Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2014 в 21:53, доклад
Құрамында протеині, түрлі амин қышқылдары мен витаминдері тапшы азықтардың құндылығы шамалы. Қажетті мал өнімін алу жолында мұндай азықтардың қазіргі кезде мол рационын құру үшін, оның құрамындағы қоректік заттардың мөлшері толық ескеріледі.
Күйіс Кайыратын малдың асқазанында азықты түрлі өзгеріске түсіретін микроорганизмдердің алуан тобы тіршілік етеді. Солардың көмегімен мал организміне аса қажетті қоректік заттар синтезделеді. Сондықтан да күйіс малы жемшөптегі элементтердің жетіспеуінен көп зардап шекпейді.
МАЛ АЗЫҒЫНДЫҚ БЕЛОК ПЕН АМИН ҚЫШҚЫЛДАРЫН МИКРОБТАР КӨМЕГІМЕН ӨНДІРУ
Құрамында протеині, түрлі амин қышқылдары мен витаминдері тапшы азықтардың құндылығы шамалы. Қажетті мал өнімін алу жолында мұндай азықтардың қазіргі кезде мол рационын құру үшін, оның құрамындағы қоректік заттардың мөлшері толық ескеріледі.
Күйіс Кайыратын малдың асқазанында азықты түрлі өзгеріске түсіретін микроорганизмдердің алуан тобы тіршілік етеді. Солардың көмегімен мал организміне аса қажетті қоректік заттар синтезделеді. Сондықтан да күйіс малы жемшөптегі элементтердің жетіспеуінен көп зардап шекпейді.
Ал күйіс қайырмайтын мал бұл тапшылықты бірден сезеді. Өйткені оларда азықта жетіспейтін заттарды синтездейтін микробтар болмайды. Сондықтан жетіспейтін қоректік заттарды, оларға қолдан беру керек. Әсіресе азықта алмастырылмайтын амин қышқылдары жетіспейді. Оларға лизин, треонин, метионин жатады.
Әрине белокты мал азығын белогы мол дәнді дақылдарды селекция жолымен шығарып, бұршақ тұқымдас өсімдіктерді көптеп өсіру арқылы молайтуға болады. Бірақ бұлардын, барлығы көп қаражат қажет етеді. Бұған қарағанда микробтардан алынатын белок өте арзанға түседі. Олар жоғары сатыдағы организмдерге қарағанда өте шапшаң өніп-еседі. Мәселен, келемі шағын ашытқы заводы тәулігіне құрамында 15 тоннадай белогы бар 30 тоннадай микроб массасын береді. Мұны малға беріп отырғанда қосымша 5,5 мың тонна өнім алынады.
Қазіргі кезде мал азығындық ашытқыны спирт, кант, целлюлоза өнеркәсібінің қалдықтарынан өндіру толық игерілді. Соңғы жылдары мал азығындық ашытқы үшін мұнайдан парафин айыру кезінде шығатын, құрамында көмір сутегі бар өнімді кеңінен пайдалану қолға алынды Осындай ортада Кандида туысына жататын ашытқы қолданылады. Мұнда азот кезі ретінде аммоний тұздары пайдаланылады.
Қазір бірқатар мекемелер көмір сутегілерінен азықтық белок алады. Алынған ашытқы құрама азықтарға қосылады.
Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы Микробиология және вирусология институтында Candida тобына жататын ашытқыны ұнда, жармаларда және басқа да қоректік заттарда өсіріп, белокқа кедей азықтарға қосу ұсынылады. Мұндай азықты малға берер алдында жақсылап қыздырады, сонда ашытқы клеткалары бөлінеді де, азықтың сіңімділігі артады. Мал азығын ашытқылауды завод емес, шаруашылықта жүргізеді. Бізде және шет елдерде микробалдырларды да азық ретінде қолдану зерттелуде. Бірақ балдырлар құрамындағы бағалы заттар мал организмінде дұрыс қорытылмауы бұл әдістің одан әрі етек алуына кедергі келтіріп отыр. Осыған қарамастан Chlorella деп аталатын балдырлардан жасалған сұйық препараттардың тиімділігі мол екенін Өзбекстан Ғылым академиясының зерттеулері дәлелдеп берді. Бұл препаратта белок аз болса да, басқа азықтық бағалылығы жоғары, биологиялық активтігі зор қосылыстар бар екені анықталды.
Ал Швецияда крисосиорум лигнорум саңырауқұлағын ағаш өнеркәсібінің қалдықтарында өсіру мәселесі толық игерілді. Бар-жоғы 4–5 сағатта бұл саңыраукұлақ клетчатканың 65 проценттейін ыдыратып, ортаны белокқа байытады. Финляндияда Пессилломицес саңырауқұлағын сульфит сақарында өсіру нәтижесінде, белокқа бай «Пекило» деп аталатын препарат алынды. Әрине бірқатар микроорганизмдерден белокты, жасанды химиялық элементтерден қоректік орта дайындап, сонда өсіру арқылы алуға болады.
Азықты байытқан кезде қымбат тұратын мал белогының орнына арзан өсімдік белогын қосуға болады. Мұнда мал өнімділігі төмендемейді. Әрине медицинадағы сияқты мал азығына арнап өндірілген микробтық препараттардың аса таза болуының қажеті жоқ. Сондықтан да мұндай азықтар арзанға түседі.
Микроорганизмдер көмегімен аса бағалы амин қышқылдарын алуға болады. Мәселен, кейбір микроорганизмдер бір литр қоректік ортада 200 грамға дейін аспарагин қышқылын, 100 грамдай глютамин қышқылын, 16 грамдай валинамин қышқылын түзе алады. Бұл микроорганизмдерден бағалы азықтық заттарды алуды өнеркәсіптік жолға қоюды талап етеді. Әрине кейбір заттарды химиялық синтез жолымен де өндіруге болады. Бірақ микробиологиялық тәсіл анағұрлым арзан. Валин, лизин, амин қышқылдарын қазір микробиологиялық жолмен алу өндірістік жолға қойылды.
Мал өз организміне қажетті витаминдерді азықтан қамтиды. Кейбір витаминдерді олар өздері синтездей алады. Күйіс малы витаминдерді қарындағы микробтар көмегімен синтездейді. Әрине басқа малға витаминдер рационмен бірге берілуі тиіс. Витаминдер жетіспегенде олар түрлі ауруларға шалдығады. Барлық малға ең алдымен А, Е және Д тобындағы витаминдер керек. Ал В тобындағы витаминдер тек шошқа мен құсқа ғана қажет. Өйткені ол витамин азықта болмайды.
В тобындағы витаминдерді ашытқылар көптеп түзеді. Ал В витаминін метан, пропион қышқылы бактериялары және кейбір актиномицеттер түзеді. Бұл витаминді микробиологиялық жолмен өнеркәсіпте алу жолға қойылды. Ал Блоксела деп аталатын саңырауқұлақтардан провитамин А, яғни каротиннің құрамдас бөлігін алуға болатыны анықталып отыр. Д тобындағы витаминдерді ашытқыларға ультракүлгін сәулемен әсер ету арқылы алуға болатыны анықталды.
Көрсетілген витаминдерді микробиологиялық жолмен алу, біздің елімізде толық игерілді. Соңғы жылдары мал азығына түрлі ферменттер–амилиза, глюкоамилаза, липаза, пектиназа, целлюлоза қосудың пайдалы екені дәлелденді. Әсіресе бұл тәсіл құс шаруашылығында қолданылғанда айта қаларлықтай нәтиже берді. Олар, әсіресе Америка Құрама Штаттары мен Жапонияда кеңінен қолданылады.
Антибиотиктерді мал азықтандыруға қолдану.
Антибиотик – микробтар туындысы. Оларды тапқаннан бастап, мал шаруашылығында колдану толастаған жоқ.
Бұл олардың пайдалы жақтарының көп болуына байланысты жайт.
Антибиотиктердің аз мөлшерінің өзі, микроорганизмдерге жойқын әсер етеді. Ал малдың көптеген ауруларына олар шипа да бола алады. Химиялық препараттарға қарағанда антибиотиктер бастапқы кезде тек актиномицеттер түзеді деген ұғым басым болды. Бертін келе антибиотиктер өсімдіктерден, төменгі сатыдағы саңырауқұлақтардан, малдан табылды.
Сонымен қатар антибиотиктерді аз мөлшерде қолданғанда малдың өсімталдығы жақсаратындығы анықталды. Мұны алғаш рет A.P.Меженков (1943) дәлелдеген болатын. Ол торайлар мен тауық балапандарына тәуліктік рационға күн сайын аздаған мөлшерде азотобактер қосып бергенде, олардың 15–20 проценттей қосымша салмақ қосатындығын анықтады. Азотобактер препаратында түрлі витаминдер мен ауксиндер болуына байланысты, ол төлдердің тез жетілуін қамтамасыз ете алады.
200 мыңға жуық тауық балапанының рационына пенициллинді (40 мг/кг) немесе биомицин (20 мг/кг) қосқанда олардың шығыны 2–3 есеге азаяды, ал тірілей салмағы 6–15% артады.
Бізде мал азығындық антибиотиктерден тетрациклин мен гризин қолданылады. Бұл антибиотиктерді аса көп тазартпаса да малға зиянсыз. Өйткені мұндай қоспада организмнің өсімталдығын қолдайтын басқа да физиологиялық активті заттар болады.
7–8 жұмалық бұзаулардың рационындағы антибиотиктердің әсерінен тірілей салмағы 22–85%, ал 12 жұмалығында 20–35% артатыны дәлелденді. Қозылар антибиотиктермен аурулардан алдын-ала сақтандыру мақсатында азықтандырылады. Ал құлындар рационына антибиотиктер қосқанда олардың сүйектерінің тығыздығы артады.
Сонымен қатар бірқатар азықтарда витаминдер де тапшы болады. Олардың біріне В12 витамині және каротин жатады. Бұл, әсіресе шошқа мен құс азықтандырғанда ескеретін мәселе. Қазіргі кезде витаминдер өнеркәсіптік жолмен өндіріледі. Мәселен, В12 витаминін Ресей Ғылым академиясы Бах атындағы биохимия ғылыми-зерттеу институтының әдісімен өндіреді. Бұл үшін қоректік орта ретінде ашу өнеркәсібінің – ацетонбутил бардасын (қойыртпақ) қолданады. Ашыған барда құрғатқыш аппаратта қоюландырылады да, содан құрғатылып, қажетті жеріне жөнелтіледі. Басқа жағдайларда B!2 витаминін өндіру үшін анаэробты жағдайда пропион қышқылы бактерияларын қолданып өндіреді.
Б тобындағы витаминдерді өндіру үшін микроскоптық саңырауқұлақтарды (Eromothecium ashbyi) пайдаланады. Қоректік зат ретінде өндірісте соя ұнын, жүгері сығындысын және меласса (сірне) қолданады. Мал рационына аса қажет Д витаминін алу да жолға қойылып отыр. Ол үшін мал азығындық ашытқы қолданады. Оларды майда ашық сары ұнтақ күйінде өндіреді.
Көп жылдық зерттеулер нәтижесінде мал азығына арнап бірқатар тиімді антибиотиктер табылды. Оларға витамицин, комарин және кормогризин жатады. Бұлар қазір бізде өнеркәсіптік жолмен өндіріледі.
Витамицин – актиномицес ауревертциллус деген сарғыш актиномицеттен алынады. Олар сұлыдан дайындалған қоректік ортада жақсы тіршілік етеді. Препараттың витамицин – А деген тобының әсері күшті. Ол малдың өсімталдығын 50–60% арттырады. Осындай препаратты бордақылауда тұрған малға бергенде, қосқан салмақ 8–15 процентке артқан.
Қомарин – актиномицес ауригинеус актиномицетінен алынады. Ол Каспий теңізі жағалауындағы қиыршық құмнан табылды. Оны мал мен құс рационына қосқанда алынған қосымша салмақ 7–8 процент артық болды.
Кормогризин – актиномицес гризеус актиномицетінен алынады. Қоректік ортада ол тек гризин ғана емес, басқа да биологиялық активті заттарды (В тобына жататын витаминдерді, амин қышқылдарын, ферменттерді, гормон тектес заттарды) түзеді. Азыққа қосылған бұл препарат мал мен құстың салмағын арттырады, оларды түрлі аурулардан сақтайды. Организмнің өсуіне көмектесетін антибиотиктерден хлортетрациклин, окситетрациклин, гризин, гитромицин, олеандомицин, бациллин – 3, стрептомицин жақсы нәтиже беретіні анықталды.
Антибиотиктер тиімділігін арттыру үшін оларды азыққа қосып берген пайдалы. Оларды азықтын белгілі түріне ғана арнап қосу жақсы нәтиже береді. Мәселен, шошқаларға өсімдік тектес азықтарды антибиотикпен косып бергенде қосқан салмақ 31 процентке артқан. Рациондағы дәнді азықтарға антибиотиктер қосқанда, малдың қосымша салмағының белгілі бір үлесіне жұмсалатын азық мөлшері азаяды. Құс шаруашылығында антибиотиктер айта қаларлықтай нәтиже береді. Антибиотиктер қосу арқылы 1000 тауықтан косымша 15 мың жұмыртқа өндіруге болады.
Соңғы жылдары мал азығындық антибиотиктер алу үшін микроорганизмдерді спирт заводының қалдығы– бардаға бидай ұнынан жасалған ботқа араластырып, қоректік орта жасап өндіретін болып жүр. Бұдан алынған азықты ВКБ, яғни витаминделген биоцин деп атайды. Оның құрамында 20–30 г биомицин және 10 мг В витамині болады. Сонымен бірге онда 3,2 процент белок, 7 процент май, 34 процент азотсыз экстрактивті заттар, 10 процент клетчатка кездеседі.
Ал виовит – құрғақ күйіндегі биомицин. Онын бір килограмында 40 г дейін хлортетраииклин, 10–15 мкг В витамині болады. Препаратта 35–40 проценттей белок, 7–10 проценттей май және 8–9 проценттей тұз бар. Ол, әсіресе құс балапандары мен торайларды түрлі аурулардан сақтайды.
Қазір мал және құс шаруашылығында колданылатын кұрама азықтардың барлығына антибиотиктерді үзбей ұзақ жылдар қолданудан мал өнімділігінің төмендеп жүрген жағдайлары да кездеседі. Мұның басты себебі малдың ішек-қарнында антибиотиктерге төзімді микроорганизмдердің көбеюінен деп қарау керек.
Мәселен, антибиотиктерді азыққа қосып бергенде ішек таяқшасы- микробының осы антибиотикке төзімділігі арта бастайды да, препарат өз нәтижесін керсете алмайды. Егер дәл осындай төзімділік ауру қоздырғыш микробтарға таралса, антибиотиктерді қолдану нәтижесі күрт төмендеп кетеді. Сондықтан мал азығына антибиотиктер қосып бергенде жоғарыда айтылған жағдайлардың орын алмауын қадағалау қажет.
Информация о работе Мал азығындық белок пен амин қышқылдарын микробтар көмегімен өндіру