Сабақтың тақырыбы: Мутациялық өзгергіштік.
Сабақтың
мақсаты:
1.Білімділік:Оқушыларға мутациялық
өзгергіштіктің
түрлері,олардың себептері,организмге
әсері туралы білім беру.
Өзгергіштіктің түрлерін жіктеу,оларды
салыстыру,мутациялық
өзгергіштіктің органикалық
дүниенің дамуы мен селекция
жұмыстары үшін маңызды екендігін
түсіндіру.
2.Дамытушылық:Оқушылардың биология
ғылымына қызығушылығын тудырып,
ғылыми дүние танымын,жеке тұлғасын,коммуникативтік
біліктілігін дамыту.
3.Тәрбиелік:Ұжымшылдыққа,өз
ойларын айта білуге,адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың
түрі:Аралас сабақ.
Сабақтың
әдісі:Оқытудың үш өлшемді
әдістемелік жүйесінің педагогикалық
технологиясы.
Сабақтың
көрнекілігі:Интерактивті тақта,проектор,үлестірмелер.
Сабақтың
барысы.
І.Ұйымдастыру.а)Сынып
оқушыларын түгендеу.б)сабаққа назарларын
аударту.
І кезең.
І)Зейін аудару
1.Генетика нені
зерттейді?
2.Генетиканың негізін
қалаған кім?
3.генетиканың даму
тарихы
4.Мендель заңдары.
5.Морган заңдары.
6.Генетикалық карталар.
7.Гендердің өзара
әрекеттесу түрлері.
8.Жыныснен тіркесіп
тұқым қуалау.
9.Адамның тұқым
қуалаушылығын зерттеу әдістері.
10.Өзгергіштік,оның
түрлері.
ІІ)Ақпараттық құзыреттілік.(берілген
суреттер бойынша түсіндіру)
1.Моногибридті будандастырудың
сызбанұсқасы. Моногибридті будандастыру
дегеніміз-бір бірінен бір ғана жұп белгісі
бойынша ажыратылатын дараларды будандастыруды
айтамыз.Менделдің І,ІІ заңы көрсетілген.
2. Тұқым қуалаудың
аралық сипаты немесе толымсыз
доминанттылық.мендельдің бұршаққа
жүргізілген тәжірибелерінде байқалған
доминанттылық құбылысы толық
доминанттылыққа жатады.Кей жағдайда
Ғ1-дегі гетерозиготалы ұрпақтан
доминанттылық белгі толық байқалмай
аралық сипатта болады.Мұндай
құбылысты толымсыз доминанттылық
деп атаймыз.
3. Дигибридті будандастыру
кезіндегі бұршақ тұқымының пішіні
мен түсінің тұқым қуалауы.Мендельдің
ІІІ-заңы белгілердің тәуелсіз
тұқым қуалау заңы деп аталады.Дигибридті
будандастыру деп-екі жұп қарама-қарсы
белгілері бойынша будандастыруды айтамыз.
4. Бұл суретте
мейоз кезіндегі хромосомалардың
айқасу сызығы көрсетілген.Ұқсас
жұп хромосомаларды бойлай бірнеше
аллельді гендердің орналасатындығы
анықталған.Кейде осы жұп хромосомалар
айқасып,нәтижесінде Х тәрізді пішіндер
–хиазмалар пайда болады.1911 жылы Морган
ашқан бұл құбылысты хромосомалардың
айқасуы немесе кроссинговер дап атады.
5. Аталық және
аналық дрозофиланың хромосомалар
жиынтығы көрсетілген.Жүргізілген
цитогенетикалық зертеулердің нәтижесінде
аталық пен аналық организмде
1 хромосома жұбының өзгеше екендігі
анықталды.Міне осы хромосомалар
жыныстық хромосомалар деп аталады.
Дрозофиланың дене жасушасында
болатын 4 жұп яғни 8 хромосоманың
алтауы аутосомалар,ал бір жұбы жыныстық
хромосомалар болып табылады.
6. Бұл суретте
лавршие жапырақтарының вариация
қатары көрсетілген.Мысалы бір
ағаштан үзіп алынған жапырақтардың
ұзындығы мен енін өлшесек
олардың әр түрлі екендігіне
көз жеткіземіз.Егер жапырақтарды
ұзындығы бойынша ең кішісінен
үлкеніне дейін бір қатарға
орналастыратын болсақ ,бұл белгінің
өзгергіштік қатарын көреміз.Мұны вариация
қатары деп атайды.
Үй тапсырмасы
бойынша тақырыпты түйіндеу.
ІІ кезең.
Жаңа сабақ «Мутациялық
өзгергіштік»
1)Өз бетімен жаңы тақырыпты
меңгеру.
«Дана үкілер»
А)Таныс және таныс
емес.
(Мәтіннен сізге
алдында таныс болған және
сізге мүлдым таныс емес ұғымды
табыңыз)
Б)Иллюстрациялық бейнелеу.
(Мәтіннің негізгі
ойын сызба арқылы бейнелеңіз)
2)Жұмыс нәтижесін мұғаліммен
бірігіп талқылау.
«Тірек мәтін»
1.Мутация дегеніміз
не? Бұл ұғымды қалыптастырған
кім?
Мутация дегеніміз-организм
генотипінің,яғни хромосомалар мен олардың
құрамды бөліктері-гендердің өзгеруіне
байланысты кездейсоқ пайда болатын,тұқым
қуалайтын өзгергіштік.Бұл ұғымды ең алғаш
рет голландиялық ботаник Х.Де Фриз қалыптастырды.
2.Мутагендер дегеніміз
не,олардың қандай түрлері бар?
Мутация сыртқы орта
факторларының әсерінен пайда болады,оларды
мутагендер деп атаймыз.Мутагендердің
3 түрі бар:физикалық,химиялық ,
биологиялық.
3.Генотиптің өзгеру
сипатына қарай мутацияның қандай
түрлері бар?
Генотиптің өзгеру
сипатына қарай мутациялар гендік,хромосомалық,геномдық,цитоплазмалық
болып бөлінеді.
4.Гендік мутация
дегеніміз не?
ДНҚ құрамындағы генде
өзгеріс болады.ДНҚ-дағы нуклеотидтердің
орны өзгереді,ДНҚ молекуласындағы бір
нуклеотидтің түсіп қалуы мүмкін,немесе
бір нуклеотидтің орнына басқа нуклеотид
орналасады.
5.Хромосомалық мутация
Хромосомалық мутация
түрлі хромосомалық өзгерістерге байланысты
болады.Бұл жағдайда хромосомалардың
құрылымы өзгереді.Ондай өзгерістер хромосомаішілік
және хромосомааралық болып келеді.
6.Хромосомаішілік
мутацияның қандай топтары бар?
Хромосомаішілік өзгерістерге
мыналар жатады:дефешенсия-хромосома
ұштарының жетіспеушілігі;делеция-хромосоманың
бір бөлігінің үзіліп түсіп қалуы;инверсия-хромосома
бөлігінің 1800-қа бұрылуына
байланысты гендердің орналасу ретінің
өзгеруі;дупликация-хромосоманың белгілі
бір бөлігінің екі еселенуі.
7.Хромосома аралық
мутацияның қандай топтары бар?
Хромосомааралық өзгерістерге
хромосоманың бір бөлігінің оған ұқсас
емес басқа бір хромосомамен ауысып кетуі
жатады,оны транслокация дейді.
8.Геномдық мутация
дегеніміз не?
Геномдық мутация дегеніміз-жасушадағы
хромосомалар санының өзгеруіне байланысты
болатын өзгергіштік.
9.Геномдық мутацияның
қандай түрлері бар?
Митоз бен мейоз кезінде
хромосома саны теңдей бөлінбей,не көбейеді,не
азаяды.Көбейсе полиплоидия,азайса анеуплоидия
немесе гетероплоидия деп атайды.
10.Полиплоидия
Гаплоидты хромосома
санының еселеніп көбеюін полиплоидия
деп атайды.Полиплоидия құбылысы табиғатта
кеңінен тараған,олар табиғи жағдайлардың
әсерінен пайда болатындығы дәлелденді.Мәдени
өсімдіктердің көпшілігі табиғи полиплоидты
формалар.Хромосома санының еселену дәрежесіне
қарай 3n-триплоидты,4n-тетраплоидті,5n-пентаплоидті
болып келеді.
11.Анеуплоидия
Анеуплоидия немесе
гетероплоидия хромосома санының гаплоидті
жиынтыққа еселенбей өзгеруінің нәтижесінде
пайда болады.Бұл құбылысты ең алғаш К.Бриджес
дрозофила шыбынындағы жыныспен тіркесіп
тұқым қуалау заңдылығын зерттеу барысында
байқаған болатын.
12.Цитоплазмалық
мутация.
Цитоплазмалық тұқым
қуалауды зерттеудің негізін 1908-1909 жылдары
неміс ғалымдары К.Корренс пен Э.Баур салған.Цитоплазмалық
тұқым қуалау негізінен аналық жолмен
жүреді,өйткені аналық жасушада цитоплазманың
мөлшері көп,ал аталық жасушада цитоплазма
мөлшері аз.Сонымен цитоплазмалық мутация
плазмогендердің өзгеруі нәтижесінде
организм белгілерінің өзгеруі болып
табылады.Плазмогендер тек пластидтер
мен митохондрияларда ғана болады.
(Электрондық
оқулықтан мутациядық өзгергіштік
туралы көрсету)
ІІІ кезең
Кері байланыс. Деңгейлік
тапсырмалар.
І.деңгей (5 ұпай)
1.Мутациялық және
модификациялық өзгергіштікті салыстырыңдар.
2.Мутациялық өзгергіштіктің
мәні неде?
3.Полиплоидтар дегеніміз
не,оның маңызы қандай?
ІІ.деңгей(4 ұпай)
Өзгергіштік |
Мутацияның типтері |
Мутацияның пайда болу
себептері |
Мутация |
|
|
|
|
|
1.
2.Мына сөйлемдерді
толықтырыңдар:
А.Мутагендердің —————түрі
бар,оларға————мутагендер жатады.
Ә.Хромосомалардың
белгілі бір бөлігінің екі еселенуін ———,ал
хромосоманың бір бөлігінің үзіліп түсуін———деп
атайды.
Б.Хромосомалар санының
екі еселенуін———,үш еселенуін——,ал
төрт еселенуін———деп атайды.
ІІІ.деңгей (3 ұпай)
"Сәйкестендіру
тесті"
1. Генотип
|
а. вирус, бактериялар
|
2. Химиялық мутаген
|
ә. 44+ХҮ
|
3. Биологиялық мутаген |
б. Өз ата-аналарынан
қабылдаған гендер жиынтығы
|
4. Әйел адамның хромосомалар
жиынтығы |
в. Темекі, алколоид,
колхицин |
5. Мутация |
г.44+ХХ |
6. Синдромдар |
ғ.Қараңғыда көру қабілетінен
айырылу.
|
7. ер адамдағы хромосомалар
жиынтығы |
д. Тұқым қуалайтын
өзгерістер |
8.Гемофилия |
Е.20-30 жас аралығында
бұлшық ет құрылымының және қызметінің
өзгеруі |
9.Дальтонизм.Ымырт
жабылғанда көрмеу. |
ж.Қанның ұйымауы |
10.Бұлшықет дистрофиясы |
з.. Бірнеше мүшенің
қызметін бұзатын ауру |
Жауаптары:
1. Б 6.З
2. В 7.Ә
3. А 8.Ж
4. Г 9.Ғ
5. Д 10.Е
ІҮ.деңгей (Шығармашылық
деңгей)
Есеп.Полиплоидия.
Қызылша өсімдігінің
хромосома жиынтығының диплоидты саны
2n=18.Негізгі санды –х-ты қолданып,мынадай
өсімдік түрлерінің:а)үшплоидты;ә)тетраплоидты;б)пентаплоидты,гексаплоидты
хромосома жиынтығын анықтаңдар.
Шешуі:Егер қызылша
өсімдігінің диплоидты саны 2n=18-ге тең
болса,ал гаплоидты жиынтығы,жыныс жасушаларының
мейоздық жолмен бөлінуіне байланысты
гаплоидты саны:n=9-ға тең.
Жауабы:а)үшплоидты
3*х=3*9=27
ә) тетраплоидты 4*х=4*9=36
б) пентаплоидты 5*х=5*9=45
гексаплоидты 6*х=6*9=54
Үй тапсырмасы:
1.§49 Мутациялық өзгергіштік
2.Деңгейлік тапсырмаларды
аяқтау.
3.Өзбеттік тапсырмалар:
А)Мутациялар
Ә)Геномды мутация
Б)Хромосомалық мутация
В)Гендік мутация
Г)Цитоплазмалық мутация
Д)Мутагендердің зиянды
әсерінің қалай алдын алуға болады.
Қосымша тапсырмалар
Тест жұмысы
1.Мутация тудыратын
факторлар
А)мутагендер В)анеуплоидия
С)гетероплоидия Д)токсиндер
Е)полиплоидия
2.Сыртқы орта
жағдайларының әсерінен организм
генотипінің өзгеруі
А)генотиптік өзгергіштік
В)тұқымқуалайтын өзгергіштік
С)Модификациялық өзгергіштік
Д)мутациялық өзгергіштік
Е)модификациялық,мутациялық
өзгергіштік
3.Әр түрлі жұпқа
жататын пішініне қарай ажыратылатын
хромосомалар
А)гаплоидты В)гомологты
емес
С)гомологты Д)аллельді
Е)соматикалық
4.Хромосомалардың
қызметі
А)органикалық заттарды
тасымалдау В)тұқымқуалау
С)бөліну,ақпараттарды
тасымалдау Д)көмірсуларды тасымалдау
Е)нәруыздарды синтездеу
5.Цитоплазмалық
тұқым қуалауды зерттеудің негізін
салған
А)К.Коренс,Э.Баур В)Э.Чермак-Зейзенаг
С)С.С.Четвериков Д)И.Н.Вавилов
Е)К.де Фриз
Жауаптары:
1.А; 2.С; 3.В; 4.В; 5.А;
Мутациялық өзгергіштік
Сабақтың тақырыбы: §49 Мутациялық
өзгергіштік
Сабақтың мақсаты
Білімділік: Оқушыларға мутациялық өзгергіштік
білімдерін ұғындыру туралы түсінік беру,
олардың маңызына қызметі тоқталып өту.
Дамытушылық: Оқушыларға мутациялық өзгергіштік
және олардың маңыздылығын ашу, білімдерін
жетілдіру, шығармашылық қабілеттерін
дамыту, білімдерін шыңдау.
Тәрбиелік: Оқушыларға түрлі ойын элементін
пайдаланып ойын еркін жеткізуге, ашық
айтуға, адамгершілік, эстетикалық тәрбие
беру.
Сабақтың типі: Дәстүрлі
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың өту әдісі: СТО элементтері, ауызша,
баяндау, сұрақ жауап,
Сабақтың көрнекілігі: Кесте, сурет, муляж,
электронды оқулық, интерактивті тақта,
тірек – сызба.
Сабақтың пән аралық байланысы: География,
химия.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, түгелдеу оқушы назарын сабаққа
аудару, сыныпты қалыпқа келтіру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
1. Білім баспалдағы
І топ «Генотип»
1. Өзгергіштік дегеніміз не?
2. Модификациялық өзгергіштікті зерттеудің
статистикалық әдістері қандай?
3. Модификациялық өзгергіштік дегеніміз
не?
4. Модификациялық өзгергіштікке тәжірибе
жасаған ғалым?
ІІ топ «Фенотип»
1. Өзгергіштік нешеге бөлінеді?
2. Модификациялық өзгергіштіктің ерекшеліктері
қандай?
3. Ұзақ модификациялау дегеніміз не?
4. Модификацияның жіктелуі қандай?
2. Сандар сөйлейді.
І топ «Генотип»
ІІ топ «Фенотип»
ІІІ. Өткен сабақты пысықтау.
ІҮ. Жаңа сабақты баяндау.
Мутация дегеніміз организм генотипінің,
яғни хромосомалар мен олардың құрамды
бөліктері гендердің өзгеруіне байланысты
кездейсоқ пайда болатын, тұқым қуалайтын
өзгергіштік. Бұл ұғымды ең алғаш голландиялық
ботаник Х. Де Фриз қалыптастырды. Ол есекшөп
(Энотера ) өсімдігінің кейбір белгілерінің
қалыпты жағдайдан ауытқитынын және олардың
тұқым қуалайтындығын байқады. Осы зерттеулердің
негізінде 1901 жылы өзінің «Мутациялық
теориясы» деп аталатын еңбегін жариялады.
Мутация сыртқы орта факторларының әсерінен
пайда болады, оларды мутагендер деп атайды.
Мутациялар организмнің қандай жасушаларында
пайда болатындығына байланысты генеративтік
(жыныс жасушаларындағы ) және сомалық
(дене жасушаларындағы) болып екіге бөлінеді.
Жыныс жасушаларында болатын мутация
келесі ұрпаққа тікелей беріледі.
Генотиптің өзгеру сипатына қарай мутациялар
мынадай бөлінеді.
Геномдық мутация хромосома санының гаплоидті
жиынтыққа еселеніп немесе еселенбей
өзгеруіне байланысты. Егер еселеніп көбейсе,
оны полиплоидия, ал еселенбей көбейсе
не азайса, анеуплоидия немесе гетероплоидия
деп атайды. Полиплоидия жануарларда өте
сирек кездесетін құбылыс. Бұл көбінесе
жыныстық көбеюі партеногенез жолымен
жүретін жәндіктерде кездеседі.
Ү. Сабақты бекіту.
1. Кесте толтыру.
Өзгергіштік Мутацияның типтері Мутацияның
пайда болу себептері
Мутация
І топ «Генотип»
1. Мутация дегеніміз не?
2. Мутагендердің неше түрі бар?
3. физикалық мутагендерді ата?
4. Сомалық дегеніміз не?
5. хромосомалық мутация дегеніміз не?
6. Геномдық мутация түрлерін ата?
7. Дефишенсия дегеніміз не?
8. В. С. Федоров жүргізген тәжірибе қандай?
ІІ топ «Фенотип»
1. Мутагендер дегеніміз не?
2. Биологиялық мутагендерді ата?
3. Генеративтік дегеніміз не?
4. Гендік мутация дегеніміз не?
5. Транслокация дегеніміз не?
6. Геномдық мутация дегеніміз не?
7. Инверсия дегеніміз не?
8. Дупликация дегеніміз не?
ҮІ. Жаңа сабақты қорытындылау.
ҮІІ. Оқушы білімін бағалау.
ҮІІІ. Үйге тапсырмасын беру. Осы тақырыпты
оқып келу, астындағы сұрақтарға жауап
беру.