Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Сентября 2014 в 15:17, реферат
Микроорганизмдерді зерттейтін ғылымды «микробиология« дейді. Микробиология (грек тілінен mіcros - кішкене , bіos - өмір, logos - ілім) микроорганизмдердің морфологиясы, физиологиясы, генетикасын, жіктелуін, экологиясын және басқа өмір сүретін формалармен әрекеттесуін зерттейтін ғылым. Микробиология биологияның ішінде фундаменталді пәндер ретінде қарауға болады, себебі микроорганизмдер ерекшеліктерін білмей жер бетіндегі құбылыстарды түсіну қиын. Микробиология басқа ғылымдармен бірге дамуы байқалады, ең алдымен биохимия, биофизика, молекулярлық биология, генетика, иммунология, цитология. Микробиология және иммунологиядан көптеген жинақылар қазіргі кезде жаңа бағыттар белгіледі: экологиялық микробиология, иммунопатология, генетикалық инженерия, биотехнология.Х1Х ғасырдың соңында микробиологияда арнайы специялизациялы бағыттар анықталды: ветеринария, ауыл-шаруашылық, медициналық, өнеркәсіптік, теңіздік, космостық микробиология.