Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Сентября 2014 в 11:14, реферат
Биологиялық мембрананың құрылысы. Мембрананың липидтік және ақуыздық құрамы.
Липидтердің құрылысы, липидтердің жіктелуі. Липидтер қозғалғыштығының түрлері.
Молекулярлық компоненттердің қозғалғыштығы. Кинктердің түзілуі.
Ақуыздардың жіктелуі. Ақуыздар қозғалғыштығының түрлері.
Мембрана құрылысы туралы зерттеулердің тарихи аспектілері. Липидті биқабаттың құрылымын дәлелдеу үшін алғашқы алынған мәліметтер. Даниэли және Давсонның мембраналар үлгілері. Робертсонның үлгісі.
Мембрананың құрылымы тұралы қазіргі уақытта қолданылатын ұғымдар. Сингер-Николстың сұйық кристал үлгісі.
Жасанды мембраналар. Липосомдар. Жалпақ биқабатты липидті мембраналар. Оларды алу схемасы
Мембрананың құрылымың зерттеуге арналған әдістер. Рентген сәулелердің дифракциясы. Рентгенқұрылымдық талдау.
Мембрананың құрылымың зерттеуге арналған әдістер. Электрондық микроскопия. Электроноскопиялық мембрана құрылысы.
Биологиялық мембраналар арқылы заттардың белсенсіз тасымалы.
Белсенді тасымалдау түрі
Биологиялық мембрананың өткізгіштік және өтімділігі.
Жалпақ биқабатты липидті мембраналар және олардың қалыптасу схемасы.
Жұқа гидрофобты материалдардың кішкене тесіктерінде липидтер биқабатты құрылымдарды /қара пленкаларды/ құрайды. Бұл құбылыс алғашқы рет О. Мюллермен зерттелген. Ол екі су фазаны шектейтін, ауданы0,5-5,0 мм2 тефлондық қалқаның кішкене тесіктерінде мидің фосфолипидтерінен БЛМ алған.
БЛМ қалыптасу процесі сұйық көмірсуларда ерітілген липидті тефлондық стақанға жағудан басталады /сүрет 12/.
Сүрет 12. Бимолекулалық липидті мембраналарды дайындау. (1) шыны стақанға (2) электролит ерітіндіні орнатады және (4) тесігі бар тефлонды ыдысты ішіне малтырады.
Тесікте БЛМ қалыптастырады /сүрет 13/. Капиллярмен тесікке фосфолипидтің кішкене тамшысын орнатады. Фосфолипидтің молекулалары келесі түрде орналасады: Полярлық бастар су ортасына қарайды, ал гидрофобты құйрықтар тамшының ішіне тығылады. Біртіндеп тамшыдан ерітуші кетеді да тамшы липидті пленкаға айналады.
Сүрет 13. БЛМ тефлон ыдыстың қабырғасында пайда болуы. А - (4) капиллярдың көмегімен (3) ыдыстың қабырғасындағы тесікке (5) гептандағы фосфолипид ерітіндісінің тамшысын енгіземіз
Пленканың мінезін анықтайтын бас күштері - (σ) фазааралық /үстінгі/ тұтқырлық және ван-дер ваальс күштері.
Алғашқы уақытта липидті пленканың қалындығы 100 нм-ден жоғары болады /сүрет 14/.
Сүрет 14. БЛП құрылу кезеңдері (I-қалың мембрана, II - дөңес линзатүрлі мембрана, III - БЛМ):
Пленканың жіңішкеруін және БЛМ құрылуын шағылысу сәулесі арқылы байқауға болады. Алғашқы кезенде, пленка қалын болғанда, ол кәдімгі макродене сияқты көрінеді. Пленканың қалындығы түскен жарықтын толқын ұзындығына жақындағанда, сәулелердің интерференциясы /Ньютон сақиналары/ пайда болады. Мембрананың үстінде түсті оюлар пайда болады. Биқабатты липидті құрылымдар боялған түсте қара болып көрінеді, сондықтан, олар қара пленка деп аталып кетті. Ондай пленкалардың төмен шағылу қабілеті келесі фактпен байланысты. Пленканың алдынғы және артынғы жазықтықтарынан шағылған сәулелер қарсы фазада тұрады да, бір-бірін сөндіреді.
Қарайғаннан кейін, 15-20 минут арасында үстінгі тұтқырлық төмендейді де, БЛМ-ның электрік сыйымдылығы кейбір стационарлы мәндерге жеткенше өседі /сүрет 15/.
Сүрет 15. Жалпақ биқабатты липидті мембрананың құрылуы
БЛП-дың электрлік сипаттамалары және басқа физикалық-химиялық қасиеттері биологиялық мембраналардың қасиеттеріне ұқсас. Бірақ олардың метаболизмдік белсенділігі өте томен.
Жалпақ липидті мембраналар, липосомалармен қатар мембраналардың электрлік қасиеттерін, өткізгіштігін және басқа қасиеттерін зерттеу үшін қолданады. Модельді мембраналардың көмегімен баръерлік, селетивтік /су үшін жоғары, ал иондар үшін төмен деңгейдегі өткізгіштік/ қасиеттерін зерттеуге болады. Модельдік мембранаға тасымалдаушы-молекулаларды енгізіп, биологиялық тасымалдауды модельдеуге болады.
Мембрананың құрылымының және функцияларының зерттеуі, табыстар мен жетістіктер ең алдымен модельді эксперименттерден алынған мәліметтерде негізделеді.
Әдебиет:
Информация о работе Мембрана құрылысын зерттеу әдістері. Мембраналардың өтімділігінің механизмі