Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 16:08, реферат
Микроорганизмдер әлемі өте бай және әр қилы. Олар топырақта, суда және ауада кең таралған. Ми қайнатқан ыстықта да, қақаған аязда да тіршілік ете береді. Микроорганизмдердің осылай көп таралуы, олардың табиғаттың кезкелген нәрсесін қорек етуіне, яғни талғампаз еместігіне, тіршілік ортасына орасан зор бейімделгіштігіне, ыстыққа және суыққа, ылғалдың тапшылығына қарамастан олардың өте күшті қарқынмен дамуына тікелей байланысты.
1950-1960 жылдары микробиология
және иммунология жылдам түрде
дамуда - молекулярлы-генетикалық кезең
деп аталады. Оның даму
Осы кезеңдегі жаңалықтар:
Көптеген вирустар, бактериялардың молекулярлық құрылысы және молекулярлық-генетика ұйымдастыруы, приондардың ашылуы;
Көптеген антигендердің химиялық құрылысы және синтезі (лизоцим, СПИД вирусының пептидтері);
1сіктердің антигенді ашылуда (Зильбер);
Иммуноглобулиндер құрылысы (Эдельман, Портер);
Жануарлар және өсімдік клеткалар өсіп-өндіру әдістері ашылды және оларды өндіру өнеркәсіпте қолдану;
Рекомбинантты бактериялар және рекомбинантты вирустарды өндеу;
Вирустар және бактериялардың керекті гендерің синтездеу;
Иммунды В-лимфоциттер гибридомын
алу - клеткалық инженерия
Иммуномодуляторларды ашу - интерлейкинфер, интерферон, ісік некрозы факторы ж.т.б., оларды көптеген аурулардың емі мен алдын алуға қолдану;
Жаңа молекулярлы, рекомбинантты,
субъединицалық вакциналар алу (гепатит
В қарсы вакцина, басқа вирустық
инфекцияларға қарсы
Вакцина эффективтілігін артатын химиялық вакцина, адъюванттар, липосомалар өндеу;
Туа және жүре пайда болған иммунодефициттерді, иммуно-терапияны зерттеу. Иммунитет тапшылы синдромын (СПИД) қоздыратын вирустарды ашу.
Инфекциялық аурулар диагностикасында жаңа әдістер ашу (иммунологиялық - ИФА, иммуноблотинг; молекулярлы-генетикалық - полимеразды тізбекті реакция, молекулярлық гибридизация ж.т.б.);
Осы анализдерді және басқа
да экспресс-диагностика
Осы жылдары жаңа қоздырғыштар
ашылуда - жылына 2-3 түрі (Лассо, Мачупо
гемморагиялық қызба
Микробиология және иммунология дамуына көптеген шетел ғалымдарыда көп ұлес қосты (Бернет, Солк, Сыбин, Портер, Эдельман, Келлер, Милстайн, Ерне ж.т.б.), ресей ғалымдарыда (Смородинцев, Тимаков, Здродовский, Зильбер, Выгодчиков, Ермольева, Чумаков, Петров, Бондаренко, Бухарин).
Қазахстандағы атақты микробиологтар, иммунологтар - В.А.Снопкова, Котова А.Л., Алмагамбетов К.Х., Жомартов, Беклемишев Н.Д., Мошкевич, Суходоева Г.С., Сатыбалдиева Ж., Козаченко Н.В. ж.т.б.
3. Микроорганизмдердің қазіргі уақыттағы жіктелуі.
Өмірдің төрт патшалығы бар: эукариоттар (Protozoa – қарапайымдылар, Trichomycetes – зең саңырауқұлақтар, Blastomycetes – ашытқы секілді саңырауқұлақтар); прокариоттар (Schizomycetes – бактериялар, Actinomycetes – сәулелі саңырауқұлақтар, Cyanobacteria – жасыл-көк балдырлар, Rickettsia – риккетсиялар, Chlamydia – хламидиялар, Mycoplasma – микоплазмалар); вирустар және вироидтар; приондар.
а) «Определитель бактерий Бержди» 9 басылымы бойынша бактериялардың жіктелуі олардың клетка қабырғасы құрылымы және Грам әдісімен бояуына қарай 4 бөлімге топтастырылған:
Gracilicutes, нәзік қабатты, грам теріс;
Firmicutes, қалың қабатты, грам оңды;
Tenericutes, клетка қабырғасы жоқ, микоплазмалар;
Mendosicutes, клетка қабырғасы дефектті, архебактериялар.
3.Кесте. Коккты және таяқша формалы бактериялар
Морфологиясы бойынша бактериялық клетканың келесі пішіндерін ажыратады.
Кокктар – шар тәрізді
клеткалар (көлденең өлшемі ұзындығына
тең, яғни - 0,5-1,5 мкм), тізбектеліп орналасқанда
байланысқан орны жазық болуы
мүмкін, осындай қос-қос, екі-екеуден
орналасқан клеткаларды диплококктар
деп атайды (Neisseria meningitidis). Тізбектелген
кокктар - стрептококктар (Streptococcus lactis).
Стрептококктар тізбектері қысқа (5 клеткаға
дейін) және ұзын (5-9 және одан да көп) болады.
Хаос түрінде, шоғырланып орналасқан “жүзім
дәндер бұтағына ұқсас” кокктарды
стафилококктар деп атайды (мысалы,
Staphylococcus aureus). Таяқшалар – таяқшалы
микроорганизмдер (ұзындығы көлем өлшемінен
ұзын). Жұғын-препараттары бір-біреуден
орналасады (мысалы бациллалар – Escherichia
coli). Жұптасып орналасқан таяқшаларды,
V әріпіне ұқсас таяқшаларды
Таяқшаларды микроскоптан қарағанда тек клетканың көлденең өлшемі, жұғын-препаратта орналасуына ғана назар аударғаннан басқа, тағы клеткалардың терминалды бөлімдерінде қарайды. Көп жағдайда клеткалардың шеттері домаланған, кейбіреулерінде шоқпар секілді бүршіктелген, осындай клеткаларды коринебактериялар деп атайды (corine, лат. – шоқпар (булава)) – Corynebacterium diptheriae; басқа клеткалар ортасында немесе терминальды ісінулері көрінеді, оларды эндоспора деп атайды (боялмаған аймағы) – осындай клеткаларды бациллалар немесе клостридиялар деп атайды (мысалы, Clostridium botulinum). Бір клеткалардың шеттері "кесіліп қалғандай" (бұндай морфология Bacillus anthracis тән) немесе үшкірленген – арқан секілді, оларды фузобактериялар деп атайды (fusium, лат. – арқан).
Таяқшалар тармақталған құрылымдар құруі мүмкін. Бұл жағдайда ажырату керек – шынайы тармақтарды (Nocardia israellii) жалған тармақтардан (Actinomyces odontolytica). Шынайы тармақта әр "тармақтар" арасында қосылуы бөлінбеген, сондықтан тармақталған құрылымдар бір клетка құрайды. Жалған тармақтыларда әр "тармақтар" арасында арнайы шектелу бар, сондықтан әр бөлек "тармақ" бөлек клетка түрінде көрінеді.
Клеткалар имектелген пішінде
болуы мүмкін, олардың біреуін
спирохета деп атайды (мысалы, Treponema
pallidum). Спирохеталар бір-бірінен оралымдары
бойынша олардың жиілігіне
Информация о работе Микробиология түсінігі, негізгі бөлімдері