Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Сентября 2015 в 18:22, реферат
Макроэволюция (макро және эволюция) — түрден де жоғары деңгейдегі (туыс, тұқымдас, отряд, класс, т.б.) таксондардың қалыптасуына ықпал ететін эволюциялықөзгерістер. Макроэволюция терминін тұңғыш рет ғылымға орыс ғалымы Ю.А. Филипченко енгізген (1927). Қазіргі кездегі зерттеулер макроэволюцияның арнайымеханизмі жоқ, тек микроэволюция процестерінің негізінде ғана жүзеге асады деген тұжырым жасады.
Макроэвалюция және оның дәлелдемелері
Макроэволюция (макро және эвол
Макроэволюция,оның бағыттары
Биологиялық эволюция үдерісіні
Макроэволюция құбылысы мындаған, миллиондаған жылдарға созылатындықтан оны тікелей байқау не тәжірибе жасап зерттеу мүмкін емес. Оның заңдылықтарын анықтауға палеонтология, салыстырмалы эмбриология және салыстырмалы морфология деректері маңызды рөл атқарады.
Макроэволюцияның қозғаушы факторлары туралы жалпыға ортақ пікір, тұжырым әлі күнге дейін жоқ. Көптеген болжамдардың бірі — микро және макроэволюция процестері ортақ эволюциялық қозғаушы күштер арқылы жүреді деп болжамдайды, ол күштер — қарапайым эволюциялық факторлар — мутация, оқшаулану, геңдер дрейфі, сұрыптау.
Тірі ағзалар топтарының эволюциясының бірнеше формалары белгілі:
Бірнеше таксондардың салыстырмалы даму формаларына эволюцияның параллелизмін және конвергенциясын жатқызуға болады.Бірінші жағдайда бір ата-тектен пайда болған 2 таксон бірдей бағытта филетикалық жолмен дамиды. Топтар эволюциясында қатар (параллель) эволюциялану кезеңі конвергенциямен ауысуы мүмкін. Конвергентті эволюция дегеніміз туыс емес 2 таксонның бірдей филетикалық бағытта қатар дамуы болып табылады. Конвергенция әр түрлі топтың өкілдері ұқсас экологиялық жағдайларда тіршілік етсе байқалады. Мысалы, акулалардың және киттәрізділердің дене қалпының ұқсас болуы конвергенттік эволюция нәтижесі болып саналады.
Бейімделу ауқымына қарай эволюцияның 2 типін ажыратады: аллогенез (идиоадаптация) және арогенез (ароморфоз). Аллогенез (идиоадаптация) дегеніміз — бір ірі таксон өкілдерінің (класс, отряд, тұқымдас) тіршілік құрылымьшың деңгейі өзгермей әр түрлі экологиялық жағдайларды игеріп жайыльш дамуы. Бұған мысал ретіңде сүтқоректілер класыньщ насекомқоректілер отрядының әр түрлі экологиялық формаларын айтуға болады. Арогенез (ароморфоз) — деп ірі таксоңдардың кейбір ағза топтарының құрылым деңгейлері күрделеніп жоғары деңгейге, жаңа адаптивтік аймакқа көтерілуіне алып келетін эволюциялық өзгерістерді айтамыз. Ароморфоз негізінде ағзалар сыртқы орта қорларын игеру үшін жаңа мүмкіншіліктерге ие болды. Бұл мүмкіншілік аллогенез (идиоадаптация) негізінде жүзеге асады, ал ол жаңа ароморфозды пайда етеді. Сонымен, ағза топтарының эволюциясының типтері— аллогенез және арогенез бір-бірімен тығыз байланысты болады. Аллогенез (идиоадаптация) және арогенез (ароморфоз) биологиялық прогресс құбылысына алып келеді. Кейде ағзалар дамуында олардың құрылысының, физиологиясының қарапайымдануы байқалады, мысалы, паразиттер. Эволюцияның бұл түрін морфофизиологиялық регресс (дегенерация) деп атайды.
Ағза топтары эволюциясының бірнеше ережелері белгілі:
Кең таралған, басым топ ағзалары биологиялық прогресс күйінде болады. Биологиялық прогрестің негізгі белгілері:
Жер тарихының әр түрлі кезендерінде әр түрлі жануарлар топтары басым болған. Мысалы, қосмекенділер палеозой эрасының девон дәуірінде пайда болып келесі 75 миллион жыл бойына басым болған. Таскөмір дәуірінде жорғалаушылар пайда болып мезозой эрасының триас дәуірінде басым болған; юра, бор дәуірлерінде ірі диназаврлар басым болған; олар осыдан 65 млн жыл бұрын жойылып, олардан кейін сүтқоректілердің жаппай басымдылығы қалыптасты. Қазіргі ағзалардың морфологиялық және физиологиялық ерекшеліктері белгілі бір таксондардың тарихи дамуының (филогенезінің) нәтижесі болып саналады. Олар көптеген ұрпақтар жалғасында ата тектерінде пайда болған өзгерістерді бейнелейді. Әйтсе де, әрбір ұрпақ дараларының құрылымдық — қызметтік белгілері олардың жеке дамуының (онтогенез) нәтижесінде қалыптасады. Түрдің тарихи даму құбылысы бір-бірін алмастырып отыратын даралардың ұрпақтары болып саналады. Биологиялық тұрғыдан қарастырғанда дара және оның онтогенезі ұқсас, бірдей екені белгілі, сондықтан тарихи даму бірізділікпен алмасып отыратын онтогенез қатарлары болып табылады. Демек, тарихи даму мен онтогенез арасында тығыз байланыс болады, ал оның мәнін анықтау эволюциялық құбылыстардың механизмдерін түсіну үшін маңызды болып есептеледі. Өткен ғасырдың аяғында биологтер ағзалардың жеке даму құбылысында (онтогенез) оның кейбір мүшелері өздерінің ататектерінің қарапайым өкілдерінің мүшелеріне ұқсас сатылардан өтетіндігіне көңіл аударған. Мысалы, адам эмбриогенезінде алғаш пронефрос, содан кейін мезонефрос және метанефрос қалыптасады.
Филогенез – түрдің тарихи дамуы. Онтогенез – филогенездің қысқа және жылдам қайталануы. Барлық организмдер ұрықтанған жұмыртқа клеткасы – зиготадан дамып жетілетінін білесіңдер. Бұл тарихи дамудың бір клеткалы организмдерден басталғандығын көрсетеді. Онтогенезде организмнің тарихи дамуының кезеңдері өсімдіктерде нашар, жануарларда айқын байқалады. Дамуының бастапқы кезінде омыртқалылардың ұрықтары ұқсас болады. К.Бэрдің ұрықтың ұқсастығы заңдылығы: бір типке жататын даралардың ұрықтары эмбрионалды кезеңінде басынан бастап ұқсас болады. Бір типтің әр түрлі жүйелік топтарына жататын ұрықтардың ұқсас болуы олардың шығу тегінің бір екендігін көрсетеді. Біртіндеп ұрықтың құрылысында класқа, туысқа, түрге, соңында сол дараға тән белгілер пайда болады. Ұрықтың даму барысында белгілерінің ажырауын эмбрионалды дивергенция деп атайды. Ол белгілі бір жүйелік топқа жататын жануарлардың эволюциясын, түрдің тарихи дамуын көрсетеді. Сөйтіп, организмдердің жеке дамуы мен тарихи дамуының арасында терең байланыс бар. Бұл байланыс XIX ғасырда Ф.Мюллер мен Э.Геккельдің биогенетикалық заңында дараның онтогенезі (жеке дамуы) сол дара жататын түрдің филогенезінің (тарихи даму) қысқаша қайталануы деген анықтама алды.
Филогенез және онтогенез арасындағы
байланыс проблемалары әрі қарай Ф.Мюллер,
Э.Геккель, А.Н.Северцов еңбектерінде дамытылған.
Ф.Мюллер шаянтәрізділер филогенезін
зерттей отыра олардың кейбіреулерінің
дернәсілдік формалары жойылып, құрып
кеткен ататектерінің түрлеріне ұқсас
болатынына көңіл аударған. Осы зерттеулер
нәтижесінде ол мынадай корытынды жасады:
қазіргі шаянтәрізділер өздерінің эмбриогенезінде
ататектерінің даму тарихында өтіп кеткен
жолдарын қайталайды. Э.Геккель негізгі
биогенетикалық заңды тұжырымдады. Бұл
заңға сәйкес онтогенез дегеніміз филогенездің
қысқа және жылдам қайталануы болып саналады.
Биогенетикалық заңның растығына дәлел ретінде рекапитуляция (қайталану) мысалдарын келтіруге болады. Айталық, құстармен сүтқоректілер эмбриогенезінде желбезек саңылаулары және оған сәйкес қаңқа құрылымдары, қантамырлары пайда болады. Адам эмбриогенезінде тері эпидермисі алғашқыда бір қабатты, содан кейін көп қабатты мүйізденбеген, көп қабатты болар болмас мүйізденген, ақырында қалыпты мүйізденген эпителий күйінде қалыптасады. Эпителийдің аталған түрлері ересек қандауыршаға, сүйекті балықтарға, құйрықты амфибияларға тән. Э.Геккельдің айтуы бойынша эволюциялық маңызға ие жаңа белгілер тек ересек ағзаларда пайда болады.
Онтогенез бен филогенез арасындағы байланысты ашуда А.И. Северцовтың еңбектерінің маңызы зор. А.И. Северцовтың пікірінше эволюциялық өзгерістердің көзі болып ересек формаларында емес онтогенездің бастапқы сатыларында пайда болатын өзгерістер саналады. Егер олар ересек күйінде пайдалы болып тұқым қуаласа ұрпақтан-ұрпаққа беріліп сақталынады және сол ағза топтарының филогенезіне қыстырылып қосылады. Ересек формалардың құрылысыңда байқалатын және эволюциялық маңызы бар эмбриондық өзгерістерді филоэмбриогенездер деп атайды. Оның 3 түрі белгілі: анаболия — эмбриогенездің бұзылуы оның аяқ жағына қосымша сатының қосылуы салдарынан болады; девиация — эмбриогенездің бұзылуы оның ортаңғы сатыларында болады; архаллаксис — эмбриогенездің бұзылуы оның бастапқы сатыларында басталады. Филэмбриогенез теориясына сәйкес жеке дамудың бастапқы сатыларында пайда болған өзгерістер мүшелердің филогенетикалық қайта құрылуларының негізі болып саналады.