Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2014 в 11:44, реферат
Популяция туралы түсінік. Табиғатта кез келген жануар, өсімдік немесе ұсақ ағза түрлерінің даралары өз ареалының көлеміндегі аймақты толық иемденбей, тек тіршілігіне қолайлы белгілі үлескірлерді ғана мекендейді. Мысалы бір түрге жататын бунақденелердің ағаш жапырақтарымен қоректенетін даралары орман алқаптарында ғана, ал шөптекті өсімдіктермен қоректенетін даралары шалғындық үлескілерде мекендейді. Сол себепт і түрдің даралары өз аймағының көлемінде түрлі тіршілік жағдайларында байланысты жиілігі әр түрлі топтар құрып бытырап кетеді. Олай болса, мұндай мекеленген табиғи топтау популяцияларды түзеді.
Микроэволюция. Популяция эволюцияның элементарлық өлшем бірлігі.
Популяция туралы түсінік. Табиғатта кез келген жануар, өсімдік немесе ұсақ ағза түрлерінің даралары өз ареалының көлеміндегі аймақты толық иемденбей, тек тіршілігіне қолайлы белгілі үлескірлерді ғана мекендейді. Мысалы бір түрге жататын бунақденелердің ағаш жапырақтарымен қоректенетін даралары орман алқаптарында ғана, ал шөптекті өсімдіктермен қоректенетін даралары шалғындық үлескілерде мекендейді. Сол себепт і түрдің даралары өз аймағының көлемінде түрлі тіршілік жағдайларында байланысты жиілігі әр түрлі топтар құрып бытырап кетеді. Олай болса, мұндай мекеленген табиғи топтау популяцияларды түзеді.
Популяция дегеніміз – эволюциялық ұзақ уақыт уақыт бойы ареалдың белгілі бір бөлігінде тіршілік етіп, озалдында дербес генетикалық жүйе құра алатын , еркін шағылысып, өсімтал ұрпақ беретін бір түр дараларының шағын тобы.
Бұл анықтамадан популяцияны тіршілік әректтері эволюциялық заңдылықтарға сай жүретін даралардың ең кіші қарапайым тобы деп түсінуге болады. Ал табиғатта кездесетін шағын ұрпақтар тобында, мысалы, “тұқымтоп”, “паимиксиялық бірлестіктер”,сондай ақ кішігірім жай топтасуларда немесе жеке дараларда өзіне тән эволюциялық әрекеттер байқалмайды. Өйткені эволюция көлемінде олар аз уақыт аралығында ғана тіршілік етуіне байланысты эволюциялық өзгерістерге ұшырап үлгермей ,жойылып кетеді.
Попкляция даралары оқщаулануға байланысты көршілес популяциямен салыстырғанда барлық қасиеттері мен белгілері бойынша өзара өте ұұсас болып кетеді . Сонымен қатар популяция ішіндегі жынысы әр түрлі даралардың бір бірімен кездесу мүмкіндігі де едәуір жоғары болады.
Популяциялардың араласып кетуіне көптеген кедергілер : тау,өзен, теңіз, құм, т.б. биологиялық кедергілер – жануарлардың ұя, ін салу мерзімдері мен шағылысу кезіндегімінез-қылық ерекшеліктері , ал өсімдіктерде –гулдеу, тозандану кезіндегі және аталық пен аналық құрылысындағы ерекшеліктер болып табылады. Популяция – эволюцияның негізгі өлшем бірлігі. Себебі барлық бастапқы эволюциялық әрекеттер популяция ішінде жүреді. Мәдени өсімдік іріктемелері , үй хайуанаттарының қолтұқымдары және ұсақ тағзалардың штаммдары – адамның қолымен жасалған популяциялар.
Популяция ареалы. Бұл – популяцияны сипаттайтын маңызды критерийлердің бірі, оның ареалы. Түрдің бір бөлігі болғандықтан , популяция өзіне тән ареалға ие болады. Жаңа аймақтарды тұрақты түрде пайдалана отырып популяция өз ареалын кеңейте алады. Әдетте бір түрге жататын популяция лардың әрқайсысының алып жатқан ареалының көлемі біркелкі болмайды. Мысалы, республикамыздың солтүстік аймағындағы аралас орманды алсақ, оның біркелкі топырақ ауа райы жағдайларына қарамастан әр жерде шоқтанып орналасқан ағаштар тобын, бұталарды немесе көпжылдық шөптерді кездестіруге болады.Бұл топтар бір бірмен тозандана алмайтындай арақашықтықта орналасқан , шағын ареалы бар жеке популяцияларды құрады. Сол сияқты сұр кесірткенің бір популяциясы 0,1- ден бірнеше гектарға дейынгі,су тоалтісі бір гектардан ондаған гектарға дейінгі жерлерді қамтиды.Популяция ареалының көлемі негізінде даралардың көбею белсенділігінің радиусына байланысты.Егер радиус кіші болса, популяциялық ареалдың көлемі де аз болады.Өсімдіктердің көбею белсенділігінің радиусы тозаңның таралу арақашықтықтығымен анықталады.
Популяциядағы даралардың сан мөлшері. Популяциялық ареалдың көлеміне байланысты ондағы даралардың сан мөлшеріде , айтарлықтай өзгеріп отырады.Далалы жерлердегі бунақденелілер мен майда өсңмдіктер популяцияларының сан мөлшері көбінесе жүз мыңдаған және миллиондаған даралардан құралады.Кейбір жануарлар мен өсімдіктер популяциялары,керсінше сан мөлшері жағынан әлдеқайда кішігірім топтардан тұрады.Айталық,көлді жерлерде мекендейтін инеліктер популяциясындағы даралар саны 30 мыңға жуық болса,сұр кесіртке популяцияларында жүзден бірнеше мың дараларға дейын , ал ұлу популяцияларының біріндегі даралар саны небәрі 1000 дана.Егер популяциядағы даралардың сан мөлшері бірнеше жүзден кем болса, ол популяцияның эволюциялық ұзақ уақыт тіршілік етуі күмән туғызады.Өйткенә табиғаттағы кездейсоқ жағдайларға (өрт,су тасқыны,ауа райының өзгеруі)байланысты популяциядағы даралардың сан мөлшері күрт азайып,олардың көбейіп даму мүмкіндігінің төмендеуі себепті оңдай популяциялар бірнеше ұрпақтан кейін толығымен жойылады.Қазіргі кездегі экологиялық жағдайларға байланысты елімізде жойылып кету қаупі бар бірқатар жануарлармен өсімдік түрлері қорғауға алынып,Қызыл кітапқа енгізілді.Популяция әдетте жасы мен жынысы әр түрлі даралардан тұрады.Кез келген түр немесе популяция үшін жасы үлкенді кішілі топтардың арақатынасыда әртүрлі болады.Бұл ара қатынасқа даралардың жалпы өмір сүру ұзақтығы,жыныстық жетілу мерзімі,көбею қарқындылығы және белгілі бір тіршілік ортасына бейімделу ерекшелігі әсер етеді.Мысалы,көктемде жертесердің аналығы 1-2 балалап,іле шала аталығымен бірге тіршілігін жояды.Күзге қарай популяция ішінде жыныстық жетілмеген жас даралар ғана қалады.Олар қыстап шығып,көктемге салым жыныстық жағынан жетіліп,цикл тағы қайталанады.Жоғары сатылы сүтқоректілер популяциясының жас құрамы едәуір күрделі келеді.Мысалы дельфиндер тобынында жасы үлкенді кішілі бірнешее топтар болады.Олардың бірінші тобы сол жылы туылған дельфиндерден құралады,екінші тобы былтырғы туған дельфиндер,үшінші тобы 2-3жас аралығындағы жыныстық жетілген даралар,ал төртінші тобы 4-5 жастан 15-20 жасқа дейінгілері дельфиндер болып табылады.Басқа сүтқоректілердегі сияқты дельфиндердің әр түрлі ұрпақтағы ересек даралары өзара шағылыса алады.Дәл осындай құбылыс өсімдіктерде де кездеседі.Еменді орманда жүз жасаған ағаштармен қатар жаңадан ғана өсіп жетілген жас ағаштар бір уакытта жеміс беріп,бірін бірі тозаңдырады.Жыныстық құрамы бойынша популяцияда аталық және аналық даралардың саны әдетте шамалас болады.Популяцмядағы даралардың жасы мен жыныстық құрамын біле отырып,олардың өсімталдығы мен өлу мөлшерін ,даралардың сан мөлшерінің ауытқу себептерін анықтауға болады және түрлерді тиімді пайдалануға мүмкіндік туады.
Популяцияның генетикалық гетерогендігі мен бірлігі. Кез келген популяция табиғы сұрыпталудың нәтижесіндеөзі тіршілік еткен ортаға бейімделетін болады.Ұзақ уақыт әсер еткен табиғи сұрыпталуға байланысты популяциядағы даралар біркелкі генотиптерге ие болуы тиіс .Бірақ, шын мәнінде олай болмайды.Популяциядағы генотиптер генетикалық жағынан гетерогенді (әр түрлі генді болып келеді)болып келеді.С.С.Четвериковтың айтуынша суға қаныққан губка тәрізді популяция да алуан түрлі мутацияға (тұқым қуалайтын өзгерістерге)толы болады.Мұны ол дрозофила шыбынының жабайы популяцияларына туыстық шаағылыстыру жасай отырып дәлелдейді.Популяциядағы генетикалық гетерогендікті С.С.Четвериков былай түсіндіреді:кез келген түр немесе популяциядағы даралар тіршілік барысында бірнеше ұрпақ бойы үздіксіз мутантты гендермен толықтырып отырады.Сонымен қатар басқа популяциядан ауысып келетін даралардың шағылылысуы арқылы жаңа генетикалық материалдың популяцияға енуібайқалады.Мутациялардың көпшілігі әдетте рецессивті болады,сондықтан сан мөлшері жоғары популяцияларда мұндай рецессивті мутациялар гетерозиготалық жағдайда тіпті байқалмайды.
1)Популяция құрылымын сипаттаңдар: а) ареал мөлшері ә)сан мөлшері б) жасы мен жынысы
2)Популяция деген не?
Информация о работе Микроэволюция. Популяция эволюцияның элементарлық өлшем бірлігі