездер шығарады.Оларға жоғарыда қаралып кеткен ас қорыту ферменттерін бөліп шығаратын сілекей бездері мен ортаңғы ішектің бездері,сонымен қатар денені мехникалық зақымданудан қорғайтын заттарды бөліп шығаратын бездер жатады.
Қара тарақанның зәр шығару мүшесі: 1 — мальпиги түтікшелері; 2 және 3 — алдыңғы ішек бөлімдері; 4 — ортаңғы ішек; 5 — ортаңғы ішектің бітеу қосалқылары; 6 және 7— артқы ішек бөлімдері.
Зәр шығару жүйесі
Насекомдарда үш түрлі нерв жүйесі болады;орталық,шеткі және симпатикалық нерв жүйелері.Орталық нерв жүйесінің негізін бунақ аралық ұзын тәжілермен жалғасқан нерв түйіндері құрады.Орталық нерв жүйесі бас және құрсақ бөлімінен тұрады.Бас бөлімге өңештің үстіне орналасқан өте жақсы жетілген «жұтқыншақ үсті» түйін және одан гөрі нашар жетілген өңеш астында орналасқан «жұтқыншақ асты» түйін жатады.Осы екі нерв түйіні өзара коннективтермен жалғасып, жұтқыншақ жанындағы нерв сақинасын құрады.Құрсақ бөлімі құрсақ нерв тізбегін құратын бірқатар ганглиялардан тұрады.
Мидың құрылысы өте күрделі;өзара тұтаса біріккен үш ганглиядан тұрады.Алдыңғы бөлімі басқаларына қарағанда жақсы жетілген және ол күрделі көздер мен бір сабақшалы немесе саңырауқұлақ тәрізді,денелерді нервтендіретін 2 көру төмпешігін өзіне қосып алған. Мидың ортаңғы бөлімі мұртшалары,ал артқы бөлімі – жоғарғы ерінді нервтендіреді және симпатикалық нерв жүйесімен байланысты.
Насекомдардың нерв жүйесі
Жұтқыншақ үсті түйін
Жұтқыншақ асты түйін